Сабақ үстінде ұялы телефоны шырылдаса не істеу керектігін ойладыңыз ба?
Ұйықтаған кезде басыңыз қатты ауырып, мазасызданып көңіл-күйіңіз болмаған жағдайда өз ісіңізді ары қарай қалай жалғастырасыз?
Тамақтанған кезде тісіңіздің арасына тамақ қалдықтары тұрып қалса, оны тазалаудың қандай әрекеттері бар?
Оқытушы үй тапсырмасына мәтінді аударуға берді, дұрыстап орындау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
Сіз адасып қалсаңыз, яғни білмейтін көшеңізді тез тауып жету үшін
қандай әрекеттер істейсіз?
Адаммен танысудың, қал-жағдай, жөн сұрасудың жолдарын ойластырыңыз?
Досыңыз ауырып, ауруханада емделіп жатырмын деп хабарын айтқан кезде, қандай жауаптар қайтарып, қандай жағдайларды сұрап алу керек деп ойлайсыз?
Ертең аралық бақылау тапсыру үшін сұрақтардың жауабын қайдан алып жазасыз? Ол үшін не істеу керек?
Сабаққа кешігіп қалсаңыз қалай кірер едіңіз немесе не істеу керек деп шешесіз?
Тісіңіз ауырған кезде дәріханадан дәрі сатып алмас бұрын қандай шағымдар мен сұрақтар қою керек деп ойлайсыз?
Мына сөздердің аудармалары арқылы сөз таптарын анықтаңыз.
Жақсы, қашан?, келе ме?, екінші, топта, емделіп жүр, барады, көзімнің, дәрігер, тіске, әдемі, ауру, маған, олар.
Тәуелдік жағауынан кейін келетін табыс септікті сөзді айтыңыз.
Басына, асқазанын, тісінің, көремін, айтыңыз, тісін, алдыңғы тістерім.
13. Мына сөйлемдегі барыс септікте тұрған сөз қайсы?
Емделуге ертең келіңіз де, дәрігерге қаралыңыз.
14. Тісіңізді жұлдырту керек сөйлемі қай жақта айтылып тұр?
Ол тіс дәрігеріне қаралды деген сөйлем қай шақта тұр деп ойлайсыз?
Тісім сыздап ауырады тәуелді жалғауының нешінші жағында тұр?
Көмектес септікте тұрған сөздерді ажыратып айтыңыз.
Дәрігермен, с другом, домой, печень, ұлттық, со мной, с вами, айтыңызшы.
Тісіңіз солқылдап ауырса не істер едіңіз?
Тісті жұлдыртқан соң не істеуім керек?
Ауыз қуысының ауруларын анықтап болған соң, емдеу жолдарын қалай айтар едіңіз?
Шығыс септігімен келген сөздерден кейін қандай сөздер қолданасыз?
Басыңыз қатты ауырса не істеу керек деп ойлайсыз?
Қандай шағымыңыз бар ?-
деген сұраққа қалай жауап бересіз?
Адамға тән жағымды , жағымсыз мінездерді ажырата аласыз ба?
Адал, қатыгез, сараң, ашық, мейірімді, енжар.
Тісіңіз қанаса, дәрігердің көмегіне дейін не істер едіңіз?
Тісін жұлдырған науқасқа қандай кеңес беретіндігіңізді ойландыңыз ба?
Хирург – стоматолог ретінде пациентке тіс жұлу операциясының күрделі екенін қалай түсіндіріп бересіз?
Тіс жұлу операциясын жасауға болмайтын жағдайда қалай әрекет етесіз?
Емделуге келген пациентті қалай қарсы алып, қалай сұрақтар қоясыз?
Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не деп білесіз?
Стоматит ауруымен ауырған баланың ата-анасына қандай кеңес берер едіңіз?
Тіс дәрігері ретінде пациентіңізге тіс тасының пайда болу себептерін айтып беріңіз.
Стоматолог – дәрігер ретінде пациентіңіге қандай кеңес бересіз?
«Тіс жармау» деген фразеологизмді қалай түсінесіз?
Пациентіңіздің аузынан жағымсыз иіс шығып тұр, мұндай жағдайда қандай кеңес бересіз?
Тіс дәрігері ретінде пациентіңізге тіс тасының пайда болу себептерін айтып беріңіз?
«Тістен шығармау» деген фразеологиялық тіркесті қалай түсіндірер едіңіз?
Сізге емделуге, тісінің қуысынан сасық ірің бөлінген, дене қызуы жоғары науқас келді делік, сіз оған қандай көмек көрсетер едіңіз?
Тіс жегі ауруы асқынған науқасқа қандай ем, көмек көрсетесіз?
«Ауру» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.
«Тісі батпау» фразеологиялық сөз тіркесін қалай түсіндіріп бересіз?
Пародонтит ауруымен ауырған науқасқа қандай ем тағайындайтыныңызды айтыңыз.
« Ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақалдыдың мағынасын қалай түсіндіріп бересіз?
«Тіс» сөзінен тараған «тістеу», «тістену» деген сөздерді қалай түсіндіріп бересіз?
Тісін жұлдырған науқасқа қандай кеңес бересіз?
Алмалы-салмалы протезді қалай қолданатынын және қалай күту керектігі жөнінде қандай кеңес берер едіңіз.
«Аузына су тамызу» фразеологиялық тіркесінің мағынасын қалай түсіндіріп бересіз.
Дене қызуы көтеріліп тұрған науқас кеңес сұрайды, қандай кеңес бересіз?
Сізге науқас келіп, өзінің ауыратын жерлерін тізіп айта бастады. Сөзіне қарағанда барлық жері ауыратын сияқты. Бұл жағдайда сіз неден бастап, әңгімелесер едіңіз?
Үндістаннан келіп, бізде оқып жүрген студентке өз университетіміз туралы әңгімелеп беріңіз.
Қалада қандай кинотеатрлар бар екенін, қалай жетуге болатынын түсіндіріңіз.
Бір адамның үйіне қонаққа шақырылғансыз. Қашан, қай жерде кездесетіндіктеріңіз туралы келісіңіз.
Қаланың көрнекті жерлеріне саяхат жүргізушісіз.
Мұражайлар туралы сізден бір адам сұрап тұр. Айтып беріңіз.
Сіз кеше Халық қаһармандарын .... бір кеште болдыңыз. Соны сіз досыңызға баяндап беріңіз.
Шетел азаматы сізден қазақтың ұлттық салт-дәстүрін сұрайды. Сіз қандай салт-дәстүрлерден бастап айтар едіңіз.
Досыңыз сіз оқып жүрген университетіңіз туралы сұрайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз.
Жазғы демалыста Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болдыңыз. Алған жеріңізді әңгімелеп беріңіз.
Қазақтың классик жазушысы М.Әуезовтің мұражайына баруды жоспарладыңыз. Жазушы туралы не білгіңіз келеді. Соны айтып беріңіз.
Бірге оқитын досыңыз «Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары» деген тақырып өтілген сабаққа келе алмады. Сіз дәрігер –ғаламдары туралы не айтар едіңіз.
Қазақ тілінен стоматология факультетіне арналған
емтихан сұрақтары
І.
Менің Отаным – Қазақстан (байлығы, табиғи байлығы, көрікті жерлері).
Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (басты қалалары, рәміздері).
Қазақтың ұлттық мейрамдары (Наурыз, Құрбан айт, Тәуелсіздік күні т.б).
Қазақстандағы тарихи ескерткіштері (Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Айша бибі кесенесі, Арыстан баб т.б).
Тарихи тұлғалар (би, хан, батыр т.б).
Қазақтың батыр қыздары (М.Мәметова, Ә.Молдағұлова т.б).
Халық қаһармандары – ел мақтанышы (Б.Момышұлы, Т.Әубәкіров т.б).
Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері (Ә.Бөкейханов, Д.Қонаев, Т.Рысқұлов,Ә. Марғұлан т.б.).
Қазақтың көрнекі ақын-жазушылары (М.Әуезов, Ф.Оңғарсынова, Ә.Нұршайықов, М.Мақатаев т.б).
Адамзаттың Абайы.
Мәдениет және өнер қайраткерлері (Ш.Айманов, Қ.Бәйсейітова, Ш.Қалдаяқов, Ә.Қашаубаев,
Н.Жантөрин Ә.Қастеев т.б).
Қазақтың ән мен күйлері.
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері.
Шығыс медицинасы.
Алғашқы қазақ дәрігерлері (С.Ж.Асфендияров, Х.Досмухамедұлы, Ә.Алдияров т.б).
Қазақтың көрнекі дәрігер-ғалымдары (Б.О.Жарбосынов, А.Н.Сызғанов, К.Ормантаев,
Т.Шарманов, А.Р.Рақышов т.б).
Жастар - біздің болашағымыз.
Университет – білім ордасы.
Дене мүшелері.
Адам ағзасы – біртұтас құрылым.
Адам қаңқасы.
Емдеу – сақтандыру мекемелерінің түрлері.
Аурухана.
Емхана.
Гигиена.
Жеке бастың гигиенасы.
Тіс адам көркі.
Адам портреті, мінезі.
Тістің құрылысы.
Ақыл тіс.
Тіс ауруларынан сақтану.
Дәрігерлік этика.
Тістің күтімі.
Ауыз қуысының тазалығы.
Тіс неліктен қанайды?
Тіс және денсаулық.
Тіс жегісі.
Гингивит.
Тіс тасы.
Қанжел ауруы.
Пульпит.
Пульпит ауруы бойынша сұхбат.
Пародонтит .
Қырқұлақ.
Альвеолит.
Тіс жұлу операциясы.
Жасанды тіс.
Алмалы-салмалы протездер.
Тістерді іріктеп, тегістеу.
Ауытқу.
Стоматит.
Периодонтит.
Периодонтит ауруы бойынша сұхбат.
Стоматологиядағы деонтология қағидалары.
ІІ.
1. Фонетика. Қазақ тілі туралы жалпы мағлұмат. Қазақ тілі әліпбиі. Үндестік заңы. Көптік жалғау.
2. Лексика. Омоним. Синоним. Антоним.
3. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
4. Тұрақты сөз тіркестері.
5. Морфология. Зат есім туралы түсінік.,жасалуы,түрлері.
6. Көмекші есім.
7. Ілік септік және тәуелдік жалғау.
8. Жіктік жалғау.
9. Атау септік, шылаулары.
10. Барыс септік шылаулары.
11. Табыс септік. Жатыс септік.
12. Шығыс септік, шылаулары.
13. Көмектес септік, шылаулары.
14. Етістіктің жасалуы, түрлері.
15. Көмекші етістіктер.
16. Қимыл есімі. Қажеттілік мәні.
17. Етістіктің шақтары. Осы шақ түрлері, болымсыз түрі.
18. Өткен шақтың түрлері. Жедел өткен шақ , болымсыз түрі.
19. Бұрынғы өткен шақ, болымсыз түрі.
20. Келер шақ, түрлері.
21. Бұйрық рай.
22. Қалау рай.
23. Етістік райлары. Шартты рай.
24. Сан есім туралы мағлұмат. Есептік, реттік сан есімдер.
25. Жинақтық сан есім.
26. Болжалдық сан есім.
27. Топтау сан есімі. Бөлшектік сан есімі.
28. Сын есімнің жасалуы, түрлері.
29. Сын есімнің шырайлары.
30. Үстеу туралы мағлұмат (негізгі және туынды үстеулер).
31. Мөлшер, сын қимыл, мақсат үстеулер.
32. Себеп-салдар, күшейткіш үстеулер.
33. Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі. Сілтеу есімдігі.
34. Сұрау есімдігі. Өздік есімдігі.
35. Белгісіздік есімдігі, болымсыздық есімдігі.
36. Жалпылау есімдігі.
37. Шылау туралы түсінік.
38. Демеулік шылау.
39. Жалғаулық шылау.
40. Етіс. Өздік етіс.
41. Өзгелік етіс.
42. Ырықсыз етіс.
43. Ортақ етіс.
44. Синтаксис. Жай сөйлем түрлері.
45. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
46. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
47. Құрмалас сөйлем туралы жалпы мәлімет.
48. Салалас құрмалас сөйлем (ыңғайлас, қарсылықты).
49. Салалас құрмалас сөйлем (талғаулықты, себеп-салдар).
50. Сабақтас құрмалас сөйлем туралы мәлімет.
51. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
52. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
53. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
54. Қарсылықты, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Тәжірибелік дағдылар тізбесі:
Оқылымда:
сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемді, ережені дұрыс оқу;
дұрыс дыбыстай білу;
сөзді түсіне білу, грамматикалық белгілерін айыра білу;
сөздің мағынасын ажырата білу;
студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.
Тыңдалымда:
дыбысталған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді ажырата білу;
берілген сұрақты түсіне білу, оған тиісті жауап бере білу;
керекті ақпаратты ойға түйіп ала білу;
естігендерін түсіне білу;
студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс.
Жазылымда:
сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді сауатты жаза білу;
тыңдаған, оқыған мәліметті, мәтінді дұрыс жаза білу;
жазбаша хабарлама жасай білу;
баяндама, мақала, реферат, сұхбат жаза білу;
өз ойын жазбаша жеткізе алу.
Айтылымда:
тыңдаған, оқыған хабарды жеткізе білу;
өзінің ойын айта білу;
құптау, құптамау (интенциялық) әрекеттерін түрлі эмоциялық реңктер арқылы жеткізе білу;
студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс.
5. Тілдесімде:
тілдік қатынасты жүзеге асыру, пікір алмасу, сұхбаттасу.
КІТАПХАНАДАҒЫ КІТАПТАР ТІЗІМІ
1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.
2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж.
3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993
4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж.
5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.
7. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011
8. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.
9. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б
10. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж.
11. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлесеміз.Алматы, 2010.-220б.
12. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002
13. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б.
14. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.
15. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б.
16. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б.
17. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік
тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б
18. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008
МАЗМҰНЫ
Силлабус.......................................................................................................................
Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары..................................................
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулары...................................................................................................................
Оқытушылардың жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулары.............................................................................
Бақылаушы-өлшегіш құралдар..................................................................................
6. Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................
|
1-13
14-207
208-221
222-360
361-377
378
|
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |