Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения


Ауыз тию Бір үйге дәм үстіне келген адамға дәмнен ауыз тигізеді. Бұл ежелден қалыптасқан салт. Бүйрек



бет90/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Ауыз тию Бір үйге дәм үстіне келген адамға дәмнен ауыз тигізеді.
Бұл ежелден қалыптасқан салт.


Бүйрек Соғым сойған үй туыстарының балаларына бүйрек қосып, сыбаға жібереді. Бұл сыйластықтың, баланы тәрбиелеудің, елеп-ескерудің бір жолы.


Жолаяқ Келген қонақты жолға шығарып салып тұрып, оларға «жол болсын» айтып, дәм-тұз ұсынады. Сонан кейін қош айтысып, қалады. Бұл да тамақтың жолының бөлек екенін дәлелдейтін халықтық салт - дәстүрдің бірі.


Ерулік Ауылға басқа жақтан отбасы көшіп келіп, іргелес қоныстанатын болса, ауылдағылар жаңа көршіні ерулікке шақырып, қонақасы береді.


Қонақасы Танысын, танымасын үйге келген кісіге әр қазақ отбасы кәделі тағамдардан қонақасы береді. Бұл қазақ қонақжайлылығын танытатын үлкен дәстүр. Салт бойынша әр кісінің түскен үйінде лайықты қонақасы

160


жейтін хақы бар.


Сарқыт Қонаққа шақырылғанда үлкен әжелер келіні мен немерелеріне ет, кәмпит алады. Оны балаларына бөліп береді.


Наурыз көже Ұлыстың ұлы күні әр үйде пісірілетін жеті дәмнен тұратын қасиетті әрі дәстүрлі көже. Бұл көжеден барлық адам ауыз тиюге тиіс және оны әр үй дайындайды.


С. Кенжеахметұлы


Қызғалдақ
Қырқалардың төрінен
Қаулап көзге ұрады.
Қызғалдақтар өңірді
Қып-қызыл ғып тұрады.


Лалагүл
Лаулап оттай шілде айында лалагүл,
Лала гүлмен құлпырады дала бір.
Ләззат алмау мүмкін емес көркінен,

Лалагүл де өзгеше әсем, дара гүл.




Мыңжапырақ
Мыңжапырақ атанып
Маңайға гүл өседі.
Мұқияттап санасақ,

Мыңнан да асып кетеді...




Нәркес
Наурыз біте құлпырады қырларда

Нәзіктіктің жаршысындай нәркесгүл.


Нақ сұлулық сипатына сын бар ма?

Нәркесгүлден нәр аласың көрсең бір.


А. Исабек




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет