кiрiседi, сонымен қатар кранды зауытқа мез-гiлден бұрын жеткiзгенi үшiн айып төлеудi талап
етедi.
Талап қанағаттандырарлық па?
4. Алдын-ала тапсырыс беру бойынша жұмыс iстейтiн дүкен азамат Тынышбаевпен шарт
жасасады‚ оған сəйкес бiр ай iшiнде Тынышбаевқа шарт жасасу сəтiнде 350 АҚШ долларына тең
ба-ғамен‚ диагоналi бойынша 54 см. экранды Жапонияда шыға-рылған теледидарды беруге
мiндеттеме алады. Бiр ай өткен соң дүкен Тынышбаевқа теледидарды алып кетуiне болатынын
хабарлайды. Тынышбаев теледидарды үйiне жеткiзiп берудi талап етедi‚ өйткенi шартта əдейi
өзiнiң мекен-жайын шарттың орын-далу орны деп көрсеткен болатын. Дүкен Тынышбаевтың
үйiне “Shivakiң фирмасының теледидарын жеткiзедi. Тынышбаев теле-дидарды ауыстыруды талап
етедi‚ өйткенi “Sonyң фирмасының теледидарын сатып алатынына кəмiл сенген.
Iстi сотта қарас-
тыру кезiнде‚ дүкенде екi фирманың да теледидарлары бар екенi анықталады‚ шартта
қарастырылған теледидарлардың бағасы мен басқа сипаттамалары бiрдей болып шықты.
Дүкен Тынышбаевқа оның пəтерiне теледидар жеткiзiп беруге кеткен шығындарды өтеу жөнiнде
талап қояды.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс?
5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк пен құрылыс фир-масы арасында шарт жасалады‚ ол шарт
бойынша құрылыс фир-масы Серiктестiктiң кеңсесiн жөндеуге‚ ал ол барлық қажеттi
материалдарды жеткiзiп‚ жөндеу жұмыстарының ақысын төлеуге мiндеттi болады.
Құрылысшылар өз уақытында жұмыстарды орындауға кiрiседi‚ бiрақ 15-маусымнан бастап
барлық жұмыс-тарды тоқтатады‚ өйткенi жүргiзiлген жұмыстардың ақысын төлеу үшiн
Серiктестiктiң қаржысы жоқ екендiгi анықталады. Оның үстiне‚ Серiктестiк қажеттi
материалдарды жеткiзiп бере алмай‚ құрылыс фирмасының материалдарын пайдаланып‚
жұмыстарды белгiленген мерзiмде орындауды талап етедi. Атал-ған талапты фирма орындаудан
бас тартады. Сонда Серiктестiк шартты бұзатынын жариялап‚ жұмыстарды аяқтау үшiн басқа
ұйымды шақырады‚ ал шығындарды өтеудi мердiгерге жүктейдi.
Қоғамның əрекеттерi заңға сəйкес пе?
6. Цемент зауыты тауар жеткiзiлiмi шарты бойынша осы жылдың екiншi тоқсанында құрылыс
трестiнiң атына 100 вагон цемент жiберуi тиiс едi. Iс жүзiнде 80 вагон жүктелiп жiберiледi.
Құрылыс трестi өнiмнiң жетiксiз жiбергенi үшiн зауытқа айып тө-летiп‚ жеткiзiлмеген жүктiң
шығынын толықтыруды талап етедi. зауыт жiберген қатесi үшiн айып төлеу түрiнде жаза
тартқанын негiзге ала отырып‚ трест талабынан бас тартады.
Зауыттың талаптан бас тартуға негiзi бар ма?
7. Бiр пəтерде тұрып жатқан Игiлiков Сəкен‚ Берiков Мəу-лен жəне Шарқұлова Əлияның ата-
аналары бiрiгiп‚ өз балала-рына‚ үшiншi сынып оқушыларына‚ жаңа жылдық шырша мей-рамын
ұйымдастырады. Мейрамға балаларының кластасы Əлие-ва Гүлбəнуды да шақырады. Барлық
балалар ертегi кейiпкер-лерiнiң костюмдерiне киiнедi‚ ал Гүлбəну дəкеден тiгiлген Ақша-қар
киiмiнде болады. Пəтердiң ең үлкен бөлмесiне орнатылған шырша ойыншықтар мен жағылған
балауыз шамдарымен безен-дiрiлген. Балалар шырша маңында ойнап жүредi‚ ал ата-аналар басқа
бөлмеде дастарханда отырады. Гүлбəнудың ата-анасы бол-мады. Балалардың аяқ-асты айқайы ата-
аналарды мазасыздан-дырады‚ ал олар жүгiрiп кiргенде жанып жатқан қызды көредi. Құлап қалған
шырақ Гүлбəнудың дəкеден тiгiлген көйлегiн лезде лаулатып жiберген екен. Жалын салдарынан
қыз қатты күйiп‚ мүгедектiкке душар болады.
Гүлбəнудың анасы Игiлiковтер‚ Берiковтер мен Шарқұ-ловтардан жазатайым оқиғадан туған
зиянның орнын толтыруды талап етедi. Сот жауапкерлерден ортақ түрде зиян сомасын тө-летiп‚