Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет36/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Қапшықты кім алысқа лақтырады ?

Барлық ойынға қатысушы балаларды бір қатарға тұрғызып, қолдарына бір-бірден қапшық таратылады. Нұсқаушының белгісі бойынша қолдарындағы қапшықты біртіндеп алысқа лақтырады. Нұсқаушы кімнің қапшығы алысқа түскенін бақылап, айтып отырады. Ойын осылай 3-4 рет қайтала




Қасқыр мен ешкі

Ойынға қатысушыларға санамақ айтқызу арқылы қасқыр мен ешкіні таңдайды. Басқа балалар бақташы болады. Бақташылар қол ұстасады да, ешкіні ортаға алып дөңгелене жүре бастайды. Қасқыр шеңбер ішіндегі ешкіні ұстауға әрекет жасайды. Алайда , оған тек қақпа арқылы ғана өтуге болады. Дөңгелене айналып жүргендердің ішінен екі бала қолдарын көтеріп алады. Бұл қақпа. Қасқыр амалдап сол тұстан өтуге тиіс. Ал ешкі өз еркінше жүре береді. Қасқыр ешкіні ұстағанша ойын жалғаса береді.


56
Нысанаға допты домалату


Балалар екі қатарға бөлініп тұрады, тізілген кеглилерді қолдарындағы допты домалатып, көздеп құлату керек. Әрбір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтауы тиіс. Допты оң қолмен, сол қолмен де домалатуға болады.




Қоңыздар

Ойын сылдырмақпен немесе әуеннің ырғағымен өткізіледі. Қоңыздар ұшты деген белгімен балалар тұрады, сілкінеді. Қоңыздар қонды деген белгімен балалар отырады.




Қырықаяқ

Бұл ойын тегіс жерде, балабақша ауласында, дене шынықтыру залында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатысушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрады. Олар тұрған жерден 25—30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының белгісі бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай топ көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске жетеді. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алуға болады. Ойын балаларды топпен бірге қимылдарды орындауға, жауапкершілікке, ұйымшылдықка тәрбиелейді.


57
2-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет