С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



бет9/26
Дата02.02.2022
өлшемі88,29 Kb.
#130495
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
ПЕД ПРАКТИКА АЛДИЯР

Бұл мақсаттан:

  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық жолдарын анықтау;

  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдарының тиімділігін тəжірибе арқылы тексеру, ғылыми-практикалық ұсыныстарын практикаға ендіру міндеттері туындайды.

Зерттеу міндеттері бойынша тəжірибелік жұмысы Қазақтың спорт жəне туризм академиясында, Алматы қаласының №122 мектеп-гимназиясында, Алматы қаласы И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей гимназиясында, Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы №20 орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеу барысында келесі ғылыми-педагогикалық зерттеу əдістері қолданылды: ғылыми əдебиеттерді зерттеу, талдау, салыстыру, модельдеу, т.б. теориялық деңгей əдістері; сонымен қатар бақылау, педагогикалық эксперимент, сұрақ-жауап, сауалнама, педагогикалық құжаттарды    зерттеу,    т.б.  экспериментальды -эмпирикалық деңгей əдістері. Сонымен, зерттеу барысында:



  • «дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша дене шынықтыру пəні мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері;

  • дене шынықтыру пəні мұғалімі педагогикалық құзыреттілігінің моделі тəжірибеден өтті жəне педагогикалық жолдары ретінде тұлғалық-бағдарлы технологиялары;

  • болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімі педагогикалық құзыреттілігінің қалыптастырудың педагогикалық жүйесі;

  • тұлғалық-бағдарлы технологиялар жүйесіндегі портфолио жəне жобалау əдістеріне сипаттама берілді; ғылыми-практикалық ұсыныстар сынды жаңалықтар жүзеге асырылады. Бұдан зерттеудің төмендегідей:

  1. Жалпы білім  беретін  орта  мектептеріне «Дене шынықтыру пəні мұғалімінің кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» атты ақпараттық-əдістемелік семинар материалдары, сонымен қатар «Құзыретті дене шынықтыру» атты жобасы жəне «Дене шынықтыру пəні мұғалімінің портфолиосы» тəжірибеден өтті.

  1. Жалпы білім беретін мектептер мен гимназияларына «дене шынықтыру пəні мұғалімінің портфолиосы» жəне «құзыретті дене шынықтыру мұғалімдері» атты жобасы енгізілді.

  2. Зерттеу нəтижелерін дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігін дамытуда, спорттық педагогтардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау орталықтары мен қосымша білім беру факультеттерінде, сонымен бірге жалпы орта білім беретін мектептер мен гимназиялардың үрдісінде пайдалану практикалық маңыздылығы туындайды.

Құзыреттілік, біліктілік» деген ұғымды қалай түсінесіз? сұрағына респонденттердің 57%-ы бұны «білімді педагог» деп түсінеді, келесі 13%-ы «жан-жақты білімді педагог», қалған 30%-ы бұл ұғымды «өз мамандығын жақсы түсіну» дейді.

Сауалнаманың «Педагогикалық құзыреттілік» деген ұғымды қалай түсінесіз?» атты сұрағына  ешбір  қатысушы   дұрыс   жауап   бере алмаған. Осы сұрақтардан кейін «Дене шынықтыру пəні мұғалімі педагогикалық құзыреттілігі деген – ол...» сұрағына да дұрыс жауап жоқ. Сауалнаманың келесі «Білікті жаттықтырушыға тəн қабілеттілікті белгілеңіз» деген  сұраққа  ең  көп  54%  алған    қабілет  –«ұйымдастырушылық», содан    кейін    «педагогикалық» – 47%, келесі «техникалық» – 42%;«практикалық» – 39%. Ең төмен ұпай алған қабілеттілік – ол «конструктивтік».

Осы сауалнаманың талдауы көрсеткендей, болашақ маман иелері «құзыреттілік», «біліктілік», «педагогикалық құзыреттілік» ұғымдарын ажыратып,  дұрыс, нақты  жауап бере алмады.

Теориялық моделдің көрсеткіштері негізінде осы     сауалнаманың     қорытындысы    ретінде - болашақ маман иелерінің педагогикалық құзыреттіліктері жеткіліксіз жəне осы бағытта жұмыстануды талап етеді.

Сонымен бірге зерттеу міндеттері бойынша біз тəжірибе кезінде «Дене шынықтыру  жəне спорт педагогикасы» пəнінің типтік оқу бағдарламасы жəне педагогикалық практиканың типтік оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары мен

«Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша Жалпыға міндетті білім беру стандартын зерттеу міндеттеріне байланысты талдаудан өткіздік. Нормативтік құжаттарды зерттеу кезінде теориялық талдау мен синтез,  салыстыру əдістерін қолдану арқылы олардың болашақ спорттық педагогтардың кəсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағыттылығы мен мүмкіншіліктері саралаудан өтті.



Қалыптастырушы  эксперимент барысында «Дене шынықтыру жəне спорт педагогикасы» пəнінен сабақ кезінде құзыреттілікке бағытталған түрлі жобаларды жəне кəсіби-педагогикалық практикада арнайы тапсырмалар орындаудың нəтижесінде мынадай эксперимент  «өнімдері» іске қосылды: «Практикант  портфолиосы», ғалімінің портфолиосы», «Құзыретті дене шынықтыру» жобасы, т.б. Қалыптастырушы эксперимент барысында өткізілген арнайы тапсырмалардың өлшемі ретіндегі теориялық моделі бақылаудан өтті. Нəтижесінде эксперимент топтарындағы студенттердің педагогикалық құзыреттілігінің деңгейі көтерілгені дəлелденді.

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет