С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


3. Тайжанов əйелi жəне 11 жасар қызымен екi бөлмелi пə-терге ордер алып оған кiредi де бұрын 
тұрып  жатқан  комму-налдық  пəтердiң 20 метрлiк  бөлмесiн  босатады.  Бiрнеше  жыл  өткен  соң 
оларға  пəтердi  босату  талабымен  Сармановтар  келедi,  өйткенi  пəтер  оларға  Тайжановтардан 
бұрын  берiлген,  бiрақ та  Қиыр Солтүстiктегi  жұмыстарына  байланысты онда  тұрмайтын  болған. 
Тұрғын  үйге  заңды  түрде  кiрiп,  тұрғын  орын  бос  болып  есептелгендiктен,  ал  тұрғын  үй 
органдарында  үйдiң  бос  емес  екенi  туралы  мəлiмет  жоқ  болғандықтан  ешкiмнiң  құқығы  бұ-
зылмағанын  айтып,  Тайжановтар  үйдi  босатудан  бас  тартады.  Сармановтар  талап  арызбен  сотқа 
барады. Сот мəжiлiсiнде тұр-ғын үй органдары қызметкерлерiнiң кiнəсi бойынша үйдiң бос емес 
екенi  туралы  құжаттардың  (брон)  жасалмағаны,  сонымен  бiрге  Сармановтардың  бронiн  жаңа 
мерзiмге ұзарту туралы хабарлау қағазы бар болғандығы анықталады. 
Сотқа  келген  жергiлiктi  əкiмшiлiк  өкiлi  Тайжановтарға  басқа  пəтер  ұсынады.  Олар  болса  тұрып 
жатқан  пəтерiн  жабдықтауға  көп  қаржы  жұмсағанын,  ол  пəтердiң  жұмыс  орнынан,  баласы-ның 
баратын мектебiнен қашық емес екенiне сiлтеп, ұсыныстан бас тартады. Тайжановтардың ойынша, 
басқа  пəтер  Сарманов-тарға  берiлуi  тиiс,  өйткенi  олар  таласқан  тұрғын  үйге  кiрiп  тұрып  жатқан 
жоқ, яғни пəтерге ешқандай құқығы жоқ. 

Тараптар дəлелдерiн талдап берiңiз. Сот қандай шешiм шы-ғаруы тиiс? 
4. Үш жаннан тұратын Ормановтар жанұясы бiр пəтердiң 16 шаршы м. бөлмесiнде, ал екiншi 12 
шаршы  м.  бөлмеге  Қыр-манов  пен  Есжанова  қоныстанған.  Соңғылары  заңды  некеде 
тұрмағанымен, жетi жылдан астам уақыт бiрге осы тұрғын алаңда тұрып жатады.  
Қырмановтың  қайтыс  болуынан  кейiн  оның  бөлмесiнiң  ор-дерi  Есжановаға  берiледi. 
Ормановтардың  ойынша,  босаған  бөл-ме  олардың  жанұясына  берiлуi  тиiс,  сондықтан  да  олар 
ордердi жарамсыз деп тану жөнiнде талап арыз бередi. Талап арызда Ес-жанованың Есжановпен
заңды  некеде  тұрғаны  жəне  күйеуi  мен  оның  ата-енесi  тұрып  жатқан  ауданы 40 шаршы  м. 3 
бөлмелi пə-терде тiркелгенi көрсетiледi. 
Аудандық сот Ормановтардың талап арызын қанағаттан-дырудан бас тартады. Олар кассациялық 
шағымымен қалалық сотқа барады. 
Қалалық сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
5. Төреқұловтар өз пəтерiне үй шаруашылығын жүргiзуге жəне балаларына қарап тұруға келiскен 
алыс  туысын  зейнеткер  Əлкенованы  тiркейдi.  Ормановтар  мен  Əлкенова  бiрiгiп  шаруа-шылық 
жүргiзедi,  сонымен  бiрге  Əлкенова  өз  зейнет  ақысының  жартысын  ортақ  бюджетке  қосып
отырады. Төреқұловтар Əлке-новаға еңбек ақы төлемейдi. Балалар өсiп, Əлкенова қартайған соң, 
Төреқұловтар балаларының жанұя құрып тұрғысы келетiн-дiктен, тұрғын үй қажет деген себеппен 
Əлкенованың  үйден  шығуын  талап  етедi.  Төреқұловтардың  бiрiгiп  бiр  жанұя  болып  тұрамыз
дегенiне  сiлтеп,  Əлкенова  үйдi  босатудан  бас  тартады.  Сонымен  бiрге,  Төреқұловтардың  үйiне 
көшкенде  өз  үйiн  сатып  жiберiп,  одан  түсiрген  ақшасы  жанұяның  қажеттiлiктерiне  жəне  пəтердi 
жөндеуге кеткенiн мəлiмдейдi. Қазiргi уақытта Əлкено-ваның үйi жоқ. Төреқұловтар Əлкенованы 
үй  шаруашылығына  қарайтын  қызметкер  ретiнде  алғанын  жəне  оның  тұрғын  алаңға  ие  болу
құқының  жоқ  екенiн  айтады,  Əлкенованы  үйден  шығару  жөнiнде  талап  арыз  бередi.  Əлкенова 
қазiр тұрып жатқан Төре-құловтар пəтерiнiң бiр бөлмесiн бөлiп беру жөнiнде қарсы талап арызын
бередi.  Бұл  жағдайда,  үйлерi  коммуналдық  пəтерге  айна-лып  кететiнiн,  осылайша  қалған  жанұя
мүшелерiнiң құқықтары қысым көретiнiн ескерiп Төреқұловтар талап арызына мүлдем қарсылық
бiлдiредi. 
Iстi шешiңiздер.  
6.  Мақсұтовқа,  милиция  қызметкерi  ретiнде, 1980 жылы 2 бөл-мелi  пəтерден 17 кв.м.  бөлме 
берiледi. Ол қызмет ордерi негiзiнде пəтерге кiрiп, əйелiн жəне кейiнiрек 1982 жəне 1984 жылдары 
туған өз балаларын тiркейдi. 1983 жылы ол милиция қатарынан өз қалауы бойынша шығып кетедi.
Көршi 13 кв.м.  бөлменi 1987 жылға  дейiн  жалға  алу  шарты  бойынша  Шораевтар  алып  жатқан
болатын. 1987 жылы  бөлек  пəтер  алуына  байланысты  олар  бөлменi  босатады. 13 кв.м.  бөлме 
аудандық  атқару  комитетiнiң 25 көкек 1987 жылғы  шешiмiмен  қызмет  қатарындағы  бөлмелерге 
енiп, қызмет ордерi негiзiнде Саметоваға берiледi, ол оны 1992 жылы босатады. 
Мақсұтов 1987 жəне 1993 жылдары  өзiнiң  жанұясы  тұрып  жатқан  бөлменi  қызмет  қатарындағы 
бөлмелерден шығарылуын сұрап, аудандық əкiмшiлiкке барады, бiрақ екi ретiнде де қарсы жауап 
алады.  
1993  жылы 13 кв.м.  бөлмеге  қызмет  орденiн  Мамырова  ала-ды.  Мақсұтов  ордердiң 
жарамсыздығын  тану  жəне  босаған  тұр-ғын  алаңын  өзiне  беру  жөнiнде  талап  арызымен  сотқа 
барады.  
Сот  қандай  шешiм  шығаруы  мүмкiн?  Осы  iс  бойынша  ше-шiм  қандай  дəлелдермен  негiзделуi 
мүмкiн? Қызметтiк тұрғын үй орындарының құқықтық тəртiп ерекшелiктерiн атаңыздар.

7. Аула сыпырушы Даутова 20 кв.м. бөлмеде өзiнiң қызы мен кəмелетке толмаған немере қызымен
тұрып жатады. Дау-товаға берiлмей тұрып пəтер аудандық əкiмшiлiк шешiмiмен қызметтiк тұрғын 
үй  қатарына  жатқызылады.  Бес  жыл  жұмыс  iстеген  соң  Даутова  өз  қалауы  бойынша  жұмыстан
шығады (ем-деу мекемесiнен аурудың сипатына қарай Даутова қысқы мезгiл-де аула сыпырушы 
болып iстей алмайтыны жайлы анықтама берiледi).  
Даутоваға  жанұясымен  бiрге  қызметтiк  тұрғын  орнын  босату  ұсынылады.  Жұмыстан  шығуға 
маңызды себебi барына сiлтеп, Даутова пəтердi босатудан бас тартады. Онымен қоса, оның қы-зы 
кəмелетке жетпеген қызын жалғыз өзi бағып жатқанын айтады.  
Сотқа  Даутованың  жанұясын  басқа  тұрғын  орын  бермей  пə-терден  шығару  туралы  талап  арызы 
келiп түседi.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
8.  ТҚК-тiң  үйiн  салу  барысында  ТҚК-ның  бiр  мүшесi,  Үкi-баев,  қайтыс  болады.  Қайтыс  болу 
сəтiне  қарай  ол  жарналық  тө-лемнiң  жартысын  төлеген  болатын.  Марқұмның  əйелi,  Үкiбаева, 
оның жалғыз мұрагерi болып табылатындығынан жəне ТҚК мү-шесi болуға құқығы үстем екенiн 
негiздеп кооператив мүшел-дiгiне қабылдануын сұрайды.  
ТҚК  Үкiбаеваны  мүшелiкке  қабылдаудан  бас  таратады,  өйт-кенi  оның  күйеуi  кооперативке 
жеңiлдетiп берiлген кезек бойын-ша қабылданған, ал Үкiбаеваның ондай жеңiлдiктерi жоқ. Оны-
мен қоса ол өзiнiң ата-анасы жəне əпкесiмен 41 кв.м. пəтерде тұрып жатқандықтан тұрғын үйден 
тапшылық көрiп жатқан жоқ деген желеумен бас тартады. Үкiбаева сотқа барады. 
Үкiбаеваның  жарна  жинау  құқығы  пайда  болғанын,  демек  кооперативке  кiруге  басым  құқығы 
барын  негiзге  ала  отырып  сот  талап  арыз  берушiнiң  пайдасына  шешiм  шығарады.  ТҚК 
кассациялық шағымымен қалалық сотқа барады. 
Қалалық сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
9.  Алматының  тұрғыны  инженер  Тiлеулесов  зиянкестiгi  үшiн  ұзақ  мерзiмге  бас  бостандығынан
айырылып  сотталады,  ал  оның  жанұясы  Оралға  жер  аударылып  жiберiледi.  Қамау  орындарында 
Тiлеулесов  қайтыс  болады.  Алпысыншы  жылдары  ол  ақталады  да  қылмыс  құрамының
жоқтығынан  оның  iсi  тоқтатылады.  Ақтал-ғанынан  кейiн  Тiлеулесовтың  əйелi  мен  есейген 
балалары  бұрын  Алматыда  əкесiмен  бiрге  тұрған  жəне  олар  жер  аударылғанынан  кейiн  заң 
органдарының қызметкерiнiң бiрiне берiлген пəтердi қайтарып берудi талап етедi. Пəтердiң заңды 
тəртiп бойынша басқа адамға берiлгенiн айтып, олардың талабы мойындалмайды. Солай бола тұра 
Тiлеулесовтың жанұясы есепке алынып, Алма-тыдан сол кездердегi нормалар бойынша пəтермен 
қамтамасыз  етiледi.  Тоқсаныншы  жылдары  Тiлеулесовтар  бұрынғы  өз  пəтер-лерiн  қайтару 
жөнiндегi  мəселенi  тағы  да  көтередi.  Олар  айыры-лып  қалған  пəтерлерiнiң  қазiргi  пəтерлерiнен 
жағдайы  əлдеқайда  жоғары  болғанына  сiлтейдi.  Сонымен  қатар  бұрыңғы  үй  орны  қайтарылған
жағдайда қазiргi пəтердi босатуға келiсiм беретiнiн айтады. 
Тұрғын үй органдары Тiлеулесовтардың талабын негiзсiз деп санайды. Содан кейiн Тiлеулесовтар 
сотқа  барады.  Сотқа  Тiлеу-лесовтардың  пəтерi  олардың  əкесi  мен  күйеуiнiң  iсiн  жүргiзген 
тергеушiге  берiлгенi  жайлы  анықтама  қағазы  берiледi.  Қазiр  ол  қайтыс  болған,  ал  пəтерде  оның 
жанұясының мүшелерi тұрып жатыр.  
Iстi шешiңiздер. 
10.  Ерлi-зайыпты  Жақыповтар  Ақтөбеде  тұрғын  үй  құрылыс  кооперативiнiң  үйiнде  екi  бөлмелi 
пəтерде  тұрып  жатады.  Пəтер-дiң  жарна  төлемi  толығымен  төленген  соң,  олар  оны  қаланың 
жақсырақ ауданындағы тура сондай пəтерiне алмастыруды ұйға-рады. Ондай вариантты олар тез 
арада табады, алайда ол тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша пайдалануға берiлген мемлекет-

тiк пəтер болып шығады.  
Алмастыруды  жүзеге  асыру  үшiн  олар  нотариусқа  барады.  Соңғысы  ондай  шарттар  нотариалды 
куəландыруға жатпайтыны-на сiлтеп, шартты куəландырудан бас тартады. Сонымен бiрге, Тұрғын 
үй кодексi бойынша жалгер тек басқа жалгермен алма-суға құқығы бар. 
Ерлi-зайыпты Жақыповтар жəне алмасу бойынша олардың котрагенттерi заң кеңесшiсiне олардың 
құқықтары мен алмасу-дың тəртiбi жайлы түсiнiктеме сұрап барады. 
Заңгер қандай түсiнiктеме беруi тиiс? 
11.  Бөрiбаева  психоневрологиялық  диспансердiң  есебiнде  болып,  екi  бөлмелi  коммуналдық 
пəтердiң 14 кв.м. бөлмесiнде тұрып жатты.  
Қайтыс болмай тұрып бiр жыл бұрын өз əпкесiмен тұрғын алаңымен алмасады, оның нəтижесiнде 
жиенiнiң 2 бөлмелi пəте-рiне жанұя мүшесi ретiнде кiредi, ал оның бөлмесiне əпкесi кө-шiп келедi.
Бөрiбаева  қайтыс  болған  соң  оның  көршiлерi 14 кв.м.  пəтер  олардың  пайдалануына  берiлуi  тиiс 
деп санап, прокурордан пə-тер алмасуды жарамсыз деп тануды сұрайды. 
Прокурор қандай түсiнiктеме беруi тиiс? 
12.  Үш  бөлмелi  коммуналдық  пəтердiң 15 кв.м.  бөлмесiнде  Айтбаева, 12 кв.  м.  бөлмесiнде 
Мақанов жəне 20 кв. м.— Сеитов тұрып жатты. 1995 жылдың қаңтарында Сеитов өз бөлмесiн бас-
қа ауданның екi бөлмелi пəтерiндегi 14 кв. м. бөлмеге ауыстырып алады. Алмасу ордерi негiзiнде 
20-метрлiк бөлмеге 3 адамнан тұратын Көбеновтер жанұясы көшiп кiредi.  
Сол  жылдың  маусым  айында  Мақанов  та  қайтыс  болады  жəне  босаған  бөлменiң  ордерiн 1995 
жылдың тамызында Кө-беновтер жанұясы алады.  
Айтбаева 1995 жылдың қазан айында босаған тұрғын орын ордерiн жарамсыз деп тануды жəне сол 
орынды  оған  беруi  жө-нiнде  сотқа  талап  арызбен  барады  жəне  өзiнiң  мүгедек  бол-ғандықтан 
қосымша  алаңға  құқығы  барын,  блокаданы  бастан  өткiзгенiн,  əрi  əкiмшiлiкте  кезекте  тұрғанын 
айтады. Айтбаева-ның бөлмесi босаған бөлмеге жапсарлас-оқшауланған бөлме болып келедi. 
Айтбаева  талап  арызында  Көбеновтердiң 20 кв.  м.  бөлмеде  тiркелгенiмен  ешқашан  онда 
тұрмағанын  көрсетедi.  Бөлменi  əлi  күнге  шейiн  Сеитова  пайдаланып  жүр.  Көбеновтер 
жанұясының  мүшелерiнен  ешбiрi  пəтерде  болмаған,  оны  көршiлердiң  куəгер-лiк  жауабынан 
көруге болады.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
13.  Коммуналды  пəтердiң  бөлмесiнде  тұратын  Тереков  үнемi  мас  болып,  ұрыс-керiс  шығарып, 
ортақ пайдалану орындарын жинамай жүредi. Көршiлерi жəне басқа да пəтерлердiң тұр-ғындары 
онымен  бiрге  тұра  алмайтындығынан  оған  үйдi  босату  жайлы  талап  арызын  бередi. Iстi  қарау 
барысында  арыз  берушiлер  өз  талаптарын  өзгертiп,  Терековтың  тұрып  жатқан  бөлмесiн 
ауыстыруына  келiсiм  бередi.  Алайда,  Тереков  ауысып  барып  кiретiн  пəтер  тұрғындары  сотта 
қарсылық  бiлдiредi.  Олар  басқа-лар  құтыла  алмай  жүрген  маскүнемнiң  өздерiнiң  пəтерiне  келiп 
кiруiне қарсы тұрады.  
Iстi шешiңiздер. 
14.  Коммуналдық  тұрғын  үй  қорының  бiр  бөлмелi  пəтерiнде  тұрып  жатқан  ерлi-зайыпты 
Асановтар  некелерiн  бұзады.  Не-келерiнен  үш  жасар  ұлы  бар.  Некенi  бұзған  соң  Асанов  жанұя-
сын  тастап  өз  тағдырын  басқа  əйелмен  қосады.  Көп  ұзамай  Аса-нов  пəтердi  коммуналдық 

пəтердегi екi бөлмеге алмастыру жө-нiнде талап арызын бередi. Асановтың бұрынғы əйелi қолын-
дағы  кiшкене  баласымен  бөлек  пəтерден  коммуналдық  пəтерге  бармайтынын,  жанұяның 
бұзылуына  арызданушы  кiнəлi  екенiн,  оның  үстiне  ол  ұлын  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуi  тиiс 
екенiн, ал өзi жеткiлiктi тұрғын алаңы бар жаңа əйелiнiң үйiнде тұра алатынын айтады.  
Асанова  бұрынғы  күйеуiн  тұрғын  алаңға  құқығын  жою  жө-нiнде  арыз  бередi.  Арызға  қарсылық 
бiлдiре  отырып,  Асанов  пə-терде  ары  қарай  моральдық-этикалық  көзқарастары  бойынша  тұра 
алмағанын,  бiрақ  жүйелi  түрде  ұлымен  көрiсiп  тұрғанын  жəне  пəтерақысын  төлеуге  өз  үлесiн 
қосып  жүргенiн  көрсетедi.  Жаңа  əйелiнiң  ата-анасы  қарсы  болғандықтан  оны  тiркеу  мүм-кiн 
болмай тұр.  
Iстi шешiңiздер. 
15. Коммуналдық пəтердегi көршiлер арасында шиеленiс жағдайы қалыптасады. Ортақ пайдалану 
орындарын  жинауда  мiн-деттердiң  жүктелуiне  байланысты  қайшылықтар  туып  отырды.  Музыка 
мектебiнiң  мұғалiмi,  Кəрiмова  сабақтарына  үйде  жүрiп  дайындалады,  ол  да  барлығының 
наразылығын тудыратын. Осы қайшылықты шешу үшiн Имановтар жанұясы алмасу жасап, бө-лек 
тұруды ұсынады. Зақаровтар оған келiсiмiн бередi, алайда жалғыз тұратын Кəрiмова тұрып жатқан 
бөлмесiнен ешқайда көшiп бармайтынын мəлiмдейдi. 
Имановтар  мен  Зақаровтар  Кəрiмоваға  жəне  сонымен  қоса  жауапкердiң  бөлмесiн  күштеп 
алмастыру жөнiнде сотқа талап арыз бередi. 
Талап  арызға  наразылық  бiлдiре  отырып,  Кəрiмова,  пəтерде  бiрге  тұру  ережелерiн  бұзбағанын, 
Имановтар мен Зақаровтар арасындағы дауларға қатысы жоқ екенiн айтады. Ал скрипкада ойнау 
оның  мамандығына  қатысты  екенiн  жəне  оның  басқа  тұр-ғын  алаңына  көшуiне  ол  негiз  бола 
алмайтынын айтады. 
Iстi шешiңiздер. 
16.  Ерлi-зайыпты  Құрбановтар  кəмелетке  толмаған  екi  бала-ларына  қатысты  ата-аналық 
құқықтарынан айырылған. Оларды балаларымен бiрге тұруы мүмкiн емес деп танып, сот бiр мез-
гiлде  оларға  басқа  тұрғын  орын  бермей  үйден  шығарып  жiбередi.  Құрбановтар  соттың  басқа 
тұрғын  орын  бермей  үйден  шығарып  жiберуiн  дұрыс  емес  деп  санайды,  өйткенi  тұратын  басқа 
орын-дары  жоқ.  Сонымен  қатар  олардың  балалары  қазiргi  үйде  қал-май,  балалар  мекемесiне 
жiберiледi, демек, орын бос қалады. 
Осы  негiз  бойынша  Құрбановтар  кассациялық  сотқа  халық  сотының  шығарған  шешiмiне  шағым 
жасайды. Онда олар тұр-ғын үйден шығару жөнiндегi шешiмнен соттың бас тартуын талап етедi. 
Жоғарғы сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
17.  Ерғожин  сот  шешiмi  бойынша  əрекетке  қабiлетсiз  деп  танылады  да 1994 жылдың  ақпан 
айында  оған  қамқоршы  болып  Кесебаев  тағайындалады.  Кесебаев  қамқоршы  болып  табылады. 
1994  жылдың  наурыз  айында  Кесебаев  милиция  органдарынан  əрекетке  қабiлетсiз  Ерғожиннiң 
қамқоршысы  болып  табыла-тынын  жасырып,  Ерғожиннiң  тұрғын  орнына  танысы  ретiнде 
тiркеледi.  
1994  жылдың  желтоқсанында  Ерғожин  жəне  Кесебаев  жергi-лiктi  əкiмшiлiкпен  тұрып  жатқан 2-
бөлмелi пəтердi олардың үлестiк меншiгiне (əрқайсысына 1/2-ден) беру жөнiнде шарт жа-сасады.  
1995  жылдың  ақпанында  прокурордың  наразылығы  бойын-ша  төлқұжат  кеңсесiнiң  бастығы 
Кесебаевты заңды бұзып тiрке-лушi ретiнде тiркеуден алады.  
Сонымен қатар, прокурор жекешелендiру шартының жарам-сыздығын тану туралы талап арызын 

сотқа жiбередi. 
Iс  қалай  шешiлмек?  Қандай  заңсыз  əрекеттер  жiберiлген?  Жекешелендiру  жөнiндегi  шарттың 
субъектiсi кiм бола алады? Қамқорлыққа алынушының тұрғын үй алаңына қамқоршының қандай
құқықтары бар? 
18. Дүйсенбин кəмелетке толмаған үш баласымен бiрге бө-лек екi бөлмелi пəтерде тұрып жатты 
жəне  сонда  тiркелген. 1994 жылдың  тамызында  ол  балаларын  анасына  Қарағанды  облысына
кететiн болғандықтан тiркеуден шығарады. Сол айда ол жер-гiлiктi əкiмшiлiкпен өзi тұрып жатқан 
пəтердi  меншiкке  өткiзу  туралы  шарт  жасасады  жəне  содан  кейiн  тез  арада  Түгелбаевқа  сатып 
жiбередi. Соңғысы оны Барымтаевтың тұрғын үйiне ал-мастырып алады.  
Прокурорлық  тексеру  барысында  Дүйсенбинаның  үш  бала-сына  қатысты  ата-аналық  құқығынан 
айырылғаны  анықталады,  ал  балалар  Қарағандыда  тiркелгенiмен, iс  жүзiнде  əжесiнiң  үйiн-де 
Өскеменде тұрып жатыр. 
Прокурор  қандай  талап  арыз  беруi  қажет?  Пəтердi  жекеше-лендiру  жағдайында  кəмелетке 
толмағандардың құқығы қандай? 
19. Ерлi-зайыпты Абдрахмановтар бөлек тұрып жатты: Аб-драхманов — бiр бөлмелi пəтерде, ал 
Абдрахманова жетi  жасар баласымен жəне ата-анасымен — 2 бөлмелi пəтерде. Абдрах-манов өз 
пəтерiн жекешелендiру мақсатымен жекешелендiру агенттiгiне арызын бередi. Алайда өндiрiстегi 
жазатайым оқиға нəтижесiнде қайтыс болып кеткендiктен, пəтердi өз меншiгiне алып үлгермейдi. 
Оның  əйелi  сол  пəтерге  өзiн  құқықты  деп  санап,  тұрғын  орнын  жақсартуға  мұқтаж  жəне 
əкiмшiлiкте кезекте тұратын болғандықтан оған жəне оның баласына осы пəтердiң берiлуi туралы 
арызбен жергiлiктi əкiмшiлiккке барады.  
Оның талаптары қанағаттандырылуға жата ма? 
20. Сағатжановтар тарихи жəне мəдени ескерткiш-үйдiң соңғы қабатындағы төрт бөлмелi пəтердi 
жекешелендiрiп  алады.  Үй  күрделi  жөндеуден  ешқашан  өткiзiлмеген  болатын  жəне  қалалық 
бюджетте қаржы жоқтығынан жекешелендiру сəтiне қарай жөндеу жоспарланбаған едi.  
Жекешелендiруден  кейiн  үйдiң  төбесiн  ұстап  тұратын  жо-ғарғы  бағандар  құлап,  пəтер  тұруға 
жарамсыз  болып  қалады.  Осыған  байланысты  Сағатжановтар  олардың  меншiгiне  тең  ба-ғалы 
пəтер берудi талап етiп, жергiлiктi əкiмшiлiкке барады. Əкiм-шiлiк өкiлiнiң ойынша, басқа тұрғын 
алаңы  тек  пайдалануға  ғана  жəне  мемлекеттiк  (коммуналдық)  тұрғын  үй  берудiң  қазiргi 
нормаларына  сəйкес  берiледi.  Онымен  қоса,  ол  ауданда  сондай  тұрғын  алаңы  бар  пəтерлердiң 
жоқтығын  сiлтеп,  қандай  да  бiр  сол  тектес  тұрғын  орын  босағанын  күтудi  немесе  егер  де  өз 
қаржысымен  жөндеу  жұмыстарын  жасайтын  болса,  уақытша  тұрғын  орнын  бере  алатынын 
айтады. Сағатжановтар, үйдi күр-делi жөндеуге мүмкiндiгi болмай, тұрғын орынның жедел түрде 
жəне  уақытша  емес,  тұрақты  пайдалануға  берiлуi  тиiс  жəне  оның  тұрғын  алаңы  бұрыңғы 
пəтердiкiнен кiшi болмауы тиiс деп санады.  
Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып қоныс ауда-рудың қандай тəртiпте жүзеге асырылу 
керектiгiн айтыңыз. Та-раптардың дəлелдерiне талдау жасаңыз. 
21.  Алматыдағы  көп  пəтерлi  үйлердiң  бiрiнде  “Елесң  АҚ  орналасқан  бiрiншi  қабатта  жарылыс 
болады, оның салдарынан кеңсе орны бұзылады, əрi бiрнеше пəтер қатты зақымданады.  
Аудандық  əкiмшiлiк  бекiткен  мекемеаралық  комиссия  акты-сымен  екiншi  қабаттағы  алты  пəтер 
(олардың  iшiнде  екеуi  жеке-шелендiрiлген,  ал  төртеуi  жалға  алу  шарты  бойынша  пайдалануға 
берiлген) апатты күйде тұрғаны жəне үйдiң осы жағындағы кере-гелер қатты зақымдалғандықтан 
құлау қауiп-қатерi бары белгi-ленедi.  

Тұрғындарды көшiру жəне қираған орындарды жөндеуге байланысты қайда жəне кiмнiң есебiнен 
тұрғындарды  көшiрiп,  жөндеу  жұмыстары  өткiзiлетiнi  туралы  мəселе  туады.  Кейбiр  тұр-ғындар 
барлық шығындарды “Елесң акционерлiк қоғамына жүктеудi ұсынады. 
Егер тергеу орындары тексеру барысында жарылыстың се-бебi белгiсiз үшiншi жақтардың заңсыз 
əрекетiне байланысты болғанын анықтаған болса, жергiлiктi əкiмшiлiк қандай шешiм қабылдауы 
тиiс? 

4-тақырып.
 
МЕРДIГЕРЛIК ШАРТЫ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Жұмыстарды орындау жөнiндегi мiндеттемелердiң ұғымы жəне түрлерi.  
2. Жұмыстарды орындау жөнiндегi мiндеттемелердi басқа қарым-қатынастардан бөлiп қарау.  
3. Мердiгерлiк шарты бойынша мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi.  
4. Мердiгердiң тəуекел етуi мен ақпараттық мiндетi.  
5. Азаматтардың тапсырысы бойынша жұмыстарды орындау.  
6. Құрылыс мердiгерлiгi.  
7. Мердiгерлiк жəне құрылыстық мердiгерлiк бойынша мердiгердiң мiндетi.  
8. Тапсырыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi.  
Есептер 
1. Екi ағаш ұстасы Арлановпен 1 маусымға қарай оның сая-жайында ағаштан гараж салып беретiнi 
жайлы  келiседi.  Жұмыс-тардың  бағасы  тараптардың  “еңбек  келiсiмiң  деп  атаған  жазбаша
құжатында  белгiленедi.  Онда  салынатын  құрылысты  сипат-тамасына  (гараж  өлшемi,  фундамент 
материалы, темiр төбе жəне т.б.) қатысты барлық шарттар белгiленедi. Құрылыс материал-дарын 
Арланов 10 мамырға дейiн жеткiзiп берудi мiндетiне алады. Ағаш ұсталары жұмысқа уақытында 
кiрiсiп, 28 мамырда барлық жұмыс дерлiк бiтуге таяу болады. Олар Арлановтан 30 мамырға дейiн 
келiп жұмысты қабылдап алуын сұрайды. 29 мамырда қақпаларды орнату ғана қалады. 28-нен 29-
на  қараған  түнде  найзағай  соққысынан  гараж  тұтастай  өртенiп  кетедi. 2 маусымда  таңертең 
жұмыстарды қабылдау үшiн келген Арланов сақталған фундаменттi жəне орнатылмаған қақпаны 
көредi.  Өзi  мен  ағаш  ұсталары  арасында  мердiгерлiк  шарты  жасалған  деп  са-нап,  Арланов 
жасалған  жұмыстың  ақысын  төлеуден  бас  тартып,  ұсталардың  өз  материалынан  жаңа  гараж 
салуды талап етедi. Барлық жұмыстар (қақпаны iлуден басқасы) толығымен жасал-ғандықтан ағаш 
ұсталары  сыйақыға  құқықтары  бар  деп  са-найды,  ал  олар  бiрақ  жасасқан  шарт  қандай  екенiн 
бiлмейдi. Оларды келiсiлген сыйақы ғана қызықтырды. 
Тараптардың дəлелдерiн талдаңыздар. Егер өрт маусымның 1-нен 2-не қараған түнi болған болса, 
шешiм өзгерер ме едi? 
2.  Ережепов  тiгiншi  Масатовпен  қысқы  пальто  тiгу  туралы  келiсiм  жасайды.  Ережепов  тек 
матасын,  ал  бар  қосымшасын,  яғни  қара  қаракөл  жағаны  Масатов  табатыны  жайында  уағда-
ласады. Ережепов Масатовтың кеңесiмен пiшiнiн ескере отырып таңдап алған жағаның құны 5 000 
теңге төңiрегiнде болады. Жұ-мысты орындау уақыты бiр айға белгiленедi. Екiншi рет киiм өлшеу 
кезiнде  Масатов  Ережеповқа  қымбаттағанына  байланыс-ты  жағаны 7500 теңгеге  алуға  тура 
келгенiн  айтып,  осы  жағдайды  ақырғы  есептесу  кезiнде  ескеруiн  сұрайды.  Ережепов 2500 теңге 
қосымша төлем жасауға қарсылық бiлдiредi, бағаның өзгеру салдары оның есебiне жатпауы тиiс 
деп санады.  
Ережепов пальтоны алуға келгенде оның пальтосына жапсы-рылған қаракөл жағасы айтарлықтай 
кiшi  екенi  анықталады.  Та-раптар  арсында  дау  туады.  Ережепов  пальтоны  белгiленген  баға 
бойынша бастапқы жағасымен берудi талап етедi. Ал Масатов болса, 2 500 теңге қосымша төлем 
жасамай, Ережепов пальтосын бастапқыда келiсiлген жағамен алуға құқығы жоқ деп санады. Дау 
соттың қаралуына берiледi. 
Iстi шешiңдер. 
3.  “Шығысң  акционерлiк  қоғамы  “Монтажң  кооперативiмен  өнiм  беру  шартын  жасайды,  ол 
бойынша  кооператив  АҚ-ға  пер-соналды  компьютер  жеткiзiп  оны  орнатып  əрi  келешекте  қажет 
болған  жағдайда  жөндеп  тұруға  келiседi.  Шартта  қарасты-рылғандай  компьютерлер 1 

қыркүйектен кешiктiрiлмей қойылуы тиiс едi. Бiрақ 20 тамызда Кооператив бағалардың өзгеруiнен 
қоғам  үшiн  компьютерлердi  дер  кезiнде  алмаған  соң,  оларды  орнатып  бере  алмайтынын,  ал 
қоймасында  бар  компьютерлер  басқа  объектiге  арналғанын  мəлiмдейдi.  Қоғам  компьютерлердi 
сатып алудың жəне орнатудың барлық шығындарын “Монтажң кооперативiне жүктеп, “Сауранң 
компаниясына компьютерлердi сатып алуды жəне орнатуды тапсырады.  
Жұмыстар  орындалып  болған  соң,  қоғам  кооперативтен  жөнге  келтiру,  сынақтан  өткiзу  жəне 
қызмет  көрсету  жұмыста-рын  орындауды  талап  етедi.  Кооператив  өкiлi  компьютерлердi  сатып 
алудың  жəне  орнатудың  барлық  шығындарын  қоғамның  өзi  кооперативке  жүктеп,  шартты 
бұзғанын,  жəне  сондықтан  да  жөнге  келтiру  мен  сынақтан  өткiзу  жұмыстарын  кооператив 
жасамайтынын  айтады.  Ал  техникалық  қызмет  көрсету  бұл  жағ-дайда  қоғаммен  жасасқан 
тапсырма  шартында  қарастырылма-ған,  өйткенi  орнатудан  бөлек  жөнге  келтiру  мен  сынақтан 
өткiзу жұмыстары кооперативтiң мүддесiне кiрмейдi. Кооперативтi шартты орындауға мiндеттеудi 
талап еткен қоғам сотқа талап-арыз бередi.  
Бұл дауда кiм дұрыс? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет