С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет31/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85
Байланысты:
ktj 20324
жұмысқа қабылдау, Вопросы для подготовки к тестам
Дәріс  тезистері: 

Қазақстанда  мерзімді  баспасөз  XIX  ғасырдың  70-80 

жылдары  пайда  болды.  Ол  қоғамдық-мәдени  өмірден  маңызды  орын  алып, 

үнемі  даму  жолында  болды.  Жұртшылыққа  журналистика  және  онан  орын 

алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар 

қоғамдық  өмірдің  жан-жақты  мәліметтерімен  тарихи  дамудың  айнасы  да 

болды.

 

Қазан  төңкерісіне  дейін  Қазақстанда  13  баспасөз  басылымдары  шықты. 

Олардың  ұзақ  уақыт  шығып  тұрғандары  "Түркістан  уалаяты"  (1870-1882  ), 

"Дала  уалаяты"  (1888-1902  )  газеттері  мен  "Айқап"  (1911-1915)  журналы 

болды. Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады.  

"Түркістан уалаяты" газеті әуел баста "Туркестанские ведомости" газетіне 

қосымша  ретінде  1870  жылдан  бастап  Ташкент  қаласында  шыға  бастады. 

Алғашқыда  ол  айына  төрт  рет,  оның  екі  нөмірі  өзбек  тілінде  және  екі  нөмірі 

қазақ  тілінде  шықса,  кейін  келе  орыс  тіліндегі  газеттен  бөлініп  шығып,  қазақ 

және  өзбек  тілдерінде  шығарылды.  "Түркістан  уалаяты"  газеті  бетінде  қазақ 

елінің  тұрмысы,  тарихы  туралы  мағлүматтар, оның ішінде  қазіргі  Қызылорда, 

Шымкент,  Жамбыл  жөне  Алматы  облыстарын  қоныстанған  қазақтардың  сол 

кездегі  тіршілігі,  тұрмыс  салты  кеңірек  орын  алды  (ол  кезде  бұл  облыстар 

Түркістан өлкесінің құрамында болған). 

Қазақ халқының әлеуметтік-саяси және мәдени өмірінде XX ғасырдың бас 

кезінде  болған  елеулі  уақиғалардың  бірі  -  "Айқап"  журналының  баспадан 

шығуы.  Ол  қазақтың  тұңғыш  қоғамдық-саяси  және  әдеби  журналы  болды. 

"Айқап" өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде 

Шоқанның,        Ыбырайдың,        Абайдың        ағартушылық  идеялары  негізінде 

дамып  келе  жатқан  қазақтың  қоғамдық  ой-пікірінің,  әдебиетінің, 

публицистикасының 

прогресшілдік 

және 

демократиялық 



дәстүрлерін 

жалғастырып,  ілгері  дамытқан  журнал  болы.  Оның  редакторы  демократ-

жазушы  Мұхаметжан  Сералин  (1872-1929)  болды.    Журнал  1911  жылдың 

қаңтарынан  1915  жылдың  қыркүйек  айына  дейін  Орынбор  губерниясының 

Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX 

ғасырдың бас кезінде шығып тұрған осы мерзімді баспасөз басылымдары түрлі 

себептермен жабылып қалды. 

1917-1920 жылдары шығарылған газеттердің саны 20-дан асты. 1989 жылы 

Қазақстан  бойынша  баспадан  450  түрлі  газет  пен  94  журнал  және  журнал 

типіндегі басылымдар шығып тұрды  Бұлардың көптеген материалдары құнды 

тарихи деректер болып саналады. 

Мерзімдік басылымдардың негізі — газеттер мен журналдар. 




32 

 

Газет  -  негізінен  күнделікті  оқиғалар  туралы  хабарлар  ұйымдастыру  мен 



түрлі  ақпараттық  материалдар  басып  шығару  мақсатындағы  мерзімдік 

басылым. Ол күн сайын немесе әр аптаның белгілі күндері ғана шығып тұрады. 

Журнал  -  түрлі  саяси,  ғылыми  материалдардан  кітап  түрінде  ай  сайын 

(немесе екі айда бір, әлде үш айда бір) шығып тұратын мерзімдік басылым. 

Мерзімдік  басылым  органдарының  көпшілік  қабылдап  қолдаған 

топтастырылуы кездеспейді. Әдетте оларды бір-бірінен төменгіше ажыратады: 

-басылып шығу мерзімі бойынша (күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын); 

-территориялық белгісі бойынша (астаналық баспасөз, орталық, аймақтық, 

жергілікті, баспасөз); 

-тілі  бойынша  (қазақ  немесе  орыс  газеттері  мен  журналдары,  шетелдік 

газеттер мен журналдар); 

-басып  шығарушылары  бойынша  (ресми  баспасөз—мемлекеттік,  салалық, 

жеке меншік баспасөз, қоғамдық уйымдардың баспасөзі); 

-басылымның  мағынасы  мен  типтері  бойынша  (әдеби-қоғамдық  журнал, 

газеттер;  ресми-ведомстволық,  ғылыми  және  арнайы;  салалық;  сатиралық, 

иллюстративтік;. 

Мақсатына қарай топтастырылған баспасөз басылымдарының саны өте көп. 

Олардың  топтастырылуы  көп  жағдайда  белгілі  практикалық  мақсаттарға 

байланысты болады. Бірақ ол тұтас және бірыңғай ғылыми жүйеге келтіру бола 

алмайды,  тіпті  топтастырудың  өзі  де  емес.  Мысалы,  жоғарыда  көрсетілген 

мерзімдік  баспа  органдары  түрлерінің  кейбіреулерін  аталған  басылымдардың 

басқаларына  да  жатқызуға  болады.  Ғылыми  және  арнайы  басылымдар 

иллюстративтік  басылым  да  болып  келеді.  Сол  сияқты  көптеген  салалық 

басылымдардың  органдары  да  тым  тар  шеңбердегі  арнайы  басылым  бола 

алады. 

Мағынасы  жан-жақты  мерзімдік  баспасөз  басылымдарының  көпшілігі 

олардың бірыңғай нормативтік жүйесін жасау мүмкіндігін бермейді. 

Сондықтан баспасөз органына, оның жеке материалдарына көңіл аударуда 

ең  алдымен  басылған  материалдардың  жалпы  белгілерін  анықтап,  соның 

негізінде оны басылымның бір түріне жатқызып көру керек. 

Деректанулық  ерекшеліктеріне  сәйкес  баспасөз  басылымдарын  зерттеудің 

негізігі екі жолы бар: біріншісі — баспасөз органын бірыңғай дерек көзі ретінде 

жан-жақты  зерттеу;  екіншісі  —  баспасөз  органынан  (органдарынан)  тақырып 

бойынша дерек текстерді (олар осы орган туралы тақырыпта болмаса да) тауып 

алу  және  зерттеу.  Бұл  екі  жолды  бірінен-бірін  ажыратуға  жене  біріне-бірін 

қарсы қоюға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Деректанушы тарихшы 

баспасөз басылымын қараудың бірінші жолында осы органның    барлық    жеке    

деректерінің    топтарын анықтауға тиісті. Екінші кезекте зерттеуші жеке дерек 

тексті зерттеп, оны  пайдалануда  сол баспасөз басылымын  (оның  сипатын,  әрбір 

жеке дерек тексті қамтыған мақалалардың басылуының себептері мен уақытын) 

тұтасымен назарынан тыс қалдырмауға міндетті. 

Баспасөздің  пайда  болуы  мен  дамуы  қоғамның  практикалық  талаптарынан 

туындайды.  Оны  әсіресе  бүгінгі  заманның  мысалынан  көруге  болады.  Егер 



33 

 

қазан  революциясына  дейін  баспасөз  ақпараттың  негізгі  жене  практикалық 



жүйесі  ғана  болып  саналса,  казіргі  уақытта  онымен  бірге  радио,  теледидар, 

ақпараттық  агенттіктердің  барлығы  ақпараттар  беру  институтының  толық 

жүйесін құрайды. Олар ездерінің қоғамдық, саяси және әлеуметтік міндеттеріне 

байланысты жаппай ақпарат құралдары деп аталады. Олардың арасында баспасөз 

басты рөль атқарады. 

Баспасөздің жеке бөлініп қаралуы жазба деректердің осы оқулықта арнайы 

әңгіме  болғандығынан  емес.  Өзінің  ерекшелігіне  байланысты  мерзімді  баспасөз 

зерттеу  жұмыстарының  дербес  объектісі  бола  алады,  ал  радио  мен  теледидар 

материалдары  ерекше  деректанулық  зерттеуді  талап  етеді.  Сонымен  бірге  радио 

20-жылдардың  аяғы  30-жылдардың  басынан  кең  тарай  бастаса,  теледидардың 

мұндай  сипаты  50-жыддардан басталады. Сондықтан баспасөз  материалдары  ел 

тарихының  ұзақ  уақытының  деректері  болады.  Баспасөз  жаппай  ақпарат 

құралдары  дамуының  құрамында  әлеуметтік  міндеттерін  нәтижелі  орындайтын 

қажетті қоғамдық организм ретінде комплексті түрде қаралады. 

Баспасөздің мақсаты — қоғамдық талаптарды қанағаттандыруға көмектесу 

және  адамдардың  өмірі  мен  әрекеттері  туралы  соған  сәйкес  жан-жақты 

(өндірістік,  әлеуметтік,  отбасы-тұрмыстық,  рухани  т.б.)  ақпараттар  беру. 

Осының  барлығы  баспасөздің  тақырыбы  мен  шындықты  қамту  шеңберінің 

сарқылмастығын көрсететіндігі деп санауға болады. 

Баспасөз  материалдарының  бірінші  тобынан,  оның  өзіне  тән  және  ресми 

құжаттардың  тарихи  дерек  ретіндегі  маңыздыларын  (заң  текстері,  үкімет 

ақпараттары,  марапаттау  туралы  жарлықтар,  конференциялар  мен  съездердің 

стенографиялық  есептері  мен  хаттамалары),  сол  сияқты  қоғамдық  үйымдар, 

ұжымдар немесе бұқараның жеке өкілдері жасаған құжаттарын (құттықтаулар, 

оқиғалар  туралы  пікірлер,  хаттар,  үндеулер,  жиналыс  қарарлары  т.т.)  бөліп 

алуға болады. 

Мерзімді  баспасөздің  осы  екі  тобының  материалдарын  біріктіру  —  жай 

ғана мәселе емес. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Әдетте қабылданған 

ресми  материалдар  баспасөз  бетінде  жариялауға  негіз  болады.  Жарияланған 

нұсқау  —  құжаттарды  (дерективалар)  халыққа  баспасөз  өз  материалдарымен 

түсіндіреді,  насихаттайды,  олар  туралы  пікірлер  береді.  Сонымен,  тәрбиелік, 

идеологиялық  жөне  ұйымдастырушылық  мақсаттарға  байланысты  баспасөзде 

дерек түрлерінің бірігу процесі орын алады. Осындай органикалық бірігушілік 

процесінің негізінде тарихи деректің жаңа, дербес түрі қалыптасады. 

Дерек  ретінде  баспасөздің  ерекшелігі  оның  ерекше  ақпараттық  міндеттері 

мен  құрылымының  күрделілігінде  емес,  ол  оның  жанрларының  әр  түрлі 

болуында. 

Оқиғаның  баспасөз  ақпаратында  суреттелуінің  шындыққа  сөйкес  баяндау 

сипатын шамамен тікелей және жанама түр деп екіге бөлуге болады, ал фактілік 

материалдар мен автордың комментариясының фактілерді қорытындьшау дәреже 

қатынасы фактографиялық жөне аналитикалық деп аталады. 

Осыған  байланысты  мерзімдік  баспасөз  жанрларын  шамамен: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет