С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет82/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

Төмен температуралық босаңдатуды 
150. 200°С температурада өткізеді. Төмен 
температуралық босаңдатудың мақсаты –бөлшектердегі ішкі кернеуді азайту жəне жоғары 
қаттылықты сақтай отырып, мартенситтің нəзіктігін азайту, төзімділігін нығайту. 
Сурет 5.25. Өзгерту механикалық қасиеттерін 
закаленной болды, күтіп 0,4 % көміртегі, 
температураға байланысты демалыс 
Болат құрылымы төмен босаңдатудан кейін
мартенсит құрылымын түзеді. Босаңдатудың бұл 
түрі қаттылық пен тозуға төзімділікті талап ететін
кескіш аспаптарға, өлшегіш аспаптарға, машина 
құрылысы бөлшектеріне қолданылады. 
Орташа 
босаңдатуды 350.450°С температурада 
өткізеді. 
190 


Орташа босаңдатудың мақсаты - болаттың қаттылығын төмендетіп, тұтқырлығын 
жоғарылату. Болат құрылымы қаттылығы, тұтқырлығы мен төзімділігі жоғары троостит 
түрінде болады жəне соққыға төтеп беретіндігі жақсарады. 
Жоғары босаңдату. Жоғары босаңдатуды 550... 650°С температурада өткізеді. Жоғары 
босаңдатудың мақсаты қаттылық, тұтқырлық қасиеттердің оңтайлы үйлесіміне жету 
болып табылады.
Болат құрылымы түйірлі цеменит бар біртекті сорбитке түрленеді.
Жоғары босаңдату жоғары кернеу мен соққылау жүктемесіне төтеп беретін
конструкциялық болаттарға, бөлшектерге қолданылады.
Механикалық қасиеттердің жалпы кешенін жақсартуға бағытталған жоғары 
босаңдатумен шынықтырудан тұратын термиялық өңдеу - конструкциялық болаттарды
термиялық өңдеудің негізгі түрі болып табылады жəне 
жақсарту
деп аталады.Босаңдату
температурасын берілген қаттылық байланысты таңдайды.
Бұл жағдайда өнімді ең үлкен қаттылыққа шынықтырады, содан соң қаттылықты
қажетті деңгейге дейін босаңдатады. Шынықтырылған 0,8 % көміртекті болатты 
босаңдатуда қаттылықтың өзгеруі 5.26 суретте көрсетілген. Болаттың тұтқырлығы, əсіресе 
қоспалы болаттарда босаңдату тəртібіне: босаңдатудан кейінгі температураға, төзімділік 
уақытына жəне суыту жылдамдығына тəуелді. (5.27 сур). Болатта нақты температура мен 
баяу суытуда босаңдату нəзіктігі пайда болады. 
І жəне ІІ текті босаңдату сынғыштығы болып бөлінеді. 
І текті босаңдату сынғыштығы 
(қайта түрлену болмайды) шамамен 300°С 
температурада (250...400 °С интервалында )қоспалы, сонымен бірге көміртекті болаттарда 
байқалады 
Сурет 5.26. Шынықтырылған 
эвтекоидты көміртекті болаттың HRC
қаттылығының жасыту
t
отп 
температурасының 
тəуелділігі 
Сурет 5.27. Жасытудан кейін t
отп 
жасыту 
температурасы мен
с
и суыту 
жылдамдығының хромды-кремнилі болат 
тұрақтылығына əсері KCU
191 


І текті босаңдату сынғыштығының себебі - босаңдату кезіндегі мартенситтің шектеулер 
мен түйір ішінде біркелкі ыдырамауы. Метал шетіне қарай карбидтер жылдам бөлінеді, ол 
жерде кернеу жиналуы түйірлерді сынғыштыққа жеткізеді. Босаңдату температурасы мен 
қыздыру ұзақтығы ұлғайғанда түйір қимасының құрылымы теңеседі де, І текті босаңдату 
сынғыштығы жойылады. 250...400 °С температурасында қайталама босаңдату
сынғыштығын болдырмайды. 
ІІ текті босаңдату
сынғыштығы (қайталама) босаңдатудан соң 450.550 °С
температурасында баяу суыту кезінде байқалады. Босаңдатудың бұл түрі қайталамалы. Баяу 
суыту кезінде түйір шеттерінде сынғыш ұсақ карбидтер, фосфидтер мен нитриттер бөлініп 
үлгереді. Жылдам суытуда бұл бөлшектер бөлінбейді. Сынғыштықтың бұл түрі қоспалы 
болаттарға тəн, құрамында хром мен маргенец құрамы жоғары екендігі байқалады. Болатқа 
молибден (0,2.0,3%) немесе вольфрам (0,6.1 %) енгізу ІІ текті босаңдату сынғыштығын 
төмендетеді. ІІ текті босаңдату сынғыштығымен күресу жолдарына босаңдатудан соң ауада
емес, майда суыту, ірі бөлшектер үшін – суда да, сонымен бірге болатты молибден мен 
вольфрамнан қосымша қоспалау шаралары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет