Қасқырға арналған қақпан
Ойынға қатысатын балалар екі командаға бөлінеді. Бір команда қасқырға қақпан құрады – қол ұстасып, шеңбер құрап тұрады. Екінші команда қасқырлардың рөлін атқарады – залды айналып (қақпан арқылы) төрт аяқтап еңбектейді.
Тақпақ айтады: «Кәне, кәне, халайық,
Қасқырға қақпан құрайық.
Кәне қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр»!
Тақпақ аяқталғаннан кейін бірінші командадағы балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Қақпан жабылады. Қақпанның ішінде қалған қасқырлар ойыннан шығады. Қалған балалар ойынды жалғастырады. Кейін командалар орындарымен алмасады.
54
Мысық пен тышқан
«Мысық» пен «Тышқанды» таңдап алады. Қалған балалар қол ұстасып шеңбер құрайды. Ойыншылар тышқан келгенде қолдарын көтереді де, тышқанды шеңбердің ішіне кіргізеді, мысық келгенде қолдарын түсіріп, оны шеңбердің ішіне кіргізбейді. Мысық тышқанды қуып жетіп, қолға түсіруге тырысады. Тышқан қолға түскеннен кейін, олардың орнына басқа балалар сайланады.
Қасқыр мен лақтар
Алдымен қасқырдың рөлін орындайтын ойыншыны таңдап алады. Қалған балалар – лақтар. «Лақтар» залдың бір жағында, ал «қасқыр» ортасында тұрады. Мынадай сөздерді қайталайды:
«Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке-ақ.
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп».
Лақтар залдың қарсы бетіне жүгіріп өтуге тырысады. «Қасқыр» залдың ортасында жүгіріп жүреді және әрі-бері жүгіріп өткен лақтарды ұстап алуға тырысады. Ойын қайталанады. «Қасқырды» қайта сайлайды.
Қарлығаш
Залға ойыншылардың санына қарай шеңберлер қойылады. Бұл –
қарлығаштардың үйі. Балалар (қарлығаштар) қанаттарын жайып ұшады.
«Қарлығаш, қарлығаш, қарлығаш – біздің үйге ұшып кел!» деген сөзден кейін
үйлеріне (шеңберге) кіреді.
Аюлар мен аралар
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Алаңның бір жағына омарта қойылады, бір шетте аюдың, араның үңгірі болады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Белгі бойынша аралар омартадан ұшып шығып бал іздеп, шалғынға қарай ұшады. Олар ұшып кетісімен аюлар омартаға жармасып бал жейді. Тәрбиеші: «Аюлар!»-дегенде аралар омартаға қарай ұшады, ал аюлар үңгіріне қашады. Үлгере алмаған аюды аралар шағып алады. Ара шаққан аюлар әрі қарай ойынға қатыспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |