С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму бойынша


Университеттің сапа менеджмент жүйесін талдау нәтижесі бойынша іс – шаралар жоспары



бет90/92
Дата08.02.2022
өлшемі214,46 Kb.
#124330
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Есеп-казан

Университеттің сапа менеджмент жүйесін талдау нәтижесі бойынша іс – шаралар жоспары
Университет жұмысын жақсарту және 9001-2009 ИСО ХС (9001-2008 ИСО ХС) «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар», 1157 ҚР СТ «Жоғарғы кәсіби білім. Білім беруді ұйымдастырудың сапа менеджмент жүйесі» талаптарының сәйкессіздіктерін жою мақсатында төменде көрсетілген лауазымдық тұлғаларға, көрсетілген мерзімде аталған іс-шараларды өткізу:
СМЖ үдерістерінің иеленушілеріне – проректорларға:

  • Аудиторлар ұсынған қызметтің көрсеткіштер жүйесін олардың объективтілігін және адекваттылығын бекіту (20.10.2010 ж. дейін).

  • Негізгі қызметі бойынша бөлімшелердегі жылдық жоспардың және есептердің Формаларын (білім беру, тәрбие, ғылыми-зерттеу, емдік-диагностикалық, біліктілікті көтеру) мемлекеттік құзырлы органдарының талаптарына сай СМЖ орнатқан көрсеткіштер жүйесін өзектендіру (20.10.2010 ж. дейін).

Оқу – әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Э.Әлібиге:

  • №2 Нұсқаулық хаттың өзектендірілуін өткізу (01.12.2010 ж. дейін)

  • Сабақ жүргізу сапасы жөнінде студенттерге сауалнама жүргізудің қорытындысын талдау нәтижесі бойынша іс-шаралар өткізу (20.10.2010 ж. дейін)

  • ОҮжПҰБ диспетчерлері арасында келісіп әрекеттесуді қамсыздандыру және дәріс пен сабақтың кестесін жоспарлау кезінде бақылау жасау (үнемі)

Әкімшілік – эксплуатациялық жұмыс департаментінің директоры Ф.Махметовке:

  • Лицензиялы вирусқа қарсы бағдарламаларды сатып алу (01.11.2010 ж. дейін)

  • Барлық дәрежедегі басшылардың факсимильді аппараттармен қамсыздандырылуына бақылау өткізу (25.12.2010 ж. дейін)

  • Кафедраларды WiMax өткізгішсіз интернеттің 4G USB-адаптерлерімен қамтамасыз етсін (01.12.2010 ж. дейін)

  • Қойма бөлмелерінде тауарларды сақтайтын жағдай жасалсын (15.11.2010 ж. дейін)

  • Сатып алу/жабдықтау бөлімінінің штатына логистика маманын және техникалық білімі бар менеджерлерді алу туралы сұрақты қарастырсын (01.11.2010 ж. дейін)

  • Құрылымдық бөлімшелердің құрал-жабдықпен ұйымдастырушы техникаларды алу туралы тапсырыстарын Материалдық бөлімде қажеттілігі расталып, қолын қойғаннан кейін барып өтелсін (мерзімі -үнемі)

Стратегиялық даму департаментінің директоры Н.Кимге:

  • Адам ресурстарын дамыту бөлімі үшін қызметінің негізгі бағыттарын бөлім Ережесі мен жоспарын бекітіп, анықтау (01.11.2010 ж. дейін)

Инновациялық технологиялар орталығының директоры И.Курбакоға:

  • kaznmu.kz доменінде барлық құрылымдық бөлімшелерге электрондық мекен-жай иелендіру (01.11.2010 ж. дейін)

  • ЖОО АБЖ арқылы алыстатылған қолданушылар үшін (білім алушылар, ПОҚ) кітапхананың электрондық қорларына және пәндердің оқу – әдістемелік кешендерін қолдануға мүмкіндік ұйымдастырсын (31.10.2010 ж. дейін)

  • Барлық құрылымдық бөлімшелерде «қонақ» компъютерін (әрбір бөлімшеде бір компъютерден ) орналастырып, оларға лицензиялы вирусқа қарсы бағдарлама орнатып, аптасына бір рет жаңартылсын(15.11.2010 ж. дейін)

  • Аймаққа негізделген сервистік қызмет көрсету үшін ИТО қызметкерлерін орнықтырсын (20.10.2010 ж. дейін)

  • Университет сайтына ректордың блогын құрсын (15.11.2010 ж. дейін)

  • Жалпы хирургия, анестезиология және реаниматология кафедраларында, ТҚН курсында телефон желісін орнатсын (15.11.2010 ж. дейін)

Үздіксіз білім беру орталығының директоры О.Дарменовке:

  • БЖФ қорытындыларын енгізудегі ПОҚ-тың Есеп үлгісін біркелкілендірсін (01.11.2010 ж. дейін)

  • Жақын және алыс шетелдердегі ҒЗИ және медициналық ЖОО-да ПОҚ үшін мамандандыруды және БЖФ-ны мамандық бойынша өту жоспарлансын және ұйымдастырылсын (01.01.2011 ж. дейін)

Білім беру – клиникалық орталықтың директоры Ж.Губайдуллинаға:

  • Шыққан сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар өткізілсін (20.10.2010 ж. дейін)

Клиникалық бөлім басшысына Д.Досмағамбетоваға:

  • ПОҚ үшін міндеттелген жүктеменің жаңа мөлшерін республикалық мөлшерге тұспалдап келісу және бекіту (01.11.2010 ж. дейін)

  • ПОҚ-тың клиникалық-диагностикалық жұмысын есептеу журналының бірыңғай формасын бекіту (01.11.2010 ж. дейін)

  • Қызметкерлер үшін медициналық қызмет көрсету жағдайын жақсарту сұрағын қарастырсын (01.11.2010 ж. дейін)

Персоналды басқару бөлімінің басшысы Е.Амирдиноваға:

  • ҚазҰМУ-дың телефондық-электрондық анықтамасын шығарсын (15.11.2010 ж. дейін)

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлімінің басшысы А.Дуабаевқа:

  • Тәлімгерлер Кеңесінің жұмысы жаңартылсын (01.11.2010 ж. дейін)

  • Студенттік ұйымдар мен студенттік кәсіподақ өкілдері бірігіп «Студенттің денсаулығы» университеттік бағдарламасының іске асырылуының тиімділігіне бақылау жүргізсін (үнемі)

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлімінің басшысы Э.Надуеваға:

  • Шыққан сәйкессіздіктерді жою іс-шараларын жүргізсін (20.10.2010 ж. дейін)

Аудиторлар С.Сыдыковаға, У.Нуралиеваға және Оқу үрдісін және практикасын ұйымдастыру басшысы Р.Юсуповке:

  • Құжат айналымның тиімділігін қамтамасыз ету үшін құжат үдерістері бойынша Регламентін жасасын (01.11.2010 ж. дейін)

Кафедралар меңгерушілеріне:

  • Сақтау бөлмелерінің жоқтығынан СӨЖ, тәжірибелік есептер, дипломдық жұмыстарды электрондық түрде сақтасын, бекітілген және баға қойылған есептермен дипломдық жұмыстарды сканерленген түрде сақтасын (үнемі)

  • Барлық құрылымдық бөлімшелердің басшыларына:

  • Бөлімшелер қызметінің нормативтік-құқықтық негізін қамтамасыз ететін құжаттарды бөлімшенің Ережесін, лауазымдық нұсқаулықтарды өзектендірсін (15.11.2010 ж. дейін)

  • Өздерінің қоластындағы бөлімшелерге ағымдағы есептер туралы ақпараттандыру үшін факсимальді және электрондық байланысты қолдану, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеуде бақылау жасасын (үнемі)

  • Құрал-жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын қолдану тиімділігіне талдау жасасын (үнемі)

  • Бөлімшелер қызметінің үнемі жақсарту мақсатында әрдайым тұтынушылардың талаптарын және көрсетілетін қызметке қанағаттануына зерттеу жүргізсін

  • Шыққан сәйкессіздіктер бойынша толық көлемде түзету іс-шараларды өткізуді аяқтасын(15.11.2010 ж. дейін)

Қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрағасы У.Датхаевке:

  • Қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік көмек пакетін кеңейту жұмысын өткізсін (демалуға жеңілдік және шипажайда емделу) (20.10.2010 ж. дейін)

  • Университет аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсету жүйесінің қоғамдық бақылау жүйесін реттесін (мәзір, баға саясаты, сервис) (01.11.2010 ж. дейін)

Барлық аталған лауазымдық тұлғаларға көрсетілген мерзімде СМЖ бөліміне іс-шаралардың орындалғандығы туралы құжаттар көрсетілсін.
СМЖ талдауы бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау Сапа жөніндегі басшылық өкілі А.Табаеваға жүктелсін.

  1. «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ РМК-нда КАЙДЗЕН үздіксіз жақсарту стратегиясын жүзеге асыру туралы ережені» Ғылыми кеңеске қарастыруға және бекітуге дайындады.

  2. 2010 жылдың 18.10 және 22.10 аралығында СМЖ бөлімінің менеджері Қаирбеков Д.М., СМЖ-нің ішкі аудиторлары доценттер Исина З.Б., Нұралиева Ұ.А., Сәтбаева Э.М. және Білім беру сапасын талдау, мониторинг жүргізу және медициналық білім берудің ғылыми бірігу реформалар орталығының қызметкерлері РМКМ ҚазМемҚызПУ-де өткен жоғарғы және орта кәсіптік білім берудің жетекшілерімен оқытушыларына арналған «Білім беру мекемелерінің және жоғарғы оқу орындарымен білім беру бағдарламаларының халықаралық (ұлттық) аккредитациялау стандарттарына, МС ИСО 9001-2008 (жаңа түрі) талаптарына сәйкес қазіргі заманғы сапа менеджмент жүйесі» семинарына қатысты. Семинар аяқталған кезде барлық қатысушылар сертификатқа ие болды.

  3. Сапа жөніндегі басшылықтың Жобасы әзірленді және қазақ тіліне аударылды, ішкі аудиторлар мен проректорлар құжатты келісуі жүргізілуде.

  4. 22.10.2010ж. С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ-де сертификация өткізу туралы тендер жарияланды, 28.10.2010ж. жеңімпаз «Русский регистр Евразия» сертификациялау органы анықталды, ол IQNET Халықаралық Сертификациялау Желісінің, EFQM Сапаны басқарудың Европалық қорының мүшесі және білім беру мекемелеріндегі СМЖ сертификациялау саласындағы халықаралық аккредитациясы бар.

  5. Қызметкерлерді сыртқы аудиторлардың келуіне дайындау мақсатымен «Auditors coming» фильмі университеттің барлық бөлімшелеріне таратылды.

  6. СМЖ бөлімі университет бөлімшелерінің Ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарды өзектендіру кестесін ұстануы бойынша бақылау жүргізуде. Бүгінгі күні 17 бөлімшелердің құжаттары бекітілді.

  7. СМЖ бөлімінің мәжілісінде «Болон процессі – жалпыевропалық білім беру кеңістігіне ҚазҰМУ-нің жолы» кітабы талқыланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет