Жүйріктер жеңеді
Ойынға қатысушылар көк және сары топ болып екі топқа бөлінеді. Бір төбенің үстіне ойыншыларға түгелдей жетерлік мөлшерде көк және сары таяқшалар тасталады.
Ойынды жүргізуші ретінде басқарушы тағайындалады. Ол төрешілік міндетті қоса атқарады. Төрешінің белгісі бойынша ойынға қатысушылар белгіленген көмбеге қарай тұра жүгіреді. Жеткен ойыншы өз командасының түсіне сай бір-бір таяқшаны алып кері жүгіреді де, сөре сызыққа әкеп қояды.
55
Қай түсті топтың ойыншылары өз командасының бояуына сәйкес таяқты белгілеген мерзімге көбірек алып келсе, сол топ жеңеді. Ойын балаларды белгілі бір мақсатта ұжымдық әрекет жасауға, шапшаңдыққа үйретеді.
Үш орындық ойыны
Үш орындық ойының кең бөлмеде, спорт залдарында ойнауға болады. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатысушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда жүргізуші отырыңдар деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отырыса қалады. Ал орындыққа отырып үлгере алмағандар, ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады. Әр топтың жеңімпаздарына мақтау сөздер айтылып, сыйлықтар беріледі.
Түйіншек
Ойыншылар шеңбер құрып тұрады, шеңбердің ортасына бір ұшы үлкен түйіншек болып түйілген ұзын арқан ұстаған жүргізуші шығады. Ол «Жай тұрмай, аяғыңды жоғары көтер!» – деп ескертіп, арқанды біртіндеп балалардың аяғына жақындатып, айналдыра бастайды. Арқан жерде айналған кезде ойыншылар оны аяқтарына тигізбей секіреді. Аяғына арқан тиген ойыншы шеңберден шығады. Ойыншылардың талабы бойынша ол билеуі, ән айтуы немесе басқа бір тапсырма орындауы керек. Осыдан кейін оның қолына арқанды береді, ол жүргізушінің орнына тұрады. Осылай ойын жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |