Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет69/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
«Менің ойыншықтарым» Жүрмейсің бе абайлап Болмасаншы ұрыншақ Асыр салып көп ойнап Ақсап қапсын, құлыншақ.

Ашытпайды көзіңді Шомыла қой, балақай. Қарашы енді өзіңе Аппақ болдың алақай. Түймең қалды үзіліп Неге қадап алмайсың Тұр ғой әне ине –жіп Неге ұқыпты болмайсың




М.Әлімбаев


Шынықтыр сен денені Теңізші боп егерде, Жүзем десең тереңде.

Белден басып мұз-қарды, Кезем десең шыңдарды, Түлеп ұшар жас қанат Болам десең космонавт, Шарлау үшін әуені, Қуат керек әуелі.


Жігер керек, от керек. Ерлік керек, еп керек.Ол үшін ең керегі – Шынықтыр сен денені.


Д. Қанатбаев

118
Балмұздақ


Үйде жалғыз қап
Жеп ем балмұздақ.
Қалдым ауырып,
Укол салғызбақ.
Сүттей балмұздақ

Бейне қар- мұздақ


Тағы жеп едім,
Тісім тұр мұздап.
Н.Қалқа
Біз осылай өсеміз

Суда жүзіп өсеміз, Қырда жүріп өсеміз. Күнде қызып өсеміз, Құмда шыжып өсеміз.


Таулар көріп өсеміз, Баулар егіп өсеміз. Жеміс теріп өсеміз, Жеңіскер боп өсеміз. Талаптанып өсеміз, Қанаттанып өсеміз, Талаптанып, қанаттанып өсеміз!




М.Әлімбаев

Футбол

Күтеді алдан ауыр сын Кездесіп пе ек бұл жолда. Волейболға тәуірсің, Қалай едің футболға?


Дәріс алғың кеп менен, Көктем таңнан оятты. Теңбіл допты теппеген, Мақтау қиын аяқты.


Кел қасыма кідірме, Үнемдейік уақытты. Доппен бірге жүгірген, Бала неткен бақытты.


Ал тілімді, қарағым, Аялдама, түр, жүгір. Футбол тепкіш баланың, Сандары да жұп-жұмыр.


Топқа қалай кіресің, Өз күшіңе сенбесең. Құстай ұшып жүресің, Аспанда емес, жерде сен.


Ұмтыласың күнде алға Тартпай бойың керенау. Футболшыға, футболға, Ел құрметі бөлек-ау.




Т. Молдағалиев


Туған өлкем
Кеңсің дала,

Туған ана.


Көйлегің кең, көк ала,
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
С.Сейфуллин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет