1.
«Қателіктер журналын» жҥргізіңіз. Оларға қҧндылық ретінде
қараңыз. Талдау жасалған қателік қайтадан «орға тҥспеуге» мҥмкіндік
береді.
2.
Қателік жасау мҥмкіндігінен қорықпаңыз, ойлаудың жаңа
əдеттерін қалыптастырыңыз. Қорқыныш жаңсақтықтан сақтамайды.
3.
Қалыптасқан оқу жағдаятын бағалай отырып, оны шешудің
альтернативті жолдарын, талдау дайындығын қалыптастырыңыз.
4.
Қате жалпылаудан аулақ болыңыз («Мен семинар сабаққа
жеткіліксіз дайындықпен келдім жəне қиын жағдаяттан өзімнің жалпы
ой-өрісімнің арқасында шықтым, демек, əр сабаққа мҧқият
дайындықтың қажеті жоқ»).
5.
Стереотиптерге жəне «соқыр» еліктеуден аулақ болыңыз. Басқа
адамдарың, сіздің тəлімгер-педагогыңыз болса да, ой тҧжырымын өз
сеніміңізге алмаңыз. Шамаға қарай сыни болыңыз жəне өз-өзіңізді
сынаңыз! Басқа адамдарға (мҥмкін, болашақ əріптесіңізге) өз
қатысыңызды біреулердің тҧжырымы негізінде жасамаңыз.
6.
Асырып айтудан аулақ болыңыз. «Тҥймедейді тҥйедей» етпеңіз.
7.
Адамдардың теріс əрекеттерін, олардың лайықсыз қылығын сізге
қолайсыздық тудыру тілегі ретінде қабылдамаңыз. Мҧндай қылықтың
негізінде адамдардың өз проблемалары жəне оларды шеше алмау
себептері жатыр.
8.
Қателік жасаған болсаңыз, мойымаңыз. Өзіңіздің теориялық
деңгейіңізді ҥнемі көтеріп отырыңыз.
9.
Тəжірибелі педагогтардың сабақтарына қатысыңыз, бар
жаңаны өзіңізге сіңіріңіз.
***
Адал ниетті педагогті қателік жасау мҥмкіндігін
болдырмауға талпынысы сипаттайды. Педагогикалық
қызметтің субъектісі ретінде ол ҥнемі мазмҧны жəне
дəрежесі бойынша кҥрделі тҥрлі педагогикалық міндеттерді
шешеді. Ешқашан қателеспеуге ҥйретуге болмайды. Бірақ
педагогтың тиімді əрекетін шынайы педагогикалық
жағдаяттарда ҧсынуды жəне білуді қалыптастыруға болады
жəне қажетті.
Педагогикалық шеберлікті игеру əр педагогке тек
тəжірибенің, теориялық білім мен практикалық біліктілігін
кіріктіру негізінде мақсатты жеке-психологиялық өзін-өзі
білімін жетілдіру барысында ғана қол жетімді. Дəл тҥсінген
кəсіби қызмет педагогикалық шеберліктің көзі – тҧлғаның
жалпы мəдениеттік, іскерлік қасиеттері жəне педагогтың
кəсіби қҧзыреттілігінің тҧтастығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: