Таза кремнеземнен (99 % SiO
2
), тұратын кварцтық шыны алу тəсілдеріне қарай екі типке
бөлінеді: оптикалық түрде мөлдір жəне мөлдір емес. Кварцтық шыны барлық белгілі шынылардан
жоғары физико-химиялық қасиеттері, жоғары ыстыққа төзімділік (1400°С), төмен ТСКК
((0,5...0,55)• 10
-6
К
-1
), жоғары термиялық беріктік (800.1 000 °С температура айырмасына
шыдайды), қышқылдар əрекетіне (еріткіштен басқа) химиялық беріктігімен өзгешеленеді.
Кварцтық шынының жоғары диэлектрлік сипаттамасы бар. Ол көрінетін, ультракүлгін, кейде
инфрақызыл аймақтарда мқлдір болып келеді. Әсіресе төмен ТСКК үйлесімінде жоғары
термиялық жəне химиялық беріктігі бар кварцтық шыны тигель, термопар, электровакууымды
бұйымдар, химиялық берік ыдыс, құбырлар, зертханалық ыдыс жасау үшін қолданылады. Көлік
құрылысында бөлшектерді 600 °С дейінгі температурада коррозиядан қорғау мақсатында шыны
эмальдар пайдаланылады. Шыны кристалдық материалдарды (ситаллдар) шынын толық немес
бөлікпен кристалдау арқылы алады. «Ситаллдар» атауы атауы орыстың «стекло» жəне
«кристаллы» сөздерінен жасалған. Ситаллдарды кейде шыны керамика деп те атайды.
Ситаллдардағы кристалдық фазаның мөлшері 95%-ға дейін жетуі мүмкін. Кристалдардың өлшемі
əдетте 1,2 мкм аспайды. Ситаллдар – тығыз, мөлдір емес, қатаң, қатты жəне газ өткізбейтін
материалдар. Олардың механикалық тығыздығы шынының тығыздығынан 2-3 есе көп. Ситаллдар
түрпілі тозуға жақсы қарсы тұрады. Төмен ТСКК мен жоғары механикалық беріктіктің үйлесімі
оларға жоғары термотөзімділік береді. Ситаллдар қышқылдар мен сілтілердің əрекетіне жоғары
химиялық төзімділікпен сипатталады. Олар жоғары температураға дейін қыздырғанда коррозияға
бейім емес жəне ылғалды мүлде жұтпайды. Жеңілдік, тығыздық, қаттылық пен технологиялықтың
үйлесімінің арқасында ситаллдар көлік құрылысында кеңінен қолданылады. Олардан 550 °С
дейінгі температурада майлау материалын қоспай жұмыс істейтін сырғанау мойынтіректерін,
піспектер, іштен жанатын қозғалтқыштардың пайдаланылған бөлшектерін, химиялық аппаратура,
синтетикалық талшықтардысозуға раналған фильералар, жұмыс дөңгелектері мен сорғыштардың
қалақтарын жасайды... Ситаллдарды металл бөлшетерді қорғауға арналған ыстыққа əрі тозуға
берік эмальдар ретінде қолданады. Ситаллдар эмальдар 900 °С температурада жұмыс істей алады.
Шынының негізгі түрлерінің қасиеттері 17.1 кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: