Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет39/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

«Түрлі - түсті гүлдер»


Ойынның мақсаты: дұрыс таңдау жасай білуді, құрдастарымен ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.


Құрал-жабдықтар: күлтелері алынатын жасанды гүл, қызыл және сары текшелер.

Тәрбиеші ойынның әртүрлі нұсқаларын қолданады.


Ойынның бірінші нұсқасы:


Балалардың әрқайсысы гүлдің күлтесін жұлып алып, іштерінен тілек тілейді.


Егер баланың тілегі өзінің жеке басына байланысты болса, балаға сары текше беріледі, егер тілегі әлеуметтік маңызға ие болса – онда қызыл текше беріледі. Ойынның соңында барлық текшелерді жинап алып, топтағы адамгершілік тәрбиесінің даму деңгейін анықтауға болады (бірақ оны балалармен талқылауға болмайды) және балаларға қандай тілектің ұнағанын, оның не себепті ұнағанын талқылауға болады.


Ойынның екінші нұсқасы:


Гүлдің бір күлтесін екі баланың алуына болады, олар ойланып және бірге келісе отырып, екеуіне ортақ тілек тілейді.


Ойынды жүргізе отырып, педагог балалардың жолдастарына, қарт адамдарға, әлсіздерге қамқорлық жасағысы келетін тілектерін қолдайды. Педагог егер балалар шынымен қаласа, олардың барлық тілектері орындалатынын айтады.




«Адал достар»


Ойынның мақсаты: ұжымда достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Педагог балалардан бөлменің екі бөлікке бөлінгенін (бір бөлігі- «құрлық»,

бір бөлігі-«теңіз») айтады және ойынның шартын түсіндіреді.


60
Балалар шеңберге тұрып, музыканың басталуымен хороводпен жүре бастайды. Музыканы тоқтатқан кезде балалар да тоқтайды. «Құрлықта» қалған қатысушылар «теңізде» қалғандарды мүмкіндігінше тезірек құтқаруы керек. Ол үшін «құтқарушылар» секіргішке үрлемелі дөңгелекті өткізіп, оны батып бара жатқан қатысушыларға лақтырып, оларды «құрлыққа» шығарып алуы тиіс. Ойын осылай жалғасады.


«Адал досқа арналған ашық хат»


Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Педагог балаларға достық туралы мақал айтып береді, содан кейін өзінің адал досы деп санайтын адамды атауды және оның себебін түсіндіруді сұрайды. Әңгіме соңында балаларға адал досы үшін ашық хат дайындау ұсынылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет