С. Ж. Пралиев, Ш. Молдабеков Екі томдық оқу құралы I i том Түркістан 2008 ббк 35я7


Табиғи газтәрізді отындардың шикізаттық қоры



бет10/23
Дата04.11.2019
өлшемі6,16 Mb.
#51100
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Химтехнология 2 том


10.2 Табиғи газтәрізді отындардың шикізаттық қоры.

Планетадағы газтәрізді отындардың қоры үш санатқа бөлінеді:



  • өнеркәсіптік қорлар, газ құбырларының жобасы мен оның табылу орта туралы жобаларды құрайды;

  • геолог-физикалық санға негізделген қорлар, жер көлемдеріне барлаушылық жұмыстарын жүргізудің негізі болып табылады;

  • прогноздық қорлар, жалпы геологиялық критерилердің анализі негізінде орнықтырылған;

Табиғи газтәрізді отындардың қорлары жерде 60 трлн. м3-ді тең, ал прогноздық қорлар 200 трлн. м3. Газдың орындары Алжир, АҚШ, Иран мен Нидерландыда. РФ-да шамамен 500 газдың газдыконденсатты, газдымұнайлы орындардың 1 трлн. м3 тең қоры бар. Олардың ішінде маңыздылары Уренгайлы, Оренбургтік т.б газдыконденсатты орындары бар. Туркменияда, Өзбекстанда табиғи газ қорлары көп. Қазақстанда Амангелді газ орындары бар.

Ілеспе мұнайлы газдар мұнайды табумен өңдеу кезінде бөлінеді. Табиғи газдар мен газконденсаттары 5-10 МПа қысымда табылады.

Қазіргі кездегі газдарды өңдіру кәсіп орындары күрделі техникалық құрамды пайдалануда, оның құрамы эксплуатациялық скважина, газдарды жинақтау бойынша газ жинақтаушы торлар, компрессорлы мұздатқыш станциялар.

Газ өнеркәсібіндегі маңызды сипаты болып эксплуатация кезінде газ коэффициенттік шығару үлгісі алынады. Қатты заттардың коэффициенттік шығару (50-60%) және мұнай беру (30-40%), ал газды шығару коэффициенті орташа 85%-ті құрайды, кейбір жағдайларда 92% және одан көп.

Табиғи газтәрізді отындарды өндіру үздіксіз өсуде. Бастапқыда газды өндіру 24,4 трлн.м3 болған. егер де 1970 жылы әлемдік газды өндіру 1,03 трлн.м3 болса, 1987 жылы ол 1,77 трлн.м3қа өскен. Өндірілген газдарды тасымалдамас бұрын оларды механикалық қоспалар мен сұйық тамшыларынан сепараторда тазалайды.

Газдарды кептіру үшін абсорбциондық немесе адсорбциондық әдістер қолданады. Абсорбциондық кептіру кезінде газдарды диэтиленгликолмен шаяды, адсорбционды әдіс кезінде – газдарды силикагельмен немесе цеолитпен толтырылған колонна арқылы жіберу кезінде ылғалдан тазалайды.

Күкірт қосылыстарынан тазалау кезінде сулы әдісті қолданады, олар негізінде карбонаттарды:

немесе моноэтаноламинмен



Табиғи газтәрізді отындарды тасымалдау үшін диаметрі 1 м болатын, және газ 7 МПа қысымы кезінде минутына 500 метрге дейінгі жылдамдықпен газ жүретін құбырларды пайдаланады. Газ құбырының ұзындығы бойынша әрбір 80-100 км компрессорлық станциялар қондырылған. Қазақстанда Бейнеу – Оңтүстік газ құбырын салу басталды. Туркмения – Қазақстан – Россия – Украина газ құбыры бар.


10.3 Газтәрізді отындарды қолдану

10.3.1 Газтәрізді отындарды дайындау.

Газтәрізді оындарды химиялық өнеркәсіпте энергия және шикізат қайнар көзі ретінде қолданылады. Газтәрізді отындарды жалпы қолдануы елде 55% оның өнеркәсіпте өңдеуі, 26% ТЭЦ-те жағады, 15% тұрмыстық қажеттіліктерге, 4% халық шаруашылығының басқа да салалараында қолданады. Қазіргі таңда газтәрізді отындарды қолдана отырып 90% болат пен шойын, 65% цемент және 85% барлық минералды тыңайтқыштар өндіріледі.

Газтәрізді отындардың, энергетикалық бағалылығы оның табиғаты мен құрамына байланысты. Мысалы, оның төмен жану жылуы 3600-3800 кДж/м3 (генератор ауа газы), 16500 – 46000 кДж/м3 (кокстік қайтымды газ, мұнайдың ілеспе газы).

Қатты отынмен салыстырғанда газды отынның артықшылығы:



  • ауамен гомогенді қоспа түзеді, жылудың қалдық газбен шығыны аз болады;

  • оңай жанады;

  • алдын-ала жылытуға болады, жалын температурасы жоғары;

  • күл мен шлак болмайды;

  • түтін жоқ, экологиялық жағынан таза, жақсы т.б.

Газтәрізді отындарды химиялық шикізат ретінде пайдалану кезінде жеке компоненттерімен болашақта қайта өңдеуге жарайтын деп бөледі. Бұл үшін келесі әдістерді қолданады:

  1. Төмен температуралық конденсация, яғни салқындату нәтижесінде газ екі фазалық жүйеге айналады, кейін механикалық түрде сұйықтық пен газға бөлінеді. Салқындату агенті ретінде су, сұйық аммиак және этан мен пропан қолданылады.

  2. Абсорбция. Сұйық көмірсутектермен салқындату кезінде газдың кейбір компоненттері сұйықта ериді. Еріген комопнентті десорбция арқылы қайта өндіреді. Абсорбенттың негізі ретінде бензин қолданылады.

  3. Төмен температуралы ректификация, ол көбіне газтәрізді отындарды бөлу мен жеке көмір сутектің жоғары тазасын алуда қолданылады. Бұл жағдайда ректификацияға тек қана конденсат жатады.


10.3.2 Газ тәрізді отынды өңдеу негізінде шығарылатын бұйымдар

мен материалдар.

Химиялық өнеркәсіп: формальдегид, пластмассалар, синтетикалық каучуктер, бояуыштар, лактар, этанол, аммиак, еріткіштер, пластифинаторлар, БАЗ, күйе т.б.

Машина жасау және металлургиялық өнеркәсіп: аппараттардың бөлшектері мен бөлімдері, жағылғыш майлар, әртүрлі қалыптар, металл кесушілер, антикоррозиялық жабындылар, универсальды желімдер.

Тау өнеркәсібі. фильтрлерге арналған материалдар, транспортерлық таспалар, жарылғыш заттар, БАЗ.

Тамақ өнеркәсібі: тамақ қышқылдары, консервілеуші заттар, қораптық материал, торлар мен арқандар.

Ағаш өңдеу өнеркәсібі: антисептиктер, фанерге арналған желімдер, ағаш негіздік плиткалар, лактар мен бояуыштар.

Медициналық өнеркәсібі: хлороформ, формалин, мүсәтір спирті, уротропин, қош иісті заттар.

Құрылыстық өнеркәсібі: органикалық әйнектер,антисептиктер,құрылыстық плиткалар, линолеум, құбыр, қаптама материалдар, дыбыс өткізбейтін және жылу сақтағыш материалдар.

Отын энергетикалық өнеркәсібі: антифриздер, газтәрізді, жоғары октандық сұйық, изоляциялық материалдар, мотор жанармай қоспалар.

Текстильді өнеркәсіп: химиялық талшықтар, эмульгаторлар, жасанды терілер, желім жуғыш заттар, бояуыштар.

Ауыл шаруашылығы: пестицидтер, өсуді жылдамдатушылар, тұқым өсірушілер.

Мәдениет және тұрмыс: кино және фототаспалар, фотореактивтер, тұрмыс заттары, ойыншықтар.



10.4 Мұнай газдарын өңдеу.

Мұнай газдарға ілеспе газы және мұнай өңдеуден шыққан газдар крекинг газ және риформинг газы жатады.


10.4.1 Ілеспе мұнай газды өңдеу.

Ілеспе мұнай газды өңдеу процесі оның жеке фракцияларға бөлінуі және қолданылуына байланысты жеке көмірсутектердің бөлінуін қамтиды. Бұл үшін төменгі температуралық компрессиялық ректификация әдісі қолданылады.

Ілеспе газ «майлы» газдарға жатады. Себебі С14 (50 г/м3 дейін) алкандардан басқа пентан буын және жоғары көмірсутектерден құралады. Оны ректификациядан алдын бензинсіздендіргіш шарасын қолданады. Газдан конденсат түрінде жоғары алкандарды шығарады. Бұл конденсатты бензинге қосымша қоспа ретінде қолданады және де одан пентанды және изопентанды фракция бөлу үшін шикізат ретінде де қолданады. Ілеспе мұнай газдың бөліну жүйесі 10.3 суретте көрсетілген. Алынған ілеспе газдың бөлінген фракциялары келесіндей қолданылады.

- Этанды – пиролиз шикізаты хладогент ретінде;

- Пропанды – пиролиз шикізаты хладоагент, жеке газ бен қамту мақсатында тұрмыстық сұйық газ;

- бутанды жасанды каучук өндірісінде және пиролиз шикізат, тұрмыстық сұйық газға қосымша қосынды, автобензинге қоспалар;

- изобутанды - изопренді каучук және бутилкаучук өндірісінде шикізат ретінде, алкилдеу реагенті ретінде;

- пентанды - пиролизбен изомеризацияға шикізат,

- изопентанды - изопренді каучук өндірісінде шикізат ретінде, жоғары октанды бензиннің компоненті.

Ілеспе мұнай газын қолданудың үлкен үнемдеу маңызы бар.Соған қарамастан, көптеген мұнай өндірісінде оны атмосфераны уландырудың алдын-алу мақсатында өртейді. Қазіргі кезде ілеспе газдарды пайдалану жолдары шешілуде.



10.3 – сурет. Ілеспе мұнай газдың бөлінуі.


10.4 – сурет. ГФҚ жұмыстарының үлгісі.



10.5 – сурет. Абсорбциялық ректификацияға ұқсас типтегі газ фракциясының қондырғысына (ГФҚ) крекинг – бензинді стабилизациялаудың технологиялық сызбанұсқасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет