Сюжеттік суреттер қолдана отырып,
педагогикалық жағдаяттарды түсіндіру
«Кемемен қыдыруға барамыз»
Мақсаты: балаларды ойындағы рөлдерді бөлісу кезінде жанжалдан аулақ болуға баулу.
Балалар «кеме» құрастырып, қыдыруға дайындалуда. Ең белсенді бала (көшбасшы) – «капитан», біреуі – «матрос» болып тағайындалды. «Жолаушылар» кемеге отырып жатыр. Ал, кім кеменің жүргізушісі болады? Бұл рөлге екі бала таласып, олардың араларында жанжал туындады. Бұл даулы мәселе қалай шешіледі: біреуі штурвалды алып қояды немесе жүргізуші болудан бас тартып, оны досына береді.
Балаларға арналған үлгі сұрақтар:
Суреттен не көріп тұрсыңдар?
Балалар кімдерді бейнелеп жатыр?
Балалардың арасында неге жанжал туындады?
Балалар жанжалды тоқтату үшін не істеу керек?
Сюжетті дамыту: «Капитан» санамақтың көмегімен кемені кім жүргізетінін анықтайды; б) «Матрос» дауласып жатқандардың біріне жаңа рөл
– «кеме аспазы» болуды ұсынады.
«Жаңа жыл қарсаңында»
Мақсаты: балалардың назарын құрдасының эмоционалды көңіл-
күйіне аудару, құрдасын жұбатуға баулу.
Балабақша жаңа жыл мерекесіне дайындалуда. Балалар шыршаны безендіріп, оған қолдан жасалған ойыншықтарды іліп жатыр. Шетте бір бала, оларға мұңайып қарап тұр.
Тәрбиешінің сұрақтары: «Балалар көңілді деп ойлайсыңдар ма?»; «Неліктен балалар көңілді?»; «Барлық балалар көңілді ме?»; «Мына бала неге мұңайып тұр?»; «Оған қалай көмектесуге болады?».
61
Сюжетті дамыту: а) шыршаны безендіріп жатқан бала мұңайып тұрған балаға бір қолшам береді; б) қыз бала мұңайып тұрған балаға қолшамды қалай жасау керектігін түсіндіреді.
Мейірімділікті қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар
Достарыңызбен бөлісу: |