С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология



Pdf көрінісі
бет48/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280
Дәрілік заттардың
ағзада
 таралуы.
Дәрілер қанға сіңірілгеннен кейін
немесө тікелей қанға енгізілгеннен кейін ағзаның сулы фазасында - қанда,
жасуша сыртындағы және жасуша ішіндегі (дене салмағының 70%) суда
таралады. Ересектерге қарағанда балаларда судың ағзада көп болуынан
кейбір дәрілердің таралу көлемі артады, оларға:
 жүрек гликозиді
 -
дигоксин,
 холиноблокаторлар
 -
атропин,
 антибиотиктер -
аминогликозидтер, сондықтан оларды үлкендердің дозасымен
салыстырғанда 1 кг салмаққа артық мөлшерде белгіленеді. Ағза сусызданған
жағдайда дәрілердің таралу көлемі азаяды және олардың концентрациялары
өседі, фармакологиялық әсері күшейеді.
Күре тамырға енгізгенде дәрілердің басым концентрациясы қанмен
жақсы жабдықталған мүшелерде - бас миында, жүректе, бауырда, бүйректе,
өкпеде, эндокринді безде пайда болады. 6-10 минут еткеннен соң дәрілер
қанмөн жабдықталуы аз мүшелер - қаңқа бұлшық еттерінде, май
52
53


үлпаларында таралады.
Ішке,
бүлшық етке және тері астына енгізгенде
сіңірілуі мен таралуы қатар жүреді.
Дәрілердіңтаралуына биологиялықкедергілертосқауыл болуы мүмкін.
Ол:
 капилляр
 қабырғасы,
 жасуша мембраналары, гематоэнцефальды
және гематоофтальмалдықкедергілер.
Капиллярлар - дәрілер үшін оңай
өткізгіш. Липидте еритін заттар эндотелий және базальды мембраналар
арқылы диффузияланады, ал суда еритін запар капилляр қабырғаның 0,2%
беткейін алып түратын кең саңылаулар арқылы диффузияланады.
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
- тотығу-тотықсыздану,
гидролиз және конъюгация жолымен жүреді. Биотрансформация процесі
бауырдың микросомальды ферменттерінің әсерінен өзгереді. Кейбір
препараттар (фенобарбитал, рифампицин, гризеофульвин) бауыр
ферменттерінің белсенділігін жоғарылатады, ол басқа препараттардың
әсерінің әлсіруіне алып келеді. Кейбір препараттар (фуразолидон,
метронидазол) бауыр ферменперінің белсенділігін төмендетеді, ол басқа
бірге қолданылған препаратгардың әсерінің күшеуіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет