С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


Левомицетин натрий сукцинаты



Pdf көрінісі
бет75/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   280
 Левомицетин натрий сукцинаты
 (берлицетин)
парентеральды жолмен (т/а, б/е, к/т) енгізіледі. 1%, 5%, және
10%
 синтомицин линименті
 (Шітепіит Зупіһотусіпі)
терінің іріңді
зақымдалуында, фурункулезда, карбункулда, күйік, іріңді жарақаттарда
және жараларда сыртқа
 қолданылады.
Левомицетин қиыстырылған препараттардың қүрамына кіреді:
«Левомеколь», «Левосин»
жағылмасы; іріңді жараларды, күйікті, ойық
жаралардын емдеу үшін
 «Левовинизоль», «Олазоль»
аэрозоль түрінде
қолданылады,
 «Ируксол»
жағылмасын жарапарды тазалау үшін қолданады.
5. Аминогликозидтер
Әсер ету механизмі:
рибосома деңгейінде микроб ақуызының
синтезін, сондай-ақ цитоплазмалық мембрананың қүрылысы мен қызметін
бүзып, бактерицидті әсер етеді.
Аминогликозидтердің I буыны: стрептомицин, неомицин,
канамицин, мономицин. Әсер ету спектрі
кең: грамм (+)
(стафилококктар, пневмококктар және т.б.), грамм (-) (ішек тобының
бактериялары, протей, гемофильді таяқшалар және т.б.) микроорга-
низмдөр,
 стрептомицин
мен
 канамицин
туберкулез микобактерияларында
жоғары белсенділік көрсетеді,
 мономицин
қарапайымдарға
 (амебты
74
дизентерия, лейшмания, трихомонада)
әсер етеді, Аминогликозидтер
анаэробтарға, спирохеттерге, риккетсияларға, саңырауқүлақтар мен
вирустарға әсер етпейді. Аминогликозидтерге микроорганизмдердің
екіншілік резистенттілігі тез дамиды, өйткені микроорганизмдер
аминогликозидтердің әсерін жоятын ферменттер өндіреді, сондықтан емдеу
мерзімі қысқа (5-7 күн) болуы қажет; үзақ емдеуді тек қиыстырылған
терапия үшін ғана қолданады. Егер III буын препараттары әсер етпесе
(олар бактерияларды ферменттерге анағұрлым түрақты), I және II буын
препараттарын қолданудың қажеті жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет