Бөгелек
Ішер судың тазасын, Сүйер оты ебелек. Жылқылардың мазасын Қашырады бөгелек.
Сона
Ұнар жердің сортаңы,
Жатады аунап ол оған.
Ал түйлер қорқады
Ұзын тұмсық сонадан.
Бір үзім нан (ертегі)
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған-алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күн қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.
Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.
Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні орай айтылғаны екен.
Н.Ерназар
Жыланның басы мен құйрығы Жыланның басы мен құйрығы таласыпты:
Алда жүру қайсымызға тиіс, - деп. Басы айтты:
Сен қалай алда жүресің, көзің жоқ көруге, құлағың жоқ естуге? Саған ерсек, біз не оңамыз? Құйрығы айтыпты:
Көзім жоқ, құлағым жоқ болғанмен, күш менде ғой. Ағашқа оралып жатып алсам, сен қайда барасың? Орныңнан да жылжи алмассың.
Мықты болсаң да мен саған ере алмаймын, - деп бас айтыпты.
Мен де саған ермеймін, - деп құйрық айтыпты. Eкeyi айырылып, бет-бетімен кетіпті. Құйрық көпке бармай-ақ бip жарыққа түсіп, шыға алмай сонда қалып, сасып-шіріп жоғалыпты.
Ахмет Байтұрсынов
Достарыңызбен бөлісу: |