1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде: - тақырыпқа негіз болып отырған ақпарат туралы ой бөлісу, әңгімені қолдау, өз көңіл-күйін білдіру, адам бойындағы қасиеттер туралы баяндау, құптау, өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу.
1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:
- мәтін мазмұны бойынша ойын еркін жеткізу;
- мәтіндегі ақпараттарды салыстыра отырып баяндау.
1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:
мәтінге қатысты тірек-сөздерді пайдалана отырып, еркін ой бөлісу;
әңгімелесушінің пікірін құптау, қолдау арқылы пікірлесу.
1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:
а) лексика;
ә) грамматика;
б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы ( ауызша тілдесімде).
1.4. Жазбаша түрде:
- берілген лексикалық тақырып көлемінде көшбасшыға тән қасиеттерді сипаттап жазу;
- өз көзқарасы тұрғысынан шағын эссе жазу.
Оқушы:
- берілген оқу материалын түсінуі және болжам жасай тиіс;
- тақырып төңірегінде өз ойын сыни тұрғыда айта да, жаза да тиіс;
- мәтіндегі негізгі ой бойынша пікірталаста ғаламдық мәселелердегі қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып өзінің жеке пікірін дәлелдей алуы тиіс.
ІІІ тоқсан (практикалық сабақ – 24 сағат, бақылау жұмысы – 3 сағат, оөж – 9 сағат)
6-модуль. Қазіргі қоғам және қауіпсіздік (8 сағат)
Ел қауіпсіздігі – ұлттық мүдде
Ұлттық қауіпсіздік. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Терроризм және лаңкестікпен күрес. Байланыс саласындағы және ақпараттық қауіпсіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |