С. А. Оданова, Қ. Е. Молдабаева



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата21.09.2023
өлшемі307,27 Kb.
#181949
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3830-1-7985-1-10-20220416

Әдебиеттерге шолу
Ресей ғалымдарының ішінен академиялық 
жазылымның теориялық және методологиялық 
негіздерін, академиялық жазылымды оқытудың 
әдістемесін, 
Ресейдің 
білім 
кеңістігіне 
академиялық жазылымды енгізудің моделдері 
мен механизмдерін толыққанды зерттеген И.Б. 
Корот кинаның орны ерекше, себебі ол өзінің 
«Академическое письмо: процесс, продукт и 
практика» атты оқу құралында академиялық 
жазылымның 
концепцияларын, 
моделін, 
академиялық мәтіннің бірізділігін, жазу 
принциптерін, жазу үрдісін ұйымдастырудың 
технологияларының, дереккөздерді қолданудың 
жолдары мен оларды саралауды егжей тегжейлі 
зерттеп, академиялық және ғылыми мәттіннің 
логикалық және синтактикалық проблемала
-
рына тоқталып, оларға толыққанды сарапта
-
ма жасаған, дегенменен қазіргі ақпараттық 
технологиялардың қарқынды екпінмен дамып 
жатқан дәуірде академиялық жазылымды Web 
ресурстар арқылы үйретудің жолдары автордың 
жұмыстарында көрсетілмеген.
И.Б. Короткинаның «Отандық және шет елдік 
жоғары оқу орындарында академиялық жазы
-
лымды оқытудың практикалық және теориялық 
негіздері» атты еңбегінде автор академиялық 
жазылымды оқыту заманауи универститеттің 
үш миссиясымен байланысты дей келе олардың 
қатарына ғылыми – зерттеулік, білімдік, саяси 
– әлеументтік миссияларды атай келе, олардың 
айқын азаматтық позициясы қалыптасқан, еркін 
ойлауға қабілетті ғалым даярлауға мүмкіндік 
туғызатынын айтады, сол себептен академиялық 
жазылымды оқыту әлеументтік практика ретінде 
қарастырылып, оның ғылыми -теоретикалық 
негізін қалау керектігін тілге тиек етіп, пәннің 
негізі классикалық риторикадан бастау алаты
-
нын ескертеді.(Короткина, 2018:84). 
Короткинаның пікірінше “Жазу – бұл 
ең күрделі және баяу дамып келе жатқан 
құзыреттіліктер жиынтығы, сондықтан ри
-
торика мен композицияның әр бөлімі тиісті 
құзыреттерді тиімді және біртіндеп дамытуға 
мүмкіндік беретін педагогикалық тәсілдерді, 
әдістер мен технологияларды қолдануды 
қарастырады. Өз бетінше зерттеу мәтінін қалай 
жазуға болатындығын білу үшін өз идеялары 
мен гипотезаларын алға тарту және дәлелдеу, 
қажетті ақпаратты іздеу және таңдау әдістерін 
меңгеру қажетті металлингвистикалық (тілден 
тыс) құзыреттіліктер, ғылыми дәлелдеу әдістері, 
мәтіннің аралық нұсқаларын талқылау (зерт
-
теу нәтижелері) және басқа коммуникативті 
құзыреттіліктер; және осы нәтижелерді мақсатты 
түрде, сенімді, логикалық ретке келтірілген 
мәтіндік-дискурстық құзыреттілік түрінде 
ұсыну деген сипаттама береді. Олай дейтініміз 
автордың пікірінше академиялық жазылымды 
меңгеру барысында белсенді құзыреттіліктердің 
үш түрі дамиды және жазылымға үйретудің 
дидактикалық бағыттары мәтінмен жұмыс 
барысындағы жеке тұлғаның мотивациясының 
өсуіне ,аргументация әдістерін қолдана оты
-
рып сыни пікірлерді қабылдау, өз ойын жеткізу 
сияқты құзіреттіліктер қалыптастырады. Квитси
-
ния М. «Aкадаемиялық жазылымда жоғары оқу 
орындарында оқыту ғылыми ойлау қабілетінің 
артуына, ғылымдар жүйесінде зерттеу жүргізу 
дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді»- деп 
пікір білдіреді.
И.Б. Короткина академиялық жазылымды 
барлық қырынан зерттеген десе де болады, өзінің 
«Текст как вклад в научную дискуссию: что такое 
фокус» атты жұмысында батыстың академиялық 
тәжірибесінде «назар аудару» немесе «фокус» 
деп аталып жүрген академиялық жазылымның 
негізгі конструкторларының бірінің сипаттама
-
сын береді. Автор тезис құрастыру және оның 
ғылыми мәтіндегі алатын орнына үлкен мән 
беріп, тұжырымның айналасындағы логикалық 
байланысты сипаттайды. Зерттеу барысында 
маңызды орын алып, ғылыми талқылауға өз 
үлесін қосатын ғылыми мәтінді автор интел
-
лектуалды іс-әрекет ретінде қарастыра отырып, 
ресейлік студенттер мен мамандардың шетелдік 
университеттер мен ғылыми журналдардың 
мәтіндерге қойылатын талаптары туралы қате 
түсініктің қалыптасуына байланысты туындаған 
проблемалар ауқымын және оларды шешу 
жолдарын ұсынады. Қолданылған мысалдар 
әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық 
пәндерден 
алынған, 
бірақ 
ұсыныстар 
дисциплиналық тәсілге негізделген. Автордың 
ойынша академиялық мәтінмен жұмыс бары
-
сында зейін қою немесе фокустың орны ерек
-
ше, олай болатын себебі біздің мақсатымыз 
бүкіл мәтінді бір идеяға бағыттауымыз керек, 
тақырыптың негізгі идеясын, мақсат-міндеті 
нақ айқындалып, тек осы бағытта жұмыс 
жүргізілуі қажет. (Короткина, 2018:97). Қазіргі 


140
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
таңда академиялық жазылым нақ бір жүйеге 
енгізілмегеннен мәтінмен жұмыс барысын
-
да ізденуші көптеген қиындықтарға кезігеді, 
академиялық жазылымның нақты бағыт-
бағдары болмайынша бұл мәселе шешімін тап
-
пайды.
Академиялық 
жазылым 
мәселелерін 
өзінің зерттеулеріне арқау еткен тағы бір Ре
-
сей ғалымы И.Н. Минеева «Академиялық 
жазылымның теориясы және практикасы»- атты 
мақаласында академиялық эссе жазудың те
-
ориясына тоқталып, эссе жазудың тарихына 
көз жүгіртеді. Автордың пікірінше эссе жанры 
1580 -ші жылдардан бастау алады. Ол, фран
-
цуз ойшылы М.Монтальдың «Тәжірибелер» 
атты шығармасында алғаш рет «Мен өзім»- 
атты феноменді ұсынып, өзінің ойлау процесін, 
қарқынды талдау және толғаныстар түрін жазу
-
мен береді. Минеева эссе сөзінің орыс тілді ба
-
сылымдарда алғашында «тәжірибе», «сілтеме», 
«зерттеу» деп аударылғанын, араға жүз жыл
-
дай уақыт сала ағылшын философы Ф.Бекон 
осы жанрды «эссе» деп атағанын айта келе, 
сөвет өкіметі дәуірінде эссе жанр ретінде мой
-
ындалмай, тек публисцистика өркендегенімен, 
араға уақыт сала, эссе XXI ші ғасыр жанры де
-
ген айдарға ие болып, толыққанды зерттеле 
басталып, білім беру жүйесінен нығыз орын 
алғанын айтады. (Минаева,2015:32). Автордың 
пікірінше академиялық деген сөздің өзі шет ел
-
ден еніп, оның құрылымына, жазылуына, жо
-
спарлануына қойылатын талаптардың өзі сол 
шет елдегі эсселерді басшылыққа ала отырып 
құрастырылғанын ескертеді. Автор эсселердің 
түрлерін академиялық және академиялық 
емес, мазмұнына қарай көркем әдеби, 
ғылыми, публисцистикалық, философиялық, 
лингвистикалық, формасына қарай рецензия, хат, 
сипаттау, хабарлау, талқылау ретінде жіктейді. 
Ал шет елдік гуманитария мектептері эсселерге 
басқа сипаттар береді: пікір білдіру, зерттеу, ар
-
гументация, салыстыру, саралау эсселері.
Академиялық 
жазылымды 
оқытудың 
қиындық тудыратын мәселелеріне тоқталып, 
оларды шешу жолдарын ұсынған Ресей 
зерттеушісі Л.А. Милованова өзінің «Академи
-
ческое письмо как компонент профессиональ
-
ной подготовки бакалавров педагогического 
образования» -атты мақаласында академиялық 
жазылымды үйретуде студенттерге қиындық 
тудыратын бірден бір мәселе-ол көп уақыттан 
бері үстемдік алып келген педагогтардың ба
-
сты мақсаттарының бірі болып саналатын 
коммуникативті дағдыларды қалыптастыру 
болғандықтан, жазылым нормаларына жете 
көңіл бөлінбейді, студенттер өз ойларын жаз
-
ба түрде қысқа және мағыналы түрде беру
-
ге дағдыланбаған немесе ойларын логикалық 
тұрғыдан дұрыс жеткізе алмайды деген пікір 
білдіре келе, бұл автор да, академиялық жазы
-
лым дағдыларын қалыптастырудағы эссенің 
алатын орнын, эссенің жазылу талаптарын, 
жолдарын сипаттайды. Автордың пікірінше 
академиялық жазылымды үйретудің мазмұнына 
төмендегідей дағдылар мен біліктіліктер 
енгізілуі керек, олар: академиялық мәтіннің 
жүйелік 
ұйымдастырылуы, 
академиялық 
мәтіннің тілдік ерекшеліктері, академиялық 
мәтінді жазу дағдыларын дамытатын әдіс- 
тәсілдер мен жаттығулар жүйесі, аутентикалық 
академиялық мәтіндер мен эсселер жинақталған 
оқу материалы.
Келесі Ресей педагогы О.Н. Крутикова өзінің 
«Академическое письмо» в условиях «акаде
-
мического капитализма» атты мақаласында 
академиялық жазылымды кәсіпкерлік тұрғыдан 
қарастырады. Автордың пікірінше жоғары про
-
фессионалды білім беруді заман талабына сай 
етіп икемдеудің заманауи кезеңі білім мен 
ғылымның жаңа формаларының қолданысқа 
енуіне жағдай тудыруы керек дей келе
академиялық құндылықтар ретінде пәнаралық 
байланыстың сапалы болып, білім индустри
-
ясында сұранысқа ие болуын академиялық 
құндылықтардың алғышарты ретінде атап өтеді.
Академиялық еркіндік автордың пікірінше, 
тек университет аясындағы өзіндік ғылыми 
және білімдік орта құру ғана емес, сонымен қоса 
академиялық қоғамдастықтың сыртқы ортаның 
ресурстарымен жұмыс істей алу қабілеті және 
осы арқылы қаржыландыру көздерін табуы деп 
атап кетеді. Оқу орнының беретін білімінің 
қоғамда сұранысқа ие болуы ғылыми және білім 
берудегі бағыттардың заман талабына сай бо
-
луына байланысты болғандықтан оқу орын
-
дары бірте – бірте мамандыққа бағытталған 
пәндерді енгізу арқылы нарық сұранысына ие 
болуға тырысуда. Қазіргі таңда студенттердің 
де білімге деген көзқарасы өзгеріс тауып, 
білім-тауар деген пікір қалыптасуда, және ин
-
теллектуалды кәсіпкерлік феномені дамып, 
зерттеу жұмыстарында креативті ойлау сияқты 
құндылықтар синтезделіп, студенттердің жоғары 
білімге деген селқос көзқарасы қалыптаса ба
-
стады. Сонымен қоса, көптеген оқу орындары 
жүйелерін нарыққа ыңғайлап, қарқынды түрде 


141
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
өзгертуде, сол себептен, жоғары оқу орын
-
дары кей жағдайда білімнің мазмұнына, сту
-
дент жастардың мәдени жағынан және кәсіптік 
деңгейде дамуына селқос қарайтын кездері бо
-
лады, дегенмен университеттердің ерекшелігі 
академиялық стиль болып табылатынын естен 
шығармау керек, ол дегеніміз академиялық тіл, 
оқытушылар мен студенттердің жазу мәдениеті, 
оқымыстылар және студенттер арасындағы 
ғылыми коммуникация. (Крутикова,2019:49).
Автор оқу орындарының жоғарыда аталып 
өткен мәселелерін сипаттай келе, академиялық 
жазылымның студентке бағытталған мазмұнын 
төмендегідей сипаттайды: академиялық жа
-
зылым сыни ойлау дағдыларын дамытудың 
құралы бола алады, жалпы гуманитарлық 
дайындық пен тілдік және оқу мәдениетін дамы
-
тады, университеттің академиялық ортасына ену 
арқылы профессионалдық өсу, өз бетінше білім 
алу, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. 
Дамыған акедемиялық ортасыз академиялық 
жазылым өзінің әлеуетін жоғалтады, зерт
-
теу әдістеріне бағытталған академиялық 
мәдениет, зияткерлік еркіндік, әлеументтік 
жауапкершілік сияқты құндылықтар нарық та
-
лаптарына икемделе жасалып жатқандықтан 
зерттеу жұмыстарындағы творчествалық ізденіс 
жүйесіздіктен, фрагментарлықпен сыртқы 
ортаның сұранысының төмендігінен құлдырау 
үстінде.
Академиялық жазылым Қазақстан білім 
кеңістігіне жаңадан еніп жатқан түсінік 
болғандықтан, елімізде осы мәселемен айналы
-
сып жүрген ғалымдар саны шектеулі десек те бо
-
лады, алайда елімізде академиялық жазылымның 
негізін қалаушылардың бірі Е.Т. Оспановтың 
жоғары оқу орындарының студенттеріне 
арналған оқу құралында академиялық жазылым 
мәселелерінің практикалық және теориялық 
негіздері қарастырылған. 
Автордың оқу құралында жазылым және 
оқылым әрекеттері, тақырып таңдау, ақпарат 
іздеу, сыни ойлау, плагиаттан сақтану жолда
-
ры, зерттеу әдістері, мәліметтерге талдау жа
-
сау, кіріспе, негізгі және қортынды бөлімді 
жазу сияқты академиялық жазылымның өзекті 
мәселелері қарастырылған, сонымен қоса ав
-
тор ғылымның өркениеттің дамуында алатын 
орны, оның маңызы жәйлі ақпарат берген. Ав
-
тор академиялық жазылымның мақсаты ретінде 
ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдылану, 
жалпы академиялық жазылым талаптарына 
сәйкес студенттердің стиль бағытындағы жа
-
зылым деңгейін көтеруді ескерте келе, ғылыми 
стильдің нақтылық, объективтілік, қисындылық 
сияқты ерекшеліктеріне тоқталады және 
академиялық жазылымды меңгеруде маңызды 
орын алатын лексикалық бірліктерді орын
-
ды қолдана білу, мәтін жүйесінің логикалық 
мәнін келтіру, ғылыми стилдің талаптарын 
сақтау сияқты дағдыларды атайды.(Оспанов, 
2020:87). Сонымен қоса автор академиялық 
жазылымның негізгі талаптарының қатарына 
зерттеу тақырыбының, сұрағының болуы, пла
-
гиат ережелерін сақтау, ғылыми мәліметтерді 
қолдану, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды 
бөлімдердің, түйіндеменің болуы сияқты талап
-
тарды қосады.
Отандық ғалымдар Динаева Б.Б., Сапи -
на С.М. «Академиялык сауаттылыктың теория-
лық жене практикалық негіздері» атты оку 
кұралында академиялық сауаттылықтың тео-
риялық жене практикалық меселелеріне терең 
зерттеулер жүргізіп, сипаттама береді. Қазақ 
тілінде академиялық мәтін құрастыру жолдары, 
ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу кезеңдері, 
академиялық мәтіннің басты жанрлары, эссе, ан
-
нотация, пікір, түйін, рецензия, курстық жұмыс, 
магистрлік жұмыс, докторлық диссертация жазу 
жолдары сипатталып, мысалдар келтіреді, соны
-
мен қоса оқу құралына академиялық жазылым 
туралы берілген теориялық ақпараттар бойын
-
ша тест сұрақтары және бақылау сұрақтары 
енгізілген.
Авторлар оқу құралында ғылымның қоғам-
дағы рөлі, ғылыми мәтіндер, ғылыми зерт
-
теулер әдістемесі мәселелерін терең зерттей 
келе, зерттеу жұмысын жүргізу барысындағы 
ізденуші кездестіретін зерттеу жұмысының 
тақырыбының өзектілігін анықтау, зерттеу 
жұмысының мақсаты мен міндеттері, жоспарын 
құру, жұмыстың материалын жинақтау сияқты 
мәселелердің шешімін ұсынады.
Ғылыми мақала, ғылыми мақаланың құры-
лымы, абстракттың жазылу жолдары, сипатта
-
малы абстрактілер, ақпараттық абстрактілердің 
жазылу жолдары сипатталып, тірек сөздердің 
қолданылу мақсаттары, олардың жиынтығын 
дұрыс құру жолдары түсіндіріліп, тезистің 
түрлері аталып, ғылыми жұмыстардың тезис те-
рін жіктеу жолдары айқындалып, оларды ресім-
деу, жасау алгоритмі, жазуға қойылатын талап
-
тар анықталады. (Динаева, Сапина, 2016: 98).
Қазақстандағы академиялық жазудың та
-
рихына көз жүгіртсек Р.Сыздықованың «Қазақ 
әдеби тіл білімінің тарихы» атты еңбегінде 


142
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
академиялық жазылым қазақ жазба әдебиетінің 
ұлттық кезеңіне дейінгі жартылай ғылыми 
әдебиет стиль және ресми іс қағаздар және 
эпистолярлық 
(хат-хабарлар) 
стильдерден 
бастау алатынын көреміз. Ғалым жартылай 
ғылыми стильдің қатарына діни әдебиеттер мен 
жазба шежірелерді қоса келе, іс қағаздар стиліне 
эпистолярлық стильдегі хаттар мен біреуге ар
-
налып жіберілген жазбаларды, кеңсе қағаздары 
мен өкімет тарапынан берілген бұйрықтарды 
жатқызады. (Сыздықова, 1993: 154). 
Р.Сыздықованың пікірінше, қазақ тіліндегі 
стильдік тарамдалуының басы XIX ғасырдың 
екінші жартысында мерзімді баспасөз пай
-
да болу кезеңіне тура келіп, өткен ғасырда 
недәуір етек жайып, қазырғы заманда қарқынды 
даму үстінде. Автордың пікірінше XVIII-XIX 
ғасырдың бірінші жартысында қазақтың хан, 
сұлтан, старшындарының орыс империясының 
әкімшілігіне жазысқан түрлі мағынадағы хатта
-
ры мен қағаздарының тілі орын алды, және ав
-
тор оларды сол кездегі көркем әдебиеттен бөліп 
қарастыруды ұсынады, себебі олар тілі және 
стилі жағынан ерекшеленеді. Сонымен қоса ав
-
тор сол кездегі ресми жазулардың орта ғасырлық 
түркі тілінде қалыптасқан стилі болғанын және 
олардың орфографиясында, грамматикалық 
тәсілдеріне 
тән, 
лексика-фразеологиялық 
ерекшеліктері сол ғасырдағы әлеументтік, 
қоғамдық, экономикалық ұстанымдарға байла
-
нысты құрастырылды. 
Автор өзінің еңбегінде қазақ даласында 
ғылыми стильдің даму тарихынын да хабар
-
дар ете келе XIX ғасырдың екінші жартысында 
ғылым салаларынан мәлімет беретін, ғылыми 
ақпаратты қазақ тілінде насихаттап, баяндап, 
сипаттайтын жанрдың пайда болғанын айтады. 
Автор тұжырымына дәлел ретінде Н.И. Иль-
минскийдің «Самоучитель русской грамоты 
для киргизов» деп аталатын кітаптың ақырғы 
беттеріндегі қазақ тілінде жазылған тілдік 
үлгілерді көрсетеді, сонымен қоса, ғылыми 
стильде жазылған мәтіндер табиғаттану, тарих 
пәндерінен ақпарат беріп, мерзімді баспалардан 
қысқаша мәтіндер түрінде көрініс тапқанын және 
ғылыми әдебиеттің алдында көпшілікке ғылым-
білімнің әр саласынан хабар беріп, сол кездегі 
халықтың білім дәрежесімен, сауаттылығымен 
санаса отырып жеңіл, жалпақ тілмен жеткізу 
болғандығын тілге тиек етеді. Автордың пай
-
ымдауынша сол кездегі ғылыми-көпшілік 
әдебиеттің осы мақсаты оның стиліне, тіліне 
әсер етті, себебі, ғылыми әдебиетте баяндау мен 
түсіндіру сипаты басым болды, және баяндау 
мен түсіндіру сол кездегі ғылыми әдебиеттің 
стильдік ерекшелігі болды.Сонымен қоса, автор 
ғылыми стильдің қалыптасу жолдарына мысал
-
дар келтіре отырып, қазіргі таңдағы ғылыми 
әдебиет сияқты әр ғылым саласына арналып са
-
ралынып, орнықпаса да, ғылыми –техникалық 
терминдер қолданысқа ене бастағанын, термин 
жасау принциптері мен жолдары анықталмаса 
да, ғылыми терминологияның алғашқы нысан
-
дары көріне бастағанынан және лингвитикалық 
мақсаттан гөрі ағартушылық мақсаты басым 
болғанынан хабар береді. (Сыздықова, 1993: 
159). 
Қазіргі 
ақпараттық 
технологиялардың 
өркендеген дәуірінде ғаламтордың білім беру 
жүйесіне тигізетін пайдасының мол екенін, 
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бары
-
сында web ресурстарының мүмкіндіктерін пай
-
далану уақытты үнемдеп қана қоймай, зерттеу 
жұмыстарын неғұрлым оңайландыратынын есте 
сақтай отырып, осы бағытта зерттеулер жүргізіп, 
білім берудің мақсаттары мен формаларын жақын 
болашақтағы әлеуметтік-экономикалық ортаға 
тигізетін ықпалына қарай қайта қарастыруды 
қажет етеді (Brian Street, 2015:98).
Осы орайда Ресей ғалымы И.Н.Розина озінің 
«Цифровая грамотность в курсе Академическое 
письмо» атты жұмысында академиялық жазы
-
лымды үйретудің мақсат міндеттері ақпараттық 
коммуникативтік технологияларды қолдану 
арқылы шешілетінін алға тартады. Олардың 
қатарына көп функционалды мәтіндік про
-
цессорлар, мәтінді тексеретін желілік серви
-
стер, менталды карталар мен рецензия жасау 
формаларының желілік сервистері кіретінін 
көрсетеді. Кәсіптік терминологиямен жұмысты 
дұрыс жүргізуге мүмкіндік беретін электронды 
лексикографиялық қызметтер, ғылыми мақаланы 
тексеруге арналған антиплагиат жүйелеріне са
-
раптама жасап қарастырады.
Қазіргі таңда мәтін жазу үшін қолжазба 
қолданатындардың саны өте шектеулі, себебі, 
мәтіндік редакторлар кез келген мәтінді 
тексерудің жолдарын жеңілдетіп, мәтінді сақтап, 
өзгертіп, редакциялаға мүмкіндік береді, сонымен 
қоса, желінің шексіз мүмкіндіктері зерттеушінің 
сандық технологиялардан біліктілігін арттыруға 
ықпал етеді. Орфографиялық қателерді 
түзететін мәтіндік редакторларды қолданып, 
электронды кітапханалар мен анықтамаларға 
шолу жасап, орфографиялық, пунктуациялық, 
грамматикалық және стилистикалық қателерді 


143
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
тексеретін қызметтерді пайдалану арқылы 
академиялық мәтіннің сапасын арттыруға бола
-
ды, мысалы: Орфограмма, Яндекс Спеллер, Ор
-
фограф, Реформатор, Грамота.Ру сайттарын осы 
мақсаттарда қолдануға болады. Мәтіндік процес
-
сорларда қолжазбаларды редакциялау кезінде 
рецензиялау, ескертпелер мен түзетулердің 
енгізілуі, олардың жазылуы сияқты функцияла
-
рын қолдануға болады (Розина, 2019:15).
Академиялық оқылымның терминологиялық 
негіздерін үйрету барысында мәтінді когнитивті 
түрде талдап, саралау қабілеттерін дамыта 
отырып, ғылыми мәтіннің негізгі құрамдас 
бөліктерін ажырату, фактілер мен автордың 
пікіріне аргументтер келтіру сияқты жұмыстар 
атқарылатындықтан 
сараптама 
жасалып 
отырған мәтінді терең түсініп, дұрыс интер
-
претация жасау мақсатында желідегі кейбір 
ақысыз бағдарламалар қолданылады, олардың 
қатарына MindMeister, MindMup, Mind42; 
FreeMind, XMind бағдарламаларын жатқызуға 
болады. Аталған бағдарламалар ізденушіге 
өз ойын дұрыс, толық жеткізуге мүмкіндік 
беретін менталды және интеллектуалды кар
-
та құрастыруға мүмкіндік береді. И.Н. Розина 
өзінің жұмысында лексикалық дерек көздерін 
қолданудың маңыздылығын ескерте келе, 
Multitran.ru, Грамота.ру, Academic.ru электрон
-
ды сөздіктерге сипаттама беріп, олармен жұмыс 
түрлерін сипаттайды. 
Академиялық 
алаяқтықты 
электронды 
түрде анықтау жоларының бірі антиплаги
-
ат бағдарламаларын қолдану болып табыла
-
ды. Академиялық мәтін құрастыру барысында 
ізденуші тарпынан жиі кездесетін қателіктердің 
бірі басқа автордың жұмысын көшіру болып 
табылады, студенттер дерек көздермен жұмыс 
жасау жолдарын толық меңгермегендіктен, 
жұмыстың мазмұнымен толық таныс болмаған-
дықтан немесе оны түсінбегендіктен басқа 
автордың жұмысын көшіріп алатын жағдайлар 
жиі кездеседі. (Beavis. C., 2001:141). 
Осы мәселені болдырмаудың бірден бір жо
-
лы-электронды антиплагиат бағдарламаларын 
қолдану болып табылады. Антиплагиат.ру, 
Антип лагиат. вуз, Text.ru, ағылшын тіліндегі 
Plagiarism.org, Glatt Plagiarism Screening 
Program, MOSS, AdvegoPlagiatus, Истио, Плаги
-
ата НЕТ, Детектор плагиата бағдарламаларына 
И.Н. Розинаның жұмысында шолу жасалады.
Академиялық мәтіннің метадеректерін авто
-
матты түрде аудару, шет тілінде аннотация жазу, 
мәтінді рәсімдеу кезінде қолданылатын Google 
Переводчик, Яндекс.Переводчик, Bing, Microsoft 
Translator, PROMT (Translate.Ru), Lingvo Live, 
ABBYY сияқты желідегі электронды аударма
-
шылармен жұмыс жасаудың жолдарын меңгеріп, 
оларды сауатты қолдану ізденушінің жұмысын 
айтарлықтай жеңілдетеді.
И.Н. Розина мәтіннің сілтеме көздерімен жұ-
мыс барысында қолданылатын библиография-
лық менеджерлерге шолу жасай келе, ең ал
-
дымен электронды кітапхана жүйелері Ки
-
берЛенинка, ақпараттық портал eLibrary, ЭБС 
Лань, РУКОНТ, IPR-books, Юрайт, Mendeley, 
Academia.edu и ResearchGate, Zotero, EndNote 
Online, BibTex, RefWorks, Biblioscape сайтта
-
ры бойынша дереккөздерді табуға арналған 
кеңестер береді.
Модельдеу мәселесіне келер болсақ, Ре
-
сей зерттеушісі М.Ф. Панкина «Моделирова
-
ние как метод познания в лингвистике» атты 
мақаласында когнитивті лингвитикадағы жал
-
пы тілдік бірліктерді модельдеудің маңызы, 
модель жасау жолдары жайлы сипаттама жа
-
сайды және олардың тілдік бірліктердің семан
-
тикасын ұйымдастыруда, динамикалық про-
цестердің, дискурстың құрылымын анықтауда 
қолданылуы зерттеледі. Автор тілдік мо
-
дельдерге түріне, категориясына, кластарына 
қарай классификация жасап, мақсатына қарай 
ғылыми танылымда қолдану, білімде қолдану, 
жүйелер жасауда қолдану және жүйелерді 
басқару барысында қолданатын модельдер, 
уақытқа байланысты структуралық модельдер, 
динамикалық, функционалдық деп бөле оты
-
рып, тілдік моделдерді схемалық модельдер
метафорикалық модельдер, метономиялық мо
-
дельдерге жіктеп, оларға сипаттама береді, бірақ 
аталған модельдеу жалпы тіл біліміне қатысты 
болғандықтан, академиялық оқылым, жазылым 
дағдыларын қалыптастыру жолдары автордың 
жұмысында қарастырылмаған.
Академиялық дискурстың ажырамас бөлік-
терінің бірі – эссе жазу жолдарының дағдыларын 
үйрену, авторға ойды нақты және сауатты 
тұжырымдауды, ақпаратты құрылымдауды, 
негізгі ұғымдарды қолдануды, себеп-салдарлық 
қатынастарды бөлуді, тәжірибені тиісті мы
-
салдармен суреттеуді және өз тұжырымдарын 
дәлелдеуді үйренуге мүмкіндік беретіндіктен 
(Snyder I., 2002:173), бірқатар Ресей педагог
-
тары академиялық жазылым бойынша эссенің 
конструкторларын ұсынып, эссе түрлеріне 
шаблондар жасап көпшілікке ұсынған. Эссе 
конструкторының құрамында эссе жазу бойын
-


144
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
ша кеңестер берілген, проблемаға өз көз қарасын 
білдіру, қарама қарсы пікір білдіру кезінде 
қолданатын тілдік бірліктер кесте ретінде 
беріледі және қысқа сөз тіркестері, білім, жұмыс 
және карьера, бос уақыт, адамның сырт пішіні 
тағы да басқа тақырыптарға эссе жазу барысын
-
да қолданылатын шаблондар, белсенді лексика, 
қанатты сөздер беріледі, дегенмен дайындалған 
шаблондар ағылшын және орыс тілдерінде эссе 
жазуға арналғандықтан қазақ тілінде эссе жазуға 
арналған шаблондар жоқтың қасы.
Академиялық жазылымның мәселелерін 
электрондық тұрғыдан қарастырып, өзінің 
зерттеулеріне арқау еткен Ресей зерттеушісі 
Ю.Е. Буттың «Академическое письмо для исто
-
риков» атты жұмысында автор ізденушінің 
сандық 
технологияларды 
меңгерудегі 
сауаттылық деңгейінің талаптарына тоқтала 
отырып, электронды кітапханалар, желілік 
қызметтердің интеллект карталары, байланыс 
диаграммалары, мәтіндік редакторлар, түрлерін 
сипаттай отырып British National Corpus, Oxford 
English Corpus, Corpus of Contemporary American 
English (COCA), Corpus of Historical American 
English (COHA) сияқты ағылшын және орыс 
тілдеріндегі тілдік корпустарды қолданудың 
тиімділігі айтылады.(Бут,2019:4).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет