С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет25/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Байланысты:
ktj 20324
жұмысқа қабылдау, Вопросы для подготовки к тестам
Дәріс  тезистері:

  Қазақстан  териториясында  қола  дәүірі  кезінде  әйгілі 

билік  пайда  болды.  Жазылмаған  заң  арқылы    қауымды  реттеп  отырды.  Метал 

өндіріп,  қару  соғып,  соғыстың  көбейуіне  байланысты,  осыны  реттеп,  тәртіпке 

келтіретін  күшті  орталықтанған  билік  керек  болды.  Билік  заңдары  шығарды. 

Бұл заңдардың деректік мәні зор.  

Еліміз тарихында халқымыздың:  

-

 



әдет-ғұрып  салт – дәстүр 

-

 



шариат 

-

 



Шыңғыс ханның жарғысы 

-

 



Темірдің билік құрамы 

-

 



Қасым ханның қасқа жолы 

-

 



Есім ханның ескі жолы 

-

 



Тәукенің жеті жарғысы 

-

 



Патша империясы тұсындағы заң  құжаттары 

-

 



Кеңес үкіметі тұсындағы Заң актілері 

-

 



Тәуелсіз Қазақстанның  Заңдары 

деп  кезең  –  кезеңге  бөлуге  болады.  Бұл  әрине  шартты  түрде.  Енді біз  бұларға 

тоқталып мағынасын ашсақ. 

Акт – термині латынның істелді деген мағынаны білдіреді. Бұған әртүрлі 

келісім құжаттары, жатады. Заңдық құжаттар екі үлкен топқа бөлуге болады. 

1.

 



Жалпы құқықтық акт (Заңды күші бар жоғарғы билік) 

2.

 



Меншік актілер (Екі тұлғаның арасындағы) 

Актілік материалдарға жеке адамдардың бір-бірімен, мемлекеттердің дара 

және  мемлекет  пен  мекемелердің  экономикалық,  дипломатиялық,  саяси 

мүдделеріне байланысты шарттары – заң түріндегі келісім құжаттары жатады. 

Заң  құжаттары  –  белгелі  бір  дәуірдің  әлеуметтік  экономикалық, 

қоғамдық, құқықтық қатынастарын зерттеуге мүмкіндік беретін материал. 

Құқық  –  адамдар  арасындағы  қатынасты  реттейтін  мемлекет  нұсқаулар 

мен  заңдардың  тұтас  жинағы.  Мемлекеттік  құрылымды  қорғау  сақтаудың 

тәртіп ережелері. 

Шариғат  –  Мұсылмандардың  Құран  кәрімге  сүйеніп  негізделген  заң 




22 

 

нормаларының жиынтығы. 



Жарғы  –  монғолдың  ярғу  төреші  деген  сөзінен  шыққан.  Қазақша  «Әділ 

төрелік» деген білдіреді. 

Әдет – «заң» жора, жарғы, жол деген терминдерін пайдаланды.  

Бидің билігі... ауызша түрде фольклорлық. 

Билер сөзі  дерекке жатады. 

Жүгіну – 5-6 биден құралады. 

Кеңес – 10-20 биден жиылысы. 

Мәселені шешу үшін ережеге сүйенеді. 

Декрет  (латынша    қаулы,  шешім)  Кеңес  өкіметінің  алғашқы  заңдық  актісі. 

Конституция  (латынша-үйлестіру)  негізгі  қоғамдық  және  мемлекеттік 

принциптері 

қалыптастырады, 

қоғам 

мен 


мемлекеттің 

әлеуметтік-

экономикалық және саяси негізін сипаттайды. 

  Алғашқы конституция 1924,1936,1977 жылдары қабылданды. 

   1936 ж. Қазақстан автономиядан одақтық Республика болып құрылды: 

- ер мен әйел теңесті; 

- сот істерін жергілікті халықтың тілінде жүргізуге құқық берді

-  Ана  тілінде  мектеп,  мемлекеттік  мекеме,  мәдени  орындарды  пайдалануға 

құқық берді. 

            1977ж.  Одақтың  Конституция  қабылданды,  ал  Республика  өз 

конституциясын, қабылдады. (Айырмашылығы жоқ) Бізде 1978ж.   

            1936  ж.  Конституциядан  кейін  Заңдар  кең  түрде  дамыды.  (Жалпыға 

бірдей әскери міндет) 

  Жоғарғы мемлекеттік өкіметтің актілік құжаттары:  

-

 

Ереже; 



-

 

Мәлімдеме; 



-

 

Үндеу; 



-

 

Қаулы; 



-

 

Деклорация; 



-

 

Резолюция. 



 Кеңес съезінде бекітілген бұл актілер толық заңдық күші бар. 

Тарихи  деректер  болып  саналатын  заң  жөне  үкімет  актілері  белгілі 

уақыттың тарихи туындысы. Бұл құжаттардың пайда болуын зерттеу деректердің 

мағынасын  ұғуға,  жаңа  актілік  материалдардың  пайда  болу  себептерін  түсінуге, 

оларды жасаушының рөлін ашуға мүмкіндік береді. 

Заң  актілерінің  пайда  болуы  зерттеу  төрт  кезеңнен  тұрады:  заң  шығару 

ынтасы  -  бастама;  заң  жобасын  дайындау  мен  оны  талқылау  процесі;  заң 

жобасын заң шығаратын органдарда талқылау мен бекіту; занды жариялау. 

Кеңес  өкіметінің  дәуірінде  "бұрынғы  қабылданған  заң  актілерінің 

қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістерге сәйкес 

болмай қалуының негізінде" деген себеппен жаңа заңдар да шығарылып тұрды. 

1918  және  1924  жылдардағы  Конституциялардың  30-жылдардың 

ортасында қоғамда болған өзгерістерді қамти алмағаны — шындық. Сондықтан 

Бүкілодақтық Советтердің VII съезінің КСРО-ның жаңа Конституциясы (1936) 




23 

 

жобасын  жасау  туралы  қаулысын  КСРО-ның  Конституциясын  дайындаудың 



ынтасы ретінде қарауға болады. 

1918  жылғы  РСФСР-дің  конституциясы  бойынша  Бүкілресейлік  Кеңестер 

съезіне,  Бүкілресейлік  орталық  аткару  комитетіне,  РСФСР-дің  Халық 

комиссарлар Советі мен наркоматтарына заңдық бастама құқығы берілді. Осы 

тәртіп  1924  жылғы  КСРО  Конституциясында  да  сақталды.  1936  жылғы 

Конституция  бойынша  зандық  ынта  құқығы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Одақ 

кеңесі  мен  Ұлттар  кеңесі  палаталарына  берілді.  1977  жылғы  Конституция 

бойынща  заңдық  ынта  құқығы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесіне,  оның  Президиумы 

мен  тұрақты  комиссияларына,  КСРО  Министрлер  Кеңесіне,  одақтас 

республикалардың  жоғарғы  мемлекеттік  өкімет  органдарына,  орталық 

қоғамдық ұйымдардың органдарына және т.б. берілді. 

Занды  шығарудың  ынталық  кезеңі  өкімет  органының  заң  жобасын 

дайындаудың қажеттілігі туралы шешім кабылдауымен аяқталады. 

Заңның  пайда  болуының  екінші  кезеңіне  заң  жобасын  жасайтын  арнайы 

комиссияны  құру  мен  жобаны  жариялау  жұмысы  жатады.  Зандық  актінің 

жобасы жарияланғаннан соң, оған жалпыхалықтық талқылау ұйымдастырылды. 

Заң жобасымен танысып, оны талқылаудың       барысында       еңбекшілердің 

оған  көзқарасын  көрсетуші  хаттары  мен  пікірлерінің  зерттеушілер  үшін  үлкен 

деректік мәні бар. 

Заңның  пайда  болуының  келесі  кезеңінде  жоба  өкіметтің  жоғарғы 

органдарында талқыланады. 

Заң  актілерін  талдау  процесінде  олардың  жарияланған  нұсқасын,  олардың 

архивтегі түпнұсқасымен салыстырады. 

Заңдық  актілерді  талдауда  зерттеуші  актінің  аты  мен  түрін  анықтайды, 

қорытынды  хаттамасына  баға  береді  (қойылған  қол  мен  бекітілген  күнінің  т.б. 

болуы), қажет болған күнде мәжіліс хаттамасы бойынша қаулының қабылданған 

уақыты салыстырылады. 

Заңдық  актінің  пайда  болуын  зерттеуде  алынған  мәліметтер  деректің 

мағынасын талдау үшін көлемді материал береді. Осыңдай талдаудың нәтижесіңце 

жалпы  тарихтық  қорытындыларды  негіздеуге  қажетті  мәліметтер  алынады. 

Зерттеудің  мұндай  сатысы  үшін  күн  ілгері  бірнеше  негізгі  сұрақтардың 

белгіленгені жөн. Мысалы, зерттелетін заңның тарихи орны мен андай маңызы, 

бұрынғы  актілермен  салыстырғанда,  қаңдай  жаңалығы  бар?  Оның  қоғам 

дамуындағы ролі қандай?  

Заң  актісінің  тарихи  орнын  анықтау,  оның  пайда  болуын  зерттеумен  тығыз 

байланысты. Осылай зерттеу жаңа нормалардың қалыптасу процесі мен олардың 

формасын көрсетеді. 

Заң  актісін  талдау  объективті  зандылықтарға  негізделуі  керек.  Зерттеу 

жұмысының  осындай  сипатта  ұйымдастырылуы  жөне  оның  тарихи 

процестермен,  олардың    нақты    проблемаларымен,      қоғам  дамуының  жалпы 

бағытымен тығыз байланыста жүргізілуі қажет. Заң актісі қоғамдық-саяси ойдың 

көрсеткіші  мен  оның  ескерткіш  дерегі  ретінде    қаралуы  керек.    Заң 

құжатындағы  жаңа  нормалар    мен  анықтамалар  екі  түрлі  деректер  болып 



24 

 

табылады:  біріншісінде  мемлекеттің  қоғамдық  қатынастары  мен  саясаты 



сипатталса, екіншісінде қоғамдық-саяси ойдың деңгейі айқындалады. 

Зан  актілерін  талдауды  бір-бірімен  байланысты  екі  бөлікке  бөлуге  болады: 

деректерді  тарихи  тұрғыдан  түсіндіру  және  оның  терминдеріне  грамматикалық 

түсінік  беру.  Тарихи  тұрғыдан  түсіндіру  дегеніміз  заңның  қоғам  дамуының 

объективті  заңдылықтарына  сәйкестігін  ашумен  бірге,  оның  әлеуметтік  бағытын 

саралап, пайда болу себептері мен жүзеге асырылу нәтижелерін және т.б. баяндау. 

Ал  терминдерге  тілдік  тұрғыдан  (этимологиялық,  лексикалық  т.б.)  түсіндірме 

беру зандар туралы берілетін тарихи түсініктерге сәйкес жүргізілуі керек.) қоғам  

дамуы  барысында  жекелеген  термин  мағыналары  да  өзгеріске  түспей  (жаңарып 

деген  сияқты)  тұрмайтыны  белгілі.  Сондықтан  заңның  жүзеге  асырылуын 

зерттеуде  терминдердің  мағынасын  заңның  қабылдау  кезеңімен  тығыз 

байланыста қарап түсіну керек. 

Сонымен,  Кеңес  өкіметі  заң  актілері  коммунистік  тоталитарлық  жүйенің 

құжаттары екендігі түсінікті. Сондықтан оларды деректанулық зерттеуде ғылыми-

методологиялық принциптер негізінде жүргізу керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет