С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет138/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

4
9
Fe
29
Pi
4
B
6
Al

аморфты қоспаның таспасы микрожарықшақтардың пайда болуынсыз 
ұстара жүзі ұшының айналасында иіле алады. Алайда созу кезінде олардың қатыстық ұзаруы 
1 ...2 %-дан аспайды. Fe
40
Ni
40
P
14
B
6
, Fe
80
B
20
, Fe
60
Cr
6
Mo
6
B
28 
аморфты қоспаларының аққыштық 
шегі сəйкесінше 2 400; 3 600; 4 500 МПа құрайды, ал аса берік болаттардың аққыштық шегі 
əдетте 2 500 МПа-дан аспайтын мəнге ие. 
Темір негізді қоспалар қанығудың жоғарғы магнит индукциясымен (B
S
=
1,5.1,6 Тл) жəне 
əдеттегі жəне жоғарғы жиіліктерде (7.16 кесте) қайта магниттелуге төменгі жоғалтумен 
сипатталады. Оларды дроссель, магниттік күшейткіштер сияқты түрлі мақсаттағы жоғарғы 
жиілікті трансформаторлардың өзегіне арналған материал ретінде қолданады. Бұл, берілген 
топтағы ең күшті аморфты қоспаларда кремнийлі электротехникалық болаттарға қарағанда 
бір ретке төмен болатын, төменгі жиынтық жоғалтулармен шартталған. 
Аморфты кобальтты қоспалардан жасалған таспаларды түрлі мақсаттағы шағын өлшемді 
жоғары жиілікті трансформаторлардың өзектерінде, сондай-ақ екінші ретті қорек көзі мен 
магнитті күшейткіштер үшін қолданады. Оларды ток кеміту детекторларында
телекоммуникация жүйесінде датчиктер ретінде (соның ішінде феррозондты типте), магнитті 
экрандар мен температуралық сезістал датчиктер үшін, сондай-ақ жоғары сезімтал магнитті 
түрлендіргіштерде пайдаланады. 
Темір, кобальт жəне никель негізді көптеген металл əйнектер 700 К (шамамен 0,5 7^) 
температурада бірнеше минут ішінде кристалл күйге өтеді. Бұл материалдарды ұзақ 
пайдалану көрсетілгеннен шамамен 300 К-ге төмен температурада ғана мүмкін. 
Осылайша, аморфты қоспалар өте аз деформациялық орнығуға ие, жоғарғы серпімді 
иілгіштік сипаттамалары бар аса берік материалдар болып табылады. 
7.16 кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет