1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде: - тақырыпқа негіз болып отырған ақпарат жайлы ой бөлісу, әңгімені қолдау, өз көңіл- күйін білдіру, адам бойындағы қасиеттер туралы баяндау, құптау, өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу.
1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:
- мәтін мазмұны бойынша ойын еркін жеткізу;
- мәтіндегі ақпараттарды салыстыра отырып баяндау.
1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:
- берілген тақырып аясында еркін пікірлесу;
- әңгімелесушінің пікіріне өз көзқарасын білдіру.
1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:
а) лексика;
ә) грамматика;
б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.
1.4. Жазбаша түрде: берілген тақырып аясында өз пікірін дәлелдеп, эссе жазу.
Оқушы:
- көлемдері әртүрлі мәтіндермен жұмыс істей;
- мәтіннің негізгі аспектілерін анықтай және талдай;
- тыңдаған, оқыған мәтіндері бойынша өз пікірін қорытындылай және дәлелдей;
- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес, оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.
5-модуль. Жаңа заман көшбасшысы (11 сағат)
Басшы келбеті
Басшы келбеті. Жаңашыл басшы болудың құпиялары. Кемел көшбасшы. Жаңа заманның жас лидерлері.
Достарыңызбен бөлісу: |