С (аскорбин қышқылы) витаминнің биохимиялық маңызы. Ғылыми жұмыстың өзектілігі



Дата08.09.2022
өлшемі13,73 Kb.
#149025
Байланысты:
Кеңесбай Бекзат тезис


Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы

Кеңесбай Б.Х., 2 курс жалпы медицина факультеті Шымкент, Қазақстан, bekzat.kenesbay@mail.ru , жетекші:Ордабекова А.Б., аға оқытушы

С (аскорбин қышқылы) витаминнің биохимиялық маңызы.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. С дәрумені, аскорбин қышқылы– суда еритін дәрумен. Бұл қосылыс ұлпалық, қантамырлық, сүйек жасушаларының дамуына, өсуіне және қалпына келуіне үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар бұл қышқыл темірдің дұрыс сіңірілуіне себеп болады, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Инфекциялық аурулармен күресу кезінде, аскорбин қышқылының пайдалы әсері мен құндылығы өте өзекті мәселе болып табылады. Дәрумен барлық иммундық әрекеттерді іске қосатын механизм сияқты әрекет етеді. Қәзіргі таңдағы пандемия кезінде COVID-19 вирусына қарсы берілетін дәрумендердің бірі десек болады. С витаминнің биохимиялық маңызын анықтау.
Қорытынды. Аскорбин қышқылының көпқырлы әсерлерін есепке ала отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: ол расында да адам ағзасы үшін маңызды болып табылады. Бірінші кезекте вегетериандық тәртіптегі адамдар ағзаларында осы дәруменнің болуын қадағалаулары керек. Адам ағзасы үшін тәуліктік мөлшері сақталып, реттілігімен және табиғи жолмен қабылданып отырғаны дұрыс.

Қолданылған әдебиет
1.«Биохимия» Е.С. Севериннің ред. басшылығымен, «ГЭОТАР, Медиа», 2014ж;
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия –Алматы, 2011
3. Сейтембетов Т.С. Биологиялық химия-Алматы 2011
4. Сеитов З.С., Биохимия, - Алматы, 2012;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет