С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


4.  Азаматша  Айдарова  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк-тiң  ательесiнде  шетелде  сатып 
алынған қымбат матадан костюм тiгуге тапсырыс бередi. Костюм пiшiнi тапсырыс берушiнiң ма-
тасы мен тұлға ерекшелiктерi ескерiле отырып, ателье сурет-шiсiнiң қолымен жасалған болатын, 
пiшiннiң  кескiнi  Айдарова-мен  келiсiлiп,  шартқа  қосымша  ретiнде  тiркеледi.  Ателье  барлық 
жұмыстарын уақытында орындайды. Дайын бұйымды алуға кел-генде, тапсырыс берушi костюмдi 
киiп  көредi  де,  таңдап  алған  пiшiн  оны  жуандатып  жəне  егде  етiп  көрсететiн  болған  соң,  оған 
жараспайды  деген  ойын  айтады.  Киiм  пiшушi  дайын  бұйымға  оның  сапасына  зақым  келтiрмей 
өзгерiстер енгiзу мүмкiн емес-тiгiн тапсырыс берушiге түсiндiрiп бередi. Тапсырыс берушi дай-ын 
костюмдi  алудан  бас  тартады  да  жаңа  пiшiн  бойынша  басқа  костюм  тiгiп  берудi  талап  етедi. 
Ателье тапсырыс берушiнiң тала-бын орындаудан бас тартып, өз алдына, iстелген жұмыстың ақы-
сын төлеудi талап етедi. Тапсырыс берушi сотқа барады. Сот мə-жiлiсi барысында Айдарованың
қорғаушысы суретшi жасап шығарған пiшiннiң ерекшелiктерi жайлы тапсырыс берушiнi ал-дын-
ала  ескертiп  қоюға  мiндеттi  екенiн  айтады.  Онымен  қоса,  мердiгер  бұйым  сапасына  əсер  ететiн 
жағдайлар жөнiнде тап-сырыс берушiге алдын-ала айтуға мiндеттi. 
Iстi шешiңiздер. Егер де дайын бұйым пiшiнi жағынан тап-сырыс берушiнiң көңiлiнен шықпаған 
жағдайда тапсырыс беру-шi мердiгерге қандай талаптар қоюға құқықты? 
5. Кəрiмбаев ательеге үйлену той костюмiн тiккiзуге тапсы-рыс бередi. Той 15 мамырда өткiзiлуi 
тиiс едi, ал тапсырысты орындау 10 мамырға келiсiлген. Тiгу барысында пiшiлген кос-тюмнiң бiр 
бөлшегi — жеңi  жоғалып  кетедi.  Материал  Кəрiм-баевтiкi  болған  соң,  ал  ательеде  ондай  мата
табылмағандықтан,  ателье  костюмдi  мерзiмiне  қарай  бiтiруге  мүмкiндiгi  болмады.  Кəрiмбаевқа 
телефон  арқылы  костюмнiң  мерзiмге  қарай  дайын  болмайтыны  жəне  егер  Кəрiмбаев  бағасын 
төлейтiн  болса,  ателье  ол  үшiн  басқа  матадан  костюм  тiгiп  беретiнi  хабарланады.  Кос-тюмнiң 
уақытында  дайын  болатынына  Кəрiмбаев  сенiмсiз  бо-лады  да  коммерциялық  дүкеннен  шетелдiк 
костюм сатып алып, сол костюмнiң жəне матаның бағасының орнын толтыруды жəне тапсырысты
мерзiмiнде орындамағаны үшiн айып төлеудi, соны-мен қоса сатып алынған костюм бағасынан 10 
есе артық мөлше-рiндей бағалаған моральдық зиянның орнын толықтыруды талап етедi.  
Сот  ательеге  Кəрiмбаевтың  сатып  алған  костюмiнiң  құнын  төлетедi  жəне  моральдық  зиян 
мөлшерiн  сол  сомаға  теңдей  етiп  белгiлейдi.  Басқа  талаптарды  қанағаттандырудан  сот  бас
тартады.  
Сот  шешiмi  дұрыс  па?  Тапсырысы  орындалмаса,  сондай-ақ  берген  матасы  жоғалған  жағдайда 
тапсырыс берушiнiң қандай құқықтары бар? 
6. Бексултанов радиотеледидар аппараттарын жөндеу ше-берханасына жөндеуге тасымалданатын 
түрлi-түстi “Юностьң  теледидарын  алып  келедi.  Бiр  аптадан  соң  ательеде  ұрлық  бо-лып,  оның 

нəтижесiнде  Бексултановтың  теледидары  да  ұрланып  кетедi.  Алдын-ала  тергеудiң  барысында 
ателье қызметкерiнiң кi-нəсi бойынша ателье сигнализация жүйесiне қосылмағаны анықталады. 
Бексултанов  ательеден  теледидарлардың  қазiргi  бағасына  сəйкес  құнын  төлеудi  талап  етедi, 
онымен қоймай айып төлеудi жəне моральдық нұқсанның орнын толықтыруды талап етедi.  
Iстi  шешiңiздер.  Егер  Бексултанов  теледидарды  ательеде  iс-тейтiн  танысына  берiп,  ешқандай 
қолхат алмаған болса, шешiм өзгере ме? 
7. Шетелдiк фирма “Консультң жауапкершiлiгi шектеулi се-рiктестiгiмен шарт жасасады, ол шарт 
бойынша  серiктестiк  əр  квартал  сайын  фирманы  Алматы  нарығындағы  темiрден  жасал-ған 
тауарлар  маркетингi  бойынша  ақпаратпен  қамтамасыз  етiп  тұруға  мiндеттi  болады.  Ақпарат 
электронды  түрде — факсмо-демдық  байланыс  арқылы  электронды  почтамен  берiлуi  тиiс 
болатын.  Серiктестiктiң  есеп  шотына  қаржы  түскенде  жасалған  шарттың  заңдылығына  салық
инспекциясы күмəнданады. Салық инспекциясы серiктестiк қызмет көрсеткенi үшiн сыйақы алады 
деп санады, ал серiктестiк болса, олардың фирмамен мердiгерлiк шарт жасасқанын айтады. Салық 
инспекциясы заңгердiң кеңесiн алуға барады.  
Қандай  түсiнiктеме  берiлуi  тиiс?  Қызмет  көрсету  жөнiндегi  шарт  пен  мердiгерлiк  шарттың 
айырмашылығы неде? 
8. Азамат Таиров бiр топ жұмысшылармен өз жерiнде сая-жай мен басқа да құрылыстарды (қора, 
монша  жəне  т.б.)  салу  жөнiнде  шарт  жасасады.  Өзара  қарым-қатынасты  реттеу  мақ-сатында 
Таиров  көршiсiнен  алған  мердiгерлiк  шарттың  үлгiсiн  ұсынады.  Жұмысшылардың  бригадирi 
бұған  келiспей‚  өздерiнiң  құрылыс-монтаж  трестiнде  iстегенде  пайдаланған  күрделi  құры-лыс 
жөнiндегi мердiгерлiк шартын ұсынады. Осы екi вариант негiзiнде тараптар “саяжай мен қосымша 
құрылыстарды салу туралы шартң деп атаған бiртұтас құжатқа қол қояды. Жұмыс-тарды бригада 
сапалы  əрi  белгiленген  мерзiмде  орындайды.  Қабылдап  алуға 3 күн  қалғанда  қатты  желден 
электрөткiзгiш жанып кетiп‚ барлық салынған құрылыстар өртенiп кетедi. 
Бригада  жұмыс  үшiн  сыйақы  төлеудi  жəне  оған  кеткен  құрылыс  материалдарының  бағасының
орнын толтыруды талап етедi — Таиров болса‚ мердiгер жұмыстарды өзi тəуекелге бара отырып 
орындайтынын сiлтеп‚ төлем төлеуден бас тартады. Дау соттың қарастыруына берiледi.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Құрылыс мердiгерлiк шартының шарттар жүйесiнде алатын орны қандай
жəне  оның  ерекшелiгi  неде?  Инвестиция  ұғымы  мен  күрделi  құрылыс  ұғымының  ара-қатынасы 
қандай? 
9. Тұрмысқа қажеттi химиялық заттарды өндiретiн жаңа кəсiпорынның құрылысы үшiн тапсырыс 
берушi — “Солтүстiк химикң акционерлiк қоғамы мен мердiгер — “Жетiсуң ак-ционерлiк қоғамы 
арасында  мемлекеттiк  контракт  жасалады.  Құрылыс  жаңадан  басталған  құрылыс  мерзiмi  үш 
жылдық  құры-лыстардың  лауазымды  тiзiмiне  енгiзiлген  болатын.  Құрылысты  қаржыландыру 
қайтармалы негiзде берiлген республикалық бюд-жет қаржысы есебiнен жəне тапсырыс берушiнiң 
өз  қаржылық  ресурстарынан  жүзеге  асырылды.  Екi  жылдық  құрылыстан  соң  бюджеттiк  қаржы 
бөлiнбеудiң  жəне  экологиялық  талаптардың  қайта  қаралуынан  құрылыс  тоқтатылады.  Тапсырыс 
берушi мер-дiгерге құрылыстың тоқтап қалуына байланысты шығындардың орнын толықтырудан
жəне орындалған жұмыстардың соңғы кезеңi үшiн ақы төлеуден бас тартады‚ сондағы сiлтегенi —
бұл  жағдайда  (оның  анықтамасы  мердiгерлiк  шартқа  қосымша  кел-iсiмде  қарастырылады‚  ал  ол 
келiсiм  жасаспаған  болатын)  жұ-мыстардың  ақысын  төлеу  мен  шығындар  орнын  толықтырудың
ерекше тəртiбi мемлекеттiк контрактта белгiленгенi. Мердiгер ондай дəйектеуге келiсе алмай‚ ҚР 
Азаматтық  кодекстiң 662-ба-бын  басшылыққа  ұстауды  ұсынады.  Тараптар  өзара  келiсiмге  ке-ле 
алмағандықтан‚ мердiгер тапсырыс берушiге талап арызбен сотқа барады.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Сот қандай шешiм шығаруға тиiс?

5-тақырып.
 
ӨТЕЛМЕЛI ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Өтелмелi қызмет көрсетудiң түсiнiгi.  
2. Өтелмелi қызмет көрсетудiң элементтерi.  
3. Өтелмелi қызмет көрсету қатынастарына тұтынушылар-дың құқығын қорғау туралы заңның 
қолданылуы.  
Есептер 
1. Шетелдiк компания жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк-пен шартқа отырады. Шарт бойынша 
серiктестiк  əрбiр  үш  күн  сайын  компанияға  Алматы  қаласы  бойынша  кеңсе  тауарларына  деген
нарықтық  сұранысты  болжап,  ол  туралы  ақпарат  берiп  тұруға  мiндеттенедi.  Ақпарат 
электорондық тасымалдағыш арқы-лы — электрондық почтамен факсмодемдiк байланыс арқылы 
жеткiзiлуге  тиiс  болатын.  Серiктестiктiң  есеп  шотына  ақша  қара-жаты  келiп  түскенде  салық 
инспекциясында жасалған шарттың құқықтық табиғаты туралы сұрақ туындайды. Яғни, жасалған 
шарт мердiгерлiк шарт па, əлде өтелмелi қызмет пе, себебi бұл жағдай салық төлеудiң мөлшерiне 
тiкелей əсер етедi.  
Сiздердiң  пiкiрiңiзше  өтелмелi  қызмет  көрсету  шартын  мердiгерлiк  шарттан  ажыратуға 
болатындай қандай да бiр бел-гiлер бар ма? 
2.  Бел  сырқатына  шалдыққан  Арынова,  ақылы  “Шипаң  медициналық  емханасына  емделуге 
барады.  Арнайы  дəрiгерлiк  тексеруден  өткеннен  кейiн,  Арыноваға  массаж  бен  су  процеду-расы 
тағайындалады.  Бiрнеше  рет  жасалған  емдеу  шараларынан  кейiн,  сырқатынан  айығады,  алайда 
емдеу  кезеңi  аяқталғаннан  соң  бел  сырқаты  қайта  өршидi.  Арынова  өзiнiң  емдеуге  төлеген 
ақшаларын  қайтарып  берудi  жəне  денсаулығына  тигiзген  зиян-нан  моральдық  зардап  шеккенiн, 
емдеу шараларынан кейiн айығу-дың орнына оның жағдайының нашарлағанын айтады.  
“Шипаң емханасының өкiлi, массаж бен су процедуралары  
Арыноваға  ешбiр  зиян  келтiру  мүмкiн  еместiгiн,  оның  бел  сырқаты,  емдеу  шаралары  кезiнде 
қосымша асқынған ауруға байланысты екендiгiн айтады.  
Егер Арынова емделудi əрi қарай жалғастырса, аурудан айығып кетуi мүмкiн. 
Арынова заңгерлерге жүгiнгенде, ол жұмыс нəтижесi үшiн мердiгердiң тəуекелге барып, жауапты 
болатынын ескерiп, Ары-новаға тұтынушылар құқығының қорғау туралы заңға сəйкес талап арыз
берiп  “Шипаң  емханасына  төленген  ақшаны  қайта-рып  алуға  жəне  моральдық  зардаптың  орнын 
толтыруды талап етуге кеңес бередi. 
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Тараптардың дəлелдерiн талқыла-ңыздар?  
  

6-тақырып.
 
ТАСЫМАЛДАУ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Тасымалдауды ұйымдастыру мен оның түрлерi. 
1.1. Көлiк түрi жəне олардың ұйымдық құрылымы. 
1.2.  Жүк  тасымалдауды  ұйымдастырудың  құқықтық  нысан-дары  (тапсырыс‚  мəлiмдеме‚ 
графиктер). 
1.3. Көлiктiк шарттар жүйесi (тасымалдауды ұйымдастыру шарты жəне бiр реттiк шарттар). 
2. Жүк тасымалдау шарты: 
2.1. Жүк тасымалдау шартының түрi жəне оны жасасудың тəртiбi; 
2.2.  Жүк  тасымалдау  бойынша  мiндеттемеге  қатысушылар  (шарт  субъектiлерi  жəне  жүк 
алушының құқықтық жағдайы); 
2.3. Тiкелей аралас қатынаста жүктердi тасымалдау шар-тының ерекшелiктерi; 
2.4. Жүктердi тасымалдау бойынша мiндеттеменiң қатысу-шыларының құқықтары мен мiндеттерi 
(тасымалдау тапсы-рысынан жəне жүк тасымалдау шартынан туған мiндеттемелер). 
3. Жүктердi тасымалдау бойынша мiндеттеменi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк: 
3.1.  Жүктердi  тасымалдау  бойынша  мiндеттеменi  бұзғаны  үшiн  көлiк  ұйымдарының  жəне 
клиентураның жауапкершiлiк ерекшелiктерi. 
3.2.  Жүктердi  тасымалдау  тапсырысын  (мəлiмдемесiн)  орын-дамағаны  үшiн  жауапкершiлiк 
(субъектiлерi‚ негiздерi‚ көлемi). 
3.3. Жүктердi тасымалдау шартын бұзғаны үшiн жауапкер-шiлiк (субъектiлерi‚ негiздерi‚ көлемi). 
4. Жүктердi тасымалдау шартынан шығатын талаптардың қойылу тəртiбi жəне талап ету мерзiмi: 
4.1. Наразылық бiлдiру; 
4.2. Талап арыздарын ұсыну; 
5. Жолаушылар мен қол жүгiн тасымалдау: 
5.1. Жолаушы тасымалдау шарты (оның жалпы сипаттамасы мен түрлерi). 
5.2. Шарт бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. 
5.3. Қол жүктерiн тасымалдау шарты (оның жалпы сипат-тамасы жəне жасасу тəртiбi). 
5.4.  Жолаушы  жəне  қол  жүгiн  тасымалдау  шарты  бойынша  тараптар  жауапкершiлiгi  жəне 
талаптар қою тəртiбi. 

Есептер 
1. Алматыдағы “Ауыр машина жасау зауытың көтергiш-кө-лiктiк жабдықтар зауытына порталды 
крандар үшiн электрмотор-ларын жөнелтедi. Жүк мерзiмiнен 10 күн кешiгiп келедi. Мотор-лардың 
уақытында жеткiзiлмеу себебiнен зауыт Атырау портына крандар жеткiзу мiндеттемесiн орындай 
алмай  қалады  да‚  соң-ғысына  шартты  орындау  мерзiмiн  бұзғаны  үшiн  айып  төлейдi.  Осыған 
байланысты  көтергiш-көлiктiк  жабдықтар  зауыты  Жетiсу  темiр  жол  Басқармасынан  жүктi 
(электрмоторларды)  кешiктiрiп  жеткiзгенi  үшiн  айып  төлеудi  жəне  сатып  алушыға  крандарды 
мерзiмнен  кешiктiрiп  жеткiзгенi  үшiн  төлеген  жəне  Каспий  па-роход  шаруашылығына  жүктi 
(крандарды)  тасымалдауға  берме-генi  үшiн  төлеген  айыппұлдар  шығындарының  орнын  толды-
руды талап етедi.  
Зауыт талаптарын қанағаттандыруға бола ма?  
2.  Автомобильдiк  көлiкпен  жүк  тасымалдаудың  бiр  жылдық  шартын  жасасу  барысында 
автокөлiктiк кəсiпорын мен жүк жө-нелтушi арасында шарт бойынша келiспеушiлiктер туады.  
Автокөлiк кəсiпорны жобаға келесi шарттарды енгiзедi: 
1.  Жүк  жөнелтушi  жүктiң  дұрыс  жүктелмеуiнiң  барлық  сал-дарына‚  оның  iшiнде  тасымалдау 
құралдарының  зақымдануына  жəне  тасымалдау  қауiпсiздiгiне  жауапты.  Бiрақ  жүк  жөнелтушi 
тарап  оған  келiспеушiлiк  бiлдiредi,  себебi  жүк  тасымалдау  Ере-жесi  бойынша  жүктi  тиеу 
барысында автокөлiк жүргiзушiсi оны қадағалап тұруға мiндеттi. 
2. Егер басқару органдарының шешiмi бойынша автокөлiк құралдары мемлекеттiк тапсырмаларды 
орындауға  тартылатын  болса‚  онда  тасымалдау  құралдарын  бермегенi  үшiн  автокөлiк  кəсiпорны 
жауапкершiлiктен босатылады. 
Жүк  жөнелтушi  тарап  мұның  заңсыздығын  айтып  өз  алдына  шартқа  келесi  шарттарды  енгiзудi 
талап етедi: 
1.  Жүк  алушыларға  жүктердi  мерзiмiнен  кешiктiрiп  жеткiзу  салдарынан  туатын  шығындарының 
орнын автокөлiк кəсiпорны толықтырады.  
2. Егер де жүк жөнелтушi автокəсiпорынды тасымалдау құ-ралдары берiлмей тұрып 2 сағ. бұрын 
ескертiп қоятын болса‚ онда ол тасымалдауға жүк бермегенi үшiн жауапты болмайды.  
Бұл шарттарға автокəсiпорын қарсы болады.  
Осы дау қалай шешiлуi қажет? 
3.  “Бейнең  жабық  акционерлiк  қоғамы  темiр  жол  басқар-масына  контейнерде  тасымалданған 
жүктiң ылғал тиiп, сол се-бептен жүк бағасының түсуiнен туған шығындардың орнын то-лықтыру 
жөнiнде талап арызын ұсынады.  
Коммерциялық  актiде  көрсетiлгендей‚  төбесiнде  тiгiстерiнiң  арасы  ажырап  кеткен  техникалық 
жағынан жөндi емес контей-нерге жүктi тиеген жүк жөнелтушiнiң кiнəсiне сiлтеп‚ темiр жол арыз 
берушiнiң талабынан бас тартады.  
“Бейнең  жабық  акционерлiк  қоғамы  контейнердегi  кем-шiлiктердi  жүк  жөнелтушi  жүктi  тиеу 
кезiнде  байқауы  мүмкiн  емес‚  өйткенi  олардың  тек  қараңғыда  жасанды  жарық  түсiргенде 
байқалғанына  сiлтеп‚  жүктiң  бұзылуы  үшiн  темiр  жол  жауап  беруi  тиiс  деп‚  талап  арыздың 
қанағаттандырылуын қайталап қояды.  
“Бейнең ЖАҚ-ның талап арызы қанағаттандырылуға жата ма?

4. 1995 ж. 20 маусымында  “Сайманң  зауыты  Солтүстiк  темiр  жол  басқармасына 1995 ж.  ақпан 
жəне наурыз айындағы жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн айып төлеуге жəне жолдың 
вагондарды  қоймау  себебiнен  өнiмдi  жеткiзу  мерзiмiнен  кеш  қалғаны  үшiн  зауыттың  өз 
сатушыларына  төлеген  айыбы  көлемiнде  шығындарының  орнын  толтыру  жөнiнде  талап  арыз 
бередi.  
Жол Басқармасы талап арыз бойынша келесiдей қарсылық-тарын бiлдiредi: 
1. жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн айып тө-леудi талап етуге қатысты арыз 
берушi Қазақстан Республикасы Темiр Жолдарының уақытша Жарғысының 152 б. 
қарастырылған талап қою тəртiбiн бұзған: айыптың тиiстi сомалары бойынша есептесу арыз 
берушiге — ақпан айындағысы 6 наурызда, ал наурыз айындағысы 12 көкекте хабарланған 
болатын. Ал арыз берушiнiң талабы тек 20 мамырда, яғни белгiленген мерзiм өткен соң 
жасалған болатын, соған байланысты ол арыз берушiге қарастырылмай қайтарылады;  
2. қалған сомаларды өндiрiп алу ТЖЖ-мен қарастырылма-ған, өйткенi олар арыз берушiнiң өз 
мiндеттемелерi бойынша кеткен шығындар болып табылады.  
Қазiргi заң бойынша талап қою үшiн мерзiм белгiленбеген, ал шығындар жолдың жүк тасымалдау 
жоспарын  орындамаға-нының  салдарынан  шыққанын  айта  отырып,  зауыт  өз  талап-тарын 
қанағаттандыруды талап етедi.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс жəне iстi қалай шешкен жөн? 
5. Тасымалдаудың толық айлық жоспарына жəне жүк жө-нелтушi, яғни “Апатитң бiрлестiгiнiң —
сұранысына  сəйкес  Же-тiсу  темiр  жолының  Ақтаудағы  бөлiмi 1996 ж.  көкек  айында  жүктердi 
тасымалдау  үшiн  бiрлестiкке 300 вагон  (тең  партия-лармен  онкүндiк  сайын)  жiберуi  тиiс  едi. 
Бiрлестiктiң тасымал-дауға қажеттi рудаға көп мөлшерде ие болғаны жайында мəлiмет алған жол 
бөлiмi,  бiрiншi  онкүндiкте 100 вагонның  орнына  қойырту  ретiнде 120 вагон  жiбередi.  Бiрлестiк, 
100 вагонды тиеп, еш негiздеусiз 20 вагонды тиеуден бас тартады. 
Екiншi  онкүндiкте  жоспар  бойынша 100 вагонның  орнына  жол 80 вагон,  ал  үшiншi  онкүндiкте 
жүк жөнелтушiнiң мəлiмде-месiне сəйкес 100 вагон бередi.  
“Апатитң  бiрлестiгi  темiр  жолдың  Ақтаудағы  бөлiмiне  тасы-малдау  жоспарын  орындамау  —
екiншi онкүндiкте 20 вагон кем бергенi үшiн айып төлеу жөнiнде талап арызын ұсынады.  
Талап  арызға  қарсылық  бiлдiре  отырып,  жол  бөлiмi  жүк  жө-нелтушiнiң  талабын  негiзсiз  деп 
көрсетедi, өйткенi екiншi он-күндiкте бiрiншi онкүндiкте жiберiлген, бiрақ тиелмеген, 20 ва-гонды 
есепке ала отырып, 80 вагон жiберiлген болатын.  
Сонымен,  жалпы  бiр  айда 300 вагон  жiберiлдi,  яғни  тасы-малдау  жоспары  орындалды. 
Тасымалдау жоспарын орындамау үшiн айып төлеу ай нəтижелерi бойынша жасалуы керек. 
Жол бөлiмi өз алдына “Апатитң бiрлестiгiнен бiрiншi онкүн-дiкте тиелмеген 20 вагон үшiн айып 
төлеудi жəне сол себептен тұрып қалған вагондардың келтiрген шығындарын өтеудi талап етедi. 
Сонымен  қатар,  талап  арыз  бөлiмге  емес,  жүк  тасымалдау  бойынша  құқықтық  қарым-
қатынастардың  субъектiсi  болып  табылатын  темiр  жол  басқармасына  қойылуы  тиiс  деп  санады 
бөлiм. 
Тараптардың дəлелдерiн талдап, дауды мəнi бойынша ше-шiңдер. 
6. Супермаркет дүкенi тасымалдаушыға — Алматы темiр жол басқармасына жəне өнiм берушiге 
—  ет  комбинатына  жауапкер  ретiнде  жетiспеген  еттiң  орнын  толықтыру  туралы  талап  арызын 
бередi. Жүк бүтiн вагонда, бiрақ пломбасы жоқ күйде келедi. Оны ашқанда вагонның толығымен 
жүктелгенi  жəне  жетiспеген  жүк  мөлшерi  оған  сыймайтыны  анықталады.  Еттiң  кесiлгенi  жəне 

басқа  зақымдары  байқалған  жоқ.  Бұл  жайт-тар  ет  комбинатының  экспедиторымен  расталып, 
коммерциялық актiде көрсетiлген.  
Жүктiң жетiспеушiлiгiне кiм жауап тартуы тиiс? Егер жүк жiберушi жөнелткен вагон белгiленген 
бекетке дұрыс күйде жəне пломбаларын сақтап келген болса, шешiм өзгере ме?  
7.  Шымкенттен  Алматыға  № 5 автокəсiпорынның  көлiгiмен  жартылай  жүн  матасын  тасымалдау 
барысында жол бойында көлiкте өрт пайда болып, нəтижесiнде жүктiң бiр бөлiгi опат болады да 
қалған  мата  зақымданады.  Өзiне  қойылған  талаптан,  ал  кейiннен  опат  болған  жəне  зақымданған 
матаның  құнының  орнын 5 млн.  теңге  сомасында  толықтыру  жөнiндегi  сотқа  берген  талап 
арыздан  автокəсiпорын  бас  тартады.  Жауапкер  автокөлiктiң көрсетiлген  жүк  түрiн тасымалдауға 
жарамсыз  бол-ғанын  жəне  оған  жүк  жiберушi  кiнəлi  деп  санайды.  Көлiк  арызданушыға 
жабдықтарды  тасымалдау  үшiн  берiлген  болатын.  Мата  секiлдi  жүк  тек  арнайы  көлiкпен 
тасымалдануы тиiс, əрi бұл маталар қайтар жолда тиелген. 
Iстi  қарастыру кезiнде, өрттiң себебi көлiктiң техникалық жағынан оңды болмағанында жатқаны
анықталады — 60—65 км/сағ.  жылдамдықпен  келе  жатқанда,  кардандық  вал  бөлекте-нiп, 
бензобакқа соғылады да оны теседi, содан барып өт шы-ғады. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
8.  Темiр  жолдың  тасымалдау  құжаты  бойынша  Ереваннан  жүк  жөнелтушi  пломбалаған 
контейнерде темiржол-су қатынасымен Маңғыстау облыстық Агроөнеркəсiп басқармасына жүк —
электр техника  заттарын  жiбередi.  Жүктi  Кавказ темiр жолынан  Каспий кеме шаруашылығының 
кемесiне тиелгенде Ақтау пор-тында контейнердiң бұзылғаны байқалады, соған байланысты порт 
контейнердi  ашып,  оның  iшiндегiсiн  тексерудi  талап  етедi.  Ақтау  портында  жүк  алушыға  жүк 
Ақтау  портындағы  Бархатная  бекетi  жасаған  коммерциялық  актiдегi  көрсетiлгендей  жетiспеу-
шiлiкпен  берiледi.  Жүк  алушы  Каспий  кеме  шаруашылығының  Басқармасынан  жетiспеген  жүк 
сомасының орнын толықтыруды талап етедi. Кеме шаруашылығының басқармасы жүк жетiспеу-
шiлiгiнде  өз  кiнəсiн  жоқ  деп  бiлiп,  Кавказ  темiр  жолының  Бас-қармасына  талаптық  материал 
жiбередi, ол талапты қанағаттан-дырудан бас тартады. 
Жүк  алушы  Каспий  кеме  шаруашылығына  талап  арыз  бере-дi.  Жүк  жетiспеушiлiгiнiң  пайда 
болуына Каспий кеме шаруашы-лығының кiнəсi жоқ деп санап, сот талап арызды жүк жiберу-шiге 
жəне  Кавказ  темiр  жолының  басқармасына  берудi  ұсынып,  талаптық  материалды  арыз  берушiге 
қайтарып бередi.  
Жүк жiберушi соттың бұл шешiмiне шағым бередi.  
Осы дау қалай шешiлуi қажет? 
9. Сапарғалиев Ақтау қаласында жиһаз гарнитурын сатып алып‚ оны фабрикалық буып-түйiлген 
күйi қолына жүк квитан-циясын алып‚ темiржолмен жүк құжаты бойынша Алматыға жө-нелтедi. 
Жүгiн  алуға  келгенде  Сапарғалиев  гарнитурдың  кереге-сiне  зақым  келгенiн‚  сервант  əйнектерi 
сынғанын‚  оның  кере-гелерi  ұқалып  қалғанын‚  ал 6 орындықтың  екеуi  жоқ  екенiн  кө-редi. 
Гарнитурды алудан Сапарғалиев бас тартады да‚ оның құ-нының орнын толтыруды талап етедi.  
Темiр  жол  басқармасы  Сапарғалиевтiң  талаптарын  орындау-дан  бас  тартады‚  ал  жауабында 
жүктiң Ақтау  қаласының  жөнелту  бекетiнiң бүтiн пломбасымен‚  сау  вагонда келгенiн көрсетедi. 
Жəне талабын соларға қоюы керегiн айтады.  
Сапарғалиев Темiр жол басқармасынан гарнитур құнын өн-дiрiп алу жөнiнде сотқа талап арызын
бередi.  
Сапарғалиевтiң  талап  арызы  қанағаттандырарлықтай  ма?  Егер  қанағаттандырар  болса‚  онда 

қандай  мөлшерде?  Тасымалданатын  жүктердiң  сақталмауынан  туатын  темiр  жолға  қойылатын 
талап-тардың тəртiбi қандай?  
10.  Жолаушы  Мұқанов  поезға 20 мин.  кешiгедi.  Темiр  жол  вокзалының  кассасына  барып‚  ол 
поезға қала маңындағы по-ездарының кешiгуiнен отыра алмай қалғанын‚ яғни өз кiнəсiнен емес‚ 
темiр  жол  кiнəсi  екенiн  түсiндiре  отырып‚  билеттiң  толық  құнын  қайтаруды  талап  етедi.  Кассир 
Мұқановтың талабын орындаудан бас тартады.  
Мұқанов талабын қанағаттандыру керек пе? Есептi əуе жəне автомобиль көлiктерi вариантында да 
шешiп  көрiңiз.  Егер  Мұ-қанов  поезд  кеткеннен  кейiн 2 күн  өткен  соң  осы  күндерi  ауру-ханада 
жүрек  ауруымен  жатқанын  анықтайтын  қағазын  ұсынып‚  билет  құнын  қайтаруды  талап  ететiн 
болса‚ шешiм өзгерер ме едi? 
11. Сауранов Алматы — Ташкент поезының плацкарт ваго-нына билет алады. Вагонға келiсiмен‚ 
ол тура сол орынға билетi бар басқа жолаушының отырғанын көредi. Сауранов жол серiк-тен өз 
орнын босатуды немесе басқа орын беруiн сұрайды. Бар-лық орындар бос емес болғандықтан‚ жол 
серiк Саурановқа көр-шi вагонға өтiп‚ билеттер құнының айырмасын төлеп‚ купелiк орын алуды 
немесе  жалпы  вагонға  өтуiн  ұсынады.  Сауранов  ку-пелiк  орынды  алады  да‚  билет  құндары 
арасындағы айырмасын төлеуден бас тартады.  
Бұл  дауда  кiмдiкi  дұрыс?  Билетте  көрсетiлген  орынның  бе-рiлмеуi  кезiнде  жолаушылардың 
құқықтарын атап берiңiз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет