Педагогикалық жағдаят №45
Сізге мектеппен қоштасу сәті келді, ұстаздарыңызға, ата-аналарыңызға, он бір жыл мектеп партасында бірге отырған құрбыларыңызға деген алғысыңыз шексіз. Сіз өз алғысыңызды қалай білдірер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №46
Сізге «Қоғамның қазіргі даму сатысында білім беру жүйесінде, мектепте, мұғалімде қандай қиындықтар (мәселелер) бар?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Педагогикалық жағдаят №47
Сіздің педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не әсер етті?
Педагогикалық жағдаят №48
Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №49
Өзіңіздің сүйікті мұғаліміңіз жайлы айтып беріңіз. Оның бойында мұғалімге тән қандай жақсы қасиеттер бар?
Педагогикалық жағдаят №50
Мұғалімдер күніне Сізге педагог антын дайындау тапсырылды. Сіздің ойыңызша ол қандай болуы керек?
Достарыңызбен бөлісу: |