Бұл жайды естiген Қамалов Сəрсенбаевтан кепiлпұлды қай-таруды талап етедi. Сəрсенбаев оған
қарсы болды. Ол өз алдына‚ шарт бойынша Қамаловтың меншiгiне өткен заттардың опат болуына
байланысты Қамаловтан төленбей қалған ақша сомасын берудi талап етедi.
Бұл дауды қалай шешуге болады? Қамаловтың талабы кiмге қойылуы тиiс: Сəрсенбаевқа ма‚ əлде
оның ұлына ма?
2. Əмбебап дүкенi Имановтың сатып алған пианиносын пə-терiне жеткiзiп берудi өз мiндетiне
алады. Тасымалдау кезiнде автокөлiк жаңбыр астында қалады да‚ пианино су болып‚ жарам-сыз
күйге ұшырайды. Сатып алушы жеткiзiлген пианиноны қабылдаудан бас тартып‚ ақшаны
қайтарып берудi немесе ор-нына басқа жаңа пианино жеткiзiп берудi талап етедi. Өзiнiң арызына
Иманов əмбебап дүкен əкiмшiлiгiнен жауап алады. Онда Иманов дүкеннен пианино таңдап‚ оған
ақша төлеп‚ пиа-ниноның меншiктi иесi болғандықтан‚ кездейсоқ себептерден аспаптың
бұзылуының салдарын өзi көтередi деп мəлiмдейдi. Иманов сотқа талап арыз бередi. Талап
арызында ол əмбебап дү-кенiнен пианиноға төленген ақшаны қайтарып берудi‚ немесе оның
орнына саудаға жаңадан түскен мұздатқышты берудi талап етедi. Əмбебап дүкенi өз тарапынан
соттан Имановтың сатып ал-ған пианиносын мiндеттi түрде қабылдауын мiндеттеудi сұрайды.
Жеткiзiп беру мiндеттемесi мен затты сатқанда сатып алу-шының мүлiкке меншiк құқығы қашан
пайда болады? Сатып алушы сатып алынған затты қабылдаудан немесе оның құнын төлеуден бас
тартса оның салдары қандай болмақ? Жеткiзiлген пианиноны қабылдамауға жəне өз ақшасын
қайтарып алуға не-месе пианиноны мұздатқышқа алмастыруға Имановтың құқы бар ма?
3. Қыста Көбенов Уəлиевтен саяжай сатып алады. Мамыр айында өз жанұясын саяжайға алып
келгенде оның екi бөлмесiн-де Сеитовтың жанұясымен бiрге тұрып жатқанын көредi. Сеи-товтың
айтуынша‚ былтырғы жылдың жазында ол Уəлиевтен үйдiң екi бөлмесiн 5 жылға жалға алып,
алайда Уəлиевпен жазбаша шарт жасаспай‚ жалға алу төлемiн тұтастай алдын ала төлеп қойған.
Көбенов наразылық бiлдiрiп Уəлиевке барады‚ ал ол болса‚ үйдiң жүйелi түрде жалға берiлiп
тұратынын Көбенов бiле тұрып‚ жалгерлер барын‚ не жоғын сұрамағандығын желеу етедi.
Сонымен бiрге‚ оның ұғынғаны‚ Көбенов үйге құқық орнатушы құжаттарды рəсiмдеуге мүдделi
болған‚ ал жанұясымен бiрге ше-телде тұрақты өмiр сүретiндiктен‚ саяжайды пайдалану оның
ниетiнде жоқ деп пайымдайды. Көбенов көмек сұрап қорғау-шыға барады.
Оған қандай түсiнiктемелер берген жөн?
4. Үндеспаев Мəметовтан сиыр сатып алады. Көп ұзамай Үндеспаев сатып алынған сиырдың ауру
екенiне көзi жетедi. Кө-мек сұрап барған оған мал дəрiгерi сиырды союға кеңес бередi. Сиырды
сойғанда оның қарнынан ине табылады. Мал дəрiге-рiнiң қорытындысы бойынша сиыр сатылмай
тұрып ауырған. Сойылған сиыр етiн сатып‚ Үндеспаев шығындарын есептейдi де‚ Мəметовтан
олардың орнын толықтыруды талап етедi. Алай-да Мəметов Үндеспаевтың талабын орындаудан
бас тартады. Ол сау мал сатқанын‚ тiптi қалай да болса оның ауру екенi жайлы түк бiлмегенiн
айтады. Онымен қоймай‚ Үндеспаевтың сиыр ауру екенiн бiле салысымен дереу хабарлау
керектiгiне сiлтейдi. Үндеспаев болса‚ сиырдың ауру себебiн бiлмей‚ сатушыға талап қоюға негiзi
жоқ болғанын‚ ал сиыр сойылған соң тездеп етiн сатып‚ келтiрiлген шығындарды есептеу қажет
болғанын айтады. Сондықтан да Үндеспаевтың ойынша‚ ол Мəметовқа деген тала-бын уақытында
жасап отыр.
Дауды қалай шешуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: