қолдануға болмайды. 142
Басқа да наркотикалық анальгетиктердің ерекшеліктері Омнопон - құрамында апиын алкалоидтары бар (морфин 50%)
анальгетикалық әсері әлсіздеу, бірақ қүрамында папаверин тәрізді
алкалоидтары бар (қаңқа бұлшық еттерінің түйілуін төмендетеді) жаңа
галенді препарат. Сондықтан
омнопон бауыр, бүйрек жәнө ішек
шаншуларында кеңінен қолданылады.
Промедол - морфинге қарағанда әлсіз тыныс алуды тежейді, қуықтың,
АІЖ-н, жатыр мойны
және қанқа бұлшық еттерін босаңсытады. Сондықтан
босануды тездету және ауырсынуды сездірмеу мақсатында (жатырдың
жиырылуын күшейтеді және тонусын жоғарылатады) қолданылады.
Фентанил - морфинге қарағанда 100-150 есе күшті, бірақ әсері қысқа
30 минут, нейралептоанальгезияда және шоктарды алдын алу үшін
қолданылады. Тыныс алуды морфиннен де күшті тежейді.
Пентазоцин, буторфанол, трамадол - физикалық тәуелділігі аз байқалады, тыныс
алуды тежемейді.
Пентазоцин - артериялық қан қысымын жоғарылатып,
тахикардия тудырады.
Просидол - морфиннен әлсіздеу, сфинктерге әсер
етпейді.
Ішек пен
қуық қаңқа бүлшық еттерін босаңсытады.
Трамадол -
аралас әсерлі антибиотик болып табылады (апиынды + апиынды емес),
апиынды рецепторлармен байланысып, жүйке синапсындағы серотонин
мен норадреналинді тежейді. Тыныс алу және ас қорыту жүйелеріне әлсіз
әсер етеді, дәріге тәуелділік аздап тудырады. Әсері 3-5 сағ. созылады.
Орташа, күшті, созылмалы және жедел ауырсынуларда тиімді.
Улану. Наркотикалық анальгетиктермен жедел уланғанда есінен тану,
тыныс алудың тежелуі, дене қызуының төмендеуі, миоз, ал балаларда
тырысулар (тыныс алу мүшелерінің салдануынан өлімге алып келуі мүмкін)
байқалады.
Жедел жәрдем; асқазанды шаю (морфинмен уланғанда - 0,05%
калий перманганатымен немесе белсёндірілген көмірдің суспензиясымен
бірнеше қайтара шаю), ішке белсендірілген көмір, тұзды іш айдағыш дәрілер,
күре тамырға наркотикалық анапьгетиктердің антогонисті