Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет41/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

«Мейірімділік туралы ойлайық»


Ойынның мақсаты: ұжымда тілектестік қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші («мейірімділік») таңдалады. Педагог

оған бөлмеден шығып, балалардың кез-келгеніне қандай қайырымдылық жасай алатындығы туралы ойлануды ұсынады.


Педагогтің белгісі бойынша балалар «мейірімділікті» шақырады. Ол бөлмеге кіріп, балалардың біреуінің қолынан ұстап, оны шеңбердің ортасына апарады да, ол үшін қандай жақсылық жасай алатынын айтады. Содан кейін жүргізуші ауысады, ойын осылай жалғасады.




«Мейірімді адамдар»


Ойынның мақсаты: «мейірімді адамдар» туралы түсінік қалыптастыру, зейін, есте сақтау процестерін дамыту.

Балалар шеңберге тұрады. Педагог кезекпен әрқайсысына доп лақтырады. Допты ұстаған бала кез-келген мейірімді адамды атайды және оның неге мейірімді екенін түсіндіреді (жауаптың үлгісі: менің әпкем мейірімді, өйткені ол менімен күнде ойнайды, маған көмектеседі). Барлық балалар айтып болғаннан кейін, педагог олардың әрқайсысы атап берген барлық мейірімді адамдарды толық айтып беруді сұрайды.




«Мейірімділік ағашы»


Ойынның мақсаты: «игі істер» туралы түсінік қалыптастыру, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Педагог балалардың назарын ватман парағына салынған «мейірімділік ағашына» аударады және олардан игі істер туралы айтып беруді сұрайды.


Қатысушылар айтқан сөздеріне қарай ағашқа жемістің суретін салады. Ойын балалар өздерінің игі істерін айтып болғанға дейін жалғасады. Ойынның соңында ағаштың суретін қабырғаға іліп қоюға болады және оған арасында жаңа жемістер қосуға болады.




«Құрметтеуді үйренеміз»


Ойынның мақсаты: құрдастарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
62
Педагог балалардан қандай адамгершілік қасиеттер құрметке лайық болып көрінетінін ойлануды және айтуды сұрайды. Содан кейін балалар шеңберге тұрып, бір-біріне допты беріп, доп берген баланы не үшін құрметтейтінін айтады.
Ойын барлық қатысушылар айтып болғанша жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет