Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет47/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

«Батыл бол!»

Мақсаты: өзара көмекке тәрбиелеу; балаларды қиындықтарды, қорқынышты еңсеруге үйрену керек екендігін және құрдастарының епсіздігіне күлуге болмайтынын түсіндіру: досына қорқынышын жеңуге көмектесуге шақыру.


Батыл және епті Мақсат бөрене бойымен сенімді жүреді, ал Асхаттың бөрене үстіне шығуға батылы бармайды. «Асхат қорқақ!»- дейді қыз бала. «Ия, мұндай епсізден ештеме шықпайды...», - деп ойлайды қасында тұрған бала. «Қазір құлайды!» - дейді тағы бір бала.


Сюжеттің дамуы: а) бөрене бойымен абайлап келе жатқан епсіз және жасқаншақ құрдасын екі жағынан балалар сүйемелдейді; б) Асхат бөрене бойымен өзі жүріп келе жатыр, бірақ қыз бала кез-келген уақытта оған көмектесуге дайын.




«Менде доп жоқ»

Мақсаты: достармен бөлісу керек деген моральдық қағиданың мағынасын ашу.


Балаларға сұрақ: «Бала неліктен көңілсіз?» Жауаптарды тыңдау, барлық пікірлерді талқылау, балалардың назарын суреттің мағынасына, кейіпкердің эмоционалды жағдайына аудару. Жалпы қорытынды: «жақсы достар әрқашан біреудің мұңайғанын байқайды. Неліктен бұл бала көңілсіз? Оған қалай көмектесуге болады? Олар әрқашан досымен бөліседі. Басқаға қуаныш сыйлағанда, өзің де қуанышты боласың!». Балалармен талқылаңыз: неге достарыңызбен бөлісу керек? Бұл сұрақ балаларды жағдаят шеңберінен шығуға,


68
оларды өздерінің тәжірибелеріне жүгінуге мәжбүр етеді. Балалардың біреуіне досына қалай көмектескенін және сол сәтте өзін қалай сезінгенін еске түсіруді ұсынуға болады.


Сюжетті дамыту: а) Қыз бала өзінің добын ер балаға ұсынады; б) Балалар доппен бірге ойнайды.




Дидактикалық ойындар
«Түсті таңда»

Міндеттері: балалар тобында және ересектер арасында баланың өз-өзін дәлелдеуіне жағдай жасау; антоним — сөздердің қорын кеңейту және оларды белгілі бір жағдайларда қолдануға үйрету.


Дайындық жұмыстары. Педагог балаларға В. Маяковскийдің «Жақсы деген немене, жаман деген немене » өлеңін оқиды. Содан кейін ол балаларға 2 түсті карточкаларды: ақ және қара карточкаларды таратады және карточканың түсін «жақсы» (ақ) және «жаман» (қара) сөзіне сәйкестендіруді ұсынады.


Педагог сөздерді атайды, ал балалар антоним-сөздер үшін қажетті түстерді таңдайды және көрсетеді.


Жақсылық-жамандық


қайғы-қуаныш
жақсы-жаман
еңбекқорлық-жалқаулық
сараңдық - жомарттық

қорқақ-батыл


сүйіспеншілік – жеккөрушілік
дөрекілік-сыпайылық
бейбітшілік-соғыс
қараңғы - жарық
достық-дұшпандық

кір-таза және т. б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет