АҚ жүйесінің құрылымы мен міндеттері. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылу тарихы. 1920 жылдары жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. Кеңестер одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс деп өзгертілді. Азаматтық қорғаныстың негізгі мақсаты әр түрлі төтенше жағдайларда халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. Азаматтық қорғаныс міндеттері. Азаматтық қорғаныстың басқару орындары. Азаматтық қорғаныстың негізгі күштері.
ТЖ жөніндегі Қазақстан республикасы заңдарының маңызы. Қазақстан Республикасында ТЖ жөнінде бірнеше заңдар қабылданған:
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
2. «Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы»
3. «Азаматтық қорғаныс туралы»
4. «Өрт қауіпсіздігі түралы»
5. «Төтенше жағдайлардағы құқықтық тәртіп туралы»
6. «Радиациялық қауіпсіздік туралы»
Әдебиет:
С.Арпабеков «ӨТҚ» 120-126 бет.
Р.М.Рустенова «БЖ» 5-9 бет
Н.Г.Приходько «БЖ» 16-20, 23-26 бет.
Апта 2
Тақырыбы: Табиғи төтенше жағдайлар
Дәріс мазмұны:
1. Литосфералық қауіптер (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні) Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Жер сілкінісінің күштілігі халықаралық 12 балдық Рихтер шкаласымен өлшенеді. Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырайды.
2. Гидросфералық қауіптер (су тасқыны) Су тасқыны - өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Бұл құбылыс біздің елімізде жиі болып тұрады. Әсіресе Жайық, Ойыл, Эмбі өзендері. Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.
3. Атмосфералық қауіптер (құйын, боран) Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі. Қазақстанда шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Боран – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Қардың басуы, боран туралы хабар болған бойда кедергілер орнатылып қарсы әртүрлі шаралар жасалады.
Әдебиеттер:
Арпабеков:
Рустенова: 151-178, 152-156,159-162,170-171,172-174 бет
Исанов: 47-71, 48-52,56-57, 66-67-69 бет
Приходько: 157-216 бет
Апта 3
Тақырыбы: Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және онда
көмек көрсетуді ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
Техногенді сипаттағы тж-ға жалпы түсінік. Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.
ҚӘУЗ және радиоактивті заттар бөлетін авариялар. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ) – шаруашылық мақсатта қолданылатын зат. Жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
Өрт кезіндегі іс-әрекет және ҚӘУЗ ошағынан жергілікті халықты қорғау
Әдебиеттер:
Арпабеков
Рустенова 80-88, 92, 93, 98-100 беттер
Исанов 71-84 бет
Апта 4
Тақырыбы: Ядролық қарудың жарылыс ошақтары
Дәріс мазмұны:
Ядролық зақымдану ошағына және оның зақымдау факторларына сипаттама. Ядролық қару – жарылыс кезінде ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару. Ол барлық белгілі зақымдау құралдарының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылыстың қуаты тротильдік эквивалентпен өлшенеді. Ядролық ошақ - ядролық қарудан зақымданған үйлер, адамдар, жануарлар мен өсімдіктер. Ядролық қарудың негізгі талқандаушы факторлары: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткіш радиация, төңіректің радиактивті элементтермен ластануы, электро-магниттік импульс.
2. Химиялық және бактериологиялық жарылыстардың зақымдау ошақтары
Дәріс мазмұны:
1 Химиялық зақымдану ошағы және химиялық улы заттардың ағзаға әсері. Химиялық қару – жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Улау заттары адамдарды, жан-жануарларды, өсімдіктерді, егіндерді, су қоймаларды қатты зақымдайды.Улау заттарын адамға әсері бойынша 6 топқа бөледі. 1. нервтік – салдық әсері (зарин, зоман)
2. тері жарасы әсері (иприт, люизит)
3. тұншықтыру әсері (фосген, фифосген)
4. тітіркендіру әсері (хлорпикрин, хлорацетофен)
5. жалпы улау әсері (синильдік қышқыл)
6. психикаға әсері (ВZ)
3. Биологиялық зақымдану ошағы. Бактериологиялық қару деп – патогенді микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. Бұл қарудың қауіптілігі – приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Бактериологиялық қаруды белгілеріне қарай анықтау және қолдану әдістері. Қолдану әдістері: аэрозольдік әдіс, трансмиссивтік әдіс, диверсиондық әдіс. Бактериологиялық қару ретінде аса қауіпті микроорганизмдер қолданылады, олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар.
Әдебеттер:
Арпабеков146-147
Рустенова 11-16, 16-20, 23 беттер
Исанов 85-86, 86-88 беттер
Апта 5
Тақырыбы: Ұжымдық қорғаныс құралдары
Дәріс мазмұны:
Панахана, оның құрылысы. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Панахана – жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана. Панахана адамдардың сыйымдылығына байланысты үш түрлі болып келеді. Шағын панахана – 300, орташа панахана – 300-600 адамдық, үлкені – 600 ден астам адамдық.
Панаханаға халықты кіргізу тәртібі. Қорғаныс ғимаратына адамдарды қабылдап, орналастыруды және ол жердегі тәртіпті қамтамасыз етуді, панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамының жұмысын ұйымдастыруды осы қорғаныс ғимаратының коменданты-командир жүргізеді. Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі.
Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барасында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс обьектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы 50-200 кісілік болады.
Әдебиеттер:
Арпабеков
Рустенова 35-39, 39-41, 41-42 беттер
Исанов 96-97, 97-98 беттер
Апта 6
Кредит сағат 11
Тақырыбы: Жеке қорғаныс құралдары
Дәріс мазмұны:
1. Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы. Жеке қорғаныс құралдарын үш түрге бөледі. 1. тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар
2. теріні қорғайтын құралдар.
3. медициналық құралдар.
Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарға – газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштар, шаңға қарсы мата маскалар немесе ПТМ –1. Газқағарлардың өзі екі түрге бөлінеді: сүзуші газқағарлар, айырушы газқағарлар. Сүзуші газқағарлар: ГП-5, ГП-4, ГП-7, ГП-7В, ГП-7ВМ. Айырушы газқағарлар: ИП-4, ИП-46 немесе оттегін айырушы приборлар: КИП-5, КИП-7, КИП-8 толықтай тыныс алу мүшелерін сыртқы ауадан бөлектеп тастайды. Регенераторлық патрондарға немесе баллондардың оттегі мөлшеріне қарай дем алынады. Бұл газқағарлар улы заттардың концентрациясы жоғары болған кезінде пайдаланылады.
2. Респираторлар, мақталы-дәкелі таңғыштар. Респираторлардың газқағарлардың айырмашылығы құрылысының қарапайымдылығы, салмағының аздылығы және аз уақытқа қорғай алатындығымен сипатталады. Р-2 ересек адамдарға арналған, ол синтетикалық материалдардан жасалған. Салмағы 60гр. 12 сағатқа қорғай алады. Р-2д балаларға араналған, өлшемі кіші, үздіксіз 4 сағатқа қорғай алады. Шаңға қарсы мата маскалар (ПТМ - 1) көзді, тыныс алу органдарын мақта-дәке таңғыштарына қарағанда жақсы қорғайды. 7 өлшемі бар.
3. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары ( ЖА-2, ЖЗП-8).
(ЖА-2) Жеке аптечкадағы дәрі-дәрмектер радиоактивті, улы заттарға және бактерияға қарсы қолдану үшін жеке адамдарға таратылып беріледі. Өлшемі – 90х100х20 мм, салмағы – 130 гр. Қалтаға салуға ыңғайлы. Жеті ұяшықтан тұрады. (ЖЗП-8) Жеке химиялық улануға қарсы пакетінің мақсаты мен құрылысы. Оның түрлері және қалай қолдану қажеттігінің ережесі.
Әдебиеттер:
Арпабеков
Рустенова 42-53, 53-56, 56-60 беттер
Исанов 90-100, 101-103 беттер
Приходько 95-100 беттер
Апта 7
Тақырыбы: Жәндіктер, жануарлар және өсімдіктер уымен уланған кездегі алғашқы көмек
Дәріс мазмұны:
Уланудың жіктелуі және интоксикация белгілері. Улы жәндіктер шаққан кездегі алғашқы көмек. Улану – қандай да болмасын бір жолмен түскен химиялық заттың ағзаға зиян келтіруі. Улы жәндіктер шаққанда тек аллергиясы бар адамдарға ғана қауіпті. Ара мен сонаның шағуы, жалпы улану белгілері және алғашқы көмек.Сарышаянның шағуы, улану белгілері және алғашқы көмек. Қарақұрттың шағуы, улану белгілері, алғашқы көмек. Кененің шағуы, жалпы улану белгілері, алғашқы көмек.
2. Жылан шаққандағы алғашқы көмек. Жылан уы улы бездерде түзіледі де жинақталып, үстіңгі жақтағы алдыңғы тістердегі сай және өзекпен ағады. У жараға жіберіледі де қанның ағынымен ол ағзаға таралады. Жылан шаққандағы улану белгілері. Жылан шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек: 1. Жарадан тез арада уды барынша толық шығарып алу керек. Бұл ушін шаққан жердегі уды кем дегенде 15 минут ауызбен сорады. Тек жәрдем көрсетушінің аузында жара жоқтығына көз жеткізу керек. 2. Зақымданушының тыныштығын толық сақтау керек. Аяқ-қолды қозғамай, көп су ішкізу керек.
3. Құтырған жануарлар тістеген кездегі алғашқы көмек. Құтыру ауруына қарсы вакцинаны алғаш 1885 ж. француз ғалымы Луи Пастер ойлап тапқан. Тәжірибе жүзінде жануарларға жасап, кейін адамдарға қолданды. Итке қабылған адамның тістелген жеріне йод жағып, таза дәкемен байлайды. Содан кейін ол адамды жедел емханаға жеткізу керек.
4. Саңырауқұлақтармен уланған кездегі алғашқы көмек. Улы саңырауқұлақтардың түрлері. Улы саңырауқұлақтардың уы адамның ішек-қарын жолында бұзылмайды және қорытылуы да тұрақты. Улануған кездегі жалпы белгілері. Мұндай уланған кезде мүмкіндігінше асқазанды жуып (бірнеше рет 0,5-1 л шамасында жылы су ішкізіп, тіл түбін саусақпен басу арқылы құсқызу.) жәрдем береді. Асқазанды жуғаннан кейін 30-40 таблетка активтелген көмір беріп, дереу ауруханаға жеткізу керек.
5. Өсімдіктермен уланған кездегі алғашқы көмек Улы өсімдіктердің түрлерімен танысу. Жалпы улану белгілері: ауыз кеберсіп, жұтыну бұзылады, жақыннан көріп, көз бұлдырайды, жарықтан қорқып, жүрек соғуы жиелейді, демігіп бас ауырады. Әдетте тері қызарады. Көздің қарашығы үлкейеді. Жүріс бұзылып, жүйке тозуы және елес қосылады. Зақымданушының сөзі байланыссыз, ойы келтеленеді. Алғашқы көмек. Асқазанды марганцовканың әлсіз ерітіндісімен жуу, 30-40 таблетка активтелген көмір ішкізіледі. Дереу жедел жәрдем шақыру.
Әдебиеттер:
1. Арпабеков
2. Рустенова 258-261,248-254 беттер
3. 148-149, 144-146 беттер
4. 300-303, 320-321, 311-316 беттер
Апта 8
Кредит сағат 1
Тақырыбы: Медициналық білім негіздері
Дәріс мазмұны:
Алғашқы медициналық көмектің мақсаты
Медициналық аптечка
Зақымданғандарды тасмалдау
Әдебиеттер:
1.Рустенова
2. 316-322 б.
3. 108-113 б.
4. 346-354 б.
Апта 9
Тақырыбы: Өмір және өлім белгілері. Реанимация әдістері.
Дәріс мазмұны:
Кома, коллапс, талма кезіндегі алғашқы көмек. Талып қалу (талықсу) – адам миының қансыздануынан естен кенеттен уақытша айырылуы. Бұны көбінесе психикалық жарақат деп аталады. Бұл қанның аздығынан, ыстық жерде көп отырудан, ашығудан болады. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатты басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Коллапс – лат. – құлаған бұл талықсуға қарағанда ауыр болып келеді. Ол өмір үшін қауіпті, қан қысымының өмірлік маңызды органдарындағы қан айналымының нашарлауынан болады. Өте көп қан кеткенде, өткір инфекциялық аурулар, улану кезінде болады. Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.
Естен тану (шок) ұғымы. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек. Естен тану - орталық жүйке жүйесінің қызметінің күрт нашарлауының нәтижесінде дамып, қан айналым, зат алмасу және басқа тіршілік үшін маңызды қызметінің бұзылуына әкелетін ауыр жағдай. Әсіресе сүйек зақымданғандағы жұмсақ ұлпалардың көптеп жаншылуынан, күюден , қан көп кеткендегі дененің суынуынан, қорыққаннан болады. Жарақатты естен танудың екі фазасы болады. 1.Қозу фазасы 2. Тежелу фазасы. Жарақатты естен тану өту ауыртпалығына байланысты төрт дәрежеге бөлінеді. Естен тануға көрсетілетін шаралар.
3. Биологиялық және клиникалық өлім түсінігі. Негізінен адамда екі түрлі өлім болады. Биологиялық және клиникалық. Биологиялық өлім бірнеше белгілермен сипатталады. Адам өмірімен өлімнің шекарасы термикалық күй деп аталады. Оның өзі үш сатыдан тұрады. Клиникалық өлімнің бірнеше белгілері бар. Клиникалық өлімнің ұзақтығы 4-6 минут, төменгі температурада 30-40 минут. Клиникалық өлімді анықтаудың қарапайым тәсілдерін төртке бөледі. 1. Естен танып жатқанынан толық көз жеткізу. 2. Жарыққа қарашықтың тітіркенуін тексеру. 3. Тыныс алудың жоқтығын анықтау. 4. Ұйқы артериясынан тамыр соғысының жоқтығын анықтау.
4. Жүрек жұмысын қалпына келтіру және өкпеге қолдан тыныс алу шараларын жасау әдістері. Жүрек жұмысын қалпына келтіру әдістері: 1. Прекардиальді соққы әдісі – қарапайым бірақ тиімді әдіс. Соққы қысқа және тез жасалуы керек..Егер жүрек жұмыс жасап кетсе өкпенің жұмысын қалпына келтіру әдістері жасалу қажет. Егер нәтиже бермесе жүрекке жанама массаж әдісі қолданылады. Жүрекке жанама массаж әдісі минутына 50-60 рет жасалады. Басу тереңдігі 3-4 см. Өкпенің жұмысын қалпына келтіру әдістері: Сильвестер, Калистов, Говерт әдістері
Әдебиеттер:
1. Арпабеков 201-207
2. Рустенова 264-267, 279-286 б.
3. 114-116, 143-144 б.
4. 279-287, 322-324 б.
Апта 10
Тақырыбы: Жарақаттар (бас, кеуде, іш)
Дәріс мазмұны:
Жарақаттардың жіктелуі. Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызмтенінің бұзылуы. Жарақаттануға механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық факторлар әсер етуі мүмкін. Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдалу түрлері. Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады. (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы.)
2. Бас, кеуде және іш жарақаттары. Бас сүйегі мен бас миының зақымдалуы. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын және қатты ми қабы. Бас миын зақымданған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді. Бас жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі. Кеуде жарақаты ашық және жабық болып бөлінеді. Іш жарақаттары сипаттары бойынша ашық және жабық болып бөлінеді.
Әдебиеттер:
1. Арпабеков 148-151,161
2. Рустенова 189-190, 219,224-232, 233 б.
Апта 11
Тақырыбы: Жаралар
Дәріс мазмұны:
Жаралар, олардың жіктелуі. Терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың ұлпа қабатының бүлінуінен, қан кететін зақымданған жер жара деп аталады. Жара әртүрлі жағдайларда пайда болады. Оқ тиіп өтсе теспе жара, оқ немесе әртүрлі жарықшақтар ұлпада қалып қойса тұйық жара, ұлпаны бүлдіріп өтсе жанама жара деп аталады. Операциялық жарадан басқалары инфекциялық жара деп аталады.
Жара инфекциясының түрлері, алғашқы көмек шаралары. Жара инфекциясының түрлері: абсцесс, флегмона, сіреспе (столбняк), тілме (рожистая), гангрена. Абсцесс – бұл ұлпалардың шектелген бөлімінің іріңді зақымдануы. Флегмона – төгілмелі іріңді зақымдану, ісіну, қалталанып келуі қауіпті. Сіреспе инфекциясы – бұл аурудың қоздырушы таяқшасы топырақта, татанған заттарда, құмда болады. Жара арқылы адам ағзасына түскен қоздырушы таяқшасы токсиндер түзеді. Ол адамның жүйке жүйесіне әсер еткеннен сіңірі тартылып, құрысып қалады. Тілме инфекциясы - өткір стрептококкты ауру.
3. Асептика, антисептика. Асептика – жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Заттар мен аспаптардағы, басқа бұйымдардағы микробтарды толық жою тазарту деп аталады. Антисептика – жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою.
Әдебиеттер:
1. Арпабеков
2. Рустенова 189-190, 219,224-232, 233 б.
3. Исаин 343-346, 325-326 б.
Апта 12
Тақырыбы: Қансырау. Қан тоқтату.
Дәріс мазмұны:
1. Қансыраудың түрлері. Қан плазмадан және қан клеткаларынан тұрады. Зақымдалған сипатына байланысты қан кетудің бірнеше түрі бар: артериялық қан кету (күре тамыр), веналық қан кету (көк тамыр), капиллярлық қан кету (қыл тамыр), паренхиматоздық (ішкі қан кету). 1. Артериялық қан – бұл жүректен шыққан қан, ол үлкен қысыммен әрі үлкен жылдамдықпен жылжиды. Бұндай қан кету өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде ағзадан көп қан кетеді. Белгілері: қан ашық қызыл түсті, жарақат алған жерден қан атқылап ағады. Веналық - бұл баялау жылдамдықпен жүрекке қарай жылжитын қан. Зақымдалған жерден қан бірқалыпты үздіксіз ағыспен баяу шығады. Түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл болады. Қыл тамырлар – бұл өте майда қан тамырлар, мұнда қанның жылжу жылдамдығы өте баяу болады. Өздігінен бірнеше минутта қан ұйып үлгеред.
2. Ішкі қансырау белгілері, ондағы іс-әрекет. Паренхиматоздық – ішкі қан кету бұл да өте қауіпті және оны анықтау әдетте өте қиын болады. Себебі ол кезде қан сыртқа шықпай ағзаның ішіне жиналады. Белгілері:
1. Мұздай тер, адам бозарады.
2. Қан тамырларының соғуы жиелейді.
3. Қан қысымы төмендейді.
4. Көз қарауытады.
3. Қанды уақытша тоқтату әдістері. Қан тоқтату әдістері: уақытша және түпкілікті қан тоқтату әдістері. Уақытша қан тоқтату әдістері:
а) артерияларды саусақпен басып қан тоқтату әдісі. Тамырды басатын орындарын табу.
б) жгут салу тәртібі.
в) аяқ-қол буындарын қатты бүгу немесе жоғары көтеру әдісі.
г) басып тұратын таңғыш салу.
4. Күйдіргі қою тәртібі. Қан тоқтататын күйдіргі – ені (1,5-2 см) жалпақ иілмелі резина кесіндісі. Күйдіргі қою тәртібі:
Күйдіргі дененің кез-келген жеріне қойылады.
Күйдіргі қоярдан бұрын астына жұмсақ төсем төселеді.
Күйдіргіні жазда екі сағаттан артық, ал суық уақытта 0,5-1 сағаттан артық қойылмайды.
Күйдіргіні қысудың жеткіліктілігін бақылау.
Күйдіргі қою уақыты қағаз парағында көрсетілуге тиіс.
Апта 13
Тақырыбы:Тірек-қимыл аппараттарының жарақаты
Дәріс мазмұны:
1. Сынық түрлері. Жабық сынық белгілері:
Сүйек сынған жердің сырқырауы;
Аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы.
Сүйек сынған жердің қанталауы:
Аяқ-қол қызметінің бұзылуы.
Ашық сынық белгілері:
Аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
Жарада сүйек жарықшақтарының болуы;
Жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;
Аяқ қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.
2. Шеміршектің созылуы, соғып алу, буынның шығуы. Сіңірдің созылуы – ауры затты ебедейсіз көтерген әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері: 1. буынның сырқырауы
2. терінің үлбіреуі.
3. қозғалудың қиындығы.
Алғашқы дәрігерлік көмек – жараға тиіспей, оның айналасын сулы мақтамен сүртіп, жараға йод жағып, оны таза дәкемен таңу керек. Үлкен жараны жеке пакетіндегі дәкелі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы, сіңір созылғанда зардап шегушіге 0,25-0,5 г. Аналгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.
3. Сынықтар жіктелуі және оларға сипаттама. Иммобилизация түсінігі.
Тасымалдау иммобилизациясын жүргізгенде мынадай тәртіптерді орындау қажет.
1. Иммобильдеу үшін пайдаланылатын қалыптар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.
2. қалыптарды бірден жалаңаш аяқ-қолға қоюға болмайды. Олардың үстіне алдын ала мақта қойылуы тиіс.
3. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай, сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек.
Апта 14
Тақырыбы: Термикалық жарақаттар
Дәріс мазмұны:
1. Термиялық жарақат: күйік және үсік. Термикалық факторлардың әсерінен мыс: от, ыссы металл, ыстық су, қайнаған смола, күн сәулесі, кварцтық сәуле алу дененің ашық жерлерінің зақымдануын термикалық күйіктер деп аталады. Күйікті ауырлығына қарай төрт дәрежеге бөледі. Күйіктің көлемін анықтау үшін алақан немесе «тоғыздық» ережесін қоладанады. Үсу – күйіктерге қарағанда әртүрлі температурада пайда болатын зақымдану. Көбінесе дененің ашық бөліктері (құлақ, мұрын, бет бөлігі) және аяқ-қол үседі. Зақымдануына байланысты үсудің 4 дәрежесі бар. Әр дәрежені жарақаттанушыны жылытып алғаннан кейін және алғаш көмек көрсеткеннен кейін дәл анықтауға болады.
2. Күйік және үсік болған кездегі алғашқы көмек. Күйікті ең бастысы салқындату қажет, яғни салқын су ағынына ұстау немесе салқын компресс басу. Сондай-ақ зардап шегуші шөлдегіш келеді, сондықтан шай немесе бір шай қасық тұзды және ½ шай қасық ас содасын бір литр суға ерітіп ішкізуге де болады. Егер дене қышқылдардан күйсе, онда жараны ас содасының ерітіндісіне малынған бинтпен таңу керек, ал адам сілтіден күйген жағдайда сіркесу ерітіндісіне немесе бор қышқылына малынған таңғыш салады. Үскен кезде ең бастысы ускен жерді тіпті бүкіл денені жылыту қажет. Ол үшін әртүрлі шаралар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |