С. Жайлауов физикалық химия


VI т а р а у КОЛЛОИДТЫ СИСТЕМА



бет70/127
Дата22.11.2022
өлшемі2,46 Mb.
#159355
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127
Байланысты:
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

152
VI т а р а у
КОЛЛОИДТЫ СИСТЕМА
§ 30. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Кіріспе. Бұл саладағы бірінші ғылыми зерттеулерді итальян оқымыстысы Ф. Сельми 1845 жылы жүргізді. Ол белгілі көлемде-гі суда таралған хлорлы күміс, күкірт, берлин көкшіл бояуы сияқ-ты системаларды зерттеген. Осы заттардын, суда ерімейтіні және олардың белгілі бір жағдайларда шөгінді түрінде бөлінетіні мә-лім. Алайда Сельми алған системалар сырт көрінісі, мөлдірлігі жағынан судағы ас тұзы мен мыс купоросының нағыз ерітінділері сияқты болып көрінетін. Бұл аса төменгі концентрациядағы көрі-ніс еді. Сонда да Сельми хлорлы күміс, күкірт, берлин көкшіл бояуы мен су системаларындағы бөлшектердің судағы ас тұзы және мыс купоросынық бөлшектеріндей майда емес, олардан гөрі ірілеу екенін болжады.
Сельми тәжірибесін қайталаған Н. Нэгели хлорлы күміс, кү-кірт, берлин көкшіл бояуына өздеріндей суда ерімейтін заттарды қосып, нағыз ерітінділер қатарын көбейтіп салыстырады. Нағыз ерітінділердегі әр молекула жеке-жеке жүрсе, хлорлы күміс, кү-кірттердің бірнеше молекуласы бірігіп, агрегат түрінде болғандық-тан ірілеу болады және олар өз салмағын суда көтере алмай шө-гінді түрінде түнбаға түседі деген пікір айтады. Нэгели мұндай көп молекуладантұратын агрегаттарды басқа жекеленген молекуладан ажырата білу мақсатымен оны “мицелла” деп, ал мицелласы бар системаны “зольдер” деп атауды үсынды. Сонда мицелла дегені-міз бірнеше молекуланың топтасқай жиынтығы да, золь осы ми-целланың ерітіндісі екен. Бұл екі термин де ғылыми әдебиет пен оқулықтарға берік енген.
1857 жылы М. Фарадей белгілі көлемдегі суда біркелкі тарал-ған алтын золінен тұратын системаны зерттейді. Мұндай система-ны ертедегі алхимиктер судағы алтын тұзының ерітінділерін то-тықсыздандыру арқылы алып, “алтын сусыны” немесе “алтын су” деп атаған. Ал Фарадей болса, алтын золінщ оптикалық қасиетте-рін зерттегенде, онда алтын өте үсақ жекеленген күйінде жүретінін анықтады.
1861 жылы Томас Грэм коллоидты химияньщ дамуы үшін өте маңызды роль атқаратын зерттеулер жүргізді. Ол барлық заттар-ды диффузия жылдамдығына қарай жақсы және нашар диффу-зияланушы деп екі класқа бөлді. Жақсы диффузияланушыларды кристаллоидтар, ал нашар диффузияланушыларды коллоидтар деп атады. Сол сияқты Т. Грэм кристаллоид пен коллоидты бір-бірінен бөліп алу әдісін ашты және ол бұл әдісті диализ деп атады. Бүл әдісте табиғатта кездесетін кейбір жарғак сияқты заттардан әзірленген жұқа пленканьщ өзі арқылы нағыз ерітіндіні өткі-зіп,коллоидты ерітінділерді сүзгіден өткізбей алып қалатын қасиеті пайдаланылған. Мысалы, Грэм өз тәжірибелерінде өгіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет