Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет44/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

«Көңіл-күйді анықтау»
Ойынның мақсаты: мейрімділікке, жақын адамның көңіл-күйін көре білуге
тәрбиелеу.

Педагог балаларға айналасындағы адамдарға көңіл бөлу керектігін түсіндіреді. Бір бірінің көзіне, бет-әлпетіне қарап, көңіл-күйді анықтауды ұсынады.


Балалар жұптасып, қолдарынан ұстайды. Тәрбиеші оларға: «Тек көздеріңе қарап, бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, әр түрлі эмоцияларды үнсіз жеткізуге тырысыңдар: «Мен көңілсізбін, маған көмектес! Мен көңілдімін, кел ойнайық! Мен сенімен дос болғым келеді!» және т.б. деп айтады.


Балалар тапсырманы жұппен орындайды. Содан кейін балалар қандай эмоцияның берілгенін және қабылдағанын талқылайды.




«Көңіл - күйдің кездесуі»
Ойынның мақсаты: мейрімділікке, өзгенің көңіл-күйін түсінуге тәрбиелеу.

Педагог эмоциялар бейнеленген карточкалардың екі тобын (пиктограммалар) орналастырады және балалардан әртүрлі эмоциялар қалай кездесетінін, жағымды және жағымсыз эмоцияларды елестетуді сұрайды. Тәрбиеші «жағымды» эмоцияны, ал бала «жағымсыз» эмоцияны көрсетеді, содан


65
кейін карточкалардың орнын ауыстырады. Эмоцияларды қалай татуластыруға болатындығы туралы талқылайды.




«Эмоцияларды жаттықтырамыз»

Ойынның мақсаты: елгезектікке, көңіл-күйді көре білуге, өз эмоцияларын басқаруға тәрбиелеу.


Тәрбиеші балалардан:



  • күзгі бұлт сияқты түнеруді; ашулы адамды; зұлым сиқыршыны;




  • күлімдеген күннің көзін; қу түлкіні; қуанышты баланы;




  • балмұздағын тартып алған ызалы баланы; көпірдегі екі қойды; итеріп жіберген адамды;




  • орманда адасып кетіп қорыққан баланы; қасқырды көрген қоянды; иттен қорыққан мысықты;




  • жұмыстан кейін шаршаған әкесін; ауыр жүк көтерген адамды; үлкен бұтақты сүйреп бара жатқан құмырсқаны;




  • көп жұмыс істеген, бірақ анасына көмектескен бала сияқты демалуды; ауыр жүк әкелген жылқыны; жұмыстан кейінгі анасының эмоцияларын көрсетуді сұрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет