С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


10-тақырып.
 
МҮЛIКТI СЕНIМГЕРЛIКПЕН БАСҚАРУ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың түсiнiгi.  
1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару жəне сенiмгерлiктегi меншiк.  
2. Тапсырма, комиссия жəне мүлiктi сенiмгерлiкпен бас-қару шартының арақатынасы.  
3. Мүлiктi сенiмгерлiпен басқаруды құру жəне мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе 
жедел басқару құқығына бекiтiп беру.  
4. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару жəне ұйымды басқару.  
1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының элементтерi. 
1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тараптары.  
2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының обьектiлерi.  
3. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының мазмұны.  
4. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысаны.  
2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк. 
1. Құрылтайшы мен сенiмгерлiкпен басқарушының үшiн-шi жақтардың алдындағы 
жауапкершiлiгi.  
3. Коммерциялық концесеия шартының түсiнiгi. 
1. Коммерциялық концессия шартының маңызы мен қол-данылу аясы.  
2. Коммерциялық концессия шартының нысаны мен мем-лекеттiк тiркеуге қойылатын 
талаптары.  
3. Коммерциялық концессия шартындағы тараптар.  
4. Коммерциялық концессия шартының мазмұны. 
1. Коммерция концессия шартының елеулi жағдайлары.  
2. Құқық иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi.  
3. Құқық пайдаланушының құқықтары мен мiндеттерi.  
4. Коммерциялық концессия шарты бойынша тараптар-дың құқықтарына шек қою.  
5. Коммерциялық концессия шартының мерзiмi.  
6. Коммерциялық субконцессия.  
7. Коммерциялық концессия шарты бойынша тараптардың құқықтарын өзгерту мен тоқтату.  
Есептер 
1. Шетелге тұрақты түрде қоныс аударуға бел шешкен Ер-жанов қозғалмайтын мүлiктердi 
сенiмгерлiкпен басқарумен айна-лысатын агенттiкке өтiнiш жасап жеке меншiгiндегi тiгiн 
ательсiн өзiнiң пайдасы үшiн ұтымды басқарып берудi сұрайды.  
Агенттiктiң қызметкерлерi бұл тектес қызмет үшiн Ержанов өз қалауы бойынша тапсырма немесе
мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару жəне ательенi заңды тұлға ретiнде басқару шартының бiрiн жасауы 
қажет деп түсiндiредi. 
Ержанов аталған шарттардың бiр-бiрiнен қандай айырма-шылығы барын түсiндiрудi сұрайды.  
Агенттiктiң қызметкерлерi қандай жауап берулерi тиiс? 
2.  Қаланың  коммуналдық  меншiгiндегi “Мейманң  қонақ  үйi  ұтымсыз  басқарудың  нəтижесiнде 
ешбiр  табыс  етiлмейдi.  Сол  себептен  қала  əкiмшiлiгi  қонақ  үйдi “Рахатң  жабық  акционерлiк 
қоғамына  сенiмгершiлiкпен  басқаруға  бередi.  Олар  қонақ  үйдi  қайта  жабдықтап  жөндеуден 
өткiзедi. Алайда, осыдан кейiн де қонақ үйдi пайдаланудан түскен табыс оның өз шығындарынан
артылмайды.  Сондай-ақ  “Рахатң  жабық  акционерлiк  қоғамы  шарт  бойынша  қонақ  үйдi  қайта 

жабдықтап жөндеуден өткiзген мердiгерлермен əлi күнге дейiн есеп айырыспаған, себебi аталған 
шартқа  акционерлiк  қоғам  тек  сенiмгерлiкпен  басқарушы  тарап  ретiнде  ғана  қатысты  болғанын 
желеу  етедi.  Мердiгерлер  сотқа  талап  арыз  берiп,  қала  əкiмшiлiгiнен  шарт  бойынша  мiндетте-
мелерiн орындауды талап етедi. 
Сот  мердiгерлердiң талабын  қанағаттандыру мақсатында  шешiм  қабылдап  “Мейманң қонақ үйiн 
жария саудаға салып сатады. Осыдан кейiн жергiлiктi əкiмшiлiк сотқа арызданып “Ра-хатң жабық 
акционерлiк  қоғамынан  сенiмгерлiкпен  басқаруға  берiлген  мүлiктен  айыру  нəтижесiнде 
келтiрiлген  шығынды  өтеп  берудi  талап  етедi.  Ал  “Рахатң  жабық  акционерлiк  қоғамы  өзiне 
қойылған  бұл  талапты  орындаудан  бас  тартып  өз  тарапынан  əкiмшiлiктен  өзiнiң  қонақ  үйдi 
басқаруға жұмсаған шығында-рын өтеудi жəне сыйақы берудi талап етедi. 
Сот  жергiлiктi  əкiмшiлiкпен  “Рахатң  жабық  акционерлiк  қо-ғамының  өзара  бiр-бiрiне  қойған 
талаптарын қанағаттандырмай тастайды. 
Соттың шығарған шешiмiне баға берiңiздер. 
3.  Азамат  Шалқаров  “Жiгерң  ашық  акционерлiк  қоғамының  акцияларын  “Алтайң  фирмасына 
сенiмгерлiкпен басқаруға бе-редi. 
Үш ай өткеннен кейiн Шалқаров фирманың акцияларды номиналдық құнынан бiрнеше есе қымбат 
бағаға  сатып  жiбер-генiн  бiледi.  Ол  фирмадан  сатылған  акциядан  түскен  ақшаны  берудi  талап 
етедi.  Фирманың  жетекшiсi  Шалқаровтың  бұл  талаптарын  орындаудан  бас  тартып  екi  тараптың 
жасаған  сенiм-герлiкпен  басқару  шартының  бiр  жыл  мерзiмге  жасалғанын  ес-кертедi.  Фирма 
акциялардан  түскен  ақшаларға  құнды  қағаз-дардың  басқа  түрлерiн  сатып  алып  оларды  құнды 
қағаздар  ры-ногында  ұтымды  пайдаланып,  олардан  мол  табыс  табуға  ниетi  бар  екенiн  айтады. 
Фирманың  пайымдауынша  Шалқаров  құнды  қағаздармен  жасалған  операциядан  түскен  табысты
тек сенiм-герлiкпен басқару шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн ғана алуға құқылы.  
Шалқаров  сотқа  талап  арыз  берiп  фирмадан  акцияларды  са-ту  нəтижесiнде  түскен  ақшаларды 
қайтарып берудi талап етедi. 
Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? 
4.  Делавер  Штатының  заңы  бойынша  АҚШ-тың  заңды  тұл-ғасы  болып  табылатын  “Пица-Пицаң 
корпорациясы жеке кə-сiпкер Ануфриевпен коммерциялық концессия шартын жасады. Осы шарт 
бойынша  кəсiпкерiнен  өндiрушiнiң  өнiмдерiн  сату  кезiнде  корпорацияның  фирмалық  атауын, 
iскерлiк  беделiн  жəне  тауарлық  белгiсiн  пайдалану  құқығына  ие  болды.  Шарт  бойын-ша 
тараптардың  құқықтары  мен  мiндеттерi  Қазақстан  Рес-публикасының  заңдары  бойынша 
белгiленедi. 
Ануфриев  тұрғылықты  мекен-жайы  бойынша  аудандық  əкiм-шiлiкке  Қазақстанның  патент  пен 
тауарлық  белгiлерi  жөнiндегi  ведомствоға  коммерциялық  концессия  шартын  тiркеуге  алуды 
өтiнiп, арыз бередi. 
Əкiмшiлiк төмендегi негiздер бойынша шартты тiркеуден бас тартады. Бiрiншiден, коммерциялық 
концессия  шарты  лицен-зияттың  тұрған  жерiнде  емес  лицензиялардың  тұрған  жерiнде  тiркелуi 
тиiс.  Екiншiден,  шартта  пайдаланушыға  тиiстi  құжаттар  мен  ақпараттарды  беру  жəне  сонымен
бiрге  пайдаланушы  мен  оның  қызметкерлерiне  коммерциялық  концессия  шарты  бойын-ша 
берiлген  құқықтарды  игеруге  байланысты  кеңес  беру  жағ-дайлары  көзделмеген.  Сондай-ақ, 
“Пица-Пицаң тауарлық бел-гiсiне лицензия беру де көзделмеген. 
Осылайша  тараптар  коммерциялық  концессия  шартының  елеулi  жағдайлары  жайлы  келiсiмге 
жетпеген. Сол себептен шарт жасалды деп танылмайды.

Ал Қазақстан Республикасының патент жəне тауар белгiсi  жөнiндегi ведомствосы тауар белгiсiн 
пайдалануға беру туралы шартты тiркеуге ала алмайтындығы туралы хабарлайды, себебi “Пица-
Пицаң тауар белгiсi ведомствода тiркелiнбеген. 
“Пица-пицаң  корпорациясына  қызмет  көрсетушi  заң  фир-масы  кəсiпкер  Ануфриевтiң  сұрауына 
қайтарған жауабында Де-лавер штатының заңында тауарлық белгiлер арнайы тiркеуге алынбай-ақ 
қорғалатыны туралы хабарлайды. Делавер штатының заңында коммерциялық концессия шартын
арнайы тiркеуге алу мүлдем көзделмеген. 
Тараптар өз қатынастарын заңға сəйкес дұрыс рəсiмдеуi үшiн қандай шаралар жасауы қажет? 
Əкiмшiлiк  пен  Қазақстанның  патент  жəне  тауар  белгiсi  жө-нiндегi  ведомоствасының 
пайымдауларына сараптама жасаңыз-дар. 
Коммерциялық  концессия  шартының  елеулi  жағдайларына  нелер  жатады?  Егер  коммерциялық 
концессия  шарты  бойынша  пайымдаушыларға  берiлген  кейiн  құқық  иеленушi  өндiрiс  мен-шiк 
объектiсiне айрықша құқықтарынан айрылса қандай құ-қықтық салдар туындайды? 
5. “Атыраумұнайң  ашық  акционерлiк  қоғамы  сотқа  берген  талап  арызында  “Тұлпарң  жабық 
акционерлiк  қоғамымен  жасал-ған  коммерциялық  концессия  шартын  бұзып  өзiне  келтiрiлген 
зиянның  орнын  толтыруды  талап  етедi. Iстi  сот  қарауына  дайын-дау  барысында  мына  жайлар 
белгiлi болады. 
“Атыраумұнайң  ашық  акционерлiк  қоғамы  (құқық  иеленушi) “Тұлпарң  жабық  акционерлiк 
қоғамымен  (пайдаланушы)  коммер-циялық  коцессия  шартын  жасасқан.  Соған  сəйкес  “Тұлпарң 
жабық  акционерлiк  қоғамы  “Атыраумұнайң  ашық  акционерлiк  қоғамының  фирмалық  атауын, 
фирмалық  тəсiлi  мен  тауарлық  белгiсiн  мұнай  өнiмдерiн  сату  кезiнде  “Тұлпарң  жабық  акцио-
нерлiк  қоғамына  қарасты  жанармай  құю  бекеттерiнде  сондай-ақ  техникалық  қызмет  көрсету 
орындары мен дəмханаларда пай-далану құқығына ие болады. 
Шартты  жүзеге  асыру  барысында  “Тұлпарң  жабық  акцио-нерлiк  қоғамының  жанармай  құю 
бекеттерiндегi  мұнай  өнiм-дерiнiң  сапасы  “Атыраумұнайң  ашық  акционерлiк  қоғамына  қарасты 
жанармай  құю  бекеттерiндегi  мұнай  өнiмдерiмен  са-лыстырғанда  сапасы  едəуiр  төмен  екендiгi 
анықталды.  Шарт  бойынша  жанармай  құю  бекеттерi  тəулiк  бойы  үздiксiз  жұмыс  iстеуi  тиiс 
болатын.  Алайда,  жанармай  құю  бекеттерi  түнде  жабылып  қалған.  Жанармай  құю  бекеттерi  мен 
дəмханалардағы  қызмет  көрсету  деңгейiнiң  төмендiгi  тұтынушылар  тарапынан  əрдайым 
наразылық тудырып отырған.Аталған кемшiлiктер “Атыраумұнайң ашық акционерлiк қоғамының 
пайымдауынша коммерциялық концессия шартының ережесiн елеулi бұзу болып табылады. Сотқа 
жүгiнуге  тiкелей  себеп  болған  жай  ол  осы  жанармай  құю  бекетi  жайлы  жергiлiктi  теледидардан 
көрсетiлген сын репортажы болды.  
Iстi  сотта  қарау  барысында  “Тұлпарң  жабық  акционерлiк  қоғамының  өкiлi  аталған  кемшiлiктi 
мойындайды,  бiрақ  шартты  бұзып  шығынды  өтеу  туралы  талапты  орындаудан  бас  тартады. 
Себебi,  коммерциялық  концессия  шарты  “Атыраумұнайң  ашық  акционерлiк  қоғамын  тiркеуге 
алған органда тiркеуден өтпе-ген.Сол себептен шарттан ешбiр құқықтық салдар туындамайды. 
Өзiнiң  талап  арызын  қолдай  отырып  “Атыраумұнайң  ашық  акционерлiк  қоғамы  коммерциялық
концессия  шартының  Қа-зақстан  Республикасының  патент  жəне  тауарлық  белгiлер  жөнiн-дегi 
ведомствода тiркеуге алынғандығын нұсқайды. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс. 

11-тақырып.
 
ЗИЯН КЕЛТIРУ САЛДАРЫНАН ТУАТЫН МIНДЕТТЕМЕЛЕР
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктiң жалпы шарттары.  
2. Шарттық жəне деликттiк жауапкершiлiктiң өзара қаты-насы.  
3. Заңды əрекеттен туған зиянның орнын толтыру.  
4. Билiк əрекеттерiнен туған зияндық үшiн жауапкершiлiк: 
4.1. Əкiмшiлiк басқару саласында билiк əрекеттерiнен туған зиян үшiн жауапкершiлiк; 
4.2. Тергеу‚ алдын-ала тергеу‚ прокуратура‚ сот органдарының заңсыз əрекетiнен туған зиянның 
орнын толықтыру. 
5. Кəмелетке толмағандар мен əрекет қабiлеттiгi жоқтардың жауапкершiлiгi: 
5.1.  Жас  өспiрiмдердiң (14 жасқа  дейiнгi  кəмелетке  жетпе-гендердiң)  келтiрген  зияны  үшiн 
жауапкершiлiк; 
5.2. Кəмелетке толмағандардың (14-тен 18 жасқа дейiн) кел-тiрген зияны үшiн жауапкершiлiк; 
5.3. Əрекет қабiлетi жоқ адамның келтiрген зияны үшiн жауапкершiлiк. 
6. Қатерлi қауiп көзiнен туған зиян үшiн жауапкершiлiк: 
6.1. Қатерлi қауiп көзiнiң ұғымы; 
6.2. Жауапкершiлiк субъектiсi; 
6.3. Жауапкершiлiк шарттары. 
6.4. Қатерлi қауiп көзi келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк-тен босататын жағдайлар; 
6.5. Қатерлi қауiп көздерiнiң өзара əрекетiнен туған зиян үшiн жауапкершiлiк. 
7. Азаматтың денсаулығына зақым келтiру жəне асыраушы-ны өлiмге əкелгендегi жауапкершiлiк.  
8. Шығынды өтеу көлемi. 
9. Жəбiрленушiнiң кiнəсiн есепке алу. 
10. Моральдық зиянның орнын толтыру. 
11. Талап арыздарды беру тəртiбi. 
12. Талап арыз беру мерзiмiнiң ескiруi.  
Есептер

1. Автобаза жүргiзушiсi Айдарбеков Қапшағай жолымен ке-ле жатып‚ жол тəртiбiн бұзғандықтан‚ 
ол  азамат  Қирабаевтың  автокөлiгiмен  соқтығысып  қалады.  Жол  апаты  Айдарбеков  кiнə-сiнен 
болғандықтан  ол  автобаза  гаражында  Қирабаевтың  автокө-лiгiн  жөндеп  беруге  келiседi.  Осы 
мақсатпен  Айдарбеков  авто-база  жұмысшылары  Сырымов  жəне  Елеуовпен  олардың  жұмыс-тан 
тыс  уақытта  Қирабаевтың  көлiгiн  жөндеп  беруi  жөнiнде  келiседi.  Алайда‚  автокөлiк  жөнделiп 
болған соң‚ Айдарбеков автокөлiктердiң соқтығуынан туған зиян үшiн қатерлi қауiп көзiнiң иесi 
ретiнде  автобаза  жауапкершiлiк  тартуы  тиiс  дегенге  сiлтеп‚  келiскен  соманы  төлеуден  бас 
тартады.  Сырымов  пен  Елеуов  оған  автокөлiктi  жөндеу  үшiн  шартта  белгiленген  соманы  төлеу 
туралы талап арызын ұсынады.  
Сот  тиiстi  жауапкер  ретiнде  автобазаны  тартып‚  оған  Қира-баевқа  зиян  келтiрген  қатерлi  қауiп 
көзiнiң иесi ретiнде сол со-маны төлетедi.  
Соттың шешiмi дұрыс па? 
2.  Қаражота  ауылының  тұрғыны  Мəметовтың  үй  салуға  дайындаған  бөренелерi  ұрланады.  Екi 
аптадан  соң  көршi  ауыл-дың  тұрғыны  Кiтапбаевтың  ұрлықтың  ертесiнде  белгiсiз  жүргiзу-шiден 
өте  арзан  бағамен 10 бөрене  сатып  алғанын  бiледi.  Кiтап-баевқа  келген  Мəметов  кездейсоқ 
сақталып  қалған  белгiлер  бойынша  өз  бөренелерiн  таниды‚  бiрақ  олар  Кiтапбаев  салып  жатқан 
сарайға  жұмсалып  жiберiлген  екен.  Соңғысы  бөренелердi  белгiсiз  жүргiзушiден  сатып  алғанын 
мойындайды‚ бiрақ Мə-метовтың бөренелер құнын қайтарып беру немесе сол сияқты 10 бөрененi 
беру  талабын  орындаудан  бас  тартады.  Ол  бөренелердi  сатып  алу  кезiнде  олардың  бiреуден 
ұрланғанын  бiлмегенiн‚  əрi  болжамағанын  айтады.  Мəметов  ұрланған 10 бөрене  құнын  төлеу 
туралы Кiтапбаевқа талап арызын сотқа бередi. 
Сот  қандай  шешiм  шығаруы  тиiс?  Егер  де  Мəметовтың  бөренелерiн  ұрлап‚  Кiтапбаевқа  сатқан 
жүргiзушi Көлбаев екенi анықталса‚ шешiм өзгере ме? 
3.  Учаскелiк  құрылыс  қоймасы  Танабаевқа  оның  кiнəсi  бойынша  қоймаға  келтiрiлген  зиянның 
құнын  өтеу  жөнiнде  та-лап  арызын  бередi.  Талап  арызда  Танабаев  бензин  тасымал-даушы 
автокөлiк  жүргiзушiсi  ретiнде  жұмыс  iстеп  жүрiп‚  авто-көлiктi  дұрыс  пайдаланбау  салдарынан 
тасымалданған  олифтi  ағызып  алғандықтан‚  арыз  берушiге  материалдық  зақым  келтi-редi. 
Деликттiк  жауапкершiлiк  нормаларын  басшылыққа  ала  отырып‚  сот  қойманың  талап  арызын 
қанағаттандырады. Тана-баев сот шешiмiн кассациялық тəртiпте шағымдайды.  
Танабаевтың шағымы қанағаттандырылуға жата ма? 
4.  Думанов‚  мас  болып  жүрген  өз  күйеу  баласы  Сəкеновты  кездестiрiп‚  оны  үйге  алып  кетуге 
тырысты.  Алайда  Сəкенов  қарсылық  бiлдiрiп‚  қайын  атасының  қолынан  босап  шығады  да‚ 
қашпақшы  болады‚  бiрақ  қайын  атасы  оны  қуып  жетiп‚  қо-лынан  ұстап  алады.  Сəкенов  аяғы 
шалынып‚  құлай  бастайды  да‚  өзiмен  бiрге  Думановты  iлестiре  құлайды.  Екеуi  де  жерге  құлап 
түседi.  Құлап  бара  жатқан  Думанов‚ 120 кг-нан  астам  дене  сал-мағымен‚  Сəкеновтың  төсi  мен 
iшiне  тiзесiмен  соғылып‚  Сəке-новқа  (арықтау  денелi)  ауыр  дене  жарақатын  салады:  қабырғасы 
сынып,  бауыры  езiлiп  кетедi,  бұл  оның  өлуiне  себеп  болады.  Сəкеновтың  анасы (56 жаста) 
Думановқа асыраушының өлiмiнен туған зиянның орнын толтыру жайлы талап арызын бередi.  
Талап арызды қанағаттандыруға бола ма? 
5. Түнгi уақытта Сымбатовқа екi белгiсiз адам шабуыл жа-сап‚ оны жерге құлатып‚ ұра бастайды 
жəне қолындағы сағатын шешiп алмақшы болады. Қорғанып жатып‚ Сымбатов бiреуiнiң басынан 
аяғымен  соғып  жiбередi.  Соңында  шабуыл  жасаушылар  Зарандинов  пен  Несiпбеков  екенi 
анықталады.  
Басынан  соққы  алған  Зарандинов‚  бiрнеше  күннен  кейiн  миына  қан  құйылып‚  қайтыс  болып 
кетедi‚ ал Несiпбеков жоқ болып кетедi. Сымбатовқа қарсы қозғалған қылмысты iс оның қажеттi 

қорғану шегiнде əрекет ету себебiнiң негiзiнде тоқта-тылады.  
Зарандиновтың əйелi Сымбатовқа асыраушының өлiмiмен келген зиянның‚ жас баласын асырап-
бағу үшiн жəне Заранди-новты жерлеу шығындарын өтеудi талап етiп арыз жазады.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
6. Жол бөлiмiнiң милиционерi Досымов азамат Үкiбаевты заңсыз тоқтатып‚ одан құжат көрсетудi 
талап  етедi.  Үкiбаев  До-сымовтың  талабын  орындаудан  бас  тартқандықтан‚  соңғысы  оған  күш 
жұмсап‚ қолына зақым келтiредi‚ соның нəтижесiнде Үкiбаев екi ай емделуде жатады.  
Өзiнiң заңсыз əрекеттерi үшiн Досымов тəртiптiк жауап-кершiлiкке тартылады.  
Үкiбаев  өзiне  таныс  заң  факультетi  студентiне  жолығып‚  одан  келтiрiлген  зиянды  өтеу  жөнiнде 
кiмге жəне қалай талап қоя алатынын сұрайды. Студент тергеу органдарының (милиция бөлiмi де 
тергеу органына жатады) қызметкерлерiнiң заңсыз əре-кетiнен туған зиянды мемлекет өтейдi деп 
түсiндiредi. Сон-дықтан да Үкiбаев өзiне келтiрiлген зиянның орнын толықтыру жөнiндегi талап 
арызын  жергiлiктi  əкiмшiлiктiң  қаржы  органына  беруi  керек.  Студенттiң  айтқанын  тыңдап‚ 
Үкiбаев талап арызын қаржы бөлiмге бередi.  
Iстi  қарастыру  барысында  сот  бiрге  жауап  берушi  ретiнде  милиционер  Досымовты  тартып‚  оған 
талап арызда көрсетiлген соманы төлетедi. Досымов соттың бұл шешiмiн шағымдайды.  
Кассациялық  инстанция  қандай  анықтама  шығаруы  тиiс  жəне  нақты  мəнiсiнде  iс  қалай  шешiлуi 
қажет? 
7.  Соттың  үкiмi  бойынша  Алиев  басқалармен  бiрге  мемле-кеттiк  мүлiктi  ұрлағаны  үшiн  мүлкi 
тəркiленiп, 5 жылға бас бос-тандығынан айырылады.  
Үкiм күшiне енгеннен кейiн бiр жыл өткен соң Алиевке қа-тысты iс қадағалау тəртiбiнде Алиевтiң 
қылмыс жасауға қатыс-тылығының дəлелденбеуiнен тоқтатылады.  
Алиев жазалау үкiмiн шығарған сотқа жəне тəркiленген автокөлiгi берiлген Аудандық Iшкi Iстер 
Басқармасына ол: 
а) тергеу кезiнде жəне қамау орындарында болған кезеңiн-дегi жоғалтқан еңбек ақысын; 
ə) заң көмегiн көрсеткенi үшiн оның заң кеңесшiсiне төле-ген сомаларды; 
б) конфискеленген жəне сот шешiмi бойынша сатылған мүлкiнiң құнын; 
в) “Жигулиң автокөлiгiн қайтаруды жəне оны қалпына кел-тiру (машина бiр жыл бойы АIIБ-ның 
ауласында тұрып‚ белгiсiз бiреулер оны зақымдайды) жұмыстарының құнын; 
г) моральдық зиянды өтеу жөнiнде талап арыз бередi. 
Алиевтiң талаптары қанағаттандырылуға жата ма? 
Егер  қанағаттандырар  болса‚  онда  кiм  жəне  қандай  тəртiпте  оған  келтiрiлген  зиян  орнын 
толтырады? 
8.  Соттың  шешiмiмен  Өжет  ауылының  тұрғыны  Ғаппа-  ров  Қ.  С.‚  өзiнiң  жас  баласы  Əсеттiң 
күтуiне  алимент  төлеп  тұ-ратын.  Соңында  анықталғандай  (Ғаппаровтың  көптеген  шағымы 
бойынша)‚  баланың  iс  жүзiндегi  əкесi  жəне  iс  бойынша  тиiстi  жауапкер  көршi  Өтеп  ауылында 
тұратын оның фамилиялас адамы болып шығады. Соттың шешiмiн шығару кезiнде жəне орындалу 

қағазын толтыру кезiнде ауыл атында қате кеткен болатын (Өтеп ауылының орнына Өжет ауылы 
көрсетiлген). 
Қ. С. Ғаппаров сотқа “алиментң ретiнде төленген сомалар-дың‚ көп рет сотқа барумен байланысты 
шығындардың‚  жəне  соған  байланысты  жоғалтқан  еңбек  ақысының‚  ал  сонымен  қа-тар  оған 
келтiрiлген моральдық зиянның орнын толтыру жө-нiнде талап арызын бередi.  
Қ. С. Ғаппаровтың талаптары қанағаттандыруға жата ма? Бұл iс қалай шешiлуi тиiс? 
9.  Сабыров  дүкеннен 2 жылға  кепiлдiк  берiлген  “Радугаң  түрлi-түстi  теледидарын  сатып  алады. 
Екi жарым жылдан соң теледидар өзiнен-өзi өртенiп кетедi де‚ Сабыров пəтерiндегi өрт-ке себепшi 
болады.  Өрт  нəтижесiнде  Сабыровтың  бүкiл  жиһазы  жанып  кетедi‚  ал  пəтердiң  жөндеу 
жұмыстарына 300 000 теңге  жұмсалады.  Өрт  сөндiру  кезiнде  Сабыров  пəтерiнен  кеткен  су 
төменде орналасқан Ботбаев пəтерiне енiп‚ төбесi мен кереге-лерiне ағады. Оны жөндеуге 80 000 
теңге  жұмсалады.  Экспертиза  қорытындысы  бойынша  Сабыров  пен  оның  жанұясы  жағынан
теледидар пайдаланудағы қателiктерi болмады‚ ал теледидардың жанып кетуi оны құрастырғанда 
жылуға төзiмсiз материалдарды пайдаланғанның салдарынан болғаны анықталады.  
Сабыров  пен  Ботбаев  теледидар  сататын  дүкенге  оларға  кел-тiрiлген  зиянның  орнын  толыру 
жөнiнде  талап  арызын  ұсынады.  Қойылған  талаптарға  қарсылық  бiлдiре  отырып‚  дүкен  теледи-
дардың өзiнен-өзi жанып кетуден Сабыровқа келтiрiлген зиянда дүкеннiң‚ бiрiншiден‚ кiнəсi жоқ‚ 
ал  екiншiден‚  оның  сатқан  заттарының  кемiстiктерi  үшiн  кепiлдi  мерзiм  өткен  соң  еш 
жауапкершiлiгi жоқ екенiн көрсетедi. Ал Ботбаевтың талапта-рына қатысты‚ оған келтiрiлген зиян 
теледидардың жанып кетуiнен емес‚ Сабыров пəтерiнде өрт сөндiру салдарынан туған‚ сондықтан 
да ол өз талаптарын өрт сөндiрушiлер командасына қоюы тиiс деп жауап бередi. 
Сабыров пен Ботбаевқа келтiрiлген зиянның орнын кiм жəне қандай тəртiпте толтыруы тиiс? 
10.  Бастауыш  мектеп  оқушылары  Айдар (9 жаста)  жəне  Бе-рiк (10 жаста)  класта  ойын 
ұйымдастырады:  еденге  жəне  класта-ғы  тақтаға  “жебелерң  (қарындаштарға  байланған  инелер) 
лақты-рады.  Берiктiң  сəтсiз  лақтырылған  “жебесiнiңң  бiреуi  сол  класс  оқушысы  Мұқанов 
Мейiрдiң көзiне тиiп‚ нəтижесiнде ол көзiнен айырылады да ұзақ уақыт емдеуде жүредi.  
Мейiрдiң əкесi Берiктiң ата-анасы мен мектепке келтiрiлген зиянның: Мейiрдiң емделуiне кеткен 
шығындардың‚  оның  iшiн-де  көз  протезiнiң  құнын‚  жəне  Мейiрдiң  оқуда  артта  қалып  қал-мауы 
үшiн репетиторды жалдау шығындарының орнын толтыру жөнiнде талап арыз бередi. Сот класс 
жетекшiсiнiң  кластағы  оқу-шылар  тəртiбiн  үзiлiс  кезiнде  дұрыс  қадағаламағанына‚  ал  Берiк-тiң 
ата-анасының  ұлын  нашар  тəрбиелегенiне  сүйене  отырып‚  Берiктiң  ата-анасы  мен  класс 
жетекшiсiне ортақ түрде қажеттi сомаларды төлетедi. 
Iсте келесi құжаттар болды: 
а)  балалармен  жұмыс  iстеудегi  жауапсыздығы  мен  қауiптi  ойынды  тоқтату  шараларын 
қолданбағаны үшiн класс жетек-шiсiне сөгiс жасаған мектеп директорының бұйрығы; 
ə)  Берiктiң  мектепте  оқуының  барлық  жылдарындағы  үлгiлi  тəртiбi  жəне  жақсы  үлгерiмi  мен 
айтқанды  тыңдайтыны  көрсе-тiлген  мектептiң  Берiкке  берген  сипаттамасы.  Тұратын  жерiнен  де 
оған еш ескертулер түспеген. 
Берiктiң ата-анасы мен мектеп соттың бұл шешiмiн шағым-дайды.  
Бұл iстi қалайша шешу керек? 
11. Ереуiлов Нұрлан (17 жаста), автокөлiк жөндеу зауытында слесарьдың оқушысы, жəне Сатымов 
Уалихан  (16  жаста),  темiр  жол  колледжiнiң  оқушысы,  есiк  құлпын  сындырып,  Қалиевтiң 

меншiгiндегi “Жигулиң автокөлiгiн айдап кетедi.  
Машинаның  тұтқасына  Нұрлан  отырады.  Қуғыннан  қор-қып,  ол  автокөлiктiң  жылдамдығын 
жеделдетедi де бұрылыста көлiктi басқара алмай қалып, аударылып түсiп, жол маңындағы бағанға
соқтығады. Тап осында Ереуiлов Н. мен Сатымов У. ұс-талады.  
Көлiк зақымдалады, ал У. Сатымовтың оң жақ иығы мен екi қабырғасы сынып, нəтижесiнде ол бiр 
жылға  өзiнiң  жалпы  ең-бекке  қабiлеттiгiнiң 50%-iн  жоғалтады.  Ал  оның  оқудан  қалып  қоймауы 
үшiн ата-анасы оған репетиторлар жалдап оқытады. 
Қалиев  кəмелетке  жетпегендердiң  өздерi  Ереуiлов  Нұрлан  мен  Сатымов  Уалихан  оның  көлiгiн 
зақымдаумен келтiрген зия-нынның орнын толықтыра алмайды деп санап, олардың ата-ана-сына 
автокөлiктi жөнге келтiру жұмыстарының құнын өтеу ту-ралы талап арызын бередi.  
Сатымов Уалиханның əкесi талапқа қарсылық бiлдiре оты-рып, Қалиев көлiгiнiң сынуына өзiнiң, 
не  оның  ұлы  Уалихан,  жауап  беруi  тиiс  емес,  өйткенi  Уалихан  тек  Ереуiлов  Нұрланға  есiк 
құлпысын сындыруға көмектеседi, ал көлiктiң сынуына оны айдаған Ереуiлов Нұрлан жауап беруi 
тиiс  деп  көрсетедi.  Ол,  өз  алдына,  зиян  қатерлi  қауiп  көзiнен  болғандықтан,  ұлының  аты-нан 
Қалиевке жол апаты кезiнде Уалиханға келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап арызын
бередi.  
Бұл iс қалай шешiлуi тиiс? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет