С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


3.  Банк  акционерлiк  қоғамға  несие  бередi‚  оның  қайтары-луы  акционерлiк  қоғамның  меншiк 
құқығындағы ғимарат кепiл-дiкке алынады. Несиенi жəне оның проценттерiн өз уақытында өтеуге 
мүмкiндiгi болмай‚ акционерлiк қоғам банкке несиенi қайтару есебiне ғимараттың құнын несиеге 
тең сомада қоса есептеп‚ ғимаратты сату жөнiнде шарт жасасуды ұсынады. 
Банк  ғимаратты  сату  шартына  қол  қоюға  келiсiмiн  бередi‚  бiрақ  банк  заңгерiн  келесi  сұрақтарға 
жауап берудi сұрайды:  
1) Мiндеттемелердi осылай өзгерту заңды ма? 
2)  Сауда-саттық  шартына  қол  қойылса‚  ол  бұрынырақ  бе-рiлген  несие  бойынша  мiндеттеменiң 
орындалуы болып санала ма? 
3)  Сату-сатып  алу  шартына  қол  қойылса‚  ол  банктiң  кепiл  құқығын  соттан  тыс  жүзеге  асыруы 
болып бағаланбайды ма? 
Заңгер қандай жауап беруi тиiс? 
4.  “Алауң  АҚ-ы  (жалгер) “Қыранң  фирмасымен  (жалға  бе-рушi)  келiсiмi  бойынша  кеңселiк 
мақсатта  пайдалану  үшiн  “Қы-ранң  фирмасының  иелiгiндегi  ғимаратты 7 жыл  мерзiмге  жалға 
алады.  Жалгердiң  мiндеттерiне  кезектi  жəне  күрделi  жөндеу  жұмыстарын  жасау  кiредi‚  соған 
байланысты  жалға  алу  мерзiмi  аяқталған  соң  оған  жалға  алып  отырған  ғимарат  үшiн  ақы  төлеп 
сатып  алу  құқығы  берiлген  болатын.  Екi  жылдан  соң‚  қаражат  қиыншылығында  жүрген  жалға 
берушi өз меншiгiндегi ғима-ратты зауытқа сатып жiбередi. 
Жалгер‚  сатып  алу  жағдайы  қарастырылған  жалға  алу  шар-тына  сiлтеу  жасай  отырып‚  оның 
ғимаратты сатып алуда ерекше құқығы бар деп санайды жəне жалға алу шартын дереу сату-сатып 
алу  шартына  отыруға  дайын  болады.  Алайда  жалға  берушi  бұл  дəлелмен  келiспей‚  жалгердiң 
сатып алу құқығы тек 7 жыл өткен соң ғана пайда болатынына назар аударады. Ол мерзiмге дейiн 
жалға берушi өз меншiгiндегi мүлiктi қалай билесе де құқықты. 
Жалгер заң кеңесшiсiне келесi сұрақтарға түсiнiктеме беруiн сұрап барады: 
1) Ғимаратқа меншiк құқығының сатып алушыға өтуiне байланысты жалға алу шарты тоқтатыла 
ма? 
2) Егер жалға алу шарты тоқтатылмайтын болса‚ жалгердiң ғимаратты сатып алу құқығы сақтала 
ма? 
Қойылған сұрақтарға жауап берiңiз. 
5.  “Темiрланң  ресторанымен  жасасқан  шарты  бойынша  “Те-ңiзң  фирмасы  ресторанға  күн  сайын 
жоғарғы сортты балықтың 180 кг. жеткiзiп тұруға мiндеттенедi. Фирманың жалғыз бiр трау-лерi 
болады‚  ол  өзiнiң  соңғы  сапарында  бұзылып‚  жөндеуге  қойылған  болатын.  Фирманың  кезектi 
балық  жеткiзiп  беруiн  орындауға  мүмкiндiгi  болмаған  соң‚  ол  ресторан  əкiмшiлiгiне  шарттан 
шыққаны жөнiнде хабардар етедi.  
Ресторан  əкiмшiлiгiнiң  ойынша‚  команданың  кiнəсi  бойын-ша  сынған  кеменiң  жөндеуге  тұруы 
шартты  тоқтатуға  негiз  бола  алмайды‚  өйткенi  фирма  өзге  траулердi  жалға  алу  мүмкiндiгiн 
қарастырмаған.  
Дауды шешiңiздер. 

6.  Суретшi  Мансұров  белгiлi  болат  қорытушы  Үмбетовпен  бiр  ай  iшiнде  оның  жұмыс  үстiндегi 
бейнесiн  суретке  салатыны  жөнiнде  келiсiм  бередi.  Ол  үшiн  болат  қорытушы  оған  үш-бес  сеанс 
бойы цех жағдайында өзiнiң жұмысын бақылап тұруға рұқсат беруi тиiс. Екi сеанстан соң болат 
қорытушы  ұзақ  қызмет  сапарына  кетiп  қалады.  Үш  айдан  соң  оралып‚  ол  суретшiге  те-лефон 
соғады  да  суреттiң  салынбағанын  бiледi.  Сонда  ол  сурет-шiден  оның  суретке  төлеген  ақшасына 
темiрден  құятындай  етiп  шарбақ  эскизiн  салып  беруiн  сұрайды.  Суретшi  келiседi.  Алайда  эскиз 
жасау барысында бiр бөлшегi шарбақ болып табылатын суреттi салу ойы туады. Суретшi өз ойын 
суретте бейнелеп‚ оны болат қорытушыға ұсынады‚ жұмыс үшiн ол екi есе баға сұрайды.  
Олардың  сурет  бойынша  жұмысты  тоқтатуға  келiскендерiн  есiне  салып  Үмбетов  Мансұровтың 
жұмысына екi есе төлем бе-руден бас тартады.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
7.  Саметов  Боранбаевтың  пəтерiндегi  ас  бөлмесiн  бес  күн  iшiнде  жөндеп  беретiнi  туралы 
Боранбаевпен келiседi. Алайда, Саметов, одан да тиiмдi тапсырыс алып‚ көрсетiлген мерзiмде ас 
бөлмесiн  жөндеуге  кiрiспейдi.  Боранбаевты  кездестiрiп  қалып‚  Саметов  оған  болған  жағдайды 
түсiндiрiп‚ одан жөндеу жұмыс-тарына даярлап қойған бояуды‚ лакты‚ тақтайшаларды жəне ыдыс 
жуатын  раковинаны  ақысыз  алып  кетуiн  ұсынады  да  содан  кейiн  олардың  мердiгерлiк  шарт 
бойынша қатынастары аяқтал-ды деп санайды.  
Боранбаев  Саметов  ұсынған  заттардың  бəрiн  алып  кетедi.  Бiрақ  бiраз  уақыттан  соң  ол  мердiгер 
таппай‚  Саметовтан  бас-тапқыда  келiсiлген  сыйақы  үшiн  мердiгерлiк  жұмыстарын  орын-дауды 
талап етедi. Саметов талапты қабылдамайды‚ оның ойын-ша‚ олар шарттың қысқартылуы туралы 
келiскен  болатын  жəне  бас  тарту  төлемi  ретiнде  ол  Боранбаевқа  аталған  материалдарды  берген
болатын.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
8.  Мырзаев‚  өзiнiң  қайтыс  болған  əкесiнiң  мүлiгiн  реттестi-рiп  отырып‚  Сəбитовтың  мұздатқыш
сатып алу үшiн Мырзаев-тың əкесiнен əжептəуiр ақша сомасын қарызға алғаны жəне 4 жыл iшiнде 
қарызды қайтаруға мiндеттенгендiгi жөнiнде берген Сəбитовтың қолхатын тауып алады. Қарызды 
өтеу  мерзiмi  əлi  өтпеген.  Мырзаев‚  əкесiнiң  мұрагерi  ретiнде‚  Сəбитовтан  қа-рызды  қайтаруды 
талап  етедi.  Бiрақ  Сəбитов  өзiн  бұл  қолхат  бойынша  мiндеттерiн  орындауға  тиiстi  емес  деп 
санайды‚ өйткенi Мырзаевтың əкесi ауырып жатқанда Сəбитовтың зейiнi мен күтуiне риза болып 
ол  Сəбитовқа  мұздатқыш  сатып  алуға  алған  ақшаны  қайтармауына  болатынын  айтқан  деген
негiзбен талапқа келiспейдi.  
Осы дауда кiмдiкi дұрыс? 
9.  Рауанов  ұзақ  уақыт  бойы  Тезековтан  қарызға  алған  ақша-сын  қайтармай  жүредi.  Тезековтың 
қарызды  қайтару  жөнiндегi  кезектi  талабына  Рауанов  Тезековқа  ақша  орнына  меншiк  етiп  оның 
аккордеонын  алуды  сұрайды  жəне  сонымен  қатар  Тезе-ковтың  ұлын  музыкалық  мектепке  түсу 
емтихандарына дайын-дап‚ екi ай iшiнде‚ аккордеонда ойнауды үйрету үшiн сабақ жүргiзуге тiлек 
бiлдiредi‚  ол  үшiн  Тезеков  қарыздық  қолхатты  Рауановқа  қайтарып‚  қарызды  өтелдi  деп  тануы 
тиiс.  
Тезеков ұсыныстан бас тартпайды‚ бiрақ ол келесi жайттарға күмəнданады:  
1. қарызды мүлiк беру немесе қызмет көрсету жолымен өтеу заңда көзделмеуi мүмкiн.  
2. оған берiлетiн аккордеон сомасы қарыз сомасынан тө-мен едi‚ ал Рауанов сияқты əуеншiнiң 
сабағын қоса есептегенде оның қарызынан асып тұр.  
Рауанов пен Тезеков заңгерге келесi сұрақтар бойынша түсi-нiктеме алу үшiн барады: 

1. қарызды мүлiк немесе қызмет көрсету арқылы өтеуге бола ма?  
2. ақшалай қарыз орнына мүлiк немесе қызмет көрсету рұқсат етiлген болса‚ қарыздық 
шарттың тоқтатылуы қандай тəртiппен жасалынады?  
Қойылған сұрақтарға жауап берiңiз. 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТIНIҢ ОҚЫТУ СОТЫ 
МАТЕРИАЛДАРЫНАН
 
Азаматтық iс № 2—527/97 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына қала тұрғыны азаматша Минакова Т. А. арыз жазып 
қамқоршысыз  қалуына  байланысты  үйiнде  тұрып  жатқан  туысы  (əпкесiнiң  баласы)  Зайцев 
Александр Николаевичтi əрекет қабiлеттiгi жоқ деп та-нуды сұрайды.  
Мүдделi  тарап  ретiнде  арызданушы  азаматша  Минакова  сот-қа  берген  арызында  Зайцев 
Александрдың 1948 жылы туғанын жəне оның бала кезден ауруға душар болып қазiргi күнге дейiн 
ақыл  есiн  толық  қалыптаспағанын,  сондықтан  да  ресми  түрде  оның  екiншi  топтың  мүгедегi  деп 
танылғанын, ал анасының 1996 жылы көктемде қайтыс болғанын жəне Зайцевтың əкесi — Зай-цев 
Николайдың осыдан 10 жыл бұрын жанұясын тастап жоқ болып кеткенiн баяндайды. 
Сондай-ақ  арызданушы  Минакова  Зайцев  Александрдың  ұдайы  өзгенiң  күтiмiн  қажет  ететiнiн 
өзiн-өзi  күте  алмайтынын  жəне  оған  қамқоршы  болуға  өзiнiң  мүмкiндiгi  жоқ  екендiгiн,  сол 
себептен де оны арнайы мүгедектер үйiне орналастыру қажеттi-лiгi туындап отырғанын көрсетедi. 
Азаматтарды əрекет қабiлеттiгi жоқ деп тану үшiн қандай негiздер болуы шарт? Осы iс бойынша 
сот өз шешiмiн қандай дəлелдеме-құжаттардың негiзiнде шығаруы мүмкiн?  
Iстi шешiңiз. 
Азаматтық iс № 2—86/98 
Баженов  Александр  Алматы  қаласы  Алмалы  аудандық  оқу  бөлiмiне  қарасты —  1 арнайы 
мамандандырылған олимпиада резервiн дайындау мектебiнде жаттықтырушы болып iстейтiн. Ол 
қараша айының 11 күнi 1980 жылы жұмыс орнында жаттықтыру кезiнде еңбек жарақатын алып, 
мойын омыртқасы мен бел омыртқасына зақым келтiредi.  
Дəрiгерлiк — еңбек  жарамдылығын  анықтау  комиссиясы  сараптамасының  қорытындысы
бойынша  азамат  Баженов  қайта  куəлəндiрудi  қажет  етпейтiн  өмiр  бойы  екiншi  топтың  мүгедегi 
деп танылып  еңбек қабiлеттiгiнiң 70% — нен  айрылғаны анықталады. Бұрынғы жұмыс  орнынан 
ай  сайын  алып  жүрген  табыс  көзiнiң 70% көлемiнде  өтем  алып  тұратын.  Алайда, 1997 жылдың 
наурыз  айынан  бастап  Алмалы  аудандық  оқу  бөлiмiне  қарасты  ғ1  арнайы  мамандандырылған 
олимпиада резервтерiн дайындау мектебi Алматы қаласы əкiмiнiң 1997 жылғы 27 ақпанындағы ғ 
102 шешiмiне сай жабылуына байланысты Баже-новке тиiстi өтем ақы төлеу тоқтатылады.  
Осыған орай азамат Баженов 1997 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласының Алмалы аудандық
сотына талап арыз жазып, аудандық оқу бөлiмiнен еңбекке жарамсыздығына байланысты төлеуге
тиiс 28 828 теңге өтем ақы жəне осыны мəселе бойынша бiрнеше рет шағымданғанына қарамастан 
аудандық  оқу  бөлi-мiнiң 8 ай  бойы  ешбiр  шешiм  қабылдамауы  салдарынан  келген 4 000 теңге 
көлемiндегi моральдық шығынды өндiрiп берудi сұ-райды.  
Алмалы аудандық оқу бөлiмi талап арызды мойындаудан бас тартып, өз тарапынан аудандық оқу 
бөлiмiнiң  жеке  заңды  тұлға  болып  табылмайтынын  тек  аудандық  əкiмшiлiктiң  бiр  бөлiмi  екенiн 
жəне  ертеректе  аталған  мектептi  қаржыландырғанын,  бiрақ  бұл  күнде  тек  оқу  саласына  ғана 
жетекшiлiк жасауға құ-қылы екенiн мəлiмдейдi.  
Сот  осы  iстi  қарау  барысында  таратылған  ғ 1 арнайы  маман-дандырылған  спорт  резервтерiн 
дайындау  мектебiнiң  мүлiктерi  басқа  мектептерге  таратылып  берiлгенiн  жəне  мектеп  оқушы-
ларының сол мектептерге орналастырылғаны анықталды.  
Таратылған мектептiң мирасқорын анықтау мүмкiн болма-ғандықтан аудандық сот өз шешiмiмен 

талап арызда көрсетiлген сомаларды өтеп берудi Алматы қалалық оқу басқармасына жүк-тейдi.  
Аудандық соттың шығарған шешiмi дұрыс па? 
Таратылған заңды тұлға мирасқорын анықтау тəртiбi қан-дай?  
Iстi сараптап жауап əзiрлеңiз.  
Азаматтық iс № 2—518/97 
1908  жылы  туылған  Алматы  қаласының  тұрғыны  Климова  Анна  Кузминична  тұрғын  үй 
шаруашылығы өндiрiстiк трестiмен шарт жасасып, өзi тұрып жатқан тұрғын үй алаңының жалпы 
көлемi 24,3 шаршы метр болатын аталған ұйымға қарасты бiр бөлмелi пəтердi жекешелендiредi.  
Жекешелендiру  барысында  аталған  үйдiң  тозғандығын  есеп-ке  алып  пəтер  тегiн  берiледi. 
Жекешелендiру  шартында  осы  пə-терге  ортақ  бiрлескен  меншiк  мүшесi  ретiнде  Климова  қызы 
Алевтинаны көрсетедi.  
1997  жылдың 31 наурызында  Климова  А.  К.  қайтыс  болады. 1998 жылдың  қаңтарында 
Климованың қызы-Климова А. П. өсиет ету бойынша мұрагерлiк құқын куəлəндiру үшiн Алматы 
қаласының Бостандық ауданындағы нотариалдық кеңсесiне өтiнiшпен барады. Нотариалдық кеңсе 
қызметкерi  Климованың  бұл  өтiнiшiн  қабылдамай  тастайды,  себебi  заңда  көрсетiлген  мұ-раны 
қабылдап алу мерзiмiн, яғни алты ай мерзiмiн өткiзiп алға-нына сiлтейдi.  
Мұраны  қабылдап  алудың  тəртiбi  мен  мерзiмi  қалай  анық-талады?  Жоғарыда  аталған  өтiнiш 
бойынша нотариалдық кеңсе-нiң бас тартуы заңды ма? Осыны дəлелдеңiздер.  
Азамат Попов Александр Филимонович 1997 жылдың 26 маусымында Алматы қаласы Бостандық 
аудандық сотына арыз жазып зайыбы Питунина Галина Михайловнаны хабар-ошарсыз кеттi деп 
тануын сұрайды.  
Мүдделi тарап ретiнде, ол өз арызында төмендегi мəн жайларды мəлiмдейдi:  
1994 жылы 29 сəуiрде оның зайыбы — Питунина Галина Михайловна, мас күйiнде үйде жанжал 
шығарып,  нəтижесiнде  пышақпен  оған  ауыр  дене  жарақатын  салып,  осыған  байланысты  оның 
үстiнен қозғалған қылмыстық iс бойынша тергеу мен соттан жасырынып, сол жылдың қыркүйек 
айында iз-түссiз жоқ болып кетедi.  
Сол  уақыттан  бастап  жүргiзiлiп  жатқан  iздестiру  шаралары  дəл  осы  күнге  дейiн  еш  нəтиже 
бермегенiн, сонымен бiрге зайыбының нақты түрде пəтерде тұрып жатпағандығына қара-мастан, 
бiрақ  оның  пəтерде  тiркеуде  болуына  байланысты  қо-сымша  тұрғын  үй  шығындарын  өтеп 
жатқандығын жəне табы-сының аздығын, материалдық жетiспеушiлiктер көрiп жүргенiн жазады. 
Осы iс бойынша сот қандай шешiм шығару керек? 
Азаматты хабар- ошарсыз кеттi деп танудың құқықтық мəнi қандай?  
Iстi шешiңiз. 
Азаматтық iс № 2—1117/97 
Азамат  Хохлов  И.  Ф.  Германияға  жүрер  алдында  танысы  Муралинова  Тамараға 600 немiс 
маркасын 6 айға  қарызға  бередi.  Қарызды  қайтарып  алу  уақыты  таяғанда  Хохлов  Германиядан
келедi. 

Муралинованың  үйiне  келген  Хохловтан  Муралинова  Тама-ра  тағы  да  өтiнiш  жасап  ұлы 
Муралинов  Асланға 1500 немiс  мар-касын  қарызға  бере  тұруын  жəне  одан  алған  барлық
қарыздарды қосып алдағы 2—3 күнде қайтарып беретiнi туралы уəде бередi. 
Бiрақ  қарыз  келiсiлген  уақытта  қайтарылмайды.  Осы  себептен  Хохловтың  Германияға  қайта 
оралуына мүмкiндiгi болмай ерiксiз кiдiруiне тура келедi. 
Муралинова Тамара Хохловқа қарызды алғанын растап, қолхат бередi жəне осы қолхатында алған 
қарыздардың  барлығын 6 айдан  кейiн  қайтарып  беретiнiн,  қайтара  алмаған  жағдайда  қарызды 
кiдiрткен əрбiр күн үшiн 0,5% айып төлеуге дайын екенiн көрсетедi. Куə ретiнде Муралинованың 
көршiлерi Моисеева мен Шайдарова аталған қолхатқа өз қолдарын қояды. 
Алматы  қаласының  Бостандық  аудандық  сотына  берген  талап  арызында  Хохлов  жауапкерден, 
сонымен  бiрге  қолхатта  көрсетiлген  айыппен  бiрге 3 360 немiс  маркасы  көлемiнде  айырылып 
қалған пайданы да өндiрiп берудi талап етедi. 
Себебi, Германияда жұмыс iстеп, ол ай сайын 560 немiс мар-касын алып тұратын. Алайда, сотта 
Муралинова  талап  арызды  мойындаудан  бас  тартып,  өз  тарапынан 600 немiс  маркасын  Хохлов 
оған Германиядан Қазақстанға келгенде оның пəтерiнде тұрғаны жəне тамақтанғаны үшiн төлеуi 
тиiс деп мəлiмдейдi. 
Сотқа  берген  түсiнiктемесiнде  Муралинова  Хохловтың 1500 немiс  маркасын  оның  ұлы  Асланға 
кəсiпкерлiк мақсатта ортақ iс ашу үшiн бергенiн жəне бұл тəуекелден оңды нəтиже болмауына ол
өзiн кiнəлi деп санамайтынын айтады. Бұл iс бойынша сот тараптардың дəлелдемелерiн сараптай 
келiп,  ҚР  АК 353-бабына  сəйкес  Муралинова  Тамарадан  Хохловтың  пайдасына 6 250 немiс 
маркасының  ұлттық  валютадағы  баламасын,  яғни 300 812 тең-генi  өндiрiп  беру  туралы  шешiм 
қабылдайды. 
Аудандық  соттың  шығарған  бұл  шешiмiне  кассациялық  тəртiп  бойынша  қадағалау  жасаған 
Алматы  қалалық  сотының  төрағасы  өз  наразылығын  бiлдiрiп, iстi  қайта  қарау  жөнiнде  Алматы 
қалалық сотының президиумына ұсыныс жасайды. 
Алматы қалалық сот төрағасының бұл наразылығынан қан-дай негiздердiң барын көруге болады? 
Iстi шешiңiз. 
Азаматтық iс № 2—969/97 
Алматы қаласының тұрғыны азамат Зубцов Александр Сте-панович төмендегi жайларды баяндап, 
заңгерден кеңес беруiн сұрайды. 
Оның  анасы — Зубцова  Евдокия  Терентьевна 1957 жылдың  сəуiр  айынан  бастап  күйеуi (бiрақ 
заңды некеде болмаған) — Губарев Василий Иванович екеуi  Марков көшесiндегi 68 үйде тұрып 
жатады. 
Олардың əрқайсысында үй құрылымының 1/5 бөлiгi жеке меншiк құқығында болады. 
1966  жылдың 17 сəуiрiнде  Губарев  В.  И.  қайтыс  болады.  Марқұмға  тиесiлi  үйдiң 1/5 бөлiгiн 
Зубцова Е. Т. заң жүзiнде өз меншiгiне аудармастан сол үйде тұрып жатады. 
1980  жылы  Зубцов  А.  С.  анасы  жалғыз  қалғандықтан  оның  үйiне  қоныс  теуiп  оған  жəрдем 
көрсетiп жүредi. 1989 жылы ғана ол осы үйге тiркеуге алынады. 
1994  жылдың 30 қантарында  Зубцова  Е.  Т.  қайтыс  болады.  Осыдан  кейiн  Зубцов  А.  С.  заң 
бойынша анасына тиесiлi үйдiң 1/5 бөлiгiн мұраға алады.

Сонымен бiрге ол Губаревке тиесiлi үй бөлiгiне иелiк етiп оны пайдаланып жүредi. 
Губаревтың мұрагерлерi болмағандықтан, оған тиесiлi үй бөлiгiне ешкiм дау бiлдiрмейдi. Зубцов 
А.  С.  заң  жүзiнде  Губаревтiң  үлесiн  өз  меншiгiне  алуға  құқы  болмайды,  себебi  ол  марқұммен 
ешбiр туыстық қатынаста болмағанды. 
Сөзiнiң соңында Зубцов А. С. марқұм Губаревқа тиесiлi үйдiң 1/5 бөлiгiн өз меншiгiне алуға ниетi 
бар екенiн айтып, əрi оның қандай заңды жолдары қарастырылғанын заңгерден сұрай-ды. Бұл iс 
бойынша қандай жауап берер едiңiз? 
Азаматтық iс № 2—2764/97 
“Кометаң  комбинатында  жүргiзушi  болып  жұмыс  iстеп  жүрген  азамат  Барышев  И.  И. 1994 
жылдың 5 қазанында  жұмыс  уақытында  өзiне  бекiтiлiп  берiлген  ережесiн  бұзып  соның  нə-
тижесiнде  азамат  Головконың  жеңiл  автокөлiгiмен  соқтығысып  оған 60 319 теңге  көлемiнде 
материалдық шығын келтiредi. 
Бұл  iс  бойынша  Алаты  қаласының  Октябрь  аудандық  соты 1994 жылы 6 желтоқсанда  шешiм 
қабылдап “Кометаң комби-натын қатерлi қауiп көзiнiң иесi деп танып азамат Барышевтың əрекетi 
салдырынан  туындаған  зиянды  толық  көлемде  комбинат  есебiнен  жəбiрленушiнiң  пайдасына 
өндiрiп бередi. 
Сот  шешiмiн  орындағаннан  кейiн  комбинат  өнiмi  заң  кеңесшiсiне  келiп  кiнəлi  деп  танылған 
жүргiзушi  Барышевқа  керi  талап  қойып  комбинатқа  келген  шығынды  өндiрiп  алу  жолдарын 
сұрайды. 
Осы  iс  бойынша  сот  шешiмiнiң  негiздiлiгiн  ҚР-сы  азамат-тық  кодексiнiң  баптарына  сəйкес 
анықтаңдар? 
Комбинат өкiмiне қандай кеңес берер едiңiздер?

II БӨЛIМ
 
1-тақырып.
 
САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТЫ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Сату-сатып алу шартының ұғымы (пəнi‚ бағасы‚ мерзiмi‚ түрi). 
2. Сату-сатып алу шартының мазмұны: 
2.1. Тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi; 
2.2. Меншiк құқығының пайда болу сəтi. Заттың кездейсоқ бүлiну қауiпi; 
2.3. Үшiншi жақтардың құқығынан мүлiктi босату. Эвикция. 
3. Сату-сатып алу шартын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. 
4. Бөлшектеп сату-сатып алу шарты. 
5. Тауар жеткiзiлiмi шарты: 
5.1. Мүлiктi құнын төлеп сатып алу жөнiндегi шарттардың жүйесiндегi өнiм беру шартының орны 
мен ерекшелiктерi; 
5.2. Тауар жеткiзiлiмi шартының субъектiлерi жəне шарт байланыстарының құрылымы; 
5.3. Тауар жеткiзiлiмi шартын жасасу тəртiбi; 
5.4. Тауар жеткiзiлiмi шартының мазмұны; 
5.5. Тауар жеткiзiлiмi шартын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. 
6. Мемлекет қажеттiлiгi үшiн тауар жеткiзiлiмi шарты. 
7. Сату-сатып алу шарттардың басқа түрлерi. 
Есептер 
1. Ұзақ шетелдiк жұмыс сапарына жүрмек болған Сəрсен-баев жиһаз гарнитурын (софа‚ 2 кресло‚ 
журнал үстелi‚ ас үстелi жəне 6 орындық)‚ кiлемдi‚ кiтаптарды‚ ал сонымен бiрге ас үй жиһазын 
сатпақшы  болады.  Ал  Қамалов  Сəрсенбаевтың  барлық  жиһазын  (ас  үйдегiден  басқасын)  жəне 
кiтаптарын  сатып  алып‚ 10 күннен  кейiн  (жаңа  пəтерде  жөндеу  жұмыстары  аяқталғаннан  соң) 
алып кететiн болып келiседi. Сəрсенбаев заттарын басқа бiреуге сатып жiберер деп күмəнданған 
Қамалов, жазбаша түрде шарт жасасуды талап етедi. Тараптар шарт жасалған сəттен бастап жиһаз 
бен  кiтаптардың  Қамаловтың  меншiгiне  өтетiнiн  шартта  белгiлейдi.  Онымен  қоймай‚  Қамалов 
Сəрсенбаевқа  алдын  ала 100 мың  теңге  кепiлпұл  берiп‚  қалған  ақшаны  Сəрсенбаевтан  заттарды 
алар күнi‚ яғни 10 күннен кейiн берудi уəде етедi. Бiрақ сырқаттануына байланысты‚ Қамалов 10 
күн өткен соң заттарды алуға келмейдi. Екi күннен кейiн Сəрсенбаевтың он бес жасар ұлы электр 
құралын  абайсыз  пайдалану  нəтижесiнде  жиһаз  бен  кiтаптар  тұрған  бөлмеде  өрт  шығып‚  бiр 
креслодан басқа‚ жиһаз бен кiтаптар жарамсызболып қалады. 

Бұл  жайды  естiген  Қамалов  Сəрсенбаевтан  кепiлпұлды  қай-таруды  талап  етедi.  Сəрсенбаев  оған 
қарсы болды. Ол өз алдына‚ шарт бойынша Қамаловтың меншiгiне өткен заттардың опат болуына 
байланысты Қамаловтан төленбей қалған ақша сомасын берудi талап етедi.  
Бұл дауды қалай шешуге болады? Қамаловтың талабы кiмге қойылуы тиiс: Сəрсенбаевқа ма‚ əлде 
оның ұлына ма? 
2.  Əмбебап  дүкенi  Имановтың  сатып  алған  пианиносын  пə-терiне  жеткiзiп  берудi  өз  мiндетiне 
алады. Тасымалдау кезiнде автокөлiк жаңбыр астында қалады да‚  пианино су болып‚ жарам-сыз 
күйге  ұшырайды.  Сатып  алушы  жеткiзiлген  пианиноны  қабылдаудан  бас  тартып‚  ақшаны 
қайтарып берудi немесе ор-нына басқа жаңа пианино жеткiзiп берудi талап етедi. Өзiнiң арызына 
Иманов əмбебап дүкен əкiмшiлiгiнен жауап алады. Онда Иманов дүкеннен пианино таңдап‚ оған 
ақша  төлеп‚  пиа-ниноның  меншiктi  иесi  болғандықтан‚  кездейсоқ  себептерден  аспаптың 
бұзылуының  салдарын  өзi  көтередi  деп  мəлiмдейдi.  Иманов  сотқа  талап  арыз  бередi.  Талап 
арызында  ол  əмбебап  дү-кенiнен  пианиноға  төленген  ақшаны  қайтарып  берудi‚  немесе  оның 
орнына  саудаға  жаңадан  түскен  мұздатқышты  берудi  талап  етедi.  Əмбебап  дүкенi  өз  тарапынан 
соттан Имановтың сатып ал-ған пианиносын мiндеттi түрде қабылдауын мiндеттеудi сұрайды.  
Жеткiзiп беру мiндеттемесi мен затты сатқанда сатып алу-шының мүлiкке меншiк құқығы қашан 
пайда болады? Сатып алушы сатып алынған затты қабылдаудан немесе оның құнын төлеуден бас
тартса  оның  салдары  қандай  болмақ?  Жеткiзiлген  пианиноны  қабылдамауға  жəне  өз  ақшасын
қайтарып алуға не-месе пианиноны мұздатқышқа алмастыруға Имановтың құқы бар ма?  
3.  Қыста  Көбенов  Уəлиевтен  саяжай  сатып  алады.  Мамыр  айында  өз  жанұясын  саяжайға  алып 
келгенде оның екi бөлмесiн-де Сеитовтың жанұясымен бiрге тұрып жатқанын көредi. Сеи-товтың 
айтуынша‚  былтырғы  жылдың  жазында  ол  Уəлиевтен  үйдiң  екi  бөлмесiн 5 жылға  жалға  алып, 
алайда Уəлиевпен жазбаша шарт жасаспай‚ жалға алу төлемiн тұтастай алдын ала төлеп қойған.  
Көбенов  наразылық  бiлдiрiп  Уəлиевке  барады‚  ал  ол  болса‚  үйдiң  жүйелi  түрде  жалға  берiлiп 
тұратынын  Көбенов  бiле  тұрып‚  жалгерлер  барын‚  не  жоғын  сұрамағандығын  желеу  етедi. 
Сонымен  бiрге‚  оның  ұғынғаны‚  Көбенов  үйге  құқық  орнатушы  құжаттарды  рəсiмдеуге  мүдделi 
болған‚  ал  жанұясымен  бiрге  ше-телде  тұрақты  өмiр  сүретiндiктен‚  саяжайды  пайдалану  оның 
ниетiнде жоқ деп пайымдайды. Көбенов көмек сұрап қорғау-шыға барады. 
Оған қандай түсiнiктемелер берген жөн? 
4. Үндеспаев Мəметовтан сиыр сатып алады. Көп ұзамай Үндеспаев сатып алынған сиырдың ауру
екенiне  көзi  жетедi.  Кө-мек  сұрап  барған  оған  мал  дəрiгерi  сиырды  союға  кеңес бередi.  Сиырды 
сойғанда оның қарнынан ине табылады. Мал дəрiге-рiнiң қорытындысы бойынша сиыр сатылмай 
тұрып  ауырған.  Сойылған  сиыр  етiн  сатып‚  Үндеспаев  шығындарын  есептейдi  де‚  Мəметовтан 
олардың  орнын  толықтыруды  талап  етедi.  Алай-да  Мəметов  Үндеспаевтың  талабын  орындаудан
бас  тартады.  Ол  сау  мал  сатқанын‚  тiптi  қалай  да  болса  оның  ауру  екенi  жайлы  түк  бiлмегенiн 
айтады.  Онымен  қоймай‚  Үндеспаевтың  сиыр  ауру  екенiн  бiле  салысымен  дереу  хабарлау 
керектiгiне сiлтейдi. Үндеспаев болса‚ сиырдың ауру себебiн бiлмей‚ сатушыға талап қоюға негiзi 
жоқ болғанын‚ ал сиыр сойылған соң тездеп етiн сатып‚ келтiрiлген шығындарды есептеу қажет 
болғанын айтады. Сондықтан да Үндеспаевтың ойынша‚ ол Мəметовқа деген тала-бын уақытында 
жасап отыр. 
Дауды қалай шешуге болады? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет