Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сан есім. Сан есімнің сөзжасамы. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері. Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері. Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Септік жалғаулары. Тыныс белгілері. Бақылау жұмысы: Сөздік диктант (1сағат). Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану: - тақырыпқа негіз болып отырған нақты зат, субъекті, өмір сүрген қоғамдық ортасы, әлеуметтік жағдайы, субъектінің ішкі жан дүниесін, сыртқы келбетін, мінезін, жақсы-жаман қасиеттерін, мүмкіндіктерін, зияткерлік қабілетін сипаттай алуы;
Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау.
Адамның мінез-құлқы, адам бойындағы асыл қасиеттер, бүгінгі замандастар келбеті, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттері туралы мәтіндерді игере отырып, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өздерінің қабылдауы бойынша талқылау, бағалау, пікірлесу. Берілген тақырып көлемінде өз көзқарасын, пайымдауын шағын эссе түрінде жазу. Сан есімнің лексика-семантикалық топтарын, мезгілдік қатынас құрылымдарын дұрыс қолдана білу.
Бағалау параметрлері:
Білім алушылардың адам мінезінің ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, адамның сыртқы келбеті, бүгінгі замандас келбеті
тақырыптары аясында түсініктерін қалыптастыру.
Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:
Достарыңызбен бөлісу: |