Педагогикалық əдебиетте
1
қолданылатын «педагогикалық
қатынас» тҥсінігінің аясы кең.
А. А. Леонтьевтің пайымдауынша — «Педагогикалық қатынас
— бҧл оқытушының оқушылармен сабақта жəне одан тыс
(оқыту жəне тəрбиелеу процесінде), жағымды психологиялық
ахуал қҧру ҥшін белгілі бір педагогикалық қызметке ие жəне
соған бағытталған (егер ол толық жəне тиімді), сонымен қатар
оқу қызметінде педагог пен оқушының жəне оқу ҧжымының
ішіндегі өзара психологиялық қатынасын оңтайландыру
қатынасы»
2
.
Сонымен қатар екі көзқарасты айыру жəне
педагогикалық
коммуникация
мен
педагогикалық қатынас
тҥсініктерінің
басқаша
айтылуының алдын алу ҥшін И. И. Зарецкая мынаны
ҧсынады:егер
педагогтың
тҥрлі
оқыту
процесінің
факторларымен өзара əрекетінің жиынтығы туралы айтылса —
бҧл педагогикалық коммуникация; егер заттың нақты
субьектілермен
өзара
қарым-қатынасының
нҧсқалары
қарастырылса, ол педагогикалық қатынас болады.
Себебі адам қызметінің тҥрі ретінде теориялық
дереккөздерде сипатталатын мҧндай
шектеу өзін ақтайды,
қатынас тҥрі жіктелімінің тҥрлі жолдары кездеседі.
Бір жағдайларда мақсаттары бойынша жіктейді: қатынасу
ҥшін қатынас, өз тəжірибесіне, өз ақпаратына, өзгенің
тəжірибесі мен ақпаратына өзгелерді ортақтастыру; бірлескен
қызметтің нəтижесіне жету ҥшін (іскерлік қатынас)
3
.
В.Д.Шишов педагогикалық коммуникацияның мəнін
сараптай келе, тҧжырымдамалық қағидалар қатарын алға
тартады. Ол оны «ақпаратты қабылдау, игеру, өңдеу жəне
жіберу негізінде оқу-тəрбиелік қызметті ҧйымдастыру тəсілі
ретінде»
4
тҥсіндіреді.
Ақпараттық процестерді жҥзеге
асырумен байланысты
педагогикалық коммуникация ғылымының негіздерін білу,
педагог пен оқушының оңтайлы, эмоционалды жəне комму-
никативтік қызметі жинақтамасының сапасын арттыруға
мҥмкіндік береді.
Ю.М.Ивановтың ойынша, қатынастың ҥш көзі бар:
—
бейсана, ол ағзаның өмір сҥруін автоматты тҥрде іске
асырады, яғни тҥйсік пен көңіл-кҥйлер;
—
сана-сезім, ол сараптама қызметін жҥзеге асырады;
1
Лобанов А.А.
Кəсіби-педагогикалық қатынас негіздері: оқу қҧралы. — 2002, М.
2
Леонтьев А.А.
Педагогикалық қатынас—1979, М. — 3 б.
3
Зарецкая И.И.
Педагогтың кəсіби мəдениеті: оқу қҧралы. —2002, М.
4
Шишов В.Д.
«Педагогигикалық коммуникация» тҥсінігінің мəні мен қҧрылымы //
Педагогика мен білім тҥсінігінің аппараты. — 1 шығ. — Екатеринбург, 1995. — 81 б.
— тҥйсікжоғарылық нҧрлану, қиялдану, ішкі тҥйсік,
шығармашылықта
1
көрініс табады.
М.В.Буланова-Топоркованың
пайымдауынша, педагогикалық
қатынас бҧл педагог мен оқушының
2
өзара əрекетін, сипатын
анықтайтын, тəрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндетін
қамтамасыз ететін қҧралдар мен тəсілдердің жиынтығы.
Психологиялық-педагогикалық əдебиетте əріптестердің өзара
қатынасын белгілейтін ерекшеліктер аз емес екенін айта кету керек.
Э. Бѐрн «уақытты бірге өткізудің» бес тəсілін жəне екі немесе одан
да көп адамдардан тҧратын əлеуметтік топтардың
мынадай
қатынасын:
салт жораларын; уақыт өткізу; ойын; жақындық;
қызметті
3
суреттейді.
В.Н.Сагатовский қатынастың төрт деңгейін: айла-шарғы жасау;
«рефлекстік ойын»; қҧқықтық қатынас; адамгершілік қатынасты
4
белгілейді.
Ю.С.Крижанская мен В.П.Третьяков дҧрысырақ қатынас
мəнерлері туралы, «өзге адамдарды тҥсіну тəсілі, қатынас
коммуникациясы мен əрекеті» туралы айта келе, мынадай ҥш негізгі
мəнерді белгілейді: салт жоралғылық, айла-шарғылық жəне
адамгершілік.Шын мəнінде адамның өзге адамдармен — қатынас
бойынша əріптестерімен өзара əрекетін анықтайтын бҧл мəнерлер
қатынастың
5
өзіндік деңгейі саналады.
Педагогикалық
қатынас
—
бҧл
«...ҧйымдастырудың
көпжоспарлы процесі, коммуникацияның
орнығуы мен дамуы,
педагогтар мен оқушылар арасындағы олардың бірлескен қызметінің
мақсаты мен мазмҧнынан туындайтын өзара тҥсінік пен өзара
əрекеті»
6
.
Осылайша,
педагогикалық қатынас
— бҧл өз ерекшелігі бар жəне
сонымен қоса жалпы психологиялық заңдылыққа бағынатын,
адамның өзге адамдармен
7
өзара əрекетінің қатынас тҥрі.
Педагогикалық процесс адам қатынасының негізгі тҥрлерін алға
тартатын коммуникативтік, интерактивті жəне
естілім қызметін
жҥзеге асырады.
1
Иванов Ю.М.
Өзіңді қалай басқару керек жəне өзгелерге қалай əсер ету керек управлять
2
Жоғары мектептегі педагогика мен психология : оқу қҧралы М.В.Буланова-
Топоркованың ред.. — Д. Ростов, 2002.
3
Бѐрн Э.
Адамдар ойнайтын ойындар. Ойын ойнайтын адамдар. — 1992, М.
4
Сагатовский В.Н.
Әлеуметтік жобалау: (Теория негіз.) // Адамгершілік тəрбиедегі этика
мен басқару / жау. ред. В.И.Бакштановский. — Томск, 1980.
5
Крижанская Ю.С., Третьяков В.П.
Қатынас грамматикасы . — М., 1999.
6
Педагогика: оқу қҧр. / В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, А. И. Мищенко, Е.Н.Шиянов. —
М., 1998.
7
Жоғары мектептегі педагогика мен психология: оқу қҧр. / жау. ред. М.В.Буланова-
Топоркова.