Ән: «Домбыра»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
Біз кішкене бөбектерміз,
Асыр салып ойнаймыз.
Домбыраны қолға алып,
Ән саламыз билейміз.
Қ-сы: Домбыра,домбыра.
Екі ішекті домбыра .
Домбыра,домбыра
Кәне,кәне сыңғырла.
Қандай әсем домбырамыз
Мақтан тұтып жүрейік. Киелі аспап екенін біз, Бәрімізде білейік.
190
Ән: «Қолшатыр»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
1.Жаңбыр жауды түк-түк
Тамшылайды көп-көп
Серуендейік топ-топ
Аспанымыз көк-көк.
Қайырмасы:Қолымызда қолшатыр
Қызыл,сары,көк,жасыл
Қорықпаймыз жаңбырдан
Сен батыл да,мен батыл
Жаңбыр жауды түк-түк Тамшылайды көп-көп Өссін жерде шөп-шөп Жаушы жаңбыр төк-төк.
191
Ән: «Бағдаршам»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
1.Таза ауамен демалып жүріп қайтайық.
Айналаға тамсанып ән де айтайық.
Бір екі, бір екі қадам басайық
Жолың болсын»- деп әрдайым тілек айтайық! Бір екі, бір екі қадам басайық
Жолың болсын»- деп әрдайым тілек айтайық! 2.Жол бойында зулаған түрлі көліктер Тұр үш көзді бағдаршам, белгі сол берер.
192
Ән: «Амандасу»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
Жол бойымен келемін топ, топ, топ.
Келе жатып көрдім мен дос, дос, дос.
Сәлем сәлем досым-ау жан жаққа қара. 2-рет қайталау Күн нұрындай күлімдеп ал, енді құшақта.
Достарыңызбен бөлісу: |