Офтальмология кафедрасында ғылыми жұмыс бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық аурухананың 45- жылдығына арналған конференцияда 1 баяндама жасалынды. Талдықорған және Қызылорда қаласында өткен офтальмологиялық ұйымда 1 баяндама жасалынды. ҚазҰМУ 80-жылдығына арналған конференцияға 3 мақала берілді.
Клиникалық фармакология, ЕДШ мен физиотерапия кафедрасында2010 ж қыркүйек, қазан айларында ғылыми жұмыс бойынша атқарылған шаралар: «Шылым шегу» тақырыбында дәрігерлер мен студенттерге арналған проф.А.Қ.Каирбековтың әдістемелік нұсқауы шығарылды. Татарстан Республикасы Қазан қаласында 15-16 қазан өткен Халықаралық конференцияда «Дәрілік заттар туралы -дәрілерді сапалы пайдалану» тақырыбында асс. Б.А.Ералиеваның мақаласы шығарылды. ҚазҰМУ 80жылдығына кафедраның ПОҚ 3 мақала басылымға берілді. 4баяндама дайындалды, оның ішінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «клиникалық фармакологияны оқыту» тақырыбындағы баяндаманы Татарстан Республикасы Қазан қаласында 15-16 қазанда өткен Халықаралық конференцияда м.ғ.д., профессор Жанпеисова А.А. баяндады. Конференцияға 14 елдің ТМД елінің ғалымдары, барлығы 300 адам қатысты, кафедраның ҒЗЖ жоспарға сәйкес орындалуда.