С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


11.  Банк  пен  сақтандыру  компаниясы  арасында  жарнамалық  мақсатта  жасалған  шарт  бойынша‚ 
Сейдалимов‚  қоғамдық  қоз-ғалыстардың  бiреуiнiң  жетекшiсi‚  қалалық  мəслихатқа  сайлануда 
ұтылудан 1 млн. теңгеге сақтандырылады. Сайлау алдындағы компания барысында Сейдалимов‚ 
сайлауда  ұтылған  жағдайда  сақтандыру  сыйақысының  тұтас  сомасын  балалар  ауруханасына
аударып  берудi  уəде  етедi.  Сайлау  қорытындылары  шығарылған  соң‚  Сейдалимовтың  қалалық
мəслихатқа сайланбағаны анық-талады. Балалар ауруханасы оның сайлау алдындағы уəдесiн есiне 
салады  да‚  Сейдалимов  сақтандыру  полисiн  төлеуге  ұсы-нады.  Сақтандыру  компаниясы 
сақтандыру  сомасын  төлеуден  бас  тартады‚  өйткенi  олар  мен  банк  арасындағы  шарт  Қазақстан 
Республикасы  сақтандыруды  бақылау  орталығының  талабымен  бұзылған  болатын.  Сейдалимов 
банк пен сақтандыру компа-ниясына 1 млн. теңгенi төлеу талабымен талап арыз ұсынады.  
Талап арызды қанағаттандырудың негiзi бар ма? 
12.  Башиев  кезекшi  вахтер  Сабыровпен  алдын-ала  келiсiмi  бойынша  автокөлiк  зауытының 
территориясынан автокөлiктер-дiң қосалқы бөлшектерiн алып шығады‚ оларды сату кезiнде қойма 
жұмыскерi  Пернебаев  ұсталады.  Халық  соты  Башиевты  Сабыровты  жəне  Пернебаевты  топтасып
мемлекеттiк  мүлiктi  ұрлағаны  үшiн‚  ұрлықпен  зауытқа  келтiрген  шығындар  орнын 3 млн. 
теңгемен толықтыру мен əр түрлi мерзiмге бас бостан-дықтарынан айыру жөнiнде үкiм шығарады. 
Зауыттың шығынын толық өтеген Башиев Пернебаевқа одан 2 млн. теңге төлету жө-нiнде талап 
арызын ұсынады. 
Пернебаев‚ зиян сомасы ұрлыққа қатысушылардың бəрiнiң арасында таратылуы тиiс жəне Башиев 
үлесiн Пернебаевтан талап етiп жатқан Сабыров та iске тартылуы тиiс деген оймен талапқа қарсы 
болады. Башиев өз талаптарын орындатудан қайтпай тұрып алады‚ оның ойынша‚ бiрiгiп мiндет 
орындау  оған  да.  қалған  қарыздарларға  да  бiрiгiп  жауап  тарту  принципiн  қолдануға  мүмкiндiк 
бередi‚  оның  үстiне‚  Сабыровтан  қандай  да  бiр  соманы  iс  жүзiнде  төлетiп  алу  мүмкiн  емес‚ 
өйткенi  оның  мүлiгi  жоқ.  Онымен  қоймай‚  Башиев  соттан  Пернебаев  пен  Са-быровтан  оның 
қаражатын пайдаланғандары үшiн процент төле-тудi сұрайды.  
Сот  қандай  шешiм  шығаруы  тиiс?  Қарыздар  адамдардың  бiреуiмен  бiрлескен  мiндеттеменiң 
орындалуының салдары қан-дай? 
13. Зауыт жұмысшысы Бертаев‚ сот шешiмi бойынша‚ өзiнiң жабдықтарды пайдалану ережелерiн 
бұзу салдарынан зауытқа келтiрген зиянын өтеп жатқан болатын. Жазатайым оқиға нəти-жесiнде 
ол  жарақаттанып‚  еңбекке  қабiлеттiлiгiнен  мүлдем  айырылады.  Бертаевқа  тиесiлi  өтелу  сомасын 
есептеу  кезiнде  атқару  парағы  бойынша  төлемдердi  жəне  жазатайым  оқиғаға  байланысты 
Бертаевқа  зауыттан  тиесiлi  соманы  қоса  есептеу  мүмкiндiгi  қарастырылады.  Зауыт  əкiмшiлiгi 
заңгерге кеңес сұ-рап барады.  
Қандай түсiнiктеме беру қажет? 
14.  Қазақстандық  кəсiпкердiң  американдық  компаниямен  жасасқан  сыртқы  сауда  контрактының
орындалуы  кезiнде  дау  туады.  Американ  тарапы  контракт  АҚШ  заңдарына  бағынады‚  демек‚ 
контракттың  орындалуы  АҚШ-та  қабылданған  ережелер  мен  əдеттерге  сəйкес  жүзеге  асырылуы
тиiс  деп  санады.  Қазақ-стандық  кəсiпкердiң  ойынша‚  контракттың  орындалу  тəртiбi  жөнiнде 
ешқандай  ескертулер  болмағандықтан‚  ол  Қазақстанда  күшi  бар  ережелер  мен  əдеттердi 
басшылыққа алуы тиiс. Келi-сiмге келе алмай‚ тараптар дауды шешу үшiн сотқа барады.  
Сыртқы сауда контракттарын орындау принциптерi қандай?

19-тақырып.
 
МIНДЕТТЕМЕЛЕРДIҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң ұғымы: 
1.1.  Мiндеттемелердiң  тиiстi  түрде  орындалуына  бағытталған  арнайы  шаралар  ретiндегi 
мiндеттемелердiң орындалуын қамта-масыз ету əдiстерi; 
1.2. Негiзгi жəне қамтамасыз етушi мiндеттемелердiң арақа-тынасы; 
1.3. Мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету əдiсте-рiнiң жүйесi. 
2. Айып. 
3. Кепiл. 
4. Ұстап қалу. 
5. Кепiл болушылық. 
6. Кепiлпұл. 
Есептер 
1. “Боранң ЖАҚ консервiлеу зауытымен одан балық консер-вiлерiнiң үлкен партиясын сатып алу 
жөнiнде келiссөздi бастай-ды. Сатушы тауарды сатудың шарты ретiнде тауардың тұтас партиясы 
үшiн  ақы  төленуiн  талап  етедi.  Сатып  алушы  тауар  төлемiн  басқаша  қамтамасыз  етуге‚  атап 
айтқанда‚  яғни  үшiншi  ұйым  тарапынан  кепiлдiк  алып  беретiнiн  айтады.  Кепiл  берушi  қарсы 
болмайды.  
Алайда балық консервiлеу зауыты кепiлдiктi қабылдамай‚ “Боранң ЖАҚ директорына Азаматтық 
Кодексте  кепiлдiк  мiн-деттеменiң  орындалуын  қамтамасыз  ететiн  əдiс  ретiнде  қарал-мағанын 
айтады. Сондықтан да ол сатушының өз уақытында ақша алуын қамтамасыз ететiн қандай да бiр 
басқа жолын таң-дап алуды ұсынады.  
Мəселенi  шешу  үшiн  тараптар  заң  кеңесшiсiне  келесi  сұрақ-тар  бойынша  түсiнiктемелер  беруiн 
сұрайды: 
1) Қазiргi заңда мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ететiн қандай əдiстер қарастырылған? 
2) Мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ететiн əдiс ретiн-де кепiлдiктi қолдануға бола ма? 
3)  Мiндеттемелердiң  орындалуын  қамтамасыз  етудiң  таңдап  алынған  əдiсi  жөнiнде  тараптар 
келiсiмi қалай жасалады? 
4)  Негiзгi  шарт  жасасқан  тараптар‚  кейiннен  қамтамасыз  етушi  мiндеттеменi  қолдану  жайында 
келiсе ала ма? 
2. Несие шарты бойынша, қарыз алушы адам əрбiр кешiк-кен күнi үшiн өз уақытында өтелмеген 
ссуданың 20%-iн  төлеуге  мiндеттенедi.  Қарыздың 75%-iн  өтеп‚  қарыз  алушы  қалған  со-маны 
қайтаруды  үш  айға  кешiктiредi‚  соған  байланысты  несие  берушi  қарыздарға  шартта 

қарастырылған айыпты төлеу жөнiнде талап қояды.  
Қарыз  алушы‚  талап  арызда  баяндалған  жайттарға  қарсы  болмай‚  соттан  оны  айып  төлеуден 
босатуды  сұрайды‚  өйткенi  айып  мөлшерi  қалған  қарыз  сомасынан 15 еседей  асады‚  қарыз-дың 
негiзгi  бөлiгi  өз  уақытында  өтелген‚  қазiргi  уақытта  ол  жұ-мысынан  айрылып‚  материалдық 
тапшылық көруде. 
Сот қандай шешiм қабылдауға құқылы? 
3.  АҚ  “Сəулетң  өз  қызметкерi  акционер  Асановқа  автокөлiк  сатып  алу  үшiн  ссуда  берiп‚  одан 
сатылып  алынған  көлiгiн  берiл-ген  ссуда  сомасына  тең  номиналдағы  акцияларын  кепiлге  берiп 
ссуданың өтелуiн қамтамасыз етудi талап етедi. Ссуданың өте-луiн қамтамасыз ету үшiн сомасы 
бойынша  жеткiлiктi  бола-тындай  акциялары  жоқ  болған  Асанов  ссуда  берушiге  қолындағы 
акцияларын (номиналы бойынша көлiк бағасының жартысына тең) жəне автокөлiктi кепiл ретiнде 
беруге келiседi.  
Асанов  ссуданы  мерзiмiнде  қайтармайды‚  тiптi  оны  өтеудi  де  бастамайды. “Сəулетң  АҚ-ы  өз 
наразылықтарын  кепiлге  салын-ған  мүлiктiң  бағасы  есебiнен  қанағаттандыруды  талап  етiп  сотқа 
барады.  Онымен  қоймай‚  акционерлер  жиналысында  кепiл  ұс-таушы  өзiнiң  иелiгiндегi  акциялар 
дауысына кепiл берушiнiң де акциялары бойынша дауысты қосып алады.  
Асанов  сотта  кепiл  ұстаушының  талаптарын  мойындамайды  жəне  автокөлiк  кепiлi  жарамсыз 
екенiн‚  өйткенi  ол  белгiленген  тəртiпте  тiркелмегенiн‚  ал  кепiлге  салынған  акциялар  бойынша 
дауыс берумен кепiл ұстаушы оның меншiк құқығын бұзғанын‚ сол үшiн оған келтiрген зиянын 
акциялар кепiлiмен қамтамасыз етiлген ссуда мөлшерiнде өтеуi тиiс екенiн түсiндiредi.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? Кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi пайдалана ала ма? 
4.  Сатып  алған  пəтерiнiң  толық  бағасын  төлеуге  мүмкiндiгi  болмай‚  Əбiшев  сатушымен 
(Қозыбаевпен)  төлемдi  алты  айға  кейiн  қалдыру  жөнiнде  келiседi.  Қозыбаев  кейiнге  қалдыруға 
келiсiмiн бере отырып‚ Əбiшевке ол үшiн оның туысқаны Терiм-бекова кепiл болсын деген талап 
қояды‚ оны Қозыбаев адал жə-не жауапты адам ретiнде бiлетiн.  
Терiмбекова  Əбiшев  үшiн  кепiл  болуға  келiседi‚  бiрақ  шарт-қа  қол  қойып  отырып‚  қарыздың 
жартысын  қайтаруға  кепiл  болатынын  ескертедi.  Қарыздың  қалған  бөлiгiне  Əбiшевтiң  басқа 
туысы Тоғаева кепiл болсын деп кеңесiн бередi‚ Тоғаева оған келiседi.  
Белгiленген  мерзiмде  Əбiшев  қарызын  өтемейдi  жəне  жанұя-сындағы  қиыншылықтарға 
байланысты  жарты  жылға  дейiн  пəтер  үшiн  төлем  жасай  алмайтынын  Қозыбаевқа  хабарлайды. 
Бiрақ ол мерзiм өткен соң да ол Қозыбаевқа ақшасын төлемейдi.  
Қозыбаев  Терiмбековаға  талап  арыз ұсынады жəне  оның Əбiшев  мiндетiн орындайтынына кепiл 
болғанына  сiлтей  оты-рып‚  одан  қарыздың  бүкiл  сомасын  төлеудi  талап  етедi.  Терiм-бекова 
талапқа қарсы болады‚ ол мiндеттеменiң жартысының орындалуына кепiл болғанын‚ оның үстiне‚ 
қарызды 6 ай  iшiнде  өтеу  қажет  болғанын  көрсетедi.  Сол  кезеңде  оның  Əбiшев  үшiн  төлем 
жасауға мүмкiндiгi болатын‚ қазiр ол жұмыс iстемейдi‚ соған байланысты ондай мүмкiндiгi ендi 
жоқ екенiн айтады.  
Дауды шешiңiздер. 
5.  “Елесң  фирмасы‚  тапсырыс  берушi — ауылшаруашылық  өнiмiн  өңдеу  комбинаты  —
тапсырыстың  толық  сомасына  банк  кепiлдiгiн  беретiн  болса‚  құрылыс  бойынша  жұмыстар 
жүргiзуге келiседi. Комбинат банк кепiлдiгiн алады‚ бiрақ құрылыстық мердiгерлiк шартына қол 
қюдан  бас  тартады‚  ол  банктен  алған  қаржыны  өзiнiң  күнделiктi  қажеттiлiктерiне  жұмсауды 
ұйғарады. 

Банктiң  кепiлдiкке  қол  қоюынан  кейiн  Комбинат  оған  кепiлдiк  сомасын  Комбинаттың  есеп 
шотына аударуды сұрап хат жiбередi. Банк ондай талапты банкке тек мердiгер — “Елесң фирмасы 
Комбинаттың  орындалған  жұмыстардың  ақысын  төле-меген  жағдайында  ғана  қоя  алады  деген 
оймен  одан  бас  тартады.  Екiншi  хатында  банк  кепiлдiгi  негiзiнде  несие  беру  кепiлдiгi  болып 
табылатынын‚ Комбинат оны өтеуге мiндеттеме алатынын көрсете отырып‚ Комбинат талабынан 
қайтпайды.  Ақшаның  iс  жүзiнде  қайда — құрылыстың  төлемiне  не  шикiзат  сатып  алуға  —
кететiнiн банктiң бiлуi қажет емес деп санайды.  
Банк кепiлдiгi дегенiмiз не жəне оның орындалу шарттары қандай? 
6.  Кiшiгiрiм  оңтүстiк  қалаға  экспедицияда  жұмыс  iстеу  үшiн  қызмет  сапарына  жiберiлген 
Мəуленов‚ экспедициядан таяу жерде орналасқан үй иесiмен экспедицияда жұмыс iстеу кезiнде 3 
ай бойы оның үйiнде Мəуленовтың əулетi: əйелi мен кiшкентай ұлы тұратыны жөнiнде келiседi. 
Тұрған  орны  үшiн  ақыны  Мəуленов  сол  кезде-ақ  төлейдi‚  ол  жөнiнде  үй  иесi  қолхат  берiп‚ 
алынған соманы кепiлпұл деп атайды.  
Бiрнеше күннен соң Мəуленовтың əулетi келедi‚ бiрақ үй иесi немересi келетiнiн күтiп жүргенiн 
түсiндiрiп оларға тұрғын орын беруден бас тартады. Мəуленовқа қолхат бойынша алған сомасын 
қайтарып  бередi.  Алайда  Мəуленов  алынған  соманы  екi  есе  мөлшерде  қайтарып  берудi  талап 
етедi‚ өйткенi ол кепiлпұл ретiнде берiлген болатын. Оның үстiне‚ ол əулетiнiң жол шығындарын 
өтеудi талап етедi. Талап етiлген соманы ала алмай‚ Мəуленов сотқа барады.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
7.  Саттаров  банктен  несие  сұрайды  да‚  оның  кепiлiне  өзiнiң  үйi  мен  үйге  жанасып  жатқан  жер 
учаскесiн  салады.  Тараптар  арасында  екi  шарт — несиелiк  шарт  жəне  кепiл  туралы  шарт  —
жасалады.  
Алайда‚  көп  ұзамай  Саттаровқа  кепiл  туралы  шартын  сауда-саттық  шартына  алмастыру 
ұсынылады.  Ондай  алмастырудың  мақсатқа  сəйкестiгiн  банк  өкiлi  үй  мен  жер  кепiлi  екi  рет  тiр-
келедi‚ ал несиенiң қайтарылмау жағдайында оларды сату үшiн сот шешiмiн алуды талап ететiнiн 
айтып түсiндiредi. Оның бəрi үлкен машақатпен жəне қосымша шығындарды қажет етедi. Несие 
шартымен  бiр  мезгiлде  сауда-саттық  шартына  қол  қою  банк  үшiн  анағұрлым  қолайлы‚  ал 
Саттаровтың  мүддесiне  ке-пiлдiк  ретiнде‚  егер  де  ол  өз  уақытында  банк  алдындағы  қары-зын 
өтесе‚ онда банк Саттаровқа үйдi өзiне қайта сататын болып мiндеттеме алар едi. 
Саттаров  заңгерден  мiндеттеменiң  орындалуын  қамтамасыз  ету  үшiн  жылжымайтын  мүлiктi 
кепiлге беру жөнiнде түсiнiк-теме берудi сұрайды.  
Заңгер қандай түсiнiктеме беруi тиiс? 

20-тақырып.
 
МIНДЕТТЕМЕЛЕРДI БҰЗҒАНДЫҒЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк ұғымы. 
2. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң түрлерi. 
3. Шығындарды өтеу азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк-тiң жалпы шарасы: 
3.1. Iс жүзiндегi зиян жəне алынбаған табыс. 
3.2. Азаматтық-құқықтағы шығындарды өтеу көлемi. 
4. Мүлiктiк зиянды өтеу мен моральдық зиянның орнын толтыру. 
5. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң негiздерi мен шарт-тары. 
6. Кiнə‚ оқиға жəне бой бермейтiн күш. 
7. Аралас кiнə жəне бiрiгiп зиян келтiру. 
8. Себептiк байланыс теориялары. 
Есептер 
1.  Жалгердiң  кiнəсiнен  болған  өрт  салдарынан  қоймаға  ор-нына  зиян  келтiрiледi.  Жалға  берушi 
келесi зияндарды өтеу жө-нiнде талап арыз ұсынады: 
а) өрт салдарынан қойма бағасының төмендеген сомасы; 
ə) қайта қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлетiн уақыт бойына жалдық ақы төлеу; 
б) құрылыс ұйымы жасаған сметаға сəйкес анықталатын қайта қалпына келтiрiп жөндеуге кеткен 
шығынды өтеу; 
в)  жалгер  шарт  бойынша  жалға  берушiнiң  пайдасына  қойма  орнын  сақтандыру  мiндетiн 
орындағанында жалға берушiнiң алатын сақтандыру сомасы. 
Қандай шығындар өтелуi қажет? 
2.  Азамат  Смағұлов  “Спортлотоң  билетiн  уақытында  толты-рып‚  арнайы  жəшiкке  салады.  Сол 
билетке ұтыс түседi. “Спорт-лотоныңң аймақтық басқармасы билеттiң поштаға кеш өткiзiл-генiне‚ 
соның  салдарынан  ол  ұтыс  көлемiн  есептеу  кезiнде  есеп-ке  алынбағанына  сiлтеп‚  Смағұловқа 
ұтысты төлеп беруден бас тартады.  
Бұл  оқиғаны  тергеу  кезiнде‚ “Спортлотоң  басқармасына  би-леттердiң  жеткiзiлуi  пошта  бөлiмi 
қызметкерлерiнiң  селқосты-ғынан  туғаны  анықталады.  Сот  шешiмi  бойынша  ұтыс  сомасы
Смағұловтың пайдасына төленедi.  
“Спортлотоныңң  аймақтық  басқармасы  көрсетiлген  соманы  байланыс  органдарының  өтеуi 
жөнiнде талап қояды. Төрешi сот-та iстi қарастыру кезiнде‚ “Спортлотоң басқармасына залал кел-

тiрiлген бе деген сұрақ туады. 
Осы дауды қалай шешуге болады? 
3.  Жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк  орман  өнеркəсiп  ша-руашылығымен  өнiм  беру  шартын 
жасасады.  Жасасқан  шартқа  сəйкес  ЖШС  орман  өнеркəсiп  шаруашылығына  кесiлген  ағаш 
материалдары  үшiн  толық  төлемдi  оның  шотына  аударады.  Бiрақ  шартта  белгiленген  мерзiмде 
кесiлген  ағаш  материалдары  жет-кiзiлмейдi.  Осыған  байланысты‚  серiктестiк  орман  өнеркəсiп 
шаруашылығына  бұрынғы  төленген  қаржы  сомасын  қайтару  жөнiнде‚  бiреудiң  ақша  қаражатын 
пайдаланғаны  үшiн  процент  төлеу  жайында  жəне  ағаш  материалдарын  жеткiзбеу  салдарынан 
өндiрiлмеген  бұйымдар  үшiн  өздерiнiң  контрагенттерiне  төлеген  айыптың  шығындарын  өтеу 
жөнiнде талап арыз ұсынады.  
ЖШС-тiң  орман  өнеркəсiп  шаруашылығына  қойған  талапта-рын  қанағаттандыруға  болады  ма? 
Егер  де  серiктестiкке  əзiр-ленiп  қойылған  кесiлген  ағаш  материалдары  су  тасқыны  нəти-жесiнде 
бүлiнгенi анықталса‚ шешiм өзгере ме? 
4.  Акционерлiк  қоғам  кооперативке  сұйық  əйнектi  толық  жеткiзбегенi  үшiн  айып  төлеу  жөнiнде 
талап  қояды.  Кооператив  шарттағы  мiндеттемелердiң  орындалмауын  мойындайды‚  бiрақ  оның 
шарттас серiктерi‚ əйнек өндiруге қажеттi натрий силика-тын оған жеткiзiп бермегендiктен ол өзiн 
жауапкершiлiктен бо-сатуды сұрайды. 
Дауды қарастыру кезiнде сот натрий силикатының негiзгi өндiрушiлерi банкрот деп танылып‚ өз 
əрекеттерiн  тоқтатқаны  анықталады.  Сондықтан  АҚ  мен  кооператив  арасындағы  шартта
қарастырылған  көлемде  əйнек  дайындау  үшiн  қажеттi  шикiзат  алу  мүмкiн  болмай  қалады.  Осы 
жайды  ескере  отырып‚  сот  АҚ-ның  талап  арызындағы  талаптарын  қанағаттандырудан  бас  тар-
тады.  
Сот дұрыс шешiм шығарды ма? 
5. Балық консервiлеу зауыты мен сауда үйi арасында тауар жеткiзiлiмi шарты жасалады. Алайда 
балық консервiлеу зауыты көктемнiң екi айы бойы сауда үйiне балық консервiсiн сату мiн-детiн 
орындамайды‚  соған  байланысты  сатып  алушының  талап  арызы  бойынша  айып  төлеуге
тартылады. 
Сот  мəжiлiсiнде  зауыт  өзiнiң  өнiм  берушi — балық  аулайтын  колхоздардың  теңiздегi  дауылдың 
себебiнен  ауа  райынан  балық  аулауды  ұзақ  уақытқа  тоқтатып  қоюға  мəжбүр  болып  балық
өнiмдерiн  жеткiзе  алмағанын  баяндайды.  Сауда  үйi  бұл  дəйек-тердiң  зауыт  пен  колхоздар
арасында ғана мəнi бар‚ ал сауда үйiнiң зауытқа қойған талабына қатыссыз деген оймен сауда үйi 
жауапкер дəйегiн сенiмсiз деп таниды.  
Бұл мəселе бойынша сiздiң пiкiрiңiз қандай? 
6.  Механикалық  зауыт  шығаратын  күрделi  агрегат  үшiн  алу-ан  түрлi  бөлшектердi  Алматы  жəне 
Қарағанды темiр бұйымдар зауыттары жеткiзiп тұратын. Екi өнiм берушi тарап та мерзiмнен кеш 
қалып‚  агрегат  жасаушы  механикалық  зауыт  жұмысының  тоқтауына  себеп  болады.  Қарағанды 
темiр  бұйымдар  зауыты  өнiм  берушi  тараптың  кешiгу  мерзiмi  Алматы  өнiм  берушi  тарап-тың 
кешiккенiнен екi есе артық болып шығады.  
Механикалық  зауыт  жұмыстың  тұрып  қалуына  байланысты  шығындарды  өтеудi  өнiм 
берушiлердiң екеуiнен де талап етiп сотқа арыз бередi. Алматы өнiм берушi талап арызды мойын-
дамайды‚  ол  бөлшектердi  дер  кезiнде  жеткiзгенiмен‚  Қарағанды  өнiм  берушiнiң  одан  да  ұзақ 
мерзiмге  кешiгуi  арызданушыны  бəрiбiр  де  тоқтап  қалудан  құтқармас  едi  деп  мəлiмдедi.  Қара-
ғанды  өнiм  берушi  тек  өзiнiң  кеш  қалдырылған  мерзiмiне  ке-летiн  шығындарды  өтеуге  дайын 
екендiгiн бiлдiредi. Ал одан бұрын пайда болған шығындарға қатысты‚ Алматы өнiм беру-шiнiң 

кешiктiру себебiнен олардың алдын алу мүмкiндiгi болма-ғанын айтады.  
Егер дауды қарастыру барысында Алматы жəне Қарағанды өнiм берушiлердiң кез-келгенiнiң өнiмi 
болмаса‚  монтаждық  жұ-мыстарды  тоқтатуға  себеп  болатын  өзара  байланыс  анықталған  болса‚ 
дауды қалай шешуге болады? 
7.  Шаштаразда  киiм  iлетiн  жерден  Сапаровтың  бағалы  аң  терiсiнен  тiгiлген  бас  киiмi  ұрланып 
кетедi.  Оның  орнына  жасан-ды  терiден  тiгiлген  ескi  бас  киiм  қалдырылған.  Сапаров  киiм  iлетiн 
орында  қызмет  көрсететiн  комбинатқа  бас  киiмiнiң  жəне  келтiрiлген  моральдық  зиянның  орнын 
толтыру  жөнiнде  талап  арызын  ұсынады.  Тұрмыстық  қызмет  көрсету  комбинаты  талап-қа 
қарсылық  бiлдiре  отырып‚  бас  киiм  жоғалған  күнi  киiм  iлушi  əйел  ауырып  қалғанын‚  ал  оны 
алмастыратын ешкiм  болма-ғанын айтады.  Сапаров  мұндай қымбат бас  киiмiн киiм  iлетiн жерге 
қоймауы тиiс едi. Болған оқиғада ол өзi кiнəлi‚ сондықтан да талаптан бас тарту қажет‚ ал зиянның 
орнын толтыру ретiнде киiм iлетiн жерде қалдырылған ескi бас киiмдi алуына болады. 
Iс қалай шешiлуi тиiс? 
8. 6-шы  класс  оқушысы  Бекетов  Бақтияр  əкесiнiң  швейцар-лық  алтын  сағатын  мектепке  алып 
келiп‚  сабақта  басқа  оқу-шыларға  көрсетiп  отырады.  Мұғалiм  сабақ  үстiнде  Бақтиярдан  сағатты
тартып алып‚ өз столының тартпасына салып қояды. Са-бақтан соң класс экскурсияға шығады да‚ 
Бақтияр  мұғалiмнен  сағатты  сұрауды  ұмытып  кетедi.  Келесi  күнi  мектепке  Бақтияр-дың  əкесi 
келiп‚  сағатты  қайтаруды  талап  етедi.  Мұғалiм  сағатты  столының  тартпасына  салып  қойып‚  ол 
туралы  ұмытып  кетке-нiн‚  ал  таңертең  мектепке  келген  соң‚  оны  ол  жерден  таппаға-нын 
түсiндiрiп айтады.  
Бақтиярдың  əкесi  аудандық  бiлiм  беру  бөлiмiне  жəне  бала-сынан  сабақ  үстiнде  сағатты  тартып 
алған мұғалiмге сағаттың құнын өтеу жөнiнде талап арызды ұсынады.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
9. Төмен ұшып бара жатқан ұшақтың гуiлiнен үрiккен сиыр табыры сиыршы Тағабаевты таптап‚ 
оған жарақаттар келтiредi‚ нəтижесiнде ол толығымен жұмысқа жарамсыз болып қалады. Тағабаев 
азаматтық  авиация  басқармасына  келтiрiлген  зиянның  орнын  толықтыру  жөнiнде  талап  арыз 
бередi. 
Сот мəжiлiсiнде азматтық авиация басқармасының өкiлi ке-лесi жайттарға: а) ұшақ ұшқышының 
əрекетi  мен  Тағабаев  зақы-мы  арасында  заңдық  мəнi  бар  себептiк  байланыс  жоқ;  ə)  аза-маттық 
авиация басқармасының кiнəсi жоқ деген сiлтеу жасап талапты мойындамайды. 
Тағабаевтың қорғаушысы қауiптi қатер көзiнiң иесi ретiнде азаматтық авиация басқармасы‚ кiнəға 
тəуелсiз  жауапкершiлiк  тартатынына‚  ал  ұшқыш  əрекетi  мен  Тағабаевтың  зақымы  ара-сындағы 
себептiк байланыс‚ оның ойынша‚ айқын болып тұрға-нына соттың назарын аударады.  
Тараптар дəйектерiн талдаңыз. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 

21-тақырып.
 
МIНДЕТТЕМЕЛЕРДIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ МЕН ӨЗГЕРУI
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Мiндеттеменi тоқтату негiздерi. 
2. Мiндеттеменi орындаумен тоқтату. 
3. Бас тарту төлемi. 
4. Мiндеттеменi есепке жатқызумен тоқтату. 
5. Борышқор мен несие берушiнiң бiр тұлға болуына байла-нысты мiндеттеменiң тоқтатылуы. 
6. Жаңғыртылуға байланысты мiндеттеменiң тоқтатылуы. 
7. Борышты кешiру. 
8. Мiндеттеменi орындау мүмкiн болмауға байланысты тоқ-татылуы. 
9. Мiндеттеменiң мемлекет органының құжаты негiзiнде тоқтатылуы. 
10. Азаматтың қайтыс болуына байланысты мiндеттеменiң тоқтатылуы. 
11. Заңды тұлғаның жойылуына байланысты мiндеттеменiң тоқтатылуы. 
Есептер 
1.  Есенов  Қайсеновқа  үйiнен  тыс  тұрған  гаражды  сататыны  ал  Қайсеновтың  келiсiлген  бағамен 
гараждың  төлемiн  жасай-тыны,  сонымен  бiрге  шартқа  байланысты  барлық  шығындарды  өзi 
өтейтiнi  жөнiнде  келiсiм  жасалады.  Бiрнеше  күннен  соң  та-раптар  шарт  жасасып‚  ол  бойынша 
барлық  төлемдерiн  жасайды.  Бiраз  уақыт  Қайсенов  сатып  алған  гаражын  пайдаланып  жүредi. 
Бiрақ жерге меншiктiлiк құқығы жайлы куəлiк алған соң көп ұзамай‚ ол құрылыс жүргiзуге рұқсат 
алып‚ өзi гараж салып алады. 
Есеновпен кездескенде Қайсенов гаражды пайдаланбай жүр-генiн айтып бередi‚ оған Есенов қазiр 
өзiнiң  гаражға  мұқтаж  болып  жүргенiн  жəне  оны  сатқанына  өкiнiп  жүргенiн  айтады.  Қайсенов 
Есеновқа сату-сатып алу шартын бұзуды ұсынады‚ содан соң Есеновқа гаражын қайтарып берудi 
мiндеттенедi‚  ал  Есенов  Қайсеновқа  одан  алған  гараж  ақысын  қайтаруды  уəде  етедi.  Есенов  пен 
Қайсенов  гараждың  сауда-саттық  шартын  бұзу  жөнiнде  мəмiленi  куəландыру  үшiн  белгiленген 
уақытта  нота-риуста  кездеседi.  Алайда  нотариус  олардың  əңгiмесiн  тыңдап  бо-лып‚  мəмiленi 
куəландырудан бас тартады. 
Нотариустың  əрекетi  дұрыс  па?  Мiндеттемелердiң  жойы-луына  негiз  болатын  не? 
Мiндеттемелердi жоюдың оларды өзгертуден айырмашылығы неде? 
2.  “МИРАСң  сауда  фирмасы  осы  жылдың  ақпан  айында  жа-салған  сауда-саттық  шарттың 
орындалуы үшiн Фуатоваға тұр-мыстық электр құрал бередi. Құралдың жарамдылығының кепiл-
дiк  мерзiмi 6 ай.  Сол  жылдың  қараша  айында  Фуатова  шартты  бұзу‚  шығындарды  төлету  жəне 
моральдық  зиянның  орнын  толықтыру  жөнiнде  талап  арызбен  сотқа  барады‚  ол  сатылған 
құралдың  сапасыз  жұмысына  сiлтеу  жасайды.  Фирма  талапқа  қарсы  болады  жəне  талаптан  бас
тартуды  сұрау  негiздерiнiң  iшiнде  сату-сатып  алу  шартының  аяқталғанын‚  соған  байла-нысты 
арызданушының сауда-саттық шартын бұзу жөнiндегi талабы негiзсiз екенiн айтады.  

Тараптар дəйектерiне талдау жасаңыз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет