Табиғи газ
ауа
ауа
бу
Салқын су
су
су
су
9.18 – сурет. Метанның бу ауа конверсиясының технологиялық үлгісі.
1 - табиғи газды жылытқыш; 2 - күкіртті қосылыстарды гидрлеу реакторы; 3 - көмірсутек адсорбері, 4 - сатуратор, бумен қанықтыратын мұнара, 5 – жылуалмастырғыш; 6 - метан конверсиясының құбырлы реакторы, 7 - метан конверсиясының шахталы реакторы; 8-10 – қазандық-утилизаторлар; 9-сатыдағы көміртегі оксиді конверторы; 11-11 сатыдағы көмірсутегі оксиді конверторы; 12-салқындатқыш скруббер, 13 - көміртегі оксиді абсорбері, 14 -этаноламин ерітіндісінің генераторы.
Конверсия процесінде газ құрамы стадиядан стадияга өзгереді. Процестің түрлі стадиясында метанның бу-ауа конверсиясында конвертирленген газдың құрамы (10.7 кестеде) келтірілген.
10.7 кесте. Конвертирленген газ құрамы
Компонент
|
Газдағы құрамы % көлемі.
|
П-сатыдағы метан конверторынан кейін
|
П-сатыдағы СО конверторынан кейін
|
Этаноламинмен тазартылғаннан кейін
|
Сутегі
|
57,6
|
61,7
|
74-75
|
Көміртегі оксиді (ІІ)
|
11,2
|
0,5
|
0,7
|
Көміртегі оксиді (IV)
|
8,4
|
17,4
|
0,1
|
Азот және аргон
|
22,5
|
20,1
|
24-25
|
Метан
|
0,3
|
0,3
|
0,7
|
Конверсиялық процесте негізгі аппараттар құбырлы және шахталы типтегі реактор конверторлар болып табылады. Құбырлы конверторлар типін жүретін жолмен жалғастырған радиация және конвекция камераларынан тұратын тікелей ағынды құбырлы пеш формасында орындалған. Радиация камерасында жалпы көлемі шамамен 20 м3, катализатормен толтырылған құбырлар және факель типті инжекторлық оттықтар орналасқан. Конвекциялық камераға газ қыздырғыш және бумен ысытқыш орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |