25
номері мен атауы жазылған тақтайша ілінеді, муфталар мен дайындамалардың
тақтайшасына - муфталар мен дайындамалардың монтаждық жұмысын жасаған
электр монтердің фамииясы мен монтаж жасаған күні жазылады.
Жерасты немесе ашық тартылған кабельдік желінің тарссасын, сонымен
бірген қосылатын кабельдік муфталардың орнын жоспарға түсіреді, ол жерге
нақты жағдайдағы фундаменттік немесе арнайы көрсетілген белгіге
байланысты координаталары көрсетіледі [15].
Электр энергиясын таратудың ең көп тараған және арзан әдісі -
кабельдерді траншеяларда орналастыру (4.1 сурет).
1 – байланыс кабелі; 2 – механикалық зақымдалудан
қорғайтын кірпіш; 3 – себуге арналған жұмсақ
жер (құм); 4 – 35 кВ дейінгі кабельдер; 5 – 10 кВ дейінгі кабельдер; 6 – бақылау кабельдері.
4.1 сурет – Тарншеяларда кабель жүргізу
Мұндай әдіс үлкен көлемдегі құрылыс жұмыстарын қажет етпейді және
кабельдердің салқындауына жақсы жағдай жасайды. Бұл әдістің кемшілігі -
ғимаратты қолдану кезіндегі жүргізілетін әртүрлі қазу жұмыстары кезінде
механикалық зақымдалудың болу мүмкіндігі. Трасса бойында басқа жерасты
немесе жерүсті коммуникациялармен жүктелмеген, траншеяларда кабельдерді
0,7 мм кем емес тереңдікте тартылады. Бір траншеяда кернеуі 6-10 кВ алты
кабельден немесе кернеуі 35 кВ екі кабельартық орналастырылмайды.
Сонымен қатар, олардың қасына бір шоғырда төрт бақылау кабельінен артық
кабель тартуға болмайды [4].
Темір жолмен
және жолдармен қиылысқанда, тар жерлерде, еріген
металл төгілу қаупі бар және қарқынды кезбе тоқтар немесе агрессивтілігі
ерекше топырағы барауданында кабельдер блогын тартады.
Энергияны көп тұтынатын өндірістік кәсіпорын аумағында бір бағытта
20 аса кабель жүргізілу керек болғанда,
туннельдерде кабель тартуды
қолданады. Мұндай тарту кабельдік желінің сенімді жұмысын қамтамасыз
етеді, бірақ құрылыс бөлігінің ең қымбат бағасы болып табылады. Әртүрлі
жерүсті коммуникацияларына толы кәсіпорындарда, кабельдерге жаман әсер
26
ететін топырағы бар аумақтары бар, мәңгі тоңы
бар аудандарда кабельдерді
тарту эстакада немесе галереяда жасалады.
Егер құрылыс конструкциялары өртенбейтін материалдан жасалған
болса, ал бөлмелерде жарылу және өрт қаупі болмаса,ғимарттар мен
құрылыстардың қабырғасымен кабельдер ашық тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: