С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


5. Қалиасқаров Сарыбасовадан үй сатып алады. Келесi жылдың көктемiнде жер асты сулары үйдiң 
астындағы  қоймаға  енiп‚  үйдiң  ұстап  тұрған  бағаналарын  шаяды  да‚  үй  жантая  бас-тайды. 
Қалиасқаров  сатушыдан  үйге  төленген  ақшалай  соманы  қайтарып‚  шартты  жоюды‚  не  болмаса 
жауапкерден  үйдiң  бұзыл-ған  жерлерiн  жөндеу  жұмыстарына  жұмсауға  қажеттi  шығындар 
сомасын алып берудi сұрап‚ талап арыз ұсынады. 

Тап қазiр əңгiме үйдiң өзiнен табылған кемiстiктерi туралы емес екенiн Сарыбасова сотта айтады. 
Оның үстiне‚ сатылған үй маңында əр көктем сайын жер асты сулары үй астындағы қой-маларды 
суға толтырып жiберетiнiн бəрi де бiледi.  
Қалиасқаровтың талап арызы қанағаттандырылуға жата ма? 
6. 16 қарашада  Хасенов  əмбебап  дүкенiнде  алдын-ала  жақ-сылап  қарап‚  киiп  көрiп‚  костюм  мен 
бəтеңке  алады.  Үйге  кел-генде  Хасенов  костюмды  тағы  киiп  көредi‚  бiрақ  тiгiлу  пiшiнi  мен 
костюмның  түсi  оған  ұнамай  қалады.  Əкесiмен  ақылдасып‚  Хасенов  жуық  жексенбiде‚ 21 
қарашада‚ костюмды ауыстырып алмақшы болады. Костюмды бұдан соң үстiне кимейдi де. 20 қа-
раша  күнi  жұмыстан  қайтып  келе  жатып‚  баспалдақтан  аяғы  тайып  кетедi‚  ал  сосын  жаңа 
бəтеңкенiң  бiреуiнде  тұмсық  жағы-нан  табаны  ажырай  бастағанын  байқайды. 21 қарашада 
Хасенов  дүкенге  келiп‚  костюмды  ауыстырып  берудi‚  ал  бəтеңкенiң  ақша-сын  қайтарып  берудi 
талап етедi. Əмбебап дүкенiнiң əкiмшiлiгi костюмның сапасы əжептəуiр жақсы‚ өлшемi де сəйкес 
екенiне  жəне  алмастыру  үшiн  еш  себеп  жоқ  екенiне  сiлтеп‚  оны  алмас-тырудан  бас  тартады.  Ал 
бəтеңке жайында дүкен əкiмшiлiгi оны қайта қабылдауға‚ бiрақ оның орнына басқа жұбын алуға 
ғана келiсiмiн бередi.  
Сапасы  жақсы  костюмнiң  пiшiнi  мен  түсi  ұнамайтын  бол-са‚  Хасеновтың  оны  айырбастап  алуға 
құқығы бар ма? Сатылып алынған аяқ киiмде өндiрiстiк сипаттағы кемiстiктер байқалған жағдайда
сатып алушы қандай құқықтарға ие болады? 
7.  Əкiмжанова  дүкеннен  теледидар  сатып  алады. 20 күн  өт-кен  соң  ол  iстен  шығады.  Дүкенде 
сондай  теледидардың  барына  жəне  кепiлдiк  шеберханасында  жөндетудi  қаламайтынын  айтып‚ 
сатып алушы теледидарды ауыстыруды талап етедi.  
Кепiлдiк  мерзiмi  белгiленген  тауарларды  ауыстыру  тəртiбi  қандай?  Аталған  жағдайда  дүкен 
теледидарды алмастыруға мiн-деттi ме? 
8.  Кондитерлiк  комбинат  өнiм  беру  шартына  өзгертулер  ен-гiзу  жөнiнде  ұн  зауытына  талап
арызымен сотқа барады. Сатып алушы ұнның жетiспеуiн немесе сапасының бұзылғанын байқа-ған 
жағдайда  сатып  алушының  талабы  бойынша  сатушының  өкiлi  келмеген  əрбiр  шақыруға  шартта 
шара  белгiлеудi  ұсынады.  Зауыт  ондай  санкцияның  орнатылуына  қарсы  болғанымен,  сот 
арызданушының талабын қанағаттандырып, ұнның сақталуы жақсарады деген оймен шартқа əрбiр 
келмеу жағдайы үшiн айып төлеу шараларын енгiзедi. 
Өнiм  беру  шартында  қосымша  шаралар  белгiлеудiң  тəртiбi  қандай?  Соттың  қабылдаған  шешiмi 
дұрыс па? 
9.  Өнiм  беру  шарты  бойынша  вагон  жасау  бiрлестiгi  Жетiсу  темiр  жол  Басқармасына  жолаушы 
тасымалдайтын 10 вагонды сатады. Пайдаланудың кепiлдi мерзiмiнде үш вагоннан электрма-шина 
жасау  зауыты  шығарған  генераторлардың  кемiстiктерi  бай-қалады.  Сатып  алушы  бiрлестiктен 
нашар сапалы өнiм сатқаны үшiн айып төлеуiн жəне де генераторларды 2 күн iшiнде ауыс-тырып 
беруiн талап етедi. Темiр жол талабын бiрлестiк 5 ақпанда алады, ал 28 ақпанда оны электрмашина 
жасау зауытына жiбе-редi. Талапты алған күннiң ертеңгiсiнде зауыт сатып алушыға өз өкiлдерiн 
жiбередi де генераторларды сапалысына ауыстырады. Айып төлеуден зауыт бас тартады, өйткенi, 
оның  ойынша,  кемiс-тiктердi  жоюдың 20 күндiк  мерзiмiн  бұзғаны  үшiн  өнiмдi  сатушы  жауапты 
жəне  шарт  бойынша  тарап  ретiнде  өнiмнiң  сапасы  үшiн  де  бiрлестiк  жауап  бередi.  Егер  де 
бiрлестiк  сатып  алушының  та-лабын  дер  кезiнде  жiберген  болса,  онда  зауыт  та  генераторларды 
ертерек ауыстырып берер едi. Жетiсу темiр жолы Басқармасы бiрлестiк пен зауытқа сапасыз өнiм 
сатқаны  үшiн  айып  төлемi,  сонымен  бiрге  вагондардың 1 ай  құр  тұрғаны  үшiн  шығын-дардың 
орнын толықтыру туралы талап арызын сотқа бередi. 
Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? 

10. Тiгiн кооперативi “Жастар  сəнiң дүкенiне  əйелдер көйле-гiнiң бiр тобын  жеткiзедi де шартта 
белгiленген  мерзiм  өткен  соң  тауарлар  үшiн  төлем  талабын  ұсынады.  Бiрақ  дүкен  көйлек-тердiң 
сұранысы  жоқ  дегенге  сiлтеп,  алған  тауарлардың  төлемiн  беруден  бас  тартады.  Дүкен 
кооперативке шартты бұзып, көй-лектердi қайтып алуды ұсынады. Кооператив онымен келiспей, 
дүкеннен  көйлектер  үшiн 750 мың  теңге  мөлшерiнде  соманы,  онымен  қоса  тауар  үшiн  төлем 
жасаудан бас тартқаны үшiн айып төлеудi талап етедi.  
Сатылған  тауарлардың  ақысын  төлеуден  бас  тартқаны  үшiн  сатып  алушының  жауапкершiлiгi 
қандай? Тараптар арасындағы дауды қалай шешкен жөн болады?

2-тақырып.
 
ЖАЛҒА АЛУ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Жалға алу шартының ұғымы жəне белгiлерi. 
2. Жалға алу шартының тараптары. 
3. Жалға алу шартының құрам бөлiктерi: 
3.1. Шарттың пəнi; 
3.2. Шарттың мерзiмi; 
3.3. Жалгерлiк төлем. 
4. Қосалқы жалға алу шарты. 
5. Жалға алу шартының түрi. 
6. Жалға алу шартын жасау. 
7. Жалға алу шартын орындау. 
7.1. Жалға мүлiктi беру; 
7.2. Жалға алынған мүлiктi пайдалану; 
7.3. Жалға алынған мүлiктi жақсарту.  
8. Шартты орындаудан бас тарту немесе ойдағыдай орында-мау үшiн жауапкершiлiк. 
9. Жалға алу шартын мерзiмiнен бұрын бұзу. 
10. Жалға алу шартының түрлерi: 
10.1. Тұрмыстық жалдау; 
10.2. Көлiктi жалға алу; 
10.3. Ғимараттарды жəне басқа да тұрғын емес орындарды жалға алу; 
10.4. Табиғат ресурстарын жалға алу (жер учаскелерi, орман қорының объектiлерi жəне т.с.с.); 
10.5. Өнеркəсiптердi жалға алу. 
10.6. Қаржыны жалға алу (лизинг). 
10.7. Мемлекет меншiгiндегi объектiлердi жалға алу. Концессия. 
Есептер

1.  Құс  фабрикасы  фермер  Есеновқа  екi  ғимарат  орнын  жал-ға  бередi,  алайда  ғимарат  орындары 
фермерге  iс  жүзiнде  өткiзiл-геннен  соң  тек 6 айдан  кейiн  ғана  шартқа  қол  қойылады.  Құс 
фабрикасы мен фермер арасындағы шарттық қарым-қатынастар тек шартқа қол қойылған күннен 
бастап  пайда  болғанына  сүйене  отырып,  фермер  жалға  алған  орынның  ақысын  тек  шарт-қа  қол 
қойылған  күннен  бастап  қана  төлейдi,  ал  алдыңғы  алты  айға  ақы  төлеуден  бас  тартады.  Дауды 
сотта  қарастыру  кезiнде  фермер  шартқа  уақытында  қол  қойылмау  себебi  құс  фабрикасы  жалға 
беретiн  орынды  шарт  мақсаттарына  бейiмсiз  күйде  өткiз-генiн  жəне  фермердiң  өзi  оны  қайта 
жабдықтағанын айтады. Онымен қоса фермер жалға берiлген күннен бастап орынның бiр бөлiгiн 
тракторлар бөлшектерiнiң қорын сақтау үшiн пайдалан-ғанын растайды. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
2. Азамат Саматов шарт бойынша азамат Қаржауовтың “Жи-гулиң автокөлiгiн ақы төлеп уақытша 
пайдалануға алады. Бiраз уақыт өткен соң Қаржауов өз таныстарынан Саматовтың жеке кəсiпкер 
ретiнде  тiркелiп,  Қаржауовтың  автомобилiн  жолаушы-ларды  ақы  алып  тасымалдау  үшiн 
пайдаланып жүргенiн бiледi. Автомобильдiң осылай жиi қолдануымен келiсе алмаған Қар-жауов 
автомобильдi пайдаланғаны үшiн Саматовтан жолаушылар тасымалдаудан түскен табыстың 20%-i 
мөлшерiнде  төлем  орна-туды  немесе  шартты  бұзуды  талап  етедi.  Саматов  Қаржауовтың  талабы 
негiзсiз  деп  санайды,  өйткенi  олар  Саматов  тапқан  табысының  проценттiк  үлесiне  үмiттенуге 
болатындай  бiрлескен  iс-əрекет  шартын емес,  жалға  алу  шартын жасасты. Сонымен қатар жалға 
алу шартында автомобильдiң қандай мақсаттар үшiн пайдалануы керек екенi жайлы бiрде-бiр сөз 
жоқ..  Келiсiмге  келе  алмаған  тараптар  заң  кеңесшiсiне  барады,  ол  жердегi  қорғаушы  Саматовты 
жақтап, автомобильдi пайдалану кезiнде мақсаттық тағайындалуы сақталады деп мəлiмдейдi. 
Қорғаушының шешiмi дұрыс па? 
3.  “Қаршыға  колхозың  акционерлiк  қоғамы  (бұдан  ары  қа-рай — “колхозң)  Ақбидай  ауылының 
селолық тұтыну қоғамына (бұдан ары қарай — “қоғамң) көкөнiс сақтау орнын жалға бередi. Бұл 
көкөнiс  сақтау  орны  колхоздың  тұрақты  (мерзiмсiз)  пай-далануына  алынған  жер  учаскесiнде 
орналасқан. Шарттың күшi бар кезде қоғам колхоз келiсiмiн алып, көкөнiс сақтау орнын магазин
етiп  қайта  жабдықтайды,  ал  кейiн  колхоз  келiсiмiн  ал-май-ақ,  жалгер  үйдi  бұзып,  құрылыс 
материалы ретiнде тура сол жерге үй салу үшiн пайдаланған болатын. Колхоздың қоғамға көкөнiс 
сақтау  орнын  қайтару  туралы  талап  арызын  сот  жал-гердiң  мүлiктi  қайтаруға  жəне  мүлiктiң 
нашарлауы  мен  құн-сыздануы  себебiнен  туған  жалға  берушiнiң  шығындарын  өтеуге  мiндеттi 
екенiн  негiзге  ала  отырып,  қанағаттандырады.  Сот  ше-шiмiне  шағым  берiп,  жауапкер  мүлiктiң 
қазiргi  кезде  жоқтығын,  ал  сотта  iс  қаралып  жатқан  уақытқа  қарай  қоныстандырылған  тұрғын
үйдiң құрылысы қымбат болып шыққандығынан колхоз-дың талап арызын қабылдамау керек деп 
көрсеттi. 
Жоғарғы  сот  қандай  тарапты  қолдау  тиiс?  Егер  тұрғын  үйге  меншiктiлiк  құқығы  бəрiбiр  де 
қоғамның пайдасына берiлсе, жер учаскесiн иемдену құқығы кiмде болмақ? 
4.  Қалалық  мүлiктi  басқару  комитетi (ары  қарай — “ҚМБКң) “Арайң  жауапкершiлiгi  шектеулi 
серiктестiктiң (ары қарай — “Серiктестiкң) өндiрiстiк мұқтаждығына екiқабатты үйдi 25 жылдық 
мерзiмге жалға бередi. Жалға алу шарты конкурстық негiзде жасалды. Оған қатысқан серiктестiк 
200 000 000 теңге төлеп барып осы үйдi жалға алу шартын жасасу құқығына ие болады. Шартқа 
тұрғаннан 5 жыл  өткен  соң  серiктестiк  шетел  инвесторымен  бiрiге  отырып  жаңа  заңды  тұлға 
құрады  да‚  жарғылық  қорға  үлесi  ретiнде  жалға  алынған  үйдiң  жартысын 10 жыл  пайдалану 
құқығын  бередi.  ҚМБК  қызметкерi  жалдау  ақысының  серiктестiктен  емес‚  оның  ұйымдастырған 
бiрiккен  кəсiпорыннан  келiп  түсетiнiн  байқайды.  Осыған  байланысты  се-рiктестiкке  жалға  алу 
шартын бұзу жайлы талап арызы жолда-нады‚ өйткенi ҚМБК-ның ойынша шарттағы үйдi қосалқы 
түрде  жалға  өткiзуге  салынған  тыйымды  серiктестiк  бұзады.  Ал  серiк-тестiк  болса  жалға  алу 
шартында  жалға  алынған  мүлiктi  пайда-лану  хұқығын  жаңа  құрылған  заңды  тұлғалардың
жарғылық  қорына  өткiзуге  тыйым  салынбағандықтан‚  жалға  алу  шарты  бұзылмады  деп  санады. 
Ал  бiрiккен  кəсiпорынның  жалгерлiк  ақыны  аударуына  келетiн  болсақ‚  ол  оны  серiктестiктiң 

тапсыр-масы бойынша жəне оның алдындағы қарызы есебiнде жаса-ғанын айтады. 
ҚМБК-ның дəлелдемесi дұрыс па? Талап арызына жауап дайындаңыз.  
5. 10 мамырда  Қалалық  мүлiктi  басқару  комитетi (ары  қарай — “ҚМБКң)  жалға  алу  шартының 
мерзiмi өткенiне байланысты “Арманң акционерлiк қоғамын оған берiлген үйден шығару туралы 
талап  арызымен  сотқа  бередi.  Шартта  оны  бұзудың  басқа  жолы  қарастырылғанына:  егер  шарт 
мерзiмiнiң  аяғына 2 ай  қал-ғанда  тараптардың  ешқайсысы  оның  қысқартылуы  жайлы  сөз
қозғамаса,  онда  ол  тура  сондай  мерзiмге,  яғни 5 жылға  ұзарты-латынына  сiлтеу  жасай  отырып, 
қоғам талап арызға қарсылық бiлдiредi. ҚМБК болса, шартты бұзу жайлы талабын 1 көкекте, яғни 
шартты бұзу жайлы сөз қозғауға болатын мерзiмнiң аяқта-луынан соң 5 ай өткенде бередi.  
Бұл дауда кiм əдiл? 
6.  “Құрылысң  акционерлiк  қоғамы  “Алматы  Трестң  акцио-нерлiк  қоғамына  тас  ұсақтайтын 
жабдықты 5 жылдық  мерзiмге  жалға  өткiзедi.  Жалға  берушiнiң  рұқсатымен  жалгер  тас  ұсақ-
тайтын  жабдықты  “Мерейң  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiкте-стiкке 3 жылдық  мерзiмге  қосалқы 
жалға бередi. 6 айдан соң “Құрылысң пен “Алматы Трестң өзара келiсiмi бойынша шартты бұзуды
ұйғарады. Сол себептi мүлiк иесi “Мерейң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнен тас ұсақтайтын 
жабдықты  қайтаруды  талап  етедi.  Ал  ол  болса,  мерзiмi  əлi  өтпеген  қосалқы  жалға  алу  шартын 
негiз етiп, жабдықты қайтарудан бас тартады.  
Iстi шешiңдер. Егер: 
1) жалға алу шарты жалгердiң жалға алу ақысын төлемеуiне байланысты бұзылған болса; 
2)  тас  ұсақтайтын  жабдық  жалға  берушiнiң келiсiмiнсiз қо-салқы  жалға  берiлсе  шешiм  өзгерiске 
ұшырай ма? 
7.  “Ұларң  акционерлiк  қоғамы  “Абылайң  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiгiне  ақысын  өтеп 
сатып алу құқығын бере отырып 3 жылдық мерзiмге “Volvo-850ң автомобилiн жалға бе-редi, яғни 
əрбiр  кезектi  жалға  алу  төлемi  сатып  алу  төлемi  болып  табылады.  Шарт  мерзiмi  өткен  соң 
кезектегi жалға алу төлемiне тең болатындай сатып алудың қосымша ақысын төлесе, сол сəт-тен 
бастап  жалгердiң  автомобильдi  өз  меншiгiне  айналдыруға  мүмкiндiгi  туады.  Екi  жылдан  соң 
“Абылайң банкротқа ұшырай-ды жəне оның амалсыз таратылуы барысында автомобильдi са-тып 
алу төлемдерiн қайтару жайлы мəселе қозғалады. “Ұларң бұған қарсылық бiлдiредi, өйткенi оның 
ойынша, тек шарт мер-зiмi аяқталған соң ғана жалгер сатып алу құқығына ие болады, демек жалға 
алу төлемдерiн қайтарудың қажетi жоқ деп санады. Сонымен қатар шартта мынадай да қағида бар: 
егер  жалгердiң  жасаған  қателiктерi  кесiрiнен  жалға  берушiнiң  ықыласы  бойын-ша  шарт 
мерзiмiнен бұрын бұзылса, сатып алу құқығы өзiнен-өзi жойылады.  
Дауды шешiңдер. Осы шарт лизинг қатарындағы шарттарға жата ма? 
8. Лизингалық компания болып табылатын “Вестң Ақ Трансформер ЖШС — мен лизинг шартына 
отырады.  Аталған  шарт  бойынша  “Вестң  “Трансформергең  электр  зауытынан  кү-шейткiш 
қондырғы алып беруге мiндеттi болады. Сатушыны ли-зинг алушының өзi таңдайды. Бұл шартта 
лизинг берушi, сату — сатып алу шарты бойынша сатушы өз мiндеттерiн орындамаған жағдайда
— лизинг берушi жауап бермейтiндiгi көзделедi.  
“Вестң сату — сатып алу шартын жасасады. Алайда лизинг шарты бойынша мүлiктiң нақты бiр 
жалға алушыға берiлетiнi жөнiнде сатушыға ескертпейдi. 
Күшейткiш  қондырғы  белгiленген  мерзiм  аралығында  “Транс-формергең  берiледi.  Бiрақ  аталған 
қондырғының  кепiл  мерзiмi  өтпей  жатып, iстен  шығып  қалады.  Лизинг  алушы  сатушыдан 
күшейткiш  қондырғыны  ауыстырып,  жарамдысын  берудi  талап  етедi.  Сатушы  мүлiктiң  лизинг 

шарты  бойынша  берiлгеннен  ха-бардар  емес  екендiгiн  айтып,  талапты  орындаудан  бас  тартады. 
Осыдан  кейiн  жалға  алушы  лизинг  берушiден  шартты  бұзуды,  сонымен  бiрге  келтiрiлген 
шығынды өтеудi талап етедi. 
Iстi шешiңдер . Егер сатушыны лизинг берушi өзi таңдаған болса, бұл жағдайда шешiм өзгере ме? 
9. Кеңсе тазалау қызметiмен шұғылданып жүрген жеке кə-сiпкер Шұбаров прокат бюросынан бiр 
ай  мерзiмге  шаңсорғыш  алмақ  болады.  Себебi,  өз  шаңсорғышы  кəсiпкерлiк  қызмет  бары-сында 
iстен шығып, тұрмыс-техникаларын жөндейтiн шеберха-наға тапсырылған болатын. 
Прокат  бюросы  шаңсорғыштың  тұрмыстық  мақсатта  ғана  пайдалануға  арналғандығын  жəне
кəсiпкерлiк мақсатта қолдану кезiнде анық тез тозатындығын желеу етiп, шаңсорғышты беру-ден 
бас  тартады.  Сонымен  бiрге,  прокат  бюросының  қызметкерi  мүлiктi  пайдалануға  байланысты
белгiленген бағада (тарифте), жоғарыда аталған жайлардың ескерiлмегендiгiн айтады. 
Прокат бюросының бас тартуы негiзсiз, деп белгiленген Шұ-баров сотқа берген талап-арызында, 
прокат  бюросын  шарт  жасауға  мəжбүрлеудi  жəне  кəсiпкерлiк  нəтижесiнде  алуға  тиiс,  күндiк 
орташа табыстың тұрып қалған күндерге көбейтiлген көлемiнде шығынарды өтеудi талап етедi . 
Iстi шешiңiздер. Егер шарт обьектiсi токарлық станок болса, сiздердiң шешiмдерiңiз өзгере ме? 
10. Азамат Исаев азамат Түркебаевқа пайдалануға № 1 өзi-нiң роялiн 10 жыл мерзiмге жалға беру 
жөнiнде келiсiп төменде-гiдей шарт жасасады: 
Рояль бұрынғысынша Исаевтiң үйiнде қала бередi. Ал Пер-небаев, аптасына 1 рет сағат 16. 00-де 
Исаевтiң  үйiне  келiп 2 сағат  бойы  төлемақы  ретiнде  Пернебаев  əр  кез  тағам  алып  келуге  тиiстi 
болады.  
Келiсiм жазбаша түрде рəсiмделедi. Арада 2 жыл өткеннен кейiн Исаев пен Пернебаев араздасып 
қалады,  осы  себептен  жалға  берушi  рояльдi  пайдалануға  келген  жалға  алушыны  үйге  кiргiзуден 
бас  тартады.  Бұдан  кейiн  Пернебаев  талап  арыз  берiп  Исаевтан  рояльдi  алып  пайдалануға  қайта
мүмкiндiк алуға ше-шiм қабылдайды. 
Сот  қандай  шешiм  шығаруға  тиiс.  Егер  Пернебаевты  рояльдi  пайдалануға  Исаевтiң  үйiн  өзге  де 
мүмкiндiктерiмен қоса ро-яльдi сатып алған жаңа меншiк иесi жiбермесе сот шешiмi өзгере ме? 
11.  Азамат  Несiпбек  ашық  акционерлiк  қоғамның  өзiне  тие-сiлi 10 акциясын  Лекерова  деген 
азаматшаға  жалға  бередi.  Леке-рова  акционерлiк  қоғамның  жылдық  кезектi  жалпы  жиналысына 
келiп  оған  қатысуға  мүмкiндiк  алады,  күн  тəртiбiндегi  барлық  мəселелер  бойынша  дауыс  берiп 
девидент алады да оны сол күнi өз дивидент мұқтаждығына жұмсап жiбередi. 
Алынған  девиденттердi  қайтаруды  талап  еткен  Несiпбекке,  Лекерова  өз  наразылығын  бiлдiрiп, 
жалға  алынған  мүлiктi  пайда-лану  кезiнде  өндiрiлген  табыс  шартта  көрсетiлмесе  де  жалға  алу-
шының меншiгiне өтетiндiгiн айтады. Несiпбек сотқа жүгiнедi. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
Сондай-ақ акция орнына вексель жалға берiлген болса ше-шiм өзгере ме? 
12. Травкин Муслимовқа бiр топ түбiттi ешкiлерiн 3 жылға түбiт жинау мақсатында жалға бередi, 
бұл  арада  пайдаланғаны  үшiн  төлем  ретiнде  əр  жылғы  өсiмнен  (төлден)  кемiнде  бiр  лақ  берiп 
тұруы жайлы өзара келiсiмге келедi. 
Жалға алынған алғашқы жылда-ақ ешкiлердiң ешқайсысы төлдемейдi. Мұны бiлiп Травкин жалға 
алған  мүлiктi  пайдалан-ғаны  үшiн  төлем  төлеудi  талап  етiп,  ол  орындалмаған  жағдайда  шартты 

бұзып шығынды өтеудi талап етуге құқылы екендiгiн көрсетедi. 
Муслимов  өз  тарапынан  мүлiктi  пайдалану  жағдайын  нашар-латқандығы  үшiн  төлем  төлеуден 
босатуды талап етедi. 
Травкиннiң  көршiсi  Күзенбаев  осы  дауға  қатысты  “ешкiлер-ден  төл  алынбаған  болса  онда 
Муслимов дəл сондай ешкi лағын сатып алыпң оны төлем ретiнде қайтаруы тиiс деген пiкiр айта-
ды. Осы дауда қай тарапты қолдар едiңiздер? 
13. Азамат Марков “Прокатң бюросынан 6 айға ақылы не-гiзде бейне магнитафонды жалға алады. 
Бiр  ай  пайдалануда  болғаннан  кейiн  бейнемагнитафон  iстен  шығып  қалады.  Үйге  шақырылған 
прокат  бюросының  қызметкерi  бейнемагнитафон-ды  жөндеуге  алу  қажеттiлiгiн  айтып,  жөндеу 
аяқталғанға дейiн ақы алмайтындығын айтады. 
Марков өз тарапынан прокат бюросынан шартты бұзып, прокат төлемiн қайтарып берудi, сонымен 
бiрге  келтiрiлген  за-лалды  (бейнемагнитафонды  тасымалдау  кезiнде  таксиге  төленген  шығынды 
жəне  басқаның  ақшалай  қаражатын  заңсыз  пайдалан-ғандығы  үшiн),  моральдық  зиянды  өтеу
туралы  талаптар  қояды.  Прокат  бюросы  талапты  орындаудан  бас  тартып,  аталған  жағдай-лар 
заңда  прокат  шартын  бұзуға  негiз  болып  көзделгендiгiне  сiлтеме  жасайды.  Сондай-ақ  Марков 
бейнемагнитафонның пай-далану ережесiн дұрыс сақтамауы да мүмкiн, əдетте өзiнен өзi бұл зат 
бұзылмайды. Марков арызбен сотқа жүгiнедi.  
Сот  қандай  шешiм  шығаруы  керек?  Бейнемагнитафонның  пайдалану  ережесiнiң  бұзылуын  кiм 
дəлелдеуге тиiс? 

3-тақырып. 
 
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰҚЫҒЫ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. 
2. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорларының ұғымы мен түрлерi. 
3. Тұрғын үй құқықтық қатынастардың пайда болуы негiз-дерi: 
3.1. Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлер-ге құқықтың пайда болуы; 
3.2. Тұрғын үй жəне тұрғын үй-құрылыстық кооператив үй-лерiне құқықтың пайда болуы; 
3.3. Жеке меншiк иелiгiндегi үйлерге (пəтерлерге) құқықтың пайда болуы; 
3.4. Қызметтiк тұрғын жайға құқықтың пайда болуы; 
3.5. Арнайы үйлер мен жатақханалардағы тұрғын орынға құ-қықтың пайда болуы. 
4. Тұрғын үй орындарын пайдалану: 
4.1.  Мемлекеттiк  коммуналдық  тұрғын  үй  қорындағы  үйлер-дi  əлеуметтiк  жалға  алу  шарты 
бойынша пайдалану; 
4.2. Жеке меншiктегi азаматтар мен заңды тұлғалардың үй-лерi мен пəтерлерiн пайдалану; 
4.3. Жалгердiң жəне тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң отбасы мүшелерiнiң құқықтары. 
5. Тұрғын үй құқықтық қатынастарын өзгерту: 
5.1. Тұрғын ауданын бөлiсу кезiндегi шарттың өзгеруi; 
5.2. Жалгерлердiң бiрiгуi кезiндегi шарттың өзгеруi; 
5.3. Жалгердi ауыстыру кезiндегi шарттың өзгеруi; 
5.4. Босатылған тұрғын орнының қосылуына байланысты шарттың өзгеруi; 
5.5. Пəтердiң қайта жасалуы мен қайта жоспарлануы салда-рынан туған шарттың өзгеруi; 
5.6. Тұрғын үй орындарымен алмасудың шарттары мен тəр-тiбi. 
6. Тұрғын үй құқықтық қатынастардың тоқтатылуы: 
6.1. Əлеуметтiк жалға алу жəне тұрғын үй орнын жалға алу шарттарының бұзылуы; 
6.2. Басқа тұрғын үй берiп сот арқылы қоныстан шығару; 
6.3. Тұрғын үй бермей сот арқылы қоныстан шығару; 
6.4. Қоныстан əкiмшiлiк жолмен шығару.

7. Тұрғын үйдi жекешелендiру. 
Есептер 
1.  “Қызғалдақң  саяжай-құрылыстық  кооперативiнiң  мүше-лерi  жалпы  жиналыста  құрылысы 
бiтпеген саяжай үйлерiн күзету мен кооперативтiң құрылыс материалдарын ұрлықтан сақтау үшiн 
күзетшiнi  жалға  алуды  жəне  оның  пайдалануына  СҚК  тер-риториясындағы  бастапқыда 
кооператив басқармасының мəжi-лiстерi үшiн пайдалануға арналған кiшкене үйдi берудi шешедi. 
Кейiнiрек  күзетшiнiң  қыста  да  сонда  тұра  беруi  үшiн  СҚК  қар-жысына  үйге  жылу  жүйесiн 
орнатып қайта жасақтайды.  
Бiрнеше  жыл  өткен  соң  күзетшi  ауырып  қалып,  мiндеттерiн  орындай  алмағандықтан,  жұмыстан 
шығады.  Кооператив  бас-қармасы  оған  үйдi  босатуды  сұрайды.  Басқа  тұрғын  орны  жоқ-тығын 
жəне  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерi  болып  табылатынын  себеп  етiп,  күзетшi  орынды  босатудан 
бас  тартады.  Оның  ойын-ша,  СҚК  оны  тұрақты  тұруға  жарамды  басқа  тұрғын  орнымен
қамтамасыз етуi тиiс. Басқарма болса кооперативтiң ешқандай тұрғын орны жоқ екенiн, ал СҚК-
ның  тұтынушылық  коопе-ратив  болғандықтан  тек  өз  мүшелерiне  ғана  саяжай  үйшiктер  са-
латынын көрсетедi. 
Басқарма күзетшiге тұрғын орынды босату жөнiнде талап арызын сотқа бередi. 
Iстi шешiңiздер. 
2.  1989  жылдан  берi  тұрғын  үй  жағдайларын  жақсарту  есе-бiнде  тұратын  Сариева  аудандық 
тұрғын үй есептеу мен бөлу бөлiмiне келiп, тұрғын үй алаңын алуға қандай құқығы барын жəне
оны  қалай  жеделдетуге  болатынын  инспектордың  түсiн-дiрiп  беруiн  сұрайды.  Кейiнгi  кезде 
ақысыз мемлекеттiк тұрғын үй алуға үмiтi жоқ екенiн түсiнген ол заңмен қарастырылатын тұрғын 
үй  жағдайларын  жақсартудың  қандай  жолдары  барын  түсiндiрудi  сұрайды.  Сонымен  бiрге,  егер 
мемлекет оған белгiлi бiр жеңiлдiктер немесе кезекте тұрушы ретiнде субсидиялар беретiн болса, 
тұрғын  үйдi  сатып  алу  үшiн  өз  қаржысын  салуға  дайын  екенiн  айтады.  Күйеуi  жəне  баласымен 
тұрғын  үй-құры-лыстық  кооперативтiң  бiр  бөлмелi  пəтерiнде  (тұрғын  алаңы 15 шаршы  метр) 
тұрып  жатқандығынан,  кооперативтегi  босатылып  жатқан  пəтерлер  есебiнен  тұрғын  үй 
жағдайларын  жақсарту  мүмкiншiлiгi  жайлы  сұрақ  та  оның  мүддесiне  сай  екенiн  бiлдi-редi. 
Кооперативтiң  барлық  мүшелерi  өз  жарна  ақыларын  төлеп  қойған  болатын.  Инспектор 
Сариеваның қойған сұрақтарының бəрiне жауап бере алмай, заңгерге баруға кеңес бередi.  
Заңгер қандай түсiнiктеме беруi тиiс? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет