Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет104/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Тіл алмаудың кесірі

Көктемнің алғашқы күндері. Түн суық. Күндіз күн көзі ашық болса, ауа жылынады. Бірақ түнгі ызғар түске дейін қайтпайды. Сәскеде ойнап келу үшін үйден шығып бара жатқан Жақанға анасы:


— Балам байқа көшеге жылы киініп шық, - деді.


— Күн ашық қой, апа, тоңбаймын,- деп, Жақан бетін тыржитып, иығын қиқаң еткізіп, үйден шығып кетті.


Ол көшеге шыққанда ызғырық жел соғып тұр екен. Достарымен доп ойнап, терлеп-тепшіген Жақан, жел өтінде көп отырып қалып, өкпесіне суық тигенін ет қызумен байқамай қалды.


Кешінде оның қызуы қатты көтерілді. Түні бойы ұйықтай алмады. Келесі күні ол ауруханаға түсті. Алма беті қызарып алауы басылар емес.


— Саған кеше жылы киініп жүр деп едім гой,- деп, асыл ана оны аянышпен аймалап, көзіне жас алды.


— Апатай! Бұдан былай тіліңізді алып жүремін,- деп Жақан кешірім сұрады.


178
— «Кешігіп кешірім сұраудың не пайдасы бар? Тіл алмаудың кесірінен ауырып қалдым» - деп ойлап, Жақан іштей өкініп жатыр.




Әдібай Табылды


Бір атаның ұрпағы
Жер бетін теп-тегіс көмкеріп тастаған мамық Қар мақтанды.



  • Мен ақпын, кіршіксіз тап-тазамын, - деп. Одан өзен-көлдерде айнадай жарқырап жатқан көгілдір Мұз да қалыспады:




  • Мен мөп-мөлдірмін. Тұп-тұнықпын.- Сыңғырлай ағып жатқан Су бағанадан бері бұлардың сөзін тыңдап тұрған. Сөзге ол араласты.




  • Қар, Мұз текке мақтанасыңдар. Біз бір атаның ұрпағымыз, - деді.

  • -Қалайша?

  • Жылы күнде менің үстімнен бу көтеріле ме?




  • Иә, көтеріледі.




  • Ендеше сол бу жаңбырға айналып жауған Қар сенсің. Ал, қыстың күні менің бетімде жалтырап Мұз қата ма?




  • Қатады.




  • Ол сенсің Мұз. Айналып келгенде бәріміз бір атаның ұрпағымыз. Осыны ұмытпайық, ағайын. Қар мен Мұз оған ұялып, тіл қата алмады.



Ескермес Сәрсенбаев


Үміт
Ақылды үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған

«нені болса соны сұрайтының не?» деместен, оның сұрағандарына өте


ыждағатпен жауап беретін.
Бірде ол әкесінен:



    • Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен, артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:




    • - Балам ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі өзып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек сенен де бір ақылды адам шығар, Инша Аллаһ!? Ол тағы бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі,

  • деді. Ақылды:




    • Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. Әкесі:




    • Иә, балам. Мәселен, құлақ ол туа бітті бар болады. Ал, мүйіз болса, бұзау алғаш туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тацыншаның туғанда қанша мүйізі бар еді? Жоқ болатын, Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бірер айдан кейін мүйіз шыға бастады. Енді міне, бір жылға таяп еді, мүйізі өсіп құлағымен бірдей болды. Құдай қаласа, келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын

179


Өнерге тән жаратқан, Көкірегі кең аспан Барша жұртты қаратқан, Бейнегер кім тым асқан? (Қылқалам шебері)

Адамның жүзін, Басы мен көзін. Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?(Суретші)

Жолының көп азабы, Сондадағы тынбайды. Жаңалықты жазады, Көпшілікті таңдайды. (Журналист)

Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес ,бірақ та, Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

Қүміс қанат сұңқары. Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді. (Ұшқыш)

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Жол полиция қызметкері)
болып озады. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің, туғанда бар құлағынан асып кеткеніндей, сен де үлкейгенде қатарыңнан озық болсаң екен, мен жетпеген биікке жетсең екен балам, - деді әкесі.

Ақылды шынымен-ақ ақылды бала гой, ойланып қалды.


Құл-Керім Елемес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет