Ана
Ана – менің тірегім,
Кеудемдегі жүрегім.
Жан анамның айтқанын
Ылғи тыңдап жүремін.
Жан ана
Ана деген ардақты,
Үйге барын арнапты.
Ұл-қызы үшін аянбай,
Еңбек етер жан-жақты.
Ә. Әлішова
Әжем
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.
С.Оспанов
111
Бөбегіме
Құлдыр-құлдыр, бөбегім, Қуанышқа бөледің. Ал мін, бөпем, арқама,
Атың болып желемін.
«Шабандозбын» деп сен де,
Мен «шапқанда» сескенбе...
Бірақ әке мойнына
Мініп алма өскенде.
Еңбек еттік құлшынып.
Өрік, алма,
Алмұрт, алуа
Жеміс салды құлпырып.
Ә. Табылды
Көшеден өту
Машинаның бәрі Жаяуларда әрі: Жасы, мейлі, кәрі – Қызыл, жасыл,сары – Үш көзі бар шамды – Жанып,сөніп тұрар Бағдаршамды аңдып, Бұйырған тез ұғар. Бүгін де, кеше де Дәл біздің көшеде Көрдік бір ағаның, Жүрісті реттеп, Тұрғанын күзетте. Таяғын: «Жүр! Кідір!» - Деп нұсқап, сермейді, Машина бірде бір Оныңсыз жүрмейді.
Е.Өтетілеуұлы
112
Сыйлаңдар
Үлкендерді сыйлаңдар, Алдын кесе қимаңдар. Өнегелі болыңдар, Өнегеліде иман бар.
Е. Әбікенұлы
Реттеуші
Бақылап жол тәртібін, Өткізетін әр күнін. Реттеушіні көрдім мен. Қиылыстан дәл бүгін.
Қ.Шағыр
Жолдан өткенде
Дастан деген баламын, Мектепке енді барамын. Жүруді де үйрендім, Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде, Тоқтай қалып мен демде, Көз саламын арнайы Белгісі бар жерлерге.
Қауіпті ғой көше тым, Қумай жолдың төтесін, Жолақтарды іздеймін Жаяу адам өтетін.
Асықпаймын аптығып, Алдым мұны жақсы ұғып. Пианино тіліндей, Қатар-қатар ақ сызық.
Ортасында тұра қап, Оңға, солға бір қарап, Жолдың арғы шетіне Жетіп алам жылдам-ақ.
Қ.Шағыр
КӨЛІККЕ МІНГЕНДЕ
Қаламызда қырандай Самғар көлік табылар. Троллейбус пен трамвай, Автобустар тағы бар.
Автобусқа асығып, Жолды кесіп өтпеймін. Доп тепкендей асырып, Бос қалбырды теппеймін.
Жол шетіне трамвай Келе алмайды күтсең де. Болу керек тым абай Мінгенде не түскенде.
Өзім барар бағыттың Нөмірін де білемін. Ережеге қанықпын, Артқы есіктен кіремін.
Жұрт аяғын баспаймын, Бүлдірмеймін, шашпаймын. Жолақысын «қоянша», Төлеместен қашпаймын.
Шаршап кейде жүрсем де, Орын берем үлкенге. Қатты шулап тұрмаймын, Құрбылармен күлсем де.
Аялдама аттарын, Жаңылмастан жаттаймын. Жолда жүру тәртібін, Мен осылай сақтаймын.
Қ.Шағыр
Достарыңызбен бөлісу: |