Сыр елі-мекенім
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Қалмай тарих көшінен,
Далам менің көсілген.
Боталатқан бозінген,
Жібек жолы ізімен.
Қайырмасы:
Қызылорда ғасырлардың жалғасы.
Сырдың елі-жаңа өмір арнасы.
Мен өзіңмен мақтанамын туған жер .
Мерей күнге осы әнімді арнадым.
Қызылорда қаламсың.
Өркен жайған даламсың.
Ыстық жер, су,ауасы,
Сағынғанда саямсың.
210
Қайырмасы:
Қобызымның үнімен,
Тарихыммен тілдесем.
Қорқыт баба киесі,
Туған жердің иесі.
Қайырмасы:
Қызылорда
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Туған жерде әніміз бар тербейтін Осы әніме кел билейік, кел, деймін Кең пейілді зеңгір дала ұрпағы Біз болашақ жұлдызымыз сөнбейтін
Қайырмасы:
Кеш те сұлу шамдары жарқыраған Бақытты ғой айналам жарқыраған Күндіз күліп, түнде тыныш ұйықтатар Мамыражай, мәуелі, менің қалам Мамыражай, мәуелі, менің қалам
Сырдың елі,туған жерім-мекенім Қанат қағып, талпынамын жетемін.
211
Туған елім, туған жерім, асыл сөз
Мақтанышпен жүрегімде шертемін
Қайырмасы:
Алыстасам сағынамын,қайран қалам Туған жерсіз құстары да сайрамаған Ерке өсіп толамын, елім деймін Жұлдыз болып жанамын, жайраң қағам
Қайырмасы:
Ақ қоян
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Аппақ қарда ақ қоян
Ізі қалды әнекей
Бізбен бірге билеші.
Неге тұрсың үндемей
Қайырмасы:
Топ,топ, секіріп.
Шыршамызға жақында.
Құлақ салып тыңдашы.
Әніміз бар тамаша.
212
Жасырынбақ ойнай ма?
Қайда кетті ақ қоян?
Билемесең бізбенен.
Сыйлығыңды ап қоям.
Қайырмасы:
Топ,топ, секіріп.
Шыршамызға жақында.
Құлақ салып тыңдашы.
Әніміз бар тамаша
Достарыңызбен бөлісу: |