Жауапкершілігі жоғары бұйымдарды цементтеуден соң төмен жасытумен екі рет
шынықтырады ( 5.29, в сур). Бастапқы шынықтыруда А
с3
нүктесі температурасынан 30.50°С
жоғары температурада бұйымның өзегінің қайта кристалдануы жүріп, ыдырау өнімдерінің
ұсақ түйірлігін қамтамасыз ететін ұсақ аустениттік түйір түзеді. Үстіңгі беттегі цементтеу
торы ериді. Қайталама қыздыруда бастапқы алынған мартенсит жасытудан өтеді жəне
үстіңгі заэвтекоидты қабаттың қаттылығын ұлғайтатын карбидтер түзіледі. Сонымен бірге,
қайталама шынықтыруда А
с3
нүктесі температурасынан 30.50°С жоғары температурада беткі
қабаты ұсақ түйірлер қамтамасыз етіледі.
Мұндай термиялық өңдеуден кейін үстіңгі эвтекоидтан кейінгі қабат карибидті жасытылған
мартенсит құрылымында болады. Өзегінің құрылымы болаттың химиялық құрамымен
анықталады. Көміртекті болаттың цементтелуінде қыздыру төмен болғандықтан өзегі
ферритті –перлиттік құрылымда болады.
Қоспалы болатты цементтеуде оның өзегі сорбит, троостит немесе мартенсит
құрылымды болаы, бірақ көміртек құрамының төмендігіне байланысты өзегі жоғары
тұтықрлыққа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: