Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения


«АДАЛДЫҚ ӘЛІППЕСІ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚҰНДЫ ҚАСИЕТТЕР МЕН АДАЛДЫҚТЫ



бет37/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

«АДАЛДЫҚ ӘЛІППЕСІ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚҰНДЫ ҚАСИЕТТЕР МЕН АДАЛДЫҚТЫ


ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ


Ұжымда достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар
«Достық көмек»


Ойынның мақсаты: балаларды зейін қоюға, мейірімділікке, досына көмектесуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші ойынның шартын түсіндіреді.


Балалар шеңберге тұрып, қолдарын артына қояды, тәрбиеші балалардың бірінің қолына «қауырсынды» тигізеді (бұл кез-келген құстың қауырсыны болуы мүмкін). Қолына қауырсын тиген бала өзінің арманы туралы айтады. Тәрбиеші қалған қатысушылардан осы арманды қалай іске асыруға болатынын ойластыруды және айтып беруді сұрайды.




«Сиқырлы таяқша»


Ойынның мақсаты: балаларды зейін қоюға, мейірімділікке, досына көмектесуге тәрбиелеу.

Балалар шеңберге тұрып, өздеріне көмек қажет болған жағдайды кезек-кезек айтып береді, мысалы: тісім ауырды, біреу ренжітті, көңіл-күйім болмады және т.б. Қатысушылар жағдайларын айтып болғаннан кейін, педагог «сиқырлы таяқшаны» қолына алып, былай дейді:


«Сиқырлы таяқша, досыңа көмектес!».


Досына қалай көмектесуге болатынын білетін бала қолын көтереді, ал педагог оған таяқшаны береді. Таяқшаны алған қатысушы оны екінші қатысушының қолына тигізеді және оған қалай көмектесуге болатынын айтады.


Қиындық туындаған жағдайда педагог баланың қолына таяқшаны тигізіп, оған қалай көмектесу керектігін өзі айтады.




«Досыңның жақсы қасиеттерін атап бер»


Ойынның мақсаты: адамның жақсы жақтарын көре білуге тәрбиелеу. Педагог өз қалауы бойынша бір баланы таңдап алып, оны шеңбердің ішіне

отырғызады және басқа балалар өзіне осы баланың қандай қасиеттері ұнайтынын айтады. Педагог балаларға жауаптарының қайталанбауын ескертеді және өзі үлгі ретінде осы баланың жағымды қасиеттерінің бірін әңгімелеп береді. Ойын осылай жалғасады.


58
«Досыңды тауып ал»




Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Балаларды екі топқа бөледі, бір топтағы балалардың көздерін орамалмен байлайды да, оларға бөлменің ішінде жүруді ұсынады және көздері байланбаған құрдастарын тануы қажет екендігі айтылады. Балалар досының қолын, шашын, киімін ұстап тануына болады. Балалар достарын тапқаннан кейін ойыншылар рөлдермен алмасады.




«Құпия заттар»


Ойынның мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын дамыту, құрдастарымен ортақ тіл табыса білуге үйрету.

Жүргізуші барлық қатысушыларға әдемі қобдишадан (түйме, моншақ, сағат) «құпия заттарды» таратады, оны алақандарының арасына салып, ешкімге көрсетпеуін сұрайды. Құпия затты таратып болғаннан кейін ойынға қатысушылар бөлмені аралап жүреді, олар қызығушылық танытып, бір-бірін құпия затын көрсетуге көндірудің жолын табуға тырысады. Тәрбиеші балалардың әрекетін бақылайды, ұялшақ балалардың басқалармен ортақ тіл табысуына көмектеседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет